А. О. Тымболова драмалық шығармалардың лингвистикалық поэтикасы Алматы, 2013 А. О. Тымболова драмалық шығармаларды лингвистикалық поэтикасы



бет80/95
Дата06.10.2023
өлшемі1,66 Mb.
#113256
түріМонография
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   95
Байланысты:
Лингвистикалық поэтика. Монография

III-шәкірт. Сондықтан...
Ақан. Дереу жеткізермін де хазіретке!
III-шәкірт. Өкпелемессіз... (64 б.) («Ақан сері – Ақтоқты»)
Осындағы сондықтан шылауы, өкпелемессіз болымсыз етістігі арқылы жасалған сөйлемдер интонациясына қарай түрлі мағыналарға ие болуы мүмкін. Мешітті азап орнына теңеп, хазіреттің қолының қанды екендігін бетіне айтқан Ақанға шәкірттің жауабы екіұшты беріліп тұр. Пьесада бұлар созылыңқы, ұзағырақ, төмен тонды, зілді тембрмен айтылып тұрғандықтан, мұнда күмәнданушылық, жақтырмаушылық байқалады.
Сахна тілінде интонацияның жиілігі, ұзақтылығы, қарқыны, интенсивтілігі анық көрінеді. Өйткені, онда сөйлеуші мен тыңдаушы арасында жанды байланыс орнайды. Сөйлеуші жеткізіп тұрған ойына өзінің эмоциясын қоса білдіреді.
Сөйлемнің логикалық мағынасы мен интонациясы тығыз бірлікте болады. Бұл оның қарым-қатынас қызметінің негізгісі болып табылады. Ежелгі заманнан-ақ интонацияны сахна өнерімен тығыз байланыстырған. Сахнадағы сөз кейде қарқынмен, кейде бірқалыпты айтылады.
Соның ішінде, интонация – поэтикалық мәтіннің мағыналық байлығын және фонетико-әуенді қырларын ашуда маңызды рөл атқарады. Интонация мағыналық және ритмикалық паузалар, логикалық екпін, ырғақты (темп) қамтиды.
Интонацияны фонетистер, фонологтар, синтаксис мамандары, әдіскерлер, әдебиетшілер әр түрлі аспектілерде қарастырып келеді.
Сөйлеудің акустикалық және перцептивті қырларын зерттегендер
Л.П. Блохина, Л.В. Бондарко, Г.И. Бубнова, М.В. Гордина, Р.К. Потапова,
Н.Д. Светозарова т.б.
Қазіргі тілімізде интонациялар өзіндік лингвистикалық қызмет атқарады. Интонациялар ауызекі сөйлеу тілінде бағалауыштық қызметті белсенді қозғаушы болып табылады. Сөйлеушінің қарым-қатынастағы жағымды және жағымсыз бейнесін ажыратуға көмектеседі. Просодикалық құралдардың негізінде, негізгі тонның жиілігі мен екпіннің айқындалуына ықпалын тигізеді.
Соңғы жылдары интонациялардың сөйлеушінің бір нысанға қарым-қатынасының эмоционалды көрінісін қарастыруға баса көңіл бөлінуде. Өйткені эмоционалдылық тілдік қатынас үдерісінің ажырамас бөлігі екендігі белгілі, ал интонациялар мұнда басты орын алады. Оның үстіне интонациялар сөйлеушінің эмоциясын білдірудегі бірден-бір көрсеткіш болып табылады. Орыс зерттеушісі Е.О. Фирсованың еңбегінде интонациялардың экспессивті-бағалауыштық қызметі қазіргі француз тілінің негізінде қарастырылып, интонациялардың өзіндік қолданысындағы бағалауыштық-экспрессивтік қызметіне кешенді талдау (лингвистикалық, аудиториялық, электроакустикалық) жасалынады. Автор «Мы считаем, что интонация является одним из важнейших, а часто единственным средством актуализации положительной или отрицательной оценки в процессе развертывание устного высказывания. Это обозначает что положительная или отрицательная оценка должна иметь собственный набор дифференциальных просодических признаков, позволяющих разграничить положительное и отрицательное оценочное отношение говорящего к объекту речи при слуховом восприятии» [163, 8 б.],-деп атап көрсетеді.
Интонациядағы тілдік интерференция біршама зерттелген дедік. Ғылымда интонацияны нысан ретінде ерекше талдау әдістемесі, оның ішінде көркем интонацияны баса көрсете отырып қарастыру көзделуде.
Стилистикалық графикалық құралдар мағынаны жеткізудегі функционалды тұрғыдан, яғни мәтіннің және авторлық интенцияның берілуінде маңызды болып табылады. Тілдің бұл қызметіне мәтінді визуалды қабылдаудағы информативтілік, реципиентке эстетикалық әсер ету, эмотивтілік, ассоциотивтілік жатады.
Айталық, М. Әуезовке ғана тән нәзік те сыршыл сөз кестесі өзгеше интонациясымен, ырғақ үйлесімімен ерекшеленеді. Мәселен:
Абыз: Құйрығы жоқ, жалы жоқ,
Құлан қайтіп күн көрер!
Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Жылан қайтіп күн көрер!..
Осындағы ұйқас, ырғақ, интонация – пьеса басталғаннан-ақ, адамның ішкі жан-дүниесінің арпалысын білдіріп, шығарманың өн бойындағы қапалы көңіл-күйді айқын аңғартады. Ары қарай:
Алданар жоқ, арман көп,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет