Күнікей. - Тірі жүрсең, ел қарғасын, Қодар! Жер басып жүрсең, жер қарғасын, Қодар! Су сұрай барсаң, көл қарғасын! Өле қалсаң, көр қарғасын! Қарғыстан басқа сөз қалмасын саған (58 б.) Мұндағы «қарғыс» концептісі ұғымдық, ұлттық менталдылыққа үйлесіп тұр.
Сондай-ақ, әр халықтың мәдениетіндегі түр-түске қатысты ұғымдар да біркелкі емес. Көптеген еңбектерде түр-түске қатысты ұғымдар жан-жақты талданып жүр. Соның ішінде «сары, ақ, қара, көк» түстерге қатысты қазақ халқының наным-танымынан туындаған ұғымдар көп кездеседі. Дәл осы түр-түске қатысты А. Вежбицкая былай дейді: «... что цветовые концепты связаны с определенными «универсальными элементами человеческого опыта» и что эти универсальные элементы можно грубо определить как день иночь, солнце, огонь, растительность, небо и земля. Наши цветовые ощущения возникает в мозгу, а не в окружающем нас мире, и их природа, повидимому, в существенной степени определяется человеческой биологией (которая роднит нас в известных пределах с другими приматами). Для того, чтобы уметь говорить об этом восприятии, мы проектируем его на нечто общее в нашем ближайшем окружении» [174, 283 б.]. Яғни, бұдан түрлі халықтардың мәдениетіндегі түр-түстерге қатысты қабылдаудың концептуалдануы өзгеше екендігін байқаймыз.
Бұл туралы жалпы тіл білімінде креолды мәтіндер деп әртекті екі бөліктен: вербалды және бейвербалды құралдардан тұратын мәтіндер анықталып, олардың өзіндік коммуникативтік сипаты қарастырылып жүр дейді
Қ.Ө. Есенова. Ғалым осыған байланысты креолды мәтіндердің маңызды элементтерінің бірі ретінде жоғарыдағы түске қатысты ұғымдарды арнайы сөз етеді. Олардың «аттрактивтік, мәнайырғыштық, экспрессивтік, символдық, эстетикалық» қызметтердің бірін атқаратындығын көрсетеді [178, 44 б.].
Демек, концепт – рухани құндылықтарға, этномәдени құрылымдарға бағытталған білік-танымның бірліктері. Ұлттық мәдени концептілер суреткер тілі арқылы дүниенің психо-ментальді танымдық ерекшелігін көрсетеді. Яғни, адамзаттық когниция тұрғысынан суреткердің ментальді репрезентациясын айқындайды.
Сонымен, тіл, мәдениет және этнос адамның физикалық, рухани, әлеуметтік жағдайынан тыс туатын дүние. Тілдік тұлға және концепт – лингвомәдениеттанудың базалық категориялары болып табылады.