А. О. Тымболова драмалық шығармалардың лингвистикалық поэтикасы Алматы, 2013 А. О. Тымболова драмалық шығармаларды лингвистикалық поэтикасы



бет52/95
Дата06.10.2023
өлшемі1,66 Mb.
#113256
түріМонография
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   95
1. Қостау диалогы. Бұл топтастыруларға мысалды
М. Әуезовтің «Бәйбіше – тоқал», «Қарагөз» пьесасынан келтірейік:
Дәмеш. Маған апамның өлгенінен де жүрегіме қатты бататын бір нәрсе бар.
Күләш. Ол не, қалқам.
Дәмеш. Әншейін, апамның соншама алақанына салып еркелеткен қадірін білмеппіз ғой. Сөзі болса, ылғи күндесіңді жамандайсың деп тыңдамаушы едік. Іс тапсырса, жүз айтқызбай істемеуші едік. Бір құрбы қылыппыз да жүріппіз ғой.
Күләш. Еркем-ау, менің де күндіз-түні ойлайтыным осы. Неге отымен кіріп, күлімен шықпадым екен? Неге батасын ала бермедім? - деп бір түрлі өкінем. (......)
Мұнда екі реплика да құптауды білдіріп, бір бағытта, біреуі екіншісінің мазмұнын толықтырып тұр.
2. Екінші реплика кері реакцияны көрсетеді, бұл полемикалық диалогтың бір түрі.
Аманбай. (Дәмешке.) Кәне, жүрейік пе? А-а-а... сөйлесейік кішкене. (Дәмештің қолынан ұстайды.)
Дәмеш. (қолын қағып). Аулақ! Кім сөйлесемін деді сенімен? Неғып жүр өзі?
Аманбай. Дәмеш, ұрыспа! Ұрысқан... тырысқанымыз жарай ма? Құдай қосқан соң қайтесің?
Дәмеш. Не деп жүр өзі? Құдай сендей жарымеске қоспай-ақ қойсын! Сенің есіріп жүргенің құдайдың бір уақытысы шығар. Әйтпесе сені үміт қылатын болып па едім мен? (88 б.)
Бұл жерде екі адресанттың арасында келіспеушілік туып, қақтығысқа әкеледі.
3. Нақтылаушы диалог.
Дәмеш. Ол алып кетеді екен деп қорықпай-ақ қойыңыз. Төлештер оған беретін емес. Малын қайыртқалы отыр.
Ғазиз. Жоқ, Дәмеш! Оның – балалық. Төлештер Бейсембі мен әкесінен кете алмайды. Одан кете алмаған соң, Байсалбайдан да құтыла алмайды. Байсалбайды құда қылып жүрген Бейсембі. Ол барын салса да, Байсалбайды аламын деп жүрген кісі. Сені бергізіп отырғандағы мақсаты не ғой дейсің.
Бірінші тұлғаның сөзіне екіншісі дәлелді уәж қайтарады. Оның пікірін өзінің көзі жетіп отырған дәлелімен нақтылай түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет