А. О. Тымболова драмалық шығармалардың лингвистикалық поэтикасы Алматы, 2013 А. О. Тымболова драмалық шығармаларды лингвистикалық поэтикасы


Драмалық шығармалар тіліндегі қайталамалардың ерекшеліктері



бет82/95
Дата06.10.2023
өлшемі1,66 Mb.
#113256
түріМонография
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   95
Драмалық шығармалар тіліндегі қайталамалардың ерекшеліктері

Драмалық шығармалар тілінде қайталамалар өте белсенді қолданылып, негізгі айшықтардың қатарынан орын алады. Драмалық шығармалардағы қайталамалардың мұндай белсенді қолданысы мәтін түзу және мәтін дамыту қызметтерін де атқарады.


Әдеби тіл сұлу сөйлеудің үлгісі. Әдеби тілге көркемдегіш һәм бейнелегіш тәсілдер тән. Әдеби тілді талдау барысындағы сондай көне тәсілдердің бірі – қайталамалар. Суреткердің өзіндік стилін таныту мақсатында көркемдеуіш тәсіл ретінде қолданылатын қайталамалардың стильдік қызметі орасан зор. Қайталамалардың драмалық шығармалар тілінде де актив қолданылатындығын бағамдадық.
Қайталамалардың тілдік табиғатын зерттеушілердің қатарына
А.А. Потебня, А.А. Шахматов, Ф.И. Буслаев, А.М. Пешковкий, Г.О. Винокур, Н.К. Шведова, И.М. Астафьева т.б. жатады. Қайталамаларды мәтінтүзушілік тұрғыдан қарастырғандар Т.А. Казаков, Н.Е. Цветкова, С.И. Львов,
Н.В. Данилевский т.б. Қазақ тіл білімінде қайталамалар туралы тұңғыш пікір айтқан ғалым А. Байтұрсынов болды. Ғалым оларды қайталақтау деп атады.
Қазақ тіліндегі қайталамаларды күрделі лингвистикалық құбылыс ретінде қарастырған ғалым О. Бүркітов болды. Автор қайталамалардың лингвостилистикалық жүйесін саралап, дербес категория ретінде көрсетіп, оларға мынадай анықтама береді: «Қайталамалар – күрделі жүйе мен құрылымдардан тұратын, парадигмалық және синтагмалық қасиеттерге ие болатын, дыбыстың, сөздің, сөз тіркесінің, сөйлемнің, микромәтіннің, абзацтың, тіпті мәтіннің қайталанып келуі арқылы жан-жақты стильдік қызмет атқаратын, өз ішінен бірнеше түрге бөлінетін, қызмет ауқымы мен тек-түр жағынан басқа стилистикалық айшық түрлерінен әлдеқайда ауқымды келетін лингвостилистикалық категория» [168, 22 б.].
Қазақтың ұлттық әдеби тілінде қайталамалардың ең жиі қолданылатын түрі аллитерация мен ассонанстың түркі әдебиетіне тән тәсіл екендігі белгілі. Бұл құбылыс драма тілінде де жиі ұшырасады. Алайда, қазіргі драматургия тілі тек осындай тәсілдермен өрнектелді деп айта алмаймыз. Бұл қазақ драматургиясында құбылыс жасаған суреткерлер тілінде айрықша көрініс тапты. Атап айтқанда, ұлы суреткерлер М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов,
Ж. Аймауытовтың тілінде бұл құралдар сұлулықтың өлшемі ретінде қолданылды. Мәселен, Ғ. Мүсіреповтың «Ақан сері – Ақтоқты» пьесасының тіліндегі көркемдеуіш құралдарды талдап көрелік. Пьесада әсіресе дыбыстық қайталамалар ерекше орын алады:
Қай күнім, қара күнім Қарауылда,
Қарғайтын би, төре ме, Қарауыл ма?
Қарауыл – ханға төсек, биге жастық,
Бұл күннен арыларсың қай дауылда? (113 б.)
Әрбір дыбыстың түріне алғаш сипаттама берген орыс ғалымы
М.В. Ломоносов болды. Ғалым әрбір дыбыста мағына бар, олар өзінше сөйлейді деп баға береді. Көркем шығарма тілінде ең көп кездесетін қайталамалардың түрі осы дыбыстық қайталамалар. Дыбыстық қайталамаларды зерттеген ғалымдар Л. Тимофеев, В. Холшевников, Г. Шенгели, Л. Якубинский және т.б.
Көркем мәтіннің ұғынықты, қабылдауға жеңіл болуының фонетикалық құрылымға байланысты екендігі, яғни мәтіннің фонетикалық негізі аса үйлесімді болса, оның қабылдану деңгейінің де жоғары болатындығы белгілі. Демек, драматург те пьеса мәтінінің дыбыстық үйлесімділігіне баса мән беріп, оның көрермен қабылдауына жеңіл болуын көздейді. Мәселен:
Сырым (жүдеп сарғайған, жалаң бас, есіктен қарап бірталай тұрып) Қырық күн!.. Қаралы қайғымен, жылаумен қырық күн өтті. Алдақашан өлермін... ит өмірден кетермін деп едім, әлі күнге мен арсыз тірімін... Кімді күтем, нені медеу қылам, не тілеймін? (Бейіттің ішіне кіреді.) Баяғы қабыр, әлі де баяғыдай нық басып бітеуленіп жатырсың. Бір топырағың шашылған жоқ. Бір жеріңе жік түсіп, жалғызымның бір тырнағын да көрсеткен жоқсың. Өткеніне жеті күн толғанда түсімде көріп ем. Енді белгі беретін күні бүгін шығар... Қырқы толған күні бір рет ескермес пе екен. Өтті дәурен... Тарқады той. Той үстіндегі әннің арты қаралы дауысқа айналды. Сен көтере алмадың, көштің! (151 б.) («Қарагөз»)
Осы мысалдағы дауысты дыбыстардың қайталануы сөзге ерекше әсерін тигізіп тұр. Олар мәтіннің әуезділігін арттырып, көрерменін тыңдауға тарта түседі.
Демек, дыбыстық қайталамалардың түріне жататын – ырғақ мәселесі драмалық шығармалар үшін де маңызды. Бұл поэтикалық мәтіндердің табиғатын танытуда да аса қажет тәсіл. Суреткерлер өз шығармаларында дыбыстық жүйені талғап қолданады. Яғни, ырғақ инерциясын қалыптастырады.
Бүгінде ұйқас мәселесі дыбыстық қайталама ретінде стилистикалық тұрғыдан зерттеліп жүр. Ұйқас – өлең жолдарындағы ең қарымды көркемдік тәсіл екендігі белгілі. Демек, лингвостилистикалық табиғаты жағынан ұйқас дыбыстық-композициялық қайталама болып табылады.
Паронимиялық аттракцияның жасалуына паронимдер негіз болады. Паронимдер – дыбысталуы жақын, бірақ мағыналары ұқсамайтын сөздер болып табылады.
Мәрзия. Қай аурудан өліп ем,
Қай қолыңмен көміп ең?(112 б.)
Ақан. Біреуге оқтай, біреуге оттай тиетұғын айыбы бар,
Жасыра алман оны да. (91 б.)
Мұндағы өлең жолдарындағы өліп ем, көміп ең, оқтай, оттай тіркестері семантикалық тұрғыдан мағыналас келіп, паронимиялық аттракция жасап тұр.
Қысқасы, аллитерация да, ассонанс та, паронимялық аттракция құбылыстарының барлығы да о баста поэтикалық тілде қолданылғандығы белгілі. Суреткерлердің бұл тәсілдердің барлығын әсем қолданулары халық тілінің байлығымен астасып жатыр деуге болады.
Тілдегі ең көп дерлік қолданылатыны, стильдік мақсатқа өте ыңғайлысы – лексикалық қайталамалар болып табылады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет