А. С. Динмухамедова



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата20.01.2017
өлшемі0,97 Mb.
#2296
  1   2   3   4   5   6   7   8

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі 

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

А.С. ДИНМУХАМЕДОВА 

 

 

 

 

НЕЙРОПСИХОЛОГИЯНЫҢ НЕГІЗДЕРІ 

(Оқу құралы) 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Павлодар 

2012 

 


 

УДК 152.5(075) 



ББК 88.48я73 

Д 42 


 

 

 



 

 

 

Рецензенттер: 

Қ.С.  Тебенова  –  медицина  ғылымдарының  докторы,  доцент,  Е.А.  Бөкетов  атындағы 

КарМУ-ң әлеуметтік бейімдеу және педагогикалық түзету кафедрасының меңгерушісі 

М.Қ.  Жақыпов  –  медицина  ғылымдарының  кандидаты,  профессор,  Павлодар 

мемлекеттік педагогикалық институты  

 

 



Д 42 Динмухамедова А.С. 

Нейропсихологияның негіздері./ Оқу құралы. – Павлодар: ПМПИ, 2012. – 69 бет. 

 

 

 



ISBN 978-601-267-197-1 

 

 

Оқу  құралында  жоғарғы  психикалық  функциялардың  жүйке  механизмдері,  негізгі 

нейропсихологиялық симптомдары мен синдромдары нақты сипатталған. Ми сыңарларының 

функциялық  асимметриясы  және  адамның  психикалық  әрекетіне  көңіл  бөлінген.  Орталық 

жүйке жүйесінде сенсорлық ақпараттардың өңделуі, сенсорлы және гностикалық бұзылулар 

және тағы басқа да қажетті жаңа теориялық мәлімдер келтірілген.  

Жоғарғы  оқу  орындарырың  дефектология,  биология,  психология  мамандықтарының 

студенттеріне, магистранттарына, оқытушыларына арналған.  

 

 

 

ISBN 978-601-267-197-1 

 

 

 

УДК 152.5(075) 

ББК 88.48я73 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

© Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, 2012 

© А.С. Динмухамедова, 2012 


 



КІРІСПЕ 



 

Оқу құралы медицина және психология төңірегінде дамыған жаңа ғылым 

саласы – нейропсихологияға арналған. 

Оқу  құралы  4  тараудан  тұрады.  Бірінші  тарауда  нейропсихология 

ғылымының  практикалық  маңыздылығы,  ми  жұмысының  құрылымдық-

қызметтік 

қағидалары, 

жоғарғы 


психикалық 

қызметтердің 

мидағы 

механизмдері  жөнінде  мәселелер  ғылыми  тұрғыда  терең,  әрі  жүйелі  түрде 



баяндалды. 

Оқу  құралының  екінші  тарауында  мидың  жартылай  шар  асимметриясы 

және  ми  сыңарлары  арасындағы  әрекеттер  жөнінде  мәселелерді  жан-жақты 

қарастырып,  психикалық  процестердің  жартылай  шар  асимметриясының 

ұйымдастырылуы екі факторға – ми сыңарларының функциялық асимметриясы 

және адамның психикалық әрекеті арасындағы өзара байланысына негізделгені 

тураллы көрсетілген. 

Маңызды мәселелер өқу құралының үшінші тарауында көрсетілді. Мұнда 

нейропсихологиялық симптомдар мен синдромдар жөнінде айтылып өтті. Көру, 

есту, кинестетикалық және басқа да ауытқуларға толық сипаттама берілді. 

Төртінші  тарауда  нейропсихологияны  практикалық  тұрғыда  қолдану 

мүмкіндіктері, жоғары психикалық қызметтерінің (ЖПҚ) қайта қалпына келтіру 

қиындықтары, жазу, оқу және санау функцияларының бұзылуы және қалыпына 

келуі көрсетілген. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


 



I-БӨЛІМ 



 

1. Жоғары дәрежелі психикалық қызметтердің ми механизмдері 

1.1 Жоғары дәрежелі психикалық қызметтердің локализация мәселесі 

 

Психика  мен  ми  қатынасының  мәселесі  жаратылыстанудың  маңызды 

мәселелерінің  біріне  жатады.  Ұзақ  уақыт  бойы  ми  ерекше  «қара  жәшік»  деп 

есептелінді,  ал  көпшілік  адамдардың  санасында  жан  мен  тән  арасында 

ұстанымды  айырмашылық  жоқ  болып  саналды.  Бірақ  кейін  миды  психиканың 

күрделі құрылымды материалдық субстрат ретінде қарастыра бастады. 

Психикалық  үдерістерді  мидың  белгілі  бір  бөліктерінің  қызметі  ретінде 

қарастырудың  алғашқы  қадамы  орта  ғасырда  ұсыныла  бастаған.  Ол  кезде 

философтар мен натуралистер үш ми қарыншасына қиял, ойлау және ес сияқты 

қызметтерді  орналастыру  мүмкін  деп  ойлады.  Бірақ  ми  мен  психикалық 

қызметтер  арасындағы  өзара  байланыс  мәселесін  нақты  зерттеу  XIX  ғасырда 

басталды  және  қазіргі  уақытта  «психикалық  қызметтердің  мимен  байланысы 

қандай» деген басты сауалға әртүрлі жауап беретін ғылымда қалыптасқан төрт 

негізгі  көзқарасты  ерекше  атап  айтуға  болады.  Бұл  тар  шеңберлі 

локализационизм 

(немесе 


психоморфологиялық 

тұжырымдама), 

антилокализационизм (немесе эквипотенциалдық тұжырымдама), эклектикалық 

тұжырымдама және жоғары дәрежелі психикалық қызметтердің (ЖПҚ) жүйелі 

динамикалық локализация теориясы. 

Тар  шеңберлі  локализационизмнің  пайда  болуы  атақты  австриялық 

анатом  Фрэнсис  Галль  (1758-1828)  есімімен  байланысты.  Жекелеген 

аурулардың  мидың  белгілі  бір  бөлігімен  байланысты  екенін  байқап,  ол 

«адамның  күрделі  қабілеттері  мидың  жеке,  қатаң  шектелген  бөліктерімен 

байланысты, ол ұлғая келе бас сүйекте адам қабілетіндегі жеке ерекшеліктерді 

анықтауға  мүмкіндік  беретін  тиісті  төмпешіктер  пайда  болады»  деп  болжады. 

Ф.Галль  адамның  психикалық  жүйе  ерекшеліктері  мен  оның  бас  сүйегінің 

пішіні арасында белгілі бір байланыс бар деп есептеген. Бұл тәуелділікті ол ми 

қыртысының  әр  түрлі  аймақтарының  өсу  қарқындылығындағы  өзгешелікпен 

түсіндірді. 

Ф.Галльдің  әріптесі  Шпурцхейм  бұл  идеяларды  «френология»  деген 

атпен  таратып,  оларды  кеңінен  танытуға  қол  жеткізді.  XIX  ғасырдың  бірінші 

ширегінде  френология  жүз  жыл  өткеннен  кейінгі  психоталдаудан  кем  емес 

деңгейде  танылды.  А.С.Пушкин  де  бұл  идеяларға  қызығушылық  таныта 

отырып,  өзінің  таныс  әйел  адамдарының  «сүйкімді  қылықтарын»  Галль 

бойынша талдады. Ол 1825 жылы Анна Кернге жазған хатында күйеуін тастап, 

өзіне келуін ұсынды, себебі А.Керннің  «ұшу  органы» қатты дамыған болатын. 

Бұл  ұшу  органы,  саяхатқа  деген  махаббат  Галль  шығармаларында  13  деген 

номірмен  танылып,  мұрын  ұшынан  маңдай  ортасына  дейінгі  аралықта 

орналасқан екі төмпешікпен сипатталды. Мұндай төмпешіктері айқын адамдар 

саяхаттауға немесе «ұшуға» бейім сияқты көрінген. 

Негізінде бұл нақты қызметті мидың қатаң шектелген бөлігіне байлаудың 

алғашқы  мүмкіндігі  болды,  бірақ  өкінішке  орай,  теория  салмақты  зерттеуге 



 

сүйенбеді  және  дәлелді  сынға  ұшырады.  Одан  басқа  Галль  ақыл-ой 



қабілеттілігін бағалаудың тиісті әдістеріне көңіл аудармады және оның көптеген 

қорытындысы  «достық»  немесе  «тұйықтық»  сияқты  қандай  да  бір  белгілі 

ерекшеліктерді  тасымалдаушы  ретінде  қарастыратын  жекелеген  адамдардың 

бас  сүйегін  өлшеуге  негізделді.  Ф.Галль  әзірлеген  френологиялық  карталар 

(1818)  өте  тез  ұмыт  болды.  Және  де  ұзақ  уақыт  бойы  мидың  жеке  қызметі 

мидың нақты бөлігімен байланысты деген идея қате болып есептелінді.  

Бірақ  миды  зерттеудегі  түпкілікті  өзгеріс  1861  жылы  басталды,  ол  кезде 

француз анатомы Поль Брока моторлы сөйлеудің өрескел бұзылысы бар ауруды 

(аурудың ерін, тіл және көмейдің толық сақталуы кезінде бір де бір сөзді айта 

алмауы)  сипаттаған  болатын.  Ауру  қайтыс  болғаннан  кейін  жасалған  тексеріс 

нәтижесінде  Брока  бұл  кемістік  сол  жақ  жарты  шардың  төменгі  маңдай 

иірімінің артқы үштен бір бөлігіндегі ісік әсерінен туындаған деп жорамалдады. 

Сөйтіп  алғаш  рет  клиникалық  түрде  психикалық  қызметтің  мидың  белгілі  бір 

бөлігімен  байланысты  екендігі  дәлелденді.  Жылдар  өте  келе  ғылым  тарихына 

осы  кезеңде  ашылған  жаңалықтарға  байланысты  «жарқыраған  70  жылдық» 

деген атау енді. 1873 жылы неміс психиатры Карл Вернике мидың басқа бөлігі 

(сол  жақ  жарты  шардың  жоғарғы  самай  иірімінің  артқы  үштен  бір  бөлігі) 

зақымдалған  кезде  естілген  сөзді  түсіну  бұзылысын  тудыратын  жағдайды 

сипаттады.  Сол  жылдары  «түсіну  орталығы»,  «жазу  орталығы»,  «кеңістікте 

бағдарлау  орталығы»  табылған  болатын.  Тар  шеңберлі  локализационизм  ми 

туралы  ғылымның  біршама  белгілі  бағыты  болды.  Психикалық  қызметтердің 

тар  шеңберлі  локализациясының  ең  бір  маңызды  мүмкіндіктерінің  бірін  1934 

жылы  неміс  психиатры  К.Клейст  қолданған  болатын.  Бірінші  дүниежүзілік 

соғыс  кезіндегі  бас  сүйектік-ми  бұзылысының  материалдары  негізінде  ол 

психикалық қызметтердің локализация картасын жасады.  

Е.Д.Хомская тар шеңберлі локализационизмнің негізгі жағдайларын атап 

көрсетеді: 

 



ми қызметі мидың белгілі бір бөлігімен байланысатын психикалық 

қабілет ретінде қарастырылды; 

 

ми  өз  кезегінде,  әрқайсысы  бүтіндей  белгілі  бір  қызметті 



басқаратын әртүрлі «орталықтардың» жиынтығы болып саналды; 

 



локализация  арқылы  психикалықты  морфологиялықпен  тікелей 

байланыстыру түсіндірілді. 

Бірақ,  өкінішке  орай  осы  көзқарастың  өкілдері  біршама  белгілі 

клиникалық  фактілерді,  яғни  неліктен  мидың  жеке  бөліктерінің  зақымдалуы 

кезінде  бір  уақытта  бірнеше  психикалық  қызметтер  бұзылатынын  және 

неліктен  әртүрлі  бөліктерінің  зақымдалуы  кезінде  сол  белгілі  бір  қызметтің 

бұзылатынын түсіндіре алмады. 

Локализационизмге  қарсы  антилокализационизм  (эквипотенциалдық 

тұжырымдама) пайда болды. Бұл бағыттың біршама жарқын өкілдері Вюрцбург 

мектебінің  физиологтары  М.Флуранц,  К.Гольдштейн,  Гольц,  К.Лешли  және 

психологтары  болды.  Мишель  Флуранц  «ми  жеке  бөліктерге  бөлінбейді,  ми 

қыртысы  біркелкі  және  бір-бірінен  кем  түспейді,  кез  келген  без  сияқты, 

мысалы,  бауыр»  деп  пайымдады.  Және  де  бауыр  өтті  өндірген  сияқты  ми  да 


 

психиканы  өндіреді.  Флуранцттың  алған  нәтижелері  френологтардың 



тәжірибесіне  қарама-қайшы  келді.  Ол  ми  қыртысының  жартылай  бұзылуы 

мінез-құлыққа әсер етпейтінін және қабылдау, ерікті қозғалысты реттеу сияқты 

жоғары  дәрежелі  психикалық  үдерістерді  бұзу  үшін  бүкіл  артқы  миды  алып 

астау керектігін анықтады. М.Флуранцтың ғылыми еңбегін ағылшын неврологы 

К.Лешли жалғастырды, ол өзінің егеуқұйрықтарға жасаған атақты эксперименті 

арқылы  психикалық  қызметтің  бұзылу  деңгейі  зақымданған  ошақтың 

локализациясына  емес,  зақымданған  мидың  көлеміне  байланысты  екенін 

дәлелдеді.  Басқа  сөзбен  айтқанда,  қызметтің  зақымдануы  зақымданған  жерге 

емес  («эквипотенциалдық  заң»),  зақымданудың  пропорционалдық  көлеміне 

тәуелді болып келеді («көлемнің әсері заңы»). 

Е.Д.  Хомскаяның  жұмысына  сүйене  отырып,  антилокализационистердің 

негізгі әдіснамалық жағдайларын белгілеуге болады: 

-  психикалық  қызмет  бұл  компоненттерге  ажырамайтын  психикалық 

қабілеттілік; 

-  қызметтің  локализациясы  психикалық  пен  морфологиялықтың  тікелей 

арақатынасы болып саналады;  

-  ми  –  бұл  өзінің  барлық  бөлімдерінің  психикалық  қызметтері  үшін 

біртұтас, бір-бірінен кем түспейді және маңызы бірдей. 

- психикалық қызмет мидың барлық бөлігімен біркелкі байланысады. 

ХІХ  ғ.  70-80  жылдарында  «ми  орталықтарының»  ашылуы  қарапайым, 

дифференциалданбаған жүйке ретіндегі ми туралы түсінік заңдылығына күмән 

тудырды.  Тар  шеңберлі  локализационистер  және  олардың  қарсыластарына 

оппонент  болған  ағылшын  неврологы  Дж.Хьюлингс  Джексон  мидың  күрделі 

психикалық  үдерістерінің  ұйымдастарылуы  олардың  құрылу  деңгейі 

ұстанымына  үйлесуі  керек  деп  жорамалдаған  және  жүйкелік  орталықтардың 

құрылысына  иерархиялық  көзқарас  ұсынған.  Бұл  пікірлерді  кейінірек  (ХХ  ғ.  І 

жартысында) фон Монаков (1914), Хэд (1926) және Гольдштейн (1927) одан әрі 

дамытты.  Олар  екі  көзқарасты  біріктіруге  тырысты,  бұл  эклектикалық 

тұжырымдаманың  пайда  болуына  негіз  болды,  соған  сәйкес  белгілі  бір 

учаскелердегі салыстырмалы қарапайым сенсорлы немесе моторлы қызметтерді 

жайылдырмауға  болады.  Алайда  жоғарғы  дәрежелі  психикалық  қызметтер 

мидың барлық бөліктерімен бірдей байланысты. Одан басқа, Г. Гельмгольц, Ч. 

Шерингтон,  Э.  Эдриан,  Дж.  Экллс  сияқты  ірі  физиологтар  ұстанған  ашық 

идеалистік  тұжырымдама  да  болған,  олар  ми  мен  психиканың  байланыс 

мүмкіндігін теріске шағарған болатын. 

Өкінішке  қарай,  қарастырылған  зерттеу  бағыттарының  бір  де  бірі 

адамның  психикалық  қызметінің  шын  мәніндегі  механизмін  анықтауға 

мүмкіндік  бермеді.  Бұл  міндеттерді  шешу  үшін  ми  мен  психикалық  қызметтің 

өзара байланысын зерттеудің әдіснамалық негізін қайта қарастыру керек болды. 

Нәтижесінде  А.Р.  Лурияның  психикалық  қызметтің  жүйелі  динамикалық 

локализация теориясы пайда болды. 

Осы 


тұжырымдама 

психикалық 

құбылыстарды 

физиологиялық 

қызметтердің  жүйелі  сапасы  ретінде  түсінуге  негізделген.  Оған  психикалық 

қызметтердің  динамикалық  ұйымдастырылу  принципі  негіз  болды,  оны 



 

И.П.Павлов  қалыптастырды  және  одан  әрі  А.Р.Лурия  және  Л.С.Выготский 



дамытты. И.П.Павлов үлкен ми сыңарларының қыртысында «анализаторлардың 

ядролық  аймағы»  мен  «шашыраңқы  периферияны»  анықтады  және  

А.А.  Ухтомскиймен  бірігіп,  ағзаның  жауап  әрекетін  тудыратын  анализатор 

жүйесіндегі  қозу  және  тежелу  үдерістерінің  күрделі  байланысы  сияқты 

динамикалық  локализация  қызметінің  принципін  қалыптастырды.  Сонымен 

бірге А.А. Ухтомский динамикалық жүйеге енетін әр түрлі элементтің уақытша 

жұмыс  көрсеткіштеріне  көп  назар  аударды.  Осы  пікірлер  Н.П.  Бехтерева  мен 

оның  әріптестерінің  жұмыстарында  дәлелденген.  Олардың  жүргізген 

зерттеулері  кез  келген  күрделі  психикалық  іс-әрекет  бір  жүйелі  бөлімді 

құрайтын  ми  аймақтарының  күрделі  констелляция  жұмысымен  қамтамасыз 

етілетінін  көрсетті.  Кейбір  осы  бөлімдер  «қатты»  болып  табылады,  яғни 

психикалық  қызметтердің  жүзеге  асуына  әрқашан  қатысып  отырады.  Ал 

кейбіреуі белгілі бір жағдайларда ғана жұмысқа қатысатын  «майысқақ» болып 

келеді.  Осы  жүйенің  «майысқақ»  бөлігі  қозғалмалы  динамикалық  аппарат 

құрап, соның арқасында қызметтің өзгергіштігіне қол жеткізеді.  

А.Р.  Лурия  және  Л.С.  Выготский  «функция»,  «локализация»  және 

«симптом» сияқты ұғымдарды қайта қарастырды. Нейропсихология үшін ортақ 

ұғым  Л.С.  Выготский  енгізген  «жоғары  дәрежелі  психикалық  қызмет»  болды, 

ал  кейін  оны  одан  әрі  толық  дамытқан  Л.Р.  Лурия  болды.  «Жоғары  дәрежелі 

психикалық  қызмет  (ЖПҚ)  психикалық  іс-әрекеттің  барлық  заңдылықтарына 

бағынатын,  тиісті  мақсаттармен  және  бағдарламалармен  реттелетін,  тиісті  уәж 

негізінде  жүзеге  асатын  саналы  психикалық  іс-әрекеттің  күрделі  формаларын 

түсіндіреді».  

Осы  көзқарастың  арқасында  психикалық  қызметті  жай  ғана  қабілеттілік 

немесе  ми  ұлпаларының  қызмет  атқаруы  деп  емес,  күрделі  психологиялық 

құрылысқа  ие  және  көптеген  психологиялық  компоненттерден  тұратын 

психологиялық  жүйе  ретінде  қарастырған.  Қызметтің  қызметтік  жүйе  сияқты 

түсінігі,  біріншіден,  оның  құрамына  енетін  бөлімнің  қозғалмалығына, 

екіншіден, қызметтік жүйенің күрделі құрамы әрдайым афферентті (жеткізуші) 

және 


эфферентті 

(жүзеге 


асырушы) 

компоненттер 

жиынтығынан 

тұратындығына негізделеді.  

Осы  көзқараспен  ЖПҚ  локализациясы  қызметтік  жүйенің  көп 

компонентті  құрамы  негізіндегі  жүйелі  үдеріс  болып  саналады.  ЖПҚ  күрделі 

қызметтік жүйе ретінде мидың күрделі психикалық үдерістерді іске асыруға өз 

үлесін қосатын әр аймақтарымен бірлесіп, күрделі жүйені қамтуы керек.  

ЖПҚ  локализациясы  туралы  жүйелі  көрініс  мынадай  өзгешеліктермен 

ерекшеленеді: 

-

 

ЖПҚ-ның өзіндік сипаты бар; 



-

 

ЖПҚ локализациясы тұрақсыз болады. 



Қайта  қарастырылған  «қызмет»,  «локализация»  ұғымдарына  сүйене 

отырып,  А.Р.Лурия  және  Л.С.Выготский  ЖПҚ-ның  жүйелі  динамикалық 

локализация  тұжырымдамасын  қалыптастырды.  Соған  сәйкес  адамның  кез 

келген психикалық іс-әрекеті мидың бірігіп жұмыс істейтін аппаратының тұтас 

кешенін  қамтамасыз  ететін  күрделі  қызметтік  жүйе  болып  табылады.  Бұл 


 

қызметтік жүйе онтогенезде қалыптасып, нақты мақсатына қарай динамикалық 



өзгеріске  ұшырауы  мүмкін.  Оларда  құрылудың  екі  жақты  –  тігінен  және 

көлденең  принципі  болады.  Сөйтіп  кез  келген  күрделі  дәрежедегі  психикалық 

қызмет  қыртысты,  қыртысасты  аймақтардың,  мидың  белсенді  жүйесінің 

тұтастай қатысуы арқылы жүзеге асады, демек, ми қыртысының қандай да бір 

бөлігінде  ғана  таралуы  мүмкін  емес.  Сол  бір  ғана  аппарат  әртүрлі  қызмет 

түрлерін қамтамасыз етуі үшін өзгеше құрылуы мүмкін.  

Е.Д.  Хомская  ми  ЖПҚ-ны  тұтастай  қамтитынын,  бірақ  бұл  тұтастық 

жоғары  дифференциацияланған  бөлімдерден,  жүйелерден  тұратынын  және 

олардың әрқайсысы қызметтің жүзеге асуына өз үлестерін қосатынын айрықша 

баса айтты. 

«Симптом»  ұғымын  қайта  қарастыру  А.Р.  Лурияға  нейропсихологияның 

негізгі әдісі – синдромдық талдау әдісін ойлап табуға мүмкіндік берді. Симптом 

арқылы қызметтің бұзылу белгілерін түсінді. Тар шеңберлі локализационистер 

мидың  белгілі  бір  бөлігінің  зақымдалуы  нәтижесінде  қызметтің  бұзылуы 

байқалса, бұл осы қызметтің мидың зақымдалған бөлігінде таралуының бірден 

бір  дәлелі  екенін  пайымдаған.  Егер  қызметті  мидың  әртүрлі  бөлімдері 

қатысатын  күрделі  қызметтік  жүйе  ретінде  қарастырса,  онда  олардың  кез 

келгенінің  зақымдалуы  тұтастай  қызметтің  бұзылуына  әкеліп  соғады.  Сол 

себептен,  «симптом»  оның  локализациясы  туралы  ешқандай  мәлімет  бере 

алмайды.  Сондықтан  А.Р.  Лурия  симптомдық  талдаудан  синдромдық  талдауға 

көшу  мүмкіндігін  айтты.  Синдром  (грекше  syndrome  –  жиналу,  ағым) 

симптомдар  жиынтығы  немесе  симптомокешен  дегенді  білдіреді.  Синдромдық 

талдау,  бір  жағынан  –  мидың  белгілі  бір  бөлігінде  ғана  болатын  зақымдалу 

ошағының  нәтижесінде  пайда  болатын  барлық  симптомдарды  салыстырса, 

екінші  жағынан  –таралуы  бойынша  әртүрлі  зақымдалу  ошағы  кезіндегі  осы 

қызметтік жүйенің бұзылуын мұқият талдайды. А.Р. Лурия синдромдық талдау 

жасау  кезінде  Тэйбердің  екі  жақты  диссоциация  принципіне  сүйенді,  соған 

сәйкес кез келген қыртысты зақымдалу ошағы қасындағыларын сақтай отырып, 

тек бір ғана психикалық үдерістер ағымын бұзады.  

Мидың  локальды  зақымдалуы  кезінде  туындайтын  синдром  мен  екі 

жақты  диссоциацияны  мұқият  нейропсихологиялық  талдау  психикалық 

үдерістердің құрылымдық талдауын жасауға мүмкіндік береді.  

Қорытындылай  келе,  жоғары  дәрежелі  психикалық  қызметтің  жүйелі 

динамикалық  локализация  теориясының  негізгі  жағдайларын  атап  көрсетуге 

болады, олар: 

-

 



әрбір  психикалық  қызмет  өз  алдына  күрделі  қызметтік  жүйе  болып 

табылады  және  мимен  біртұтас  жүйе  ретінде  қамтамасыз  етіледі.  Сол  себепті 

мидың  әртүрлі  құрылымы  осы  қызметтің  жүзеге  асуына  өзінің  ерекше  үлесін 

қосады; 


-

 

қызметтік  жүйенің  әртүрлі  элементтері  ми  бөліктерінде  бір-бірінен 



алшақ орналасса да, қажет жағдайда бір-бірін алмастыра алады; 

-

 



мидың  белгілі  бір  бөлігі  зақымданған  жағдайда  «алғашқы»  кемістік 

пайда  болады,  яғни  аталған  ми  құрылымына  тән  жұмыстың  нақты 

физиологиялық принципінің бұзылуы; 


 

-



 

әртүрлі  қызметтік  жүйеге  енетін  ортақ  бөлімнің  зақымдалуы 

«қосымша» кемістікті тудыруы мүмкін.  

Қазіргі  кезде  жоғары  дәрежелі  психикалық  қызметтің  жүйелі 

динамикалық  локализация  теориясы  ми  мен  психиканың  өзара  байланысын 

түсіндіретін негізгі теория болып табылады. 



Бақылау сұрақтары. 



 



Тар  шеңберлі  локализационизм  мен  антилокализационизм  арасында 

қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар? 



 

Эклектикалық  тұжырымдама  мен  жоғары  дәрежелі  психикалық 



қызметтің  жүйелі  динамикалық  локализация  теориясы  арасында  қандай 

ұқсастықтар бар? 



 

Симптомдық  және  синдромдық  талдау  арасындағы  айырмашылықты 



түсіндіріңдер. 



 



Неліктен қазіргі заманғы қызмет локализациясы теориясы жүйелі және 

динамикалық деп аталады? 



 

Тэйбердің екі жақты диссоциация принципінің мәні неде? 





 

Қызметтік жүйеде нені өзгертуге және нені өзгертпеуге болады? 





 

Әртүрлі  сатыда:  а)  дағдының  қалыптасуы;  б)  онтогенез  барысында 



қызмет локализациясы тұрақты болып қала ма? 



 



Симптомға квалификация беру нені білдіреді? 



 



Қызмет локализациясына мәдени-тарихи үдерістің әсері қандай? 

10.  Қазіргі  заманғы  жүйелі  және  динамикалық  қызмет  локализациясы 

туралы ұғым нені білдіреді? 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет