А. Рыскиева 1, Ә. Құранбек



Pdf көрінісі
бет3/12
Дата02.04.2023
өлшемі337,43 Kb.
#78481
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Ключевые слова: тенгрианство, шаманизм, архетип, ислам, традиции.
Кіріспе
Қазіргі таңдағы түркі тілдес халықтар, оның 
ішінде қазақтар арасындағы тәңіршілдік се-
німі туралы теориялық пайымдаулар мен тә ңір 
іліміне деген сенімдік тәжірибе елімізде қо-
ғамдық санада аталған мәселеге деген әр түрлі 
пікірлер тоғысын дискурс алаңына шығарып 
отыр. Тәуелсіздік рухы біз үшін тек ұлттық 
кодтты қайта жаңыртуға саналы, парасатты
ра ционал тұрғыдан келген жоқ, ол түпкі сана, 
бей сана, архетиптік құрылымдар арқылы да та-
сымал данды, демек, ұлттық болмысымыздың 
тылсым, ұмыт болып бара жатқан келбетін ирра-
ционалдылық (жағымды мәнде) пен түйсіну (тү-
сіну емес), образды түрде айтсақ, «көңіл көзімен» 
көре білу үрдісімен жалғасын тапты. Бұл бета-
лыс ретінде бүгінгі күнге дейін интенцияланған. 
Бұл таным мен пайымдау бағдары қоғамдық 
өмірдің барлық саласындағы дүниетанымға 
қатысты, тіпті, қарапайым тұрмыс кешу салт-
тарына қатысты болып отыр. Ал тәңіршілдік 
тым көне архетип, шындығына келсек, ол тіптен 
күңгірттеу, солғындау болса да ерікті-еріксіз 
түрде хабар беретін ақпараттанған рухани ко-
дымыз деп айтуымызға болады. Соңғы жылда-
ры тәңіршілдікті дінтанулық, философиялық
әлеуметтанулық тұрғыдан зерттеулер қолға 
алынып, кейбір ресми емес институттар мен көп-
шілік сана оның негізгі қағидаттарын тәжірибе 
жүзінде жүзеге асырып келеді.
Осыған орай, қазіргі таңда қоғамдық сана-
да әрқилы көзқарастар жүйесі қалыптасып ке-
леді, олар әртарапты және сан қилы. Бірақ ең 
басты екі диспозиция бар екені жасырын емес, 
біріншісі, ислам дінін қуаттаушылардың оған 
қарсы болуы, екіншісі, тәңіршілдікті ата ді-
німіз деп қабылдайтындар. Ендеше, қазіргі қа-
зақстандық қоғамдық санадағы тәңіршілдік ту-
ралы діни-психологиялық климат пен жалпы 
беталыс бағдарларын зерделеу өзекті мәселе лер-
дің бірінен саналатындығы күмәнсіз. Бірақ бұл 
тұста, айта кететін жайт, бұл мақалада біз тәңір-
шілдік сенімінің жалпы болмысы мен мазмұны: 
шығу тегі, аңыздары, генезисі мен эволюциясы, 
негізгі көздері мен ұстанымдары, тарихи жағ-
дайлардағы түрленуі секілді мәселелерді қа-
растырмаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет