А. О. Тымболова драмалық шығармалардың лингвистикалық поэтикасы Алматы, 2013 А. О. Тымболова драмалық шығармаларды лингвистикалық поэтикасы


Еңлік. Кең дүние... Тар ғана бір жол тарттым, қызғаныш етпе, кең дүние. Мұңдасым да сырласым ең, туған жер («Еңлік – Кебек») (28 б.). Баян



бет85/95
Дата06.10.2023
өлшемі1,66 Mb.
#113256
түріМонография
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   95
Байланысты:
Лингвистикалық поэтика. Монография

Еңлік. Кең дүние... Тар ғана бір жол тарттым, қызғаныш етпе, кең дүние. Мұңдасым да сырласым ең, туған жер («Еңлік – Кебек») (28 б.).
Баян. Қош бол, алтын бесігім - өскен ел, туған жер! Қош бол, жарық дүние! ( «Қозы Көрпеш – Баян сұлу») (61 б.)
Эмоционалдық концептілерге жататын тұлғалар адамның сезім сигналдарын дөп басады. Мәселен,
Асан. Күні бітіп, құмарлығы асқан сайын сүлдер құрымас па!? Бұл екеуінікі әншейін емес, шын асықтық қой. Баяғының асықтары дейтін осылар екен ғой. (133 б.) Бұл жердегі асықтық сөзі махаббат сөзінің поэтикалық баламасы ретінде қолданылып тұр.
Драмалық шығармаларда жиі кездесетін контраст концептілер өмір шындығын қарама-қарсы ұғымда суреттеп беру үшін қолданылады. Контраст концептілерге жататын өмір-өлім сырының да тамыры тереңде:
Сырым. Кімде-кім өлімнен қорықпаса, тірліктегі басқаның бәрінен қорықпайды! Мен болсам, осы өмір бітсеші деп, өлімді өзім шақырып жүргем жоқ па? (142 б.)
Сондай-ақ драмалық шығармалар тілінде метафизикалық концептілердің жиі ұшырасуы да заңды. Мысалы:
Кебек. Сенің жүдеген жүзің, шытынған қабағың менің үзілмес уайымым боп барады. Оның басындағы уайымның қаншалық көп екенін білмейсің бе? (130 б.)
Бұл мысалдар кейіпкерлердің басынан кешірген нақтылы ситуацияларды білдіреді. Яғни, метафизикалық концептілер рухани құндылықтардың «көзге көрінбейтін әлемін» танытып, менталдық болмыстың жоғары дәрежедегі абстрактылылығын көрсетеді.
Барлық көркем шығармалар мен поэзияларға арқау болатын «өмір» концептісі де Ғ. Мүсірепов пьесаларында жиі ұшырасады. «Өмір» концептісінің философиялық, физиологиялық, концептілік, когнитивтік мән-мазмұны суреткер тіліндегі мол мысалдардан айқын көрінеді. Мәселен: Дулат. Жас өмір сылдыр-күлдір әлі-ақ өтер,
Қызығың бірі қалмай, бәрі кетер. (108 б.)
Ал «қарғыс» концептісінің тілдік бейнесінің сипатына келетін болсақ, ұлттық стеротиптік таным ретінде қалыптасқан. Мысалы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет