2.2. Батыршылык институтының сырткы саяси қарым-қатынастагы орны мен ролі
131
лар жоңғарға қарсы одақ құру жөніндегі елшілікті басқарған 355
Келтірілген деректер арқылы батырлардың елшіліктің мақсатына
қарай бекітілгендігі туралы қорытынды шығаруға болады. Олай
дейтініміз экономикалық қатынас
орнатудағы елшілік құрамын-
дағы батырлар, саяси байланыстарға негізділген елшіліктің қата-
рынан тыс қалып, оған басқа батырлар енгізілген.
Аралбай жэне Аразкелді тэрізді ¥ л ы жүздің
батырлары
1732 жылы Ералы султан басқарған елшіліктің құрамында Ресей
астанасы Петербургке дейін барып қайтады356 Ал Ақшора батыр
1741 жылы Жоңғар хандығына бейбіт
келісімге келу жөніндегі
елшілікті басқарып барады357
Көріп отырғанымыздай елшілік қызметі батыршылық институты-
ньщ жан-жакты қызметін тағы бір дәлелдейді. Осылайша батырлар
қарастырылып отырған кезеңде қазақ
мемлекетінің сырткы байла-
ныстарын өз уыстарында ұстаған деген тужырым жасауға болады.
Сонымен, жоғарыдағы тұжырымдарымызды негіздей келе тө-
мендегідей қорытындылар шығарамыз:
- зерттеу нысанымыз болып
табылатын батыршылық инсти-
тутының сыртқы саяси қызметі негізі олардың отан қорғау
принциптерімен нақтыланды. XVIII ғасырдың алғашқы ши-
регінде жоңғар қаупінің белең алуы,
оған қарсылык білдіре-
тін батырлар қауымының қоғамдық қатынастарда алдыңғы
орынға шығуына түрткі болды;
- Қарақұм жиыны батыршылық
институтының пісіп-жетіл-
гендігінің нақты көрінісі бола отырып,
олардың алдағы екі
ғасырлық уақытта қоғамдық қатынастардың басты реттеуші
күштері болатындығын бекітіп берді;
- батырлар отан қорғаумен шектелмей, халықаралық саяси қа-
тынастарға белсене араласып, қиын жағдайға түскен бауыр-
лас халықтарға барынша көмек қолын созуға тырысқан;
Достарыңызбен бөлісу: