А. С. Динмухамедова



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата20.01.2017
өлшемі0,97 Mb.
#2296
1   2   3   4   5   6   7   8

Бақылау сұрақтары. 

1.  Үлкен  ми  сыңарлары  қыртысының  бірінші,  екінші  және  үшінші 

аймақтарының қызметтерін атаңдар. 

2. Қысқа аксонды нейрондардың ерекшелігі неден көрінеді?  

3. Әртүрлі топографиялық бөліктердегі ми қыртысының құрылысы бірдей 

ме әлде әртүрлі ме? 

4. Ми қыртысы жүйесінің қызметтік принципі неден тұрады? 

5.  Қызметтік  принцип  ми  қыртысы  аймақтарының  соматотопикалық 

ұйымдастырылуымен қалай үйлеседі? 


 

17 


6.  Ми  қыртысының  иерархиялық  құрылыс  принципінің  мәнін 

түсіндіріңдер. 

7.  Үлкен  ми  сыңарлары  қыртысының  бірінші,  екінші  және  үшінші 

аймақтарының жетілуі кезіндегі жасқа байланысты шекті атаңдар. 

8. Прогрессивті кортиколизация принципі қалай пайда болады? 

9. Мидың эволюциялық даму принципі мен ежелгі құрылымының сақталу 

принципі арасында қандай байланыс бар?  

10.


 

Мидың қызметтік жүйесінің вертикалды құрылысы принципінің мәні. 

 

1.4

 

 А.Р.Лурияның мидың құрылымдық-қызметтік блогы тұжырымдамасы  

 

А.Р.  Лурия  мидың  құрылымдық-қызметтік  үлгісін  психикалық  іс-

әрекеттің  негізі  ретінде  көрсеткен.  Бұл  үлгі  ми  жұмысының  біршама  жалпы 

заңдылықтарын біртұтас ретінде сипаттайды және оның интегративтік қызметін 

түсіндіруге  мүмкіндік  береді  (Е.Д.  Хомская).  Осы  үлгіге  сәйкес  барлық  миды  

3 құрылымдық-қызметтік блокка бөлуге болады: 

а) энергетикалық блок; 

б) экстероцептивтік ақпаратты қабылдау, өңдеу және сақтау блогы; 

в)  күрделі  іс-әрекеттерді  реттеу  және  бақылау  бағдарламасын  жасау 

блогы. 


Кез келген жоғары дәрежелі психикалық қызмет міндетті түрде 3 блоктың 

қатысуымен  жүзеге  асады. Әрбір  блок  психикалық  қызметті  қамтамасыз  етуде 

басты  рөл  атқаратын  жұмыстарын  негізге  алатын  құрылыс  ерекшеліктерімен 

және физиологиялық принциптерімен сипатталады.  



Бірінші  блок  –  бұл  энергетикалық  тонусты  және  сергектікті  реттейтін 

блок. Психикалық іс-әрекет қалыпты болу үшін ағза сергектік жағдайында болу 

керектігі  (И.П.  Павлов,  А.Р.  Лурия,  М.Н.  Ливанов)  дәлелденген  (басқаша 

айтқанда,  үлкен  ми  сыңарларының  қыртысы  тонустық  жағдайда,  яғни  белгілі 

бір  қозу  деңгейінде  болу  керек).  Тек  қолайлы  сергектік  жағдайында  ғана  адам 

ақпаратты  ойдағыдай  қабылдап,  өңдей  алады.  Ми  қыртысының  тонусын 

қамтамасыз  ететін  және  реттейтін  аппараттар  ми  қыртысының  өзінде  емес, 

мидың  төменгі  бағаны  мен  қыртысты  бөлімдерінде  болатыны  белгілі  болды. 

Мұндай  аппаратқа  ми  бағанындағы  торлы  құрылым,  ортаңғы  мидың 

құрылымы,  лимбия  жүйесі  және  гиппокамп  жатады.  Торлы  құрылым  қысқа 

аксонды нейрондар денесінен тұратын жүйке торы болып табылады.  

Торлы  құрылымның  құрылысы  мен  қызметінде  бірқатар  өзіндік 

ерекшеліктері  бар,  соның  арқасында  жеткізуші  және  әкетуші  бөлімдерден 

тұратын  негізгі  қызмет  қамтамасыз  етіледі.  Торлы  құрылымның  жеткізуші 

талшықтары  арқылы  қозу  жоғарыда  орналасқан  түзілістерде  (гипоталамус, 

ежелгі  және  жаңа  қыртыс)  аяқтала  отырып,  жоғарыға  қарай  бағытталады. 

Торлы  құрылымның  әкетуші  талшықтары  кері  бір  бағыт  алады:  ол  жаңа 

қыртыстан  басталатын  қозуды  ортаңғы  мидың  құрылымы  мен  ми  бағанына 

жібереді.  Бұдан  басқа  торлы  құрылымның  нейрондары  «қозудың  біртіндеп 

жиналуы»  принципі  бойынша  жұмыс  істейді,  яғни  қозу  жекелеген 

импульстермен  емес,  өз  деңгейін  біртіндеп  ауыстыра  отырып  таралады. 


 

18 


Соңында  торлы  құрылымда  барлық  анализаторлар  жүйесінен,  сондай-ақ  ми 

қыртысынан  және  мишықтан  талшықтар  келіп  қосылады.  Торлы  құрылымда 

көптеген  байланыстар  кездеседі,  барлық  жүйке  жолдарының,  көбінесе  оның 

нейрондарының конвергенциясы ми қыртысының бірінші, екінші және үшінші 

аймақтарындағы,  сондай-ақ  мидың  басқа  да  құрылымдарының  қозу 

толқындары бір уақытта кеңінен таралуға қосымша мүмкіндік береді.  

Жүйке  жүйесі  әрқашанда  белгілі  бір  белсенділік  жағдайында  болатыны 

белгілі.  Белсенділіктің  бірнеше  әсерлері  бар:  бірінші  кезекте,  ағзадағы 

гомеостаздың негізін қалайтын зат алмасу үдерістері (нәруыз, көмірсу алмасуы, 

т.б.). Одан кейін сыртқы әлемнен (экстерорецепторлардан) ағзаға келіп түсетін 

ақпараттардың тікелей ағымы. Сенсорлық депривация жағдайында адам ұйқыға 

кететіні белгілі, одан жаңа ақпараттар түскенде ғана шыға алады. Аталған осы 

белсенділік  көздері  адамға  да,  жануарларға  тән.  Бірақ  адамда  бұдан  басқа 

белсенділіктің маңызды бөлігі өзінің жоспарына, ниетіне және бағдарламасына 

негізделген. Ол адамның саналы өмірінде тіл арқылы қалыптасады. 

Е.Д.  Хомская  бірінші  блоктың  психикалық  қызметтерді  қамтамасыз 

етудегі  қызметтік  мәні,  біріншіден,  кез  келген  психикалық  іс-әрекет 

(белсендіруші  қызмет)  үшін  қажетті  ОЖЖ-нің  жалпы  тонусын  бір  қалыпта 

ұстау  және  белсенділік  үдерісін  реттеу  екенін  атап  көрсетті.  Екіншіден,  ми 

қыртысының  реттеуші  әсерін  ми  бағанының  төменгі  жағында  орналасқан 

түзілістерге  жеткізеді,  яғни  ми  қыртысының  жоғарғы  бөлімдері  торлы 

құрылымның  әкетуші  талшықтарының  арқасында  төменгі  аппараттың 

жұмысын  басқарады,  сол  арқылы  олардың  жұмысын  белсендіре  отырып, 

саналы іс-әрекеттің күрделі формасын қамтамасыз етеді. 

Торлы  құрылымның  зақымдалуы  кезінде  барлық  жоғары  дәрежелі 

психикалық  қызметтердің  (ең  алдымен  –  еріксіз  зейін  мен  ес)  өнімділігі 

төмендейді,  белсенділік  пен  ұйқы  бұзылады.  Жаппай  зақымданған  жағдайда 

ұйқы  мен  сергектік  арасындағы  шекара  жойылады,  адам  жартылай  ұйқылы 

күйде  болады,  оның  уақыт  пен  орын  туралы  бағдары  өшеді.  Торлы  құрылым 

зақымдануының  айқын  диагностикалық  белгілері  бір  мезгілде  барлық 

психикалық  үдерістер  өнімділігінің  төмендеуі  болып  табылады.  Ерікті 

үдерістер  мен  арнайы  мотивацияға  тарту  психикалық  үдерістердің  тиімділігін 

біраз уақытқа арттыруға мүмкіндік береді.  

Сонымен, мидың бірінші блогы психикалық іс-әрекетті қамтамасыз етуге, 

бірінші  кезекте,  зейінді,  есті,  эмоциялық  күйді  және  жалпы  сананы 

ұйымдастыруға  қатысады.  Одан  басқа  мидың  бірінші  блогы  эмоциялық  (үрей, 

ауырсыну,  рахат,  ыза)  және  мотивациялық  күйлерді  реттеуге  қатысады.  Осы 

блокқа  кіретін  мидың  лимбиялық  құрылымдары  эмоциялық  және 

мотивациялық  күйлерді  ұйымдастыруда  негізгі  орын  алады.  Осыған 

байланысты  мидың  бірінші  блогы  ішкі  мүшелердің  күйі  туралы  әртүрлі 

интероцептивтік  ақпараттарды  қабылдайды,  өңдейді  және  бұл  күйлерді 

реттейді. 



Екінші  блок  –  ақпаратты  қабылдау,  өндеу  және  сақтау  блогы.  Ол  жаңа 

қыртыстың (неокортекс) сыртқы бөлімдерінде орналасқан және өзінің аппараты 

құрамына  шүйде,  самай  және  төбе  қыртыстарын  ала  отырып,  оның  артқы 


 

19 


бөлімдерін құрайды. Мидың осы блогының анатомо-құрылымдық ерекшелігі – 

қыртыстың  6  қабатты  құрылымды  болуы.  Ол  бірінші  (түскен  ақпаратты 

қабылдауды және талдауды қамтамасыз етеді), екінші (бір анализатордан келіп 

түскен  ақпаратты  синтездеу  қызметін  атқарады)  және  үшінші  аймақтардан 

(олардың негізгі міндеті – ақпаратты кешенді синтездеу) тұрады. 

Екінші  блок  аппаратының  айқын  ерекшелігі  модалды  өзгешелік  болып 

табылады.  

Бірінші  аймақтың  жүйке  жасушалары  жоғары  модальдық  өзгешелігімен 

және  тар  мамандануымен  ерекшеленетінін  жеке  нейрондардың  белсенділігін 

тіркеу эксперименттері көрсетті.  

Біріншісі, ол бір ғана модальдықтың (бір түрдің) қозуын сезінеді мысалы, 

тек  көру  немесе  есту  дегенді  білдіреді.  Екіншісі,  бұл  нейрондар  тек  бір  түр 

қоздырғышының жеке белгісіне тітіркенеді. 

А.Р.  Лурия  мидың  екінші  блогының  құрамына  кіретін  қыртыс 

құрылысының негізгі заңдарын ажыратады. 

Қыртыс  аймағының  иерархиялық  құрылысының  заңы.  Бұл  заңға  сәйкес 

қыртыстың  біріншілік,  екіншілік  және  үшіншілік  аймақтарының  байланысы 

ақпараттың  ең  күрделі  синтезін  жүзеге  асырады.  Қыртыстың  ең  күрделі 

ұйымдасқан аймақтары ең күрделі функцияларды қамтамасыз етеді. А.Р. Лурия 

ересектер  мен  балаларда  біріншілік,  екіншілік  және  үшіншілік  аймақтардың 

байланысы  әртүрлі  екенін  атап  өтеді.  Балада  екіншілік  аймақтың  қалыпты 

дамуы үшін біріншілік, ал үшіншіліктің дамуы үшін екіншілік аймақтар жетілуі 

керек.  Сондықтан  біріншілік  аймақтың  ерте  балалық  шақта  зақымдалуы 

екіншілік және үшіншілік аймақтардың дамуының өрескел бұзылысына әкеледі. 

Ал  ересек  адамда  қыртыс  аймақтарының  қалыптасуы  кезінде  үшінші 

аймақтар  төмен  жатқан  екіншілік  және  біріншілік  аймақтарының  функциясын 

басқарады.  Сондықтан  ересек  адамда  қыртыс  аймағының  жетілуі  кезінде 

неғұрлым  ұйымдасқан  үшіншілік  төменде  жатқан  екіншілік  пен  үшіншілік 

аймақтардың қызметтерін басқарады. 

Иерархиялық  құрылған  қыртыс  аймағының  модальды  спецификалық 

құлдырау заңы бойынша біріншілік аймақтан үшіншілікке өту кезінде олардың 

модальды  спецификалық  көрінісі  төмендейді.  Мидың  әр  бөлігінің  біріншілік 

аймақтары  максималды  модальды  ерекшелікке  ие  болады.  Ассоциативті 

нейрондары  бар  жоғары  қабаттары  көп  болатын  екіншілік  аймақтар  төменгі 

дәрежедегі  модальды  ерекшелікке  ие.  Одан  да  төменгі  модальды  ерекшелік 

берілген  блоктың  үшіншілік  аймағына  тән.  Осылайша,  бұл  заң  қабылдаған 

әлемнің  жалпы  сұлбаларын  бөлшектік  модальды-спецификалық  белгілерден 

синтетикалық түрде көрсетуге өтуін сипаттайды.  

Функцияның  прогрессивті  латерализация  заңы  функцияның  белгілі  бір 

жарты  шармен  байланысын  түсіндіреді  (біріншілік  аумақтардан  үшіншілік 

аумақтарған өтуіне  орай). Мидің  екі жарты шарларының біріншілік аумақтары 

тең  болады.  Екіншілік  аумақтардың  деңгейінде  оң  және  сол  жақ  жарты 

шаршармен  атқарылатын  қызметтердің  бір  бөлігі  бірдей  болды,  бірақ  сол  жақ 

жарты  шар  қызметінің  екінші  бөлігі,  оң  жақ  жарты  шардың  қызметінен 

ерекшеленеді.  Сол  жақ  жарты  шардың  үшіншілік  аумағының  қызметі  оң  жақ 


 

20 


жарты шардың ұқсас аумақтарының қызметінен түпкілікті ерекшеленеді.  

Е.Д.  Хомскаяның  айтуынша,  мидың  екінші  блогының  аппараттары 

зақымдалғанда  ми  қызметінің  бұзылысы, зақымдалған  аумақтарға  байланысты 

болады.  Біріншілік  аумақтар  зақымдалса,  бір  модалдылықтағы  қабылданатын 

тітіркендіргіштердің  жеке  белгілерін  қабылдау  (соқыр  дақ,  гемеанопсия,  үн-

шкаласының  бұзылысы,  анестезия  және  т.б.)  қызметі  бұзылады.  Қыртыстың 

екіншілік  аумақтары  зақымдалғанда,  қабылданатын  тітіркендіргіште  бір 

модалдылықтағы  тұтас  бейненің  жеке  белгілерінің  синтезінің  бұзылысы 

байқалады  (агнозиялар,  афазиялар).  Үшіншілік  аумақтардың  зақымдануы 

кезінде,  әр  түрлі  анализаторлардан  түсетін,  тітіркенудіңкешенді  синтезі 

бұзылады,  бұл  кеңістікте  бағдар  табудың  бұзылысында  анық  көренеді.  Бұнда, 

прогрессивтік  латерализация  заңына  сәйкес,  оң  жақ  жарты  шардың  үшіншілік 

аумақтары  зақымдалғанда  кеңістіктегі  заттық  бағдар  табу,  ал  сол  жақ  жарты 

шардың  үшіншілік  аумағы  зақымдалғанда  –  кеңістіктегі  символикалық  бағдар 

табу бұзылады /41/. 

Мидың  үшінші  функционалды  блогы  —  іс  әрекеттің  күрделі  түрлерін 

бағдарлау,  реттеу  және  бақылау  блогы  болып  табылады.  Ол  мақсатқа 

бағытталған,  саналы  психикалық  белсенділікке  байланысты,  бұның 

құрылымына  мақсат,  себеп,  мақсатқа  жетуге  бағытталған  іс-әрекет  жоспары, 

әдіс-тәсілдерді таңдау, іс-әрекетті орындауға бақылау, алынған нәтижені түзету 

енеді. Мидың үшінші блогы осы міндеттерді орындауға бағытталған. 

Мидың  үшінші  функционалды  блогының  аппараттары  ортаңғы  маңдай 

қыртысының  алдында  орналасқан  және  оның  құрамына  мидың  маңдай  бөлімі 

қыртысының моторлы, премоторлы және префронталды бліктері енеді. Маңдай 

бөлімі  аса  күрделі  құрылысымен  және  көптеген  қыртыс  және  қыртыс  асты 

құрылымдармен  екі  жақты  байланыстардың  көптігімен  ерекшеленеді.  Бұл 

блогтың  негізгі  ерекшелігі  қозу  процестерін  үшіншілік  аумақтардан 

екіншілікке,  кейін  біріншілікке  жеткізу;  модалды-айрықша  аумақтардың 

жоқтығы  (тек  қана  қозғалтқыш  типті  аппараттардан  тұрады);  тек  қана  төмен 

орналасқан ми құрылымдарымен ғана емес, сонымен қатар үлкен жарты шарлар 

қыртысының  басқа  да  бөлімдерімен  екі  жақты  ауқымды  байланыстардың  бар 

болуы.  


Моторлық  қабық  өзінің  құрылымы  мен  функционалдық  ұйымдасуы 

жағынан  біріншілік,  моторалды  екіншілік,  ал  мандайалды  үшіншілік  үлкен 

жарты шар қабығының аймағына жатады. Сондықтан олар бұл аймақтарға тән 

қызметтерді  атқарады.  Моторлық  қабықтың  нейрондары  бұлшықеттерге  қозу 

жібереді  де,  осыдан  үлкен  пирамидалық  жол  басталады.  Дәл  осы  аймақтарда 

айқын  көрсетілген  соматотопикалық  ұйымдар  болады,  Пенфилд  бұл 

аймақтарды  көрнекілікпен  бейнелеп,  «қозғағыш  адам»  деп  атады.  Моторалды 

қабық  қозғалыс  бағдарламаларын  қамтамасыз  етеді,  яғни  жеке  қозғалыстарды 

бірыңғай  кинетикалық  әуенге  біріктіреді.  Мандайалды  (фронтальды)  бөлімдер 

мақсаттардың,  бағдарламалардың  қалыптасуында,  адам  мінез-құлығынының 

күрделі түрлерін бақылауда және реттеуде шешуші роль атқарады. Олар қысқа 

аксонды  ұсақ  дәнді  жасушалардан  тұрады  және  ретикулярлы  формацияның 

күшті үдемелі және азаймалы байланыстар шоқтарына ие болады. Мандай алды 


 

21 


бөлімдер  ми  қабығының  барлық  бөлімдерінің  қондырмасы  болып  табылады, 

сондықтан жалпы мінез-құлықты реттеу қызметін атқарады.  

Үшінші  функционалдық  ми  блогының  бұзылуы  кезінде  қызметінің 

нашарлау  сипаты  қандай  аппараттың  бұзылғанымен  байланысты.  Моторлық 

қабық  бұзылғанда,  қозуды  белгілі  бір  бұлшықеттерге  өткізу  қиындайды  (жеке 

топтағы  бұлшықеттердің  парезі  мен  параличі)  байқалады.  Моторалды  қабық 

бұзылса, 

жеке 


қозғалыстарды 

синтездеудің 

бұзылысына 

(қозғалыс 

дағдыларының  күйзелісі)  әкеп  соғады,  ал  маңдайалды  бөлімдерінің  бұзылуы 

мақсатты  бағытталған  іс-әрекеттің  бұзылуынан  байқалады.  Зерттеулер 

көрсеткендей,  маңдайалды  бөлімдерінің  бұзылысы  бар  ауру  адамдарда 

қозғалыстардың қайталануы мен стереотипизациясы байқалады. 

Үш  функционалды  ми  блоктарының  құрылу  ерекшеліктерінің  талдауы 

мен қызмет етуі танымдық іс-әрекет түрлерінің әрқашан күрделі функционалды 

жүйе  екенін  және  әрқайсысы  барлық  психикалық  үдерістің  орындалуына  өз 

үлесін  қосады  деп  пайымдауға  мүмкіндік  береді.  Осы  үш  блокты  ерекшелеу 

шартты болып келеді.  

Мидың  бірінші  блогы  –  қалған  блоктарды  қажеттіі  деңгейде 

белсендендіруді,  жандандыруды,  екінші  блок  –  экстерорецепторлар  арқылы 

сыртқы  ортадан  келетін  ақпараттың  қабылдануын,  талдануын  және  сіңірілуін 

қамтамасыз  етеді.  Бір  жағынан,  бұл  ақпарат  үшінші  блоктың  интегративтік 

қызметінің  негізі  болып,  екінші  жағынан,  бірінші  блоктың  белсенділігінің 

қайнар  көзі  болып  табылады.  Үшінші  блоктың  маңыздылғы  интегративті, 

реттеуші, үлгілеуші қызметінде жатыр.  

Ақпаратты  қорытудың  маңызды  кезеңінде,  үшінші  блок  –  екінші  мен 

бірінші блокка үлгілеу әсерін береді, ол қыртыстың активациясына және сезіну 

мен қабылдау кезеңінің өзгерісіне әкеледі.  

Үш  блоктың  қызметі  жағынан  байланысын  талдаса,  онда  бірінші  блок  - 

әртүрлі  танымдық  қызметтің  қалыптасу  мотивіне  қатысса,  екінші  блок  – 

қызметтің  операциялық  жағын  қарастырады,  ал  үшінші  блок  –  мақсаттар  мен 

іс-әрекет  бағдарламаларының  құрылуына  жауап  береді.  Осы  блоктардың 

қызметінің  бұзылуы  міндетті  түрде  жалпы  психологиялық  қызметтің 

дезинтеграциясына әкеледі, бірақ әр кезде әр түрлі, себебі бұзылу қызметінің әр 

кезеңіне байланысты болады.  



Бақылау сұрақтары. 

1.  Мидың  үш  блогының  қайсысы  модальды  ерекшелікке  ие,  ал  қайсысы 

ие емес? 

2.  А.Р.  Лурияның  мидың  үш  функционалдық  блогы  туралы 

тұжырымдамасының мәні 

3. Бірінші блоктың жұмыс ерекшеліктері 

4. Екінші блоктың жұмыс ерекшеліктері 

5. Үшінші блоктың жұмыс екершеліктері 

6.  Ми  қыртысының  қандай  белсенді  қайнар  көзін  (источники 

активизациии) білесіздер? 

7.  Екінші  және  үшінші  ми  блоктарының  қозу  ерекшеліктерінің 

айырмашылығы неде? 



 

22 


8.Балалардың  иерархиялық  ұйымдасуы  мен  ерексектердің  иерархиялық 

қарым-қытынасы арасындағы айырмашылықтар? 

9. Азаймалы модалды айрықша заңының негізі.  

10. Фукнцияның үдемелі латерализациясының негізі.  

 

1.5. Жоғарғы психикалық функциялардың бұзылуын синдромды талдау. 

 

Жоғарғы  психикалық  функциялардың  жүйелі  серпінді  ұйымдастырылу 



теориясына  сәйкес  бас  миының  локальды  бұзылулары  кезінде  қандай  да  бір 

психикалық  функция  да  бұзылады.  Ал  олардың  жиынтығы  нейропсихо-

логиялық синдромның бірлігін құрайды. А.Р. Лурия сөзін қорыта келе, соңында 

белгілі  фактордың  түсуіне  байланысты  нейропсихологиялық  нышандардың 

заңдылықты  үйлесуін  қарастыруды  ұсынды.  Синдромды  анализдің  мақсаты 

нейропсихологиялық  синдромға  әкелетін  факторды  іздеу  болып  табылады.  Ал 

бұл  факторлар  астарында  белгілі  бір  ми  құрылымдарында  жүретін 

физиологиялық процесстер жатады. Осы факторлардың бұзылуы қандай да бір 

психикалық  функцияларды  қамтамасыз  ететін  барлық  функционалдық 

жүйелердің бұзылуының тікелей себебі. 

Нейропсихологиялық 

тәжірибедегі 

синдромды 

талдау 


мынадай 

жағдайларға сүйенеді: 

-  психикалық  функцияларда  пайда  болған  бұзылулардың  сапалы 

біліктілігін  қажет  етеді.  Сапалы  талдау  жасау  пихикалық  функциялардың 

түрлеріне анықтама береді, бұзылыс қандай сипатта және ол неге пайда болды 

деген сұраққа жауап береді; 

-  бұзылған  факторлармен  және  функциялардың  жүйелі  ұйымдасу  заңы 

бойынша  пайда  болатын  екіншілік  бұзылыстармен  тікелей  байланысты 

біріншілік  дефектілерді  талдау  және  салыстыру  қажеттілігі.  Бұл  салыстыру 

жалпы  нейропсихологиялық  синдромның  құрылысын  анықтауға  және  топика-

лық диагноз қоюға мүмкіндік береді; 

-  тек  бұзылған  құрамды  ғана  емес,  сонымен  қатар  сақталған  ЖПҚ-да 

зерттеу  қажеттілігі.  Себебі  Тэйбердің  қос  ұстанымына  сәйкес  кез  келген 

бұзылыстың  органикалық  қыртысты  аймағында  бір  функциялар  бұзылады,  ал 

басқалары сақталып қалады. 

Е. Д. Хомская ересектерге тән, факторлардың келесі түрлерін бөледі/41/. 

1.  Модалды-айрықша  факторлар,  әр  түрлі  анализаторлы  жүйелердің 

қызметіне  байланысты  (көру,  есту,  тері-кинестетикалық,  қозғалтқыш).  Бұл 

факторлардың  материалды  негізі  болып,  анализаторлардың  қыртыс  бөлімдерін 

құрайтын, үлкен жарты шарлар қыртысының екіншілік аумақтары саналады.  

2.  Модалды-айрықша  емес  факторлары  —  мидың  айрықша  емес  орта 

құрылымдарының  қызметіне  байланысты  (инерттілік  —  жүйке  процестерінің 

қозғалтқыштығы, активтену — қатерсіздендіру, спонтандық — аспонтандық). 

3.  Қыртыстың  ассоциативтік  (үшіншілік)  бөлімдерінің  қызметіне 

байланысты факторлар. Олар әр түрлі анализаторлы жүйелердің өзара әсер ету 

процестері  мен  префронталды  және  самай-төбе-шүйде  бөлімдерінің  – 

үшінщілік бөлімдерінің қызметін бейнелейді.  


 

23 


4.  Жарты  шарлы  факторлар,  мидың  оң  және  сол  жақ жарты  шарларының 

қызметіне  байланысты.  Олар  жарты  шардың  толық  қызметін  мінездейді  және 

жарты  шарлардың  қызмет  стратегиясын  айқындайды:  ақпаратты  өңдеуде 

абстрактты  немесе  нақты  тәсілдердің  басым  болуы,  жоғары  психикалық 

функциялардың  сукцессивтік  (реттік)  немесе  симультандық  (бір  мезетті) 

ұйымдасуы, психикалық қызметтің ерікті немесе еріксіз реттелуі.  

5. Жарты шар аралық әрекеттесу факторы. Сүйелді дененің құрылымымен 

байланысты,  мидың  оң  және  сол  жақ  жарты  шарларының  бірігіп  қызмет  ету 

заңдылықтарын қамтамасыз етеді.  

6.  Әр  түрлі  жалпы  ми  механизмдерінің  әсеріне  байланысты,  жалпы  ми 

факторлары, мидың тұтас қызмет етуін қамтамасыз етеді (қан айналымы, лимфа 

айналымы, гуморальді, биохимиялық процестер) /41/. 

ЖПҚ бұзылуы әр түрлі күйде байқалады: патологиялық бәсеңдеу немесе 

оның  орындау  деңгейінің  төмендеуі  түрінде,  функцияның  өрескел  бұзылуы. 

Нейропсихологиялық  синдромдардың  негізгі  классификациясы  топикалық 

қағидаға негізделген, яғни мидың зақымданған бөлімін анықтауға. Осыған орай, 

олардың  біріншіден  қыртыс  бөлімдерінің  және  қыртыс  асты  бөлімдерінің 

зақымдану синдромдарына бөледі. 

Қыртысты  нейропсихологиялық  синдромдар  үлкен  жарты  шарлар 

қыртысының  екіншілік  және  үшіншілік  аумақтары  зақымданғанда  пайда 

болады. Өз ретінде оларды екі санатқа бөлуге болады: мидың арты бөлімдерінің 

зақымдалуына байланысты сидромдар, және үлкен жарты шарлардың алдыңғы 

бөлімдерінің зақымдалуына байланысты синдромдар. 

Үлкен  жарты  шарлар  қыртысының  артқы  бөлімдерінің  зақымдалуының 



нейропсихологиялық  синдромдары  жалпылама  түрге  ие.  Олардың  негізін,  әр 

түрлі 


модалды-айрықша 

факторлардың 

бұзылысымен 

байланысты, 

гностикалық, мнестикалық және интеллектуалды бұзылыстар құрайды. Оларға 

жататындар: 

— үлкен жарты щарлардың шүйде және шүйде-төбе бөлімдерінің бұзылу 

синдромдары.  Көру  гнозисінің,  көру  есінің,  көру  кеңістігінің,  және  те  оптико-

кеңістіктік анализ бен синтездің бұзылысында көрінеді; 

—ҮШБ  аумағының  зақымдану  синдромы  (қыртыстың  үшіншілік  самай-

төбе-шүйде  бөлімдері).  Бұл  бұзылыстар  сыртқы  көру  кеңістігінде  бағдар  табу 

қиындықтарына,  конструктивті  апраксияға,  көрнекі  ойлау  процестерінің 

бұзуына әкеліп соғады; 

—  ми  қыртысының  төбе  аумағының  зақымдалу  синдромы.  Бұл 

синдромдардың 

негізінде 

модалды-айрықша 

тері-кинестетикалық 

факторлардың зақымдануы жатыр (тактильді агнозиялар, соматоагнозиялар); 

—  мидың  самай  бөлімінің  конвекситалды  (сыртқы)  қыртысының 

зақымдану  синдромдары.  Олардың  зақымдалуы  фонематикалық  естудің 

бұзылуына, есту агнозиясына, амузияға әкеліп соғады;  

—  үлкен  жарты  шарлар  қыртысының  самай  бөлімінің  медиобазалды 

(ішкі)  қыртысының  зақымдану  синдромы.  Естің,  сана-сезімнің  және 

эмоционалды  айналысының  модалды-айрықша  емес  бұзылысы  күйінде 

көренеді.  



 

24 


Үлкен жарты шарлар қыртысының алдыңғы бөлімдерінің зақымдалуының 

нейропсихологиялық  синдромдары  бір  қалыпты  емес,  және  олар  екі  синдром 

түрінде байқалады: 

-  байсалдылықтың,  автоматтандырылғандылықтың,  қозғалыс  реттілігінің 

зақымдануымен  байланысты,  қыртыстың  премоторлы  бөлімдерінің  зақымдану 

синдромдары;  

-  мидың  префронталды  бөлімінің  қыртысының  зақымдану  синдромы. 

Бұндағы негізгі симптомдар мінез-құлықтың жалпы өзгеруі мен науқас тұлғасының 

өзгеруі болып табылады.  

-  Ми  қыртысының  үлкен  жарты  шарының  алдыңғы  бөлігі  бұзылысының 

нейрофизиологиялық синдромы біртекті бола алмайды және 2 синдромға бөлінеді. 

-  ми  қыртысы  бөлімдерінің  моторалды  бұзылыстарының  синдромы  (негізгі 

себептері  аурудың  жеке  ерекшеліктерінің  және  тәртібінің  өзгеруі).  Бұл- 

автоматтандырылған кезектесіп келген қозғалыс.  

-  ми  синдромдарының  фронтальалды  бұзылыстарының  синдромы.  Негізгі 

себептері аурудың жеке ерекшеліктерінің және тәртібінің өзгеруі. 

Әдебиетте нейропсихологиялық синдромның 3 түрі болады, ол мидың терең 

құрылымының бұзылуымен байланысты деп жазылған:  

- мидың спецификалық емес орталық бұзылыстарының синдромы. Ол естің, 

зейінің және эмоциональдық үдерістердің бұзылыстары түрінде байқалады. 

-  мидың  орталық  комиссурларының  зақымдану  синдромы.  Тірек  қимылдың 

бұзылуы, заттарды атау кезінде қиналу және де дисграфия түрінде болуы мүмкін. 

- ми жартышарының қыртыс асты құрылымының бұзылу синдромдары. Оған 

мидың алдыңғы және арты бөліктерінің бұзылыстары жатады. 

Нейропсихологияда  мидың  локальдық  бұзылыстары  кезіндегі  психикалық 

функциялар  бұзылыстары  негізгі  мәселе  болып  саналады.  Бұл  бағытты  зерттей 

келе, ми мен психиканың байланысы туралы көп қызықты мәлімет алуға болады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет