Сырттан.Тату едің, тәтті едің, қарға тамырлы қарындас ең. Әлде заман азды, заң тозды дермісің? Кесір насырға шапсын ба? (330 б.) («Абай»)
Бұл мысалда да кесір, насыр үндес тұлғалары нақты стильдік мақсатта қолданылып, өлең жолдарындағыдай паронимиялық аттракциялар түзіп тұр.
Қазақ тіліндегі паронимдер табиғатын зерттеген А.Н. Бекмашева паронимдердің семантикалық байланысын былай сипаттайды: «Паронимдердің басым тобын жұп сөздердің құрамындағы дауысты, дауыссыз дыбыстардың алмасулары, сөздердің басында, ортасында ықшамдалуы, сөз тұлғалаудағы жаңсақтықтар құраса, енді бір тобын кірме сөздер мен қазақ тіліндегі сөздермен үндес тұлғаланып, сонысына орай жеке мағыналық дербестік алған араб-парсы тілінен енген түбірлес сөздер, жалпы қауымға түсінікті болса да дыбыстық ұқсастығы негізінде жалған мағыналық жақындастырылған не жалпыхалыққа түсініксіз, сирек қолданылатын үндес сөздер құрайды» [70, 26 б.].
Сөйлей білу – эстетикалық тәрбиенің бір бөлігі десек, айтатын ойыңды дұрыс жеткізу, әр сөзді анық айту, дауысты меңгеру – бұл да мәдениеттіліктің белгісі.
Сахнада актердің аузынан шыққан үнге қойылатын ең басты талап – дыбыстың таза, анық болуы. Егер сөйлеп тұрған сөзіңізден бір дыбыс естілмей немесе күңгірт, шала естілсе, бар сөйлемнің мән, мағынасы бұзылады.
Сахнадағы дауысты дыбыстардың айтылуы Қазақ орфоэпиясының мәселесі дыбыстардың үндесуіне байланысты екендігі белгілі. Қазіргі таңдағы сөйлеу мәдениетіндегі ең күрделі, көкейтесті мәселе – орфоэпиялық мәселе. Бұл туралы Д.А. Әлкебаева былай дейді: «Сөйлеу мәдениетінің басты мақсаты – орфоэпиялық норма. Орфоэпиялық норма сөздерді дұрыс айту, лексикалық норма – сөздерді іріктеп, сұрыптап қолдану, талғап, талғаммен қолдану, грамматикалық нормалар – сөйлеу мәдениетінде біршама тұрақтанып, қалыптасқан норма, бірақ кейбір стильдердің ауызекі сөйлеу стилінде бір септіктің ішінде басқа септік тұлғалары айтылуы сияқты қате грамматикалық құрылымдар кездеседі. Бұл бір жағынан жеке адамдардың тіліндегі құбылыс та болып саналады» [22, 237 б.]. Сахна тілінде осы айтылған мәселелер жіті қадағаланады.
Театрда дыбыстық өнер басты орын алады. Дыбыс адам сезіміне әсер ететін ерекше эмоциялық құбылыс. Суреткердің поэтикалық фонетикасының ерекшелігі тілдің дыбыстық стихиясына сезімталдығынан және поэтикалық шығармашылық аясындағы мүмкіндігінен көрінеді.
Қанікей (шошып қап). Қуарған неме, мынасы не, әрмән! (318 б.) Әрман тұлғасының көп жағдайларда, мысалдағы әрмән сингармониялық варианты қолданыла береді.