А. И. Исаева Қазақ халқындағЫ


1-ТАРАУ. Қазак коғамындағы батырлык дәстүрлердін тарихи бастауы



Pdf көрінісі
бет65/219
Дата18.11.2023
өлшемі7,97 Mb.
#124470
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   219
68
1-ТАРАУ. Қазак коғамындағы батырлык дәстүрлердін тарихи бастауы ...
Біз қарастырып отырған кезеңдегі батырлардың саяси-элеу- 
меттік күш ретінде ерекшеленуіне қазақ қоғамының әлеуметтік 
ұйымдасуынан келіп туындайтын саяси жүйесіндегі ерекшелік- 
тері эсер еткені анық. Қазақ хандығының саяси құрылымының 
өзегі рулар арасындағы қарым-қатынастардан бастау алатынды- 
ғын атап көрсеттік. Оның басты себебі мемлекет тұрғындары- 
ның, яғни халықтың ру жүйесі шеңберіне енуі. Қазақ қоғамында- 
ғы қоғамдық-саяси өмірді генологиялық түрғыдан реттеу - жал- 
пы көшпелілер қоғамына өте ерте кезден тән қүбылыс.
Рулардың белгілі бір тэртіпке негізделген өзара қарым-қаты- 
насы потестарлы билікті туғызады. Қазақ қоғамындағы биліктің 
саяси жэне потестарлы жүйелерінің қатар өмір сүруі XVIII ға- 
сырдағы қазақ қоғамына тэн болтан саяси құрылымындағы ба- 
тырлардың элеуметтік-саяси институт ретіндегі орнын айқындап 
берген басты фактор болғанын көреміз.
П. Рычков «сол ордалардағы үкіметті негізінен демократиялық 
деп атауға лайық, - дей келе, - себебі әр ру өз ішінде кәрісі мен 
байы болса соны құрметтейді. Бірақ, халықты басқаруға жеткі- 
лікті билікті билер түгілі, ел басылары да меңгермеген. Тек қа- 
на олжа іздеп жорыққа шыққанда, не жауларынан қорғанарда өз 
хандары мен билеріне тізгін береді, солардың бұйрығы бойынша 
жиналып іс атқарады»212, - деген түжырымға келген. П. Паллас 
та эр рудың немесе аймақтың өз басшысы бар дей келе, оған сол 
рудан тарайтын аталардың бэрі өз еркімен қызмет істейтіндігін 
атап көрсетеді213 И. Георги мұндай саяси жүйеде билікке ие әлеу- 
меттік топтардың ішінде би орны сұлтаннан төмен, қожалардан 
жоғары екендігіне назар аудара отырып, «оның себебі билерге ба- 
тырлар бағынышты, аймақ басшылары, ең танымал белгілі жэне 
бай қазақтардан сайланады. Оның өзінде де әркім өз бас пайда- 
сын көздеп бағынады. Егер елге үнамаса аймақ басшыларының 
сөзі де жерде қалады», — деп жазады214 Осы арада зерттеушінің


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет