А. О. Тымболова драмалық шығармалардың лингвистикалық поэтикасы Алматы, 2013 А. О. Тымболова драмалық шығармаларды лингвистикалық поэтикасы



бет24/95
Дата06.10.2023
өлшемі1,66 Mb.
#113256
түріМонография
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   95
Микропоэтика – негізі жеке шығарманы, зерттеу талабының ерекшеліктеріне сай топ шығарманы (бір циклды, жеке автордың, әдеби бағыттағы жанрдың, тарихи кезеңнің қатысына қарай) баяндап, талдап түсіндіреді. Оның тақырыптық және идеялық қалыптасуында, сөзбен зергерленуіне дейінгі үдерістің (генеративтік поэтика) қамтылуы да қарастырылады.
Демек, микропоэтика барлық аспектіде көркем шығарманы баяндап, оның табиғатын ашумен айналысады, сол арқылы шығарманың эстетикалық ықпалды қасиетінің дара жүйесін, моделін жасайды.
Микропоэтиканың басты қарастыратын мәселесі – композиция, яғни барлық эстетикалық мәні бар элементтердің бір-бірімен үйлесім-үндестігі. Микропоэтикалық талдаулар барысында барлық көркемдік құралдар сараланып, шығарма құрылымындағы барлық жай айқындалады.
Микропоэтика деген ұғым әдеби шығарманың поэтикалық тілін айқындайды. Тілде сөзді тура және ауыспалы мағынада қолдануға болады. Егер бір құбылыстың берілуінің өзі поэтикалық болып келсе, онда сөз тура мағынасында қолданылады, ал егер ойды басқаша көрсету керек болса, яғни, кейпкерлердің сезімін жетілдіру керек болса, онда сөз ауыспалы мағынада жұмсалады. Эстетикалық мағынасы зор, оқырманды толқытатын поэтикалық шығарма, жай ауызекі сөйлеуге қарағанда, бір адамға ғана емес, бүкіл көрерменге ой салады.
Драматургиядағы поэтикалық тіл сахна тілі ретінде қарастырылады, оны драматург жазып, режиссер мен актер сахнаға шығарады. Актер сахнада автордың дайын мәтінін қолданады, бірақ оны спонтанды түрде, яғни өз жанынан шығарғандай етіп жанды күйде жеткізе білуі тиіс. Яғни, актер сөзге бар өнерін салады, ол сөз арқылы кейіпкерінің ішкі жан дүниесін, сезімін, қайғысын, қуанышын т.б. көрсете алады. Демек, режиссер мен актер тіл арқылы кейіпкердің көзқарасын, мінезін, оның парасатын, ой өрісін жеткізуге тырысады.
Cахна тілінде диалектизмдерді орынсыз қолдану қатаң қадағаланады. Олар әдеби тілдің фонетикалық, лексика-морфологиялық талаптарына сай келмейтіндіктен, белгілі бір диалектік топқа мінездеме бергенде ғана, оқиғаны аша түсу үшін қолданылады. Сондай-ақ, кино және театр тілінде ұзақ құрмалас сөйлемдер қолданылмайды. Драмалық шығармалардың қойылуында диалогтар, монологтар, актерлердің жеке репликалары сахна тілінің талабына сай беріледі.
Драмалық актерлердің тілі орфоэпиялық жағынан жатық болуы тиіс. Режиссер актердің мінез-құлқына, өмірлік көзқарасына, әлеуметтік-физикалық және интеллектуалдық деңгейіне қарай рөл береді. Яғни, көрермендерге сөздің эстетикалық-идеялық әсері актерлердің ойнау шеберлігінің арқасында беріледі. Бұл туралы Х.Р. Курбатов «Кроме полного и неполного стилей произношения, для устной формы речи характерно еще такое явление, как темп говорения, или иначе темп речи. Однако актер, каков бы ни был темп речи, произносит слова и звуки внятно, отчетливо. Такова одна из специфических черт сценической речи» [69, 150 б.],-деп атап көрсетеді.
Драмалық шығармалардың көркем поэтикалық стилі, басқа көркем шығармалардың түрлерінен гөрі өзіндік әуенділігімен, эмоционалдығымен және ырғақ әртүрлілігімен көрінетін экспрессивті-функционалды стиль арқылы ерекшеленеді. Жалпы актер тіліндегі просодиялық реңктің басым болуы сахналық әрекеттің мәнін ашып, қажетті тонды, колоритті табуға көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет