1.8 Театр мен теледидар арасындағы аудиториялық байланыс.
Драмалық мәтіндердің энергиясы
Театрлық өнердің басқа өнер түрлерінен айырмашылығы (әдебиет, философия, көркем сурет) көрермендердің шығарманы қабылдау сәтінде шындықты көрсететіндігінде.
Адамдар театрға не үшін барады? Ойлану, еңсесін көтеру, илану, пікіріне қозғау салу, ширығу, сейілу, басқа әлемді сезіну, иллюзиялармен бөлісу, ойын азат ету үшін барады. Қысқасы, өнердің құдіретін, әсемдікті сезінуге, рухани ләззат алу үшін барады. Осы тұста, Роберт Десностың өнер – әлемді меңгерудің тәсілі емес, ол адамдарға мән-мағынасы бар нақты шындықты көрсетеді деген сөзі еске түседі. Демек, спектакль – виртуалды шындықты көрсетеді. Бұл осы үдеріске қатысатын автор – актер – көрермендердің байланысы арқылы іске асады. Яғни, театрлық шығармалардың ерекшелігі актер – көрермен арасындағы жанды байланыста. Әрине, мұнда көркем мәтін маңызды рөл атқарады. Алайда ол театрлық көріністің мағыналық құрылымының бір бөлігі ғана. Ролан Барт театрды перденің арғы жағындағы қозғалыссыз тұрған кибернетикалық машинаға теңейді. Ал, перде ашылысымен ол біздің адресімізге синхронды түрде түрлі ритмдегі қаншама хабарлама беретін жанды дүниеге айналып шыға келеді дейді.
Спектакльдің әрбір сәтінен адамдар бір мезгілде бірнеше ақпарат көзінен (декорация, костюмдер, жарық, жест, сөйленіс, актердің мимикасы) сусындайды. Мұндай жағдайда, көрермен нағыз ақпараттық полифонияны қабылдап, театрлық феноменге көз жеткізеді.
Сондай-ақ, театрда семиотиканың барлық негізгі мәселелері, атап айтқанда, тіл мен сөйленістің қатынасы, театрлық белгілердің табиғаты, олардың маңызды варианттары, синтагматикалық ереже, денотативті және коннатативті хабарламалардың мәні қамтылады. Бұдан театрдағы семиотиканың артықшылығын байқаймыз, яғни оның полифониялық жүйесі әдеби шығармалардың тура жүйесінен гөрі соны, өзіндік қасиетке ие. Бұл ретте театрлық көріністі семиотикалық кодтардан тұратын театрлық мәтін ретінде қарастыруға болады. Олар, авторлық концепция мен әлем бейнесінде көрініс табатын метафизикалық белгі (знак); драмалық мәтіннің өзі немесе лингвистикалық белгі; когнитивтік белгі – көрермендердің қабылдауы; актерлердің ойыны, яғни, қозғалыс, үн, жест – паралингвистикалық белгі.
Драмалық мәтіндерді семиотикалық талдау, көрермендердің қабылдауы мен театрлық белгінің ерекшелігіне негізделеді.
Сахнада сөзге қарағанда, дыбыстардың мағынаға тәуелділігі аз болады. Алайда олардың ассоциация тудырудағы мүмкіндіктері ғажап. М. Әуезов пен
Ғ. Мүсіреповтің пьесаларының тілі де ассоциативті мүмкіндіктерді молынан қамтыған. Пьесалардағы мағына мен дыбыстардың үйлесімділігінен жасалған параллельдік құрылымдар грамматикалық және синтаксистік жүйеде мәтінді поэтикалық деңгейге көтереді.
Пьесалардағы сөздерді көріністің шектеусіз ассоциативті тізбегін тудырушы синтагматикалық оператор деуге болады. Драмалық шығармалардың тілін семантикалық қатынаста аса мәнді, ал ондағы фразаларды шексіз деуге болады.
Театрдағы тілдік бағыт қарым-қатынас арқылы іске асады. Сөйлеуге тек сөйлеу арқылы, тыңдауға – тыңдау, оқуға – оқу арқылы қол жеткізуге болады деген принципті ескерсек, сахнадағы әрекет тіл туралы әңгіме арқылы емес, таза тілдің өзі арқылы жүзеге асырылады.
Театрдағы тілдік әрекеттің функционалдылығы лексикалық, грамматикалық, фонетикалық қызметтері, яғни көрермендердің ойларын тұжырымдау, естігеніне илану немесе күмәндану, ой түю т.б. толып жатқан әрекеттерге қажетті сөздер мен грамматикалық формалар арқылы іске асады.
Театрдағы тілдің жағдаяттық қызметі шынайы оқиғалар арқылы айналадағы әлемді тіл арқылы танып-білуге, көрермендерді болып жатқан оқиғаға көзқарасын білдіруге жетелейді. Мұндайда көрермендер тілдің қосымша қызметі арқылы еріксіз еске сақтау (непроизвольное запоминание) қабілетіне ие болады.
Кез келген сөйлеу тілі жеке сапаға, өзіндік қасиетке ие. Өйткені, кез келген адам екінші адамнан өзінің табиғи қасиеттері арқылы (көзқарасы, қызығушылығы, дәрежесі, т.б.) ерекшеленеді. Ал ол оның тіліне де әсер етеді. Сахнадағы жағымды эмоционалды қылықтар, коммуникативтік уәждеме, сөйлеу әрекетінің белгілі бір мақсатқа бағытталуы, т.б. жәйттер кейіпкерлердің мінез-құлығы мен тілі арқылы көрініс табады.
Тілдің моделдеу қызметіне келетін болсақ, театрдағы тілдің мағыналық жағы мәселені көтеру, ой салу, ой қозғау түрінде болып келеді. Сондықтан театрда ұлттың мәдениеті, тілі концентрирлі, модельді түрде іске асырылады.
Сахна тілінің семантикасы көрініс, әрекет және контекстердің көмегімен ұжымдық өзара әрекет арқылы жасалады.
Тілдегі суггестивті тәсілді (Г.К. Лозанов) театр тіліне де қатысты дер едік. Өйткені, суггестивті тәсіл арқылы тілдің ритмикалық-интонациялық бояуы, музыка, коммуникативтік акт жүзеге асады.
Ал суггестокибернетикалық әдіс – жанды байланыс арқылы ақпараттың үлкен қорын, ең алғашқы білік, дағдыны қалыптастырады. Кейде адамдар белгілі бір мәселе төңірегіндегі мәліметті алғаш театрдан танып, білуі мүмкін.
Сондай-ақ, сахнада сөйлеудің ауызекі формасы іске асырылатындықтан, аудиовизуалды әдіс басты орын алады. Аудиовизуалды әдісте диалогтар ауызекі тіл арқылы іске асады. Ал оның графикалық көрінісі екінші орынға қойылады. Сахнадағы аудиовизуалды әдіс тілді просодикалық элементтер (ритм, интонация) және паралингвистикалық компоненттер (жест, мимика, жағдаят, контекст) арқылы қабылдауға, акустикалық еске сақтауды нығайтуға бағытталады. Ал аудиолингвальды әдіс (Г. Фриз) сөйлемдердің моделі және құрылымы арқылы жүзеге асырылады.
Сахнадағы тілдік әрекеттің барлығы тек ауызша беріліп, қолма-қол жеткізілетіндіктен, тілдегі нақты әсер ету әдісін (натуральный подход) театр тіліне де қатысты деп есептейміз. Жанды сөйлеу тіліне бағытталатын бұл әдіс театр тілінің ерекшеліктерін ашуға көмектеседі.
Демек, сахна тілін қабылдауда бірліктегі дыбыстық образдарға (дыбыстар, интонация, екпін, ритм) басты мән беріледі. Сахнадағы тұтас тілдік құрылым тыңдау арқылы жүзеге асады.
Ал енді театр мен теледидардың айырмашылығы мен ұқсастықтарына келетін болсақ, екеуінде де өнердің барлық түрлері мен аспектілері қамтылады. Екеуінің де ортақ ерекшелігі – коммуникативтік табиғатында дер едік. Теледидар қазіргі өмірімізден басты орын алатын эфемеризациялық нысан болып отыр. Осы эфемеризациялану үдерісіне орай, қазіргі таңда театрға бару сиреді деуге болады. Бұл да екеуінің айырмашылығын сараптауда ықпалын тигізеді.
Сондай-ақ, театр мен теледидар тілінің ұқсастығы, мұнда бұқаралық ақпарат құралдарынан гөрі, көрермендер сахна мен экраннан бір нәрсені ұғып қана қоймай, терминдерді, олардың дыбысталуын, фразалардың әуезділігін, акцентуацияны, сөйлеу мәнерін, қысқасы, тілдік нормаларды меңгереді.
Мәселен, тележүргізушілер коммуникатор мен аудиторияның арасындағы делдал іспетті. Көрермендер аудиториясы теледидардан ақпаратты пассив түрде қабылдауы мүмкін. Ал театрдағы көріністі салғырт қабылдау мүмкін емес. Өйткені ондағы ширыққан тартыс, адам тағдыры, белгілі бір кезең оқиғаларының ащы шындығы, сан қилы образдардың бейнесі көрерменін бей-жай қалдыра алмайды.
Сондықтан, адамның ой-санасына әсер ету жағынан ең ықпалды құрал – театр тілі деуге болады. Себебі, телеэкран көрермендердің психологиясына дәл театр сияқты әсер ете алмайды. Өйткені онда сыртқы әрекет басым. Радиотыңдаушылар аудиториясын игеруді көздейтін радиотеатрда да көрініс жоқ. Ал тыңдаушының психологиясына ерекше әсер ететін, ішкі монологтарға құрылған сөз салмағы арқылы адам жанын тазартуға ықпалы бар орын, бұл – театр.
Теледидар – дыбыс пен көріністің синтезіндегі, қоғамдағы ауқымды коммуникациялық мүмкіндіктерді қамтитын, жалпы ақпараттық аудиовизуалды құрал. Теледидардың қамтитын аудиториясы жалпыұлттық, мемлекетаралық, аймақтық, жергілікті; ал бағдарламаларының түріне қарай жалпы және арнайы болып келеді.
Теледидарда өте қатаң түрде қарапайым заңдылықтардың бәрін сақтауға тура келеді. Бұл сөйлеу техникасынан бастап, яғни, дикцияны айқын, сөздерді дұрыс дыбыстау, екпінді дұрыс қою, тілді тамаша білумен қатар, орындаушылық шеберлікті талап етеді. Демек, диктор өз ойын анық, нақты жеткізіп, көрінбейтін көрермендерімен шынайы байланыс орнатуы қажет.
Теледидарда, ең бастысы, шешендік өнер мен оны жеткізу шеберлігін меңгеру шарт. Ал театрдың ерекшелігі, бұлардың барлығына қоса, көзбе-көз жанды байланыс орната алуында. Театрда шығармашылық еркіндік, қимыл басым. Театрда теледидардағыдай не айтатыныңды білу маңызды емес, оны қалай жеткізу маңызды деген мәселе туындайды.
Сондай-ақ, плюрализм тұрғысынан қарағанда, теледидар бағдарламалары мағыналас, сыңаржақ түсініктерді, түрлі көзқарастар қайшылығын білдіруі мүмкін. Теледидар бағдарламаларына кейде мемлекет және қоғам тарапынан қатаң немесе әлсіз бақылау жасалады. Ал театр қандай цензура болмасын халықтың көкейіндегі ойды сол халықтың тілі арқылы астарлап болса да жеткізіп отырады. Сахнадағы астарлы ой, көркем бейне, үстеме мағына, кейіпкерлерінің ашынған қимылы арқылы-ақ суреткер ұлтының тағдырын қолма-қол көрсетеді.
Бүгінгі таңда экраннан немесе тікелей эфирден тілді бұзып айтушылықтың кездесетіндігі жасырын емес. Дикторлардың сөзге екпінді дұрыс түсірмеуі, кей сөздердің, терминдердің астарына мән бермей ретсіз қолдануы, дыбыс үндестігін, тілдің әуезділігін ескермеулері, орынсыз тавтологияға ұрынулары, тілге шорқақтығы, осының барлығы тыңдап отырған көрерменнің талғамына нұқсан келтіріп жатады.
Театр тілінде лингвистикалық экологияға баса мән беріледі. Тіл экологиясы қазіргі қоғамымыздағы өткір қойылып отырған мәселелердің бірі. Сөз мәдениетіне қатысты лингвистикалық экология туралы Д.А.Әлкебаева: «Лингвистикалық экология тілдік ортаның динамикалы құбылысының проблемасын анықтайды. Лингвистикалық экология тіл және сөз мәдениетінің экологиясы деп аталынады. Сөз мәдениетінің экологиясына (лингвистер көп жағдайда лингвистикалық экология терминін қолданбайды) мына мәселелерді жатқызуға болады: тілдік ситуация, тілдік сана, тілдік орта, тілдік ортаның тазалығы, сөз қызметіндегі стилистикалық баланстардың бұзылуы, сөйлеу этикасының проблемалары, сөз мәдениеті және мониторинг» [22, 238 б.],-деп көрсетеді.
Біз талдаған кезең шығармаларының, сол кездің актерлерінің жеңісі де тіл құдіретін жете сезінгендіктерінде. Драматургтың жүрегінен шыққан сөзді сан мыңдаған көрермендер жүрегіне жеткізе білгендіктерінде. Сахнаның сан қырлы ерекшелігінің бірі де осы болса керек. Белгілі сахна тарланы
М. Байсеркеновтың «Сахна тілі бүгінгі актер өнерінің ең маңызды проблемасына айналып отыр. ...Театрдың басты байлығы мен киелі қазынасы драматургия десек, спектакльдің сөздік партитурасы тіл екені даусыз. Алымы мен шалымы ауқымды, сырнай үнді, кең тынысты қазақ тілінің қадір-қасиетін күн санап жоғалтып барамыз» [59, 11 б.],-деп қынжылуы да бүгінгі актер тіліне көңіл толмауынан болып отыр.
Ал біз көрсетіп отырған кезеңдегі театр төрінде сөз салтанат құрған, адамдар сөзге жүгінген. Осы сөз құдіреті туралы Л.Н. Толстой былай толғанады: «Слово – дело великое. Великое потому, что словом можно соединить людей, словом же можно и разъединить их, словом служить любви, словом же можно служить вражде и ненависти. Берегись от такого слова, которое разъединяет людей» (Л. Толстой. Полное собрание сочинений. Т.43, 97). Сондықтан, драматург ең алдымен сөзге мән береді.
Жоғарыдағы ойымыздан туындайтын, театрдағы тағы бір аса маңызды ерекшелік – тілдегі сөз астарын ашу. Сахна бос сөзді көтермейді. Сахнадағы сөз көрерменге жалаң берілмей, актердің сөздің батпан салмағын, қатпары қалың қабатын сезінгенінде ғана шынайы жетпек. Оның негізін сөздің ішкі әрекет қуаты, сезім байлығы, сөздің ішкі саздылығы құрайды. Олай болса, сахнада сөздің өзі емес, оның ішкі мазмұн тұтастығы, яғни сөз астары басты орын алады.
Сөз астары туралы сахна тарландары К.С. Станиславский «Творчество саласында сөзді ақын тудырса, сөз астарын артист тудырады» (Станиславский, 1953) десе, М. Байсеркенов: «Творчествоның бар байлық, қалың қазынасы сөз астарында жатады. Сахнадан сөз астарынсыз айтылған сөз бос сөз. ...Сөз астарына табан тіреген сахналық шығарма ғана өзінің толыққанды көркемдік тұлғасына ие бола алады» [60, 256 б.],-деп ой түйеді. Демек, театр көрермендердің көкірек көзі мен ішкі зердесін оятатын, көргенін образды елестетуге жетелейтін, ой мен тебіреністің ошағы болып табылады. Ал ол сахнада құдіретті тіл арқылы, сөздің орасан қуаты мен әсері арқылы іске асады.
Сондай-ақ, театрдың тағы бір қабілеті – оқырмандар публикасынан гөрі үлкен аудиторияны қамтуында. Театр мінбесі арқылы қоғамдағы әлеуметтік мәселелердің белсенді көтерілетіндігі бағаланады. Сондықтан, сонау ықылым заманнан-ақ эстетикалық және әдеби-теориялық трактаттарда (Вольтер, Дидро, Мерьсе, Лессинг, Шиллер, т.б.) драматургия мәселесі басты орын алған. Мерьсе өзінің «Театр туралы» трактатында былай дейді: «Самое действенное и самое целесообразное средство вооружить непреодолимой силой человеческий разум и бросить вдруг в народ массу просветительских идей заключается, несомненно, в театре. Там, подобно потрясающему звуку трубы, который в известный день должен поразить мертвых, - там красноречие, простое и яркое, может пробудить в одно мгновение уснувшую нацию. Там величавая мысль одного человека воспламеняет, подобно электрическому току, все души (Иванов, 1895, 218). Бұдан театрдың теледидар мен ақпарат көздері жоқ кезде-ақ, көзбе-көз халық игілігіне жарап келе жатқандығын, шешендік өнердегі тілдің ұшан-теңіз қызметін көреміз.
Жалпы көпшілікке арналған коммуникативті құралдардың барлығы адамның бойында әлемді стереотип түрінде қабылдауын қалыптастырады. Оның өзінің жеке тұлғасын сезінуге мүмкіндік бермейді. Жалпы көпшілікке арналған коммуникативті құралдарды қабылдауда адам өзінің сыни ойлау қабілетін жоғалтады. Бұған «Массовая коммуникация снижает у человека эстетический вкус и духовный стандарт... не обогащает духовный мир человека, а, наоборот, возвращает духовный поиск в лоно рассудка, в сферу обыденного, потребительского сознания» [61, 36 б.],-деген пікірлері дәлел. Ал театрдан адамдар рухани ішкі әлемін байытып, интригаға қалдырылған мәселелердің өзін өз бетінше сараптауға ұмтылыс жасайды. Театрдан адам өзі туралы шындықты, небір жүрек құпияларын суретті сөз арқылы танып-біледі. Театр тілі арқылы адамның психикасы, ойлау, қабылдау, сараптау, сезіну деңгейлері өседі.
Көркем шығармалар мәтінінің энергиясы туралы лингвистикалық теорияларда аз айтылып жүр. Алайда, мәтін және тілдің энергиясын оқырман мен автор интуиция арқылы жақсы сезінеді. Ю.М. Лотманның,
Ю.Н. Тыняновтың және чех оқымыстысы Я. Мукаржовскийдің еңбектерінде мәтіннің осыған жақын қызметі талданады.
Негізі өлең сөздің адамға берер әсері орасан. Сондықтан мәтін энергиясы көбіне өлеңге қатысты зерттеліп жүр.
Н.М. Лотман «Структура художественного текста» (1970) еңбегінде «өлең энергиясы» деген терминді біраз талдайды. Ғалымның пікірінше, «энергетикалық сәт дәстүрлі поэтикалық мәтіндердегі түрлі қиындықтарды жеңгенде (норма, ереже) туады. Кедергілердің құрылымының күшті немесе әлсіз бұзылуы түрлі «ой ширығуын» талап етіп, мәтін жүйесі түрлі «энергетикалық мінездемені» иеленеді»,-дейді [62, 21 б.].
Әдебиет негізі өзін-өзі реттеу қасиетіне ие. Әдебиетте энергиялық көздердің бірі – таланттылық. Таланттың рөлі әдебиетте қашанда жоғары, олай болмағанда, жаңа шығармалардың пайда болуында «энергиялық айырмашылық» та болмас еді. Көркем шығармадағы энергияны жеке талант тудырады. Бұл туралы П.А. Флоренский: «Чтобы язык жил полную жизнью и осуществлял свои возможности, надо освободить индивидуальную языковую энергию... Процесс речи есть... взаимопрорастание энергии индивидуального духа и энергии общечеловеческого разума. И поэтому в слове, как встрече двух энергий, необходимо есть форма и той и другой. Внешняя форма служит общему разуму, а внутренняя индивидуальному... Слово синергетично» [63, 263 б.],-деп көрсетеді.
Физикада энергия ұғымы энтропия ұғымымен өте тығыз байланысты қолданылады. Кез келген физикалық нысанның жай-күйі осы екі ұғыммен анықталады. «Энтропия» терминін енгізгенде, Р. Клаузиус екі ұғымның да мағыналық жақтан жақындығын ескеріп, олардың мәнін ашуды «сөздің ішкі формасының энергиясына» негіздейді. Демек, «энергия» терминінің экстраполяциясы тіл саласында энтропия ұғымына сай келеді.
Көркем мәтіннің энтропиялық мәселесін алғаш көтерген академик
А.Н. Колмогоров еді. Тілдегі энтропия (H) екі үлкен ұғымды қамтиды: біріншісі, кейбір ұзақ мағыналы ақпараттарды мәтіндегі тілдің мүмкіндігі арқылы беру, яғни, белгілі мағыналық кеңдік (h1); екіншісі, тілдің икемділігі (h2), бір мазмұнды бірдей тәсілдер арқылы беру мүмкіндігі. Бұл жерде тек h2 поэтикалық ақпарат көзі болып табылады [64, 87 б.].
А.Н. Колмогоров энтропия ұғымын енгізе отырып, энергия кеңістіктің бір нүктесінен екіншісіне беріліп отыратын диссипативті жүйе деп тұжырымдайды. Ғалым энергия терминін қолданбайды, тек энтропия мен ақпарат туралы ғана айтады. Алайда энтропияның энергетикалық үдерістерсіз сипатталынбайтынын байқадық.
Тілдің энергетикалық қызметі туралы Л.Н. Мурзин былай дейді: «Речь вне зависимости от сознания заставляет нас действовать (хотя бы духовно). Мы от речи получаем энергию, которая откладывается в нашем внутреннем мире, вплоть до космической энергии. Возможно, это и есть связь человечества со всем мирозданием, со Вселенной. Эта энергетическая взаимосвязь осуществляется через язык [65, 12 б.]. Бұдан мәтіннің терең, ядерлық, энергетикалық өрісі әрекеттің ауқымды диапазонын эвристикалық тұрғыдан талдауға мүмкіндік беретінін көруге болады.
А.Н. Кузьмина да мәтін энергиясын бірнеше аспектіде қарастырады:
1) Қазіргі ғылымда энергия ұғымы микро және макроәлемді, эволюциялық үдерістерді қалыпты қабылдауды өзгерту, бұларға басқаша көзқараспен қарауды білдіретін архимедтік тетік болып отыр. Энергияға кілттік ұғым ретінде сүйенетін синергетика ғылымы XX ғасырда «әлемді тануды» жаңа қырынан қарастырады.
2) Термодинамиканың алғашқы бастауы қысқаша «энергия сақталады» болып қалыптасады. Бұл энергия жоғалмайды, бір формадан екіншісіне ауысып отырады дегенді білдіреді.
3) Термодинамиканың екінші бастауы табиғат үдерісінде болатын бағытты көрсетеді, яғни, энергияның бір формадан екіншісіне айналуының диссипациясымен бірге жүреді.
4) Энергия ұғымы кеңістік пен уақыттың, материяның болу формасымен байланысты. Мәтіннің «жадысы» (сөз, жанр, ритм), жаңа мәтіндегі протомәтіндер, ондағы ақпараттың кешегісі мен қазіргі айырмашылығын қалай «оқу» керек, осының барлығы интертекстегі энергия ұғымының аясында қарастырылуы қажет деп көрсетеді [66, 58-59 бб.].
Философиялық ұғымда энергия ашық біркелкі емес жүйелерді реттеудің, басқаша айтқанда, хаостың өлшемі ретінде қарастырылады. Сондықтан, энергияның нақты жылылық, кинетикалық, электромагниттік, химиялық түрлерін өлшеуге болғанмен, өзін өлшеуге келмейді. Ол абсолютті көлемде көріне алмайды, сондықтан да математикада оның кейбір құбылыстарды суреттеуде, жүйелердің жай-күйінің өзгеру үрдістерінің сипатталуына қатысты көлемі қолданылады.
Ал лингвистикадағы энергияны бағамдауда тілдің виртуалды бірліктері шектеліп беріліп, яғни, ең тамаша сөз тіркестері және тілдің нақты бірліктерінің материалы жатады. Дыбыстың акустикалық табиғатын өлшеуге болады, бірақ фонемалар тілдік үдерістердің нақты өзгешелігін көрсетуді және кездейсоқ, субьективті сәттерден аулақ болуды көздейді.
Т.В. Матвееваның еңбегінде энергетика – мәтіндік категория, ал энергия – сандық өлшем ретінде көрсетіледі. Ғалым энергия өлшенеді және берілген мәтіннің энергиясын өлшеуге көмектесетін энергемалар – тілдік бірліктер арқылы бір мәтінді екінші мәтінмен салыстырып, тыңдармандарға әсерін қатысты дәрежеде анықтауға болады дейді.
Зерттеушінің пікірінше, энергемаларға: «все субкатегории, связанные с идеей движения и понятием меры, а именно субкатегории экспрессивности (с её собственным внутренним делением на эмотивность, оценочность, экспрессивность) и волеизъявления» жатады [67, 217 б.]. Мұндай жағдайда, энергемалар болып, тілдік әрекеттің барлық құралдары, дәстүрлі риторикадағы – троп, фигуралар, эмоционалды-экспрессивті лексика, экспрессивті- синтаксистік құрылымдар табылады.
Мәтіннің энергетикалық қуатын бағамдауда синергетика туралы да айта кеткен жөн. Синергетика тіл ғылымындағы жаңа термин. Синергетика – интермәтіннің жаңа теориясының негізін құрайтын үшінші қайнар көздердің бірі болып саналады. Синергетиканы тарихшылар XXI ғасырдағы интеграцияға ұмтылушылықтың туындауы және интертеорияның пайда болуымен байланыстырып, біртұтас даму заңдылықтарына бағынатын түрлі нысандардағы күрделі динамикалық жүйе ретінде қарастырады. Лингвосинергетиканың теориялық негіздері енді-енді қалыптасып келеді.
Синергетика коэволюциялық принциптерді түсінуді және түрлі тектердің күрделі құрылымдық жүйесінің ұйымдастырылуын қамтиды. Мұндай зерттеулердің жалпы бағытын білдіретін мынадай кілт сөздерді көрсетуге болады: эволюция, коэволюция, өзін-өзі ұйымдастыру, күрделі жүйе, хаос, тұрақсыздық, ашықтық, біркелкіліксіздік (Е.Н.Князева, С.П.Курдюмов).
Синергетика туралы В. Аршиновтың, Н. Кузьминаның, К. Штайнның,
И. Германның, Н. Алефриенко, И.Пригожина, С.П.Капица, Г.Г.Малинецкийдің т.б. еңбектерінде айтылып жүр.
Ғалымдар синергетиканы көзқарастар парадигмасы ретінде айқындап, «жаңа дүниетаным», яғни «әлемді жаңаша тану», танымдық модельдің түзу емес сызықтық шегін көрсетеді деп белгілейді. Тілге қатысты заңдылықтар синергетикаға қызығушылық тудырды. Өйткені тіл сыртқы әлемнің моделін жасауда тұтас характерге ие кілттік рөл атқарады. Сондықтан кез келген тіл ішкі синтаксистік, семантикалық заңдылықтары бар ақпараттық ашық жүйені құрайды. Синергетика шынайы болмыстың эксперименттелуінің өзіндік әдісі, ол нәтижені көрсетпейді. Ол ескі проблемаларды жаңаша қарастыруға, ғылымдағы өзекті мәселелерді қайта негіздеуге мүмкіндік береді. Сонымен, синергетика ұғымы бұл өзін-өзі ұйымдастыруға бейім, ашық, біркелкі емес жүйе дегеді білдіреді.
Драмалық шығармалар мәтінінің энергиясына келетін болсақ, біз талдап отырған қос суреткердің тілі де құйылып тұрған өлең болмысына сай келеді. Мұндағы әрбір персонаждардың сөздері адамға эмоционалды қуат береді.
Мәтіннің эмоционалды және энергетикалық бағытын айқындағанда, оның сезімге әсер етер тұсын бағамдаған жөн. Кез-келген мәтіннің сезімдік жағы энергетикалық күшке толы нәзік байланыстырушы жіп іспетті. Ішкі түйсік арқылы оқырман заттың физикалық формасын ғана емес, ондағы эмоцияны да байқайды. Бұл әсіресе жарқын эмоционалдық бағыттағы мәтіндерде жақсы көрінеді.
Мәтіндегі жолдың ортасынан біткен сөйлемдер автордың шығармасын эмоционалдылықпен, үлкен оптимистілікпен бітіргендігін білдіреді. Олар автордың сол сәттегі көңіл-күйі мен сезімін, шығарманың кульминациялық шарықтау шегін көрсетеді. Енді мәтін энергиясын көрсету үшін екі жанрдағы шығармадан мысал келтірейік.
№1 мысал:
Достарыңызбен бөлісу: |