А. О. Тымболова драмалық шығармалардың лингвистикалық поэтикасы Алматы, 2013 А. О. Тымболова драмалық шығармаларды лингвистикалық поэтикасы


Драмалық шығармалардағы ақ өлеңнің тілдік сипаты



бет9/95
Дата06.10.2023
өлшемі1,66 Mb.
#113256
түріМонография
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   95
Байланысты:
Лингвистикалық поэтика. Монография

1.6 Драмалық шығармалардағы ақ өлеңнің тілдік сипаты

Қазақ поэзиясында халықпен бірге жасасып келе жатқан қара өлең ұғымы бар. Сондай-ақ, қазақ поэзиясында ұйқас, ырғақ, бунақ, шумақ, тармақ деген поэтикалық ұғымдар бар. Ал ақ өлеңге (верлибр, белый стих) келгенде, оны әлем әдебиеттерінен келген кірме ұғым деген пікірлер болған. Ғалым


Р. Нұрғалиев ақ өлеңді «қазақ поэзиясына ақ өлең сырттан келген кірме емес, өз топырағында бар, ежелден келе жатқан асыл қазына» деп есептейді.
Бұны қырғыздар строфа десе, татарлар рифма деп атайды. Қазақта ақ жауын деген тіркес бар. Бір-ақ сәтте жер-дүниені көл қылып, ел-сел жауатын жаңбырды ақ жауын дейді. Ақ өлең сөзінің төркіні де ағызу, төпеу, сөзге ағып тұру, сөзді түйдек-түйдегімен төгу деген ұғымды білдіреді.
Ақ өлең – ұйқассыз өлең үлгісі. Сыртқы пішіні ұйқассыз көрінгенмен, мұнда да ұйқас бар, ол шумақтың немесе тармақтың кез келген тұсында тұра береді. Яғни, ақ өлең – белгілі бір ұйқассыз өлең жолдары болғанмен, поэтикалық тілге тән көріктеу амалдары міндетті қатысатын, тақпақтап айтуға икемді, эмоциялық әсері орасан, ырғақтық топ құрайтын мәтін. Ақ өлеңде фразаның сыртқы сұлулығы, шешен естілуі көбірек байқалады.
Ақ өлеңнің драматургия жанрында жиі қолданылатындығы туралы пікірлер баршылық. Ондағы ақ өлең табиғатына ерекше үңілген ғалым
Р. Нұрғалиев былай дейді: «Бұл ретте екі ақынды Мұхтар ақынды, Ғабит ақынды бөліп, даралап, оқшау атау керек. Олардың шығармашылығынан өлеңнің сан-алуан үлгілерін табамыз» [45, 182 б.]. Сондай-ақ, «М. Әуезов біздің заманымыздың аса ұлы ақындарының бірі» (Л. Арагон) десе, З. Қабдолов «...алдымен М. Әуезовтің өзі анық ақын, тұтанбай, ұшқындамай, лапылдамай, өртенбей жаза алмайтын нәзік діріл, сыршыл ақын» деп бағалағанын білеміз.
Ал академик Р. Сыздық Ғ. Мүсіреповтің пьесаларының тілін талдай келе: «...бас кейіпкерлер Баян мен Қозының бейнесін танытуда жазушы сөз саптаудың өзгеше түрін пайдаланады: олардың диалогтері мен монологтері ақ өлең сияқты поэтикалық стильмен ұсынылған: поэзия – жан сыры, ғашықтық сияқты жан сұлулығының талабы. Демек, драматургтің бұл стильдік амалы – суреткер шеберлігінің даусыз көрінісі»,-деп ондағы ақ өлең стиліне ерекше тоқталып өтеді [46, 5 б.]. Мұндағы драматургтің қолданған стильдік амалы суреткер шеберлігін айғақтайды.
Ақ өлеңде поэтикалық тілге тән көріктеу бірліктері: бейнелі фразеологизмдер, эпитеттер мен метафоралар, экспрессойд сөздер, тосын теңеулер т.б. міндетті қатысады.
«Ақ өлең мазмұн межесінен (в плане содержания) алғанда поэзия, ал тұрпат межесінен (в плане выражения) прозаға жататындай көрінгенмен, тақпақтап айтуға икемделген, тыңдарманға әсер ететін эмоциялы, белгілі бір ырғақтық топ құрай жасалған мәтін»,-деген анықтама береді [46, 4 б.].
М. Әуезов тілінің айрықшаланатын бір тұсы – сөздердің сан түрлі мағыналық бояу гаммасына ие болатындығында. Мысалы:
Асан. Теңселе басқан тең жігіт,
Бейілі мырза кең жігіт;
Уа, бірің жаға болғанда,
Бірің – берен жең жігіт!
Күйеумін деп сызылған
Жеңгелерге жем жігіт.
Неге мұнша налыдың,
Қайыспас деген ер жігіт? (101) («Қарагөз»)
Суреткер осындағы тең, кең, жең, жем сөздеріне семантикалық мағына беріп, ерекше көркем образ жасап, керемет мазмұн үйлестірген. Осындағы сын есім сөздердің мағынасы келесі жолдарда ашыла түсіп, өлең ішіндегі тұтас образдың «микрообраздардың» жасалуына негіз болып тұр. Өлеңдегі тең жігіт, кең жігіт, жең жігіт, жем жігіт, ер жігіт деген тіркестер кіші сатылардағы «микрообраздардың» қызметін атқарып, нар жігіт деген үлкен «макрообраз» жасауға әкеледі. Бұл ретте лексикалық бірліктердің өзара байланыса келіп, тұтас түйін жасауға қызмет ететінін көруге болады.
Қазақ сөз өнеріндегі шешендік тақпақтаудың ұйқасқа емес, ырғаққа негізделген үлгілері М. Әуезовтің де, Ғ. Мүсіреповтің де драмаларында кездеседі. Яғни, бұрынғы поэзия дәстүріне терең бойлаған қос суреткердің пьесаларында ақ өлең өлшемі еркін қолданылады. Мысалы, пьесадағы мәтінді өлең жолдарына түсіріп талдайық:
Қозы. Кешіре гөр, Баянжан!..
Бар деп дүниеге,
жоқпын деп кедейлікке қарап,
кешігіпсің деме, Баяным!
Айтылған сөзден айыр шықпас деп,
ұзақ түндерді өткізе алмай,
дүние кезіп кетіп ем...
Шынар ағаш, мөлдір бұлақ, жарық жұлдыз, сұлу тау көрсем – бәріне сенің атыңды қойып жүр едім...
Не ел, не жел бермеді сенің хабарыңды...
Бәрі жасырған екен жамандықты!..
Қуынан айрылған көл көрдім,
сәнінен айрылған ел көрдім...
Жапырағы жұлынған шынар көрдім...
Ән сылбыр, үн былжыр, дала меңіреу жаны жоқ,
қыз-жігіттің сәні жоқ екен...
Баянның жәйін сонда ғана түсіндім... (47 б.) (М.Ә.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет