А. О. Тымболова драмалық шығармалардың лингвистикалық поэтикасы Алматы, 2013 А. О. Тымболова драмалық шығармаларды лингвистикалық поэтикасы


ІV ТАРАУ Драмалық шығармалар тіліндегі концептуалдық құрылым



бет76/95
Дата06.10.2023
өлшемі1,66 Mb.
#113256
түріМонография
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   95
ІV ТАРАУ


Драмалық шығармалар тіліндегі концептуалдық құрылым

Соңғы кездері тілдің эстетикалық тұтастықтағы көрініс табуы жүйелі түрде зерттеліне бастады. Тілдің эстетикалық тұтастықтағы қызметі түрлі терминдермен беріледі: көркем әдебиет тілі, көркем тіл, поэтикалық тіл т.б. қызметтері адресаттың эстетикалық сезімін қанағаттандыру ұғымын білдіреді немесе өнерді көрсету белгісі болып табылады.


Көркем шығарма тәрбиелік, дидактикалық, білімдік, энциклопедиялық т.б. түрлі қызметтерді атқаруы мүмкін. Шығарманың эстетикалық қызметі осы міндеттердің аясында қарастырылуы керек. Демек, суреткер шығармасынан эстетикалық әсер алу үшін тілдік тұлғаларды барынша талғап қолданады.
Тілдің коммуникативтік қызметі негізгі, ал басқа коммуникативтік емес қызметі екінші болып саналады. Осы коммуникативтік емес жағдайдан туатын тілдің екінші қызметі магиялық, фатикалық, эстетикалық қызметі болып табылады.
«Көркем сөз сыртқы тұлғасы жағынан да, ішкі мазмұны жағынан да ерекше ұйымдасқан эстетикалық құрылымға ие. Көркем тексте тілдік құралдардың мағыналық жағын айтпағанда, дыбыстық ұйымдасу жағы, сөздердің бір-бірімен байланысы, орын тәртібі, тіпті дауыс кідірісіне дейін үлкен мәнге ие болып тұрады. Оның себебі өзінің поэтикалық деңгейінде тіл белгілі бір мазмұнды сырттай бейнелеуші ғана болып қалмайды, ол, барлық мән-мағынасымен, ішкі-сыртқы болмысымен образды мазмұнның өзіне, оның құрамды элементіне айналады. Басқаша айтқанда, тілдік таңба көркем әдебиетте мазмұнды формаға ауысады» [151, 10 б.].
4.1 Сахна тіліндегі экспрессия құбылысы және сөз эстетикасы

Көркем әдебиет стилінің өзіндік ерекше белгісі – оның эстетикалық сапасында жатыр дер едік. Олай болса, сахна тілі жай қатынас құралы ғана емес, ол коммуникативтік қызметінің үстіне эстетикалық та қызмет атқарады. Яғни, әсер ету функциясы бар.


Сахна тіліндегі экспрессия және сөз эстетикасы дегенде драма тіліндегі даралық көркем стильді саралау қажет. Бұл жерде шығармадағы тілдік бірліктерге тек қана грамматика тұрғысынан қарап, лингвистикалық талдау жеткіліксіз. Мұнда әр сөздің поэтикалық астарына үңіліп, сезімге етер әсерлерін айқындау қажет. Ал осындай дара көркем стильдің кейде лингвистика шеңберіне сыймайтын тұстары бар.
XX ғасырдың соңынан бастап тіл білімінің басты ұстанымы ретінде коммуникативті (антропонимикалық, когнитивті, этно-психо әлеуметтік- лингвистикалық, функционалды-семантикалық және лингвопрагматикалық немесе парадигмалық) және когнитивті метапарадигмалар әлеуметтік субьект болып табылатын жеке тұлға мен тіл арасындағы негізгі қатынастарды зерттей бастады.
Қазіргі тіл білімінде коммуникацияға қатысушылардың лингвориторикалық және дискурсивті функционалды парадигма аясындағы кешенді интегралды модельдері жүйелі түрде қарастырыла бастады.
Лингвориторика немесе неориторика – синергетикалық ғылыми парадигма – тіл мәдениетін арттыру мақсатында ғана емес, коммуникативтік талдауларды шешуге де көмектеседі. Бұл ретте интерактивті дискурстық кеңістік пен тілдің «коммуникативті қызметі» және «коммуникативтік акт» қызметінің қалыптасуын қарастырып алған жөн. Бұл туралы О.Н. Морозова былай дейді: «Однако при этом полезно различать в лингвориторическом пространстве согласованной интеракции термины «коммуникативное поведение» и «речевое поведение», где «коммуникативное поведение» понимается в виде процесса установления отношений с целю обмена информацией между собеседниками, а «речевое поведение» - в виде процесса использования ими в актах дискурсии языковых знаков как деятельность, осуществляему с помощью основных конститутивных единиц языковой системы» [152, 7 б.]. Мұндай жағдайда «коммуникативтік акт» әңгімелесушілердің арасындағы коммуникацияның белгілі типі, яғни адресат пен адресанттың қатысуымен, ал «тілдік акт» тілдік жүйедегі негізгі бірліктердің, яғни әңгімелесушілердің пікір алмасуындағы тілдік элементтер арқылы жасалады.
Жүйелі, құрылымды тіл білімі синтагматикалық қатынастарды тілдегі өзара тілдік бірліктердің қатынасы ретінде, ал парадигматикалық қатынастарды тілдік, жүйелік құбылыстардың топтастырылуымен қарастырады. Қазіргі зерттеулерде парадигма түсінігі кең мазмұнға ие және тілдік қана емес, сөйлеу фактілеріне, яғни бір-бірінің орнына жүретін өзара тілдік бірліктердің қатынасына негізделеді. Көркем мәтінде жүйелі парадигматикалық қатынастар жүзеге асады.
Мәтін парадигмасындағы номинаттардың тұтастығы денотативті деңгейдегі оның элементтерін (лексика-семантикалық) құраушы бірліктерге негізделсе, ал семантикалық-құрылымдық деңгейдегі мәтін парадигмасының ассоциациялары стилистикалық бірліктердің қатысуымен жасалады. Сондай-ақ экспликаторлар парадигмасы контекстуалдық формадағы денотативті және коннатативті бірліктерден туындауы мүмкін. Сөз өнеріндегі мәтін парадигмасы эстетикалық ұғым жүйесіндегі негізгі орынды иеленеді. Бұл ретте эстетикалық ұғым көркем образдың ішкі жүйесін көрсетеді. Сонда көркем мәтін тұтастығының элементтерін нақты және абстрактілі қатынастар тұрғысынан жүйелеп көрсетсек, мәтін парадигмасы – эстетикалық ұғым – образ – символ, идея болып шығады.
Көркем мәтінді талдау барысында интертекстуалды элементтердің қызметі де айрықша аталып жүр. Көркем мәтіннің әлеуетін арттыруға ықпал ететін эксплицитті және имплицитті тілдік құралдарды қолдануда да мәтінаралық байланыстардың көмегі зор. Көркем мәтіннің эстетикалық құрылымы туралы А.С. Әділова зерттеуінде былай деп көрсетеді: «Көркем мәтін басқалардан мейлінше бөлек пішімімен, тілімен айрықшаланады. Ол тек тіл жүйесінің түрлі деңгейлеріндегі бірліктердің ұйымдасуы негізінде пайда болатын жай ғана күрделі тілдік бірлік емес, өнер туындысы, яғни сөз, сөйлем, күрделі синтаксистік тұтастықтың ерекше байланыстары, бір-бірін дамытуы, бір-бірімен іліктесе келуі нәтижесінде қалыптағы мағынасынан өзгеше, жаңа мән, әсер тудыратын эстетикалық құрылым» [153, 8 б.]. Демек, көркем мәтін эстетикалық құрылымына қоса, жаңа мән-мағына туындататын генерациялық қасиетке де ие.
Белгілі ғалым Б. Шалабай «Көркем әдебиет стилистикасы» (1999) еңбегінде көркем шығарма тілін зерттеудің таза тілдік, стилистикалық, көркем-эстетикалық қырларын қарастыруды басты назарға алады [154, 127 б.].
Образ жасауда қолданылатын көркем сөздер мазмұны жағынан ерекше эстетикалық құрылымға ие. Бұл туралы М. Балақаев: «Әдетте көркем шығарманың тігісі жатық сөздер тіркестерінен құралған сөйлемдері терең мағынаның, образ жасаудың, көркем суреттің, эстетикалық әсер етудің де формасы болады. Қыбын тауып құрастырған ондай жеке сөйлемнің айтылу сазы, ырғақты әуені, оның жеке сөздердің өздеріне лайықты үні болады. Сөйлемнің мағынасын түсініп, оның көркемдік әсерін сезіну, не басқаға сездіру үшін, оны сазына келтіріп, өз әуенімен келістіріп оқи білу керек. Сонда ғана көркем сөздің басқаға етер әсері күшті болмақ»,-дейді [155, 67 б.]. Әрине, бұдан шығатын қорытынды, шығарманың өзегі оның мазмұн-мағынасында демекпіз.
Көркем шығармалардың эстетикалық табиғатын ұзақ жылдар бойы зерттеген ғалым М. Бахтин көркем тіл туралы былай дейді: «Слово в поэтическом произведении слагаются, с одной стороны, в целое предложения, периода, главы, акта и проч., с другой стороны, созидают целое наружности героя, его характера, положения, обстановки, поступка и т.п. и, наконец, целое эстетически оформленного и завершенного этического события жизни, перестовая при этом быть словами, предложениями, строкой, главой и проч.: процесс осуществления эстетического обьекта, то есть осуществления художественного задания в его существе, есть процесс последовательного превращения лингвистически и композиционно понятого словесного целого в архитектоническое целое эстетически завершенного события, причем, конечно, все словесные связи и взаимоотношения лингвистического и композиционого порядка превращаются во внесловесные архитектонические событийные связи [103, 50 б.].
Г.О. Винокур болса, көркем шығарманың эстетикалық табиғатын өнермен байланыстырады: «Культура языка – это изобретение. Изобретение это высшая ступень культуры языка, о которой в массовом масштабе, мы можем пока только мечтать. Изобретение предполагает высокую технику, широчайщее усвоение элементов и конструкции языка, массовое проникновение в языковую систему, свободное маневрирование составляющими языковой механизм рычагами и пружинами [134, 17 б.].
Ал ғалымдар К.К. Ахмедьяров пен Н.М. Томанова еңбектерінде cөз өнеріндегі көркем шығарманың эстетикалық тұтастығының ерекше семантикалық белгісін былай сипаттайды: «1) коммуникативно-когнитивная реальность, несмотря на эстетическую организованность, на оформленность в виде произведения искусства; 2) динамическая структура, в которой смысл не дается, а вырабатывается; 3) автореферентная и сложноорганизованная система, основная функция которой порождение индивидуальной картины мира» [15, 42 б.]. Демек, сөз өнеріндегі эстетикалық тұтастықты мәтіннің инвариантты сапасы, көркем шығарманың ерекше құрылымдық фазалары құрайды.
Драмаға композициялық форма (диалог, монолог, эпилог, т.б. белсенді сөйленістер) қатысады. Лирикалық сюжеттің дамуына қатысатын лингвостилистикалық құралдар нақты семантикалық сөзжасам құрайды.
Мысалы: Сырым (құшағын жайып қарсы келе жатып). Қара түндей қасірет ортасында жалғыз шырақ-жарығым, маңдайдағы жұлдызым! Торға түскен ақ тотым... келші, күнім! (Екеуі құшақтасады. Салдар күле қарасып, қосыла домбыра тартып қалады) («Қарагөз», 104 б.).
Мысалдағы Сырымның Қарагөзге қарата айтқан «жалғыз шырақ-жарығым, жұлдызым, ақ тотым» сөздерін образды-сезімдік эстетикалық қатар құрайтын экспликаторлы парадигмаларға жатқызуға болады. Сондай-ақ, пьесадағы мына мысалға да назар аударайық:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет