А. Р. Рустенов, Н. Ж. Елеугалиева генетика практикумы



Pdf көрінісі
бет13/159
Дата23.10.2022
өлшемі4,96 Mb.
#45023
түріПрактикум
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   159
Мейозды бақылау. Әр ағзалардың генотипінде көптеген гендер мейоздың 
барысын бақылайды. Бақылаулардың бар екендігі мутантты формалар 
шыққанда байқалады. Ондай мутанттар жүгеріде, бұршақта, арпада және 
басқаларда байқалып, оларды мей-мутанттар деп айтады (кесте 1). 
Кесте 1. Мейоз кезіндегі жүгері мутанттарың шығу мүмкіндіктері 
mei-геннің
цитогенетикалық әсері 
Ген 
Мей-мутанттар 
Мейоздық бөлінудің митоздыққа ауысуы 
am 
5S 
Мейоздық 1-бөлінудің митозға ауысуы 
afd 
6L 
Хромосомалардың жабысуы 
st 
4S 
Хромосомалар десинапсисі 
dy 

Хромосомалардың аномальды сегрециясы 
dy 
5S 
Мейоздың ІІ-ші бөлінуіндегі қателіктер 
el 
8L 
Цитокинездің бұзылуы 
va 
7L 
Тұқым тозаңдарының құрылуындағы көптілік 
митоз процесі 
po 
6S 
Сонымен, митоз бен мейозда жасушаның ядросы мен оның құрамындағы 
хромосомалар маңызды құрылым, олар тұқым қуудың материалдық негізі 
болып саналады. 
Жыныс жасушаларының мейоздық бөлінуінің генетикалық маңыздылығын 
былай қарастыруға болады:
- біріншіден, редукциялық бөліну нәтижесінде эукариоттардың жыныс 
жасушалары хромосоманың гаплоидты (n) санын алады. Аналық және аталық 
гаметалардың қосылуының нәтижесінде зигота пайда болады, сол кезде түрге 
тән диплоидты (2n) хромосома сандары түзіледі.
- екіншіден, аналық жасушасында тозаңдар немесе микроспорлар 
ұрықтанудың арқасында аналық және аталық хромосомалары болады. 
- үшіншіден, мейоз кезіндегі кроссинговер процесі гаметалалардағы 
гендердің алмасуы жаңа ағзаның сыртқы ортаға бейімделуін арттырады.
Тест тапсырмаларын орындау 
1. Жасушада бөлінуге дайындық кезеңі? 


27 
А) Профаза В) Метафаза С) Интерфаза 
2. Хромосомалардың тұрқы қысқарады, ядрошық жойылады? 
А) Телофаза В) Анафаза С) Профаза 
3. Хромосомалар ахроматин жіпшелеріне жабысады? 
А) Телофаза В) Митофаза С) Анафаза 
4. Хромосомалар жасушаның екі жақ полюсіне жылжиды? 
А) Анафаза В) Митофаза С) Интерфаза 
5. Хромосомалардың толық жиынтығы 
А) Диплоидты ВГаплоидты С) Триплоидты 
6. Хромосомалардың жартылай жиынтығы? 
А) Диплоидты В) Гаплоидты С) Триплоидты 
7. Жіңішке жіпшелер сатысы 
А) Лептотена В) Зиготена С) Диплотена 
8. Қосарланған жіпшелер сатысы
А) Лептотена В) Зиготена С) Диплотена 
9. Жіпшелердің бір-бірінен алыстау сатысы 
А) Лептотена В) Зиготена С) Диплотена 
10. Х тәрізді фигуралар? 
А) хиазма В) айқасу С) кроссинговер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет