Бақылау сұрақтары.
1. Мидың қандай бөліктерінің бұзылысында бағыт-бағдарлық реакцияның
өзгеруі және бұзылуы байқалады?
2. Зейін үдерістерін қамтамасыз етудегі бірінші және үшінші ми
блоктардың рөлі.
3. Мидың маңдай бөлігі зақымданғанда зейіннің қай түрі бұзылады: ерікті
немесе еріксіз?
4.
Мидың
маңдай
бөлігінің
бұзылысындағы
бағыт-бағдарлық
реакциялардың ерекшеліктері?
5. Мидың қай құрылымы зейіннің талғаушылығын жүзеге асырады?
6. Модальді-спецификалық және модальді-спецификалық емес зейін
формаларының айырмашылығы неде?
7. «Зейін» функционалды жүйесінің негізгі элементтерін көрсетіңіз.
8. «Зейін нейрондары» деген не?
9. Ретикулярлық формацияның зақымдалуы зейін ұйымдасуына қалай
әсер етеді?
10. Неге миыдың маңдай бөлімі зақымдалса науқасқа қандай да бір
жаттығуларды орындатуға болмайды?
3.6. Мидың локальді зақымдануы кезіндегі естің бұзылуы.
Нейропсихологияда
ес
күрделі
функционалды
жүйе
ретінде
қарастырылады, оны ұйымдастыруда бірлесіп жұмыс істейтін ми қыртысының
аппараттары мен төмен жатқан құрылыстардың бүтіндей бір жүйесі қызмет
атқарады.
Бұл
аппараттардың
әрқайсысы
мнестикалық
процестерді
ұйымдастыру үіш өзінің спецификалық үлесін қосады, сондықтан олардың әр
қайсысының патологиялық жағдайы немесе бұзылысы мнестикалық қызметке
бүтіндей әсер етеді. Естің бұзылысы өте алуан түрлі болады. Гипомнезияны,
гипермнезияны, парамнезияны және амнезияны бөліп алады. Бұл
бұзылыстардың мінездемесі, қандай буын зақымдалғанына байланысты болады.
Гипомнезия естің барлық түрлерінің нашарлауымен ерекшеленеді. Ол жас
өзгерістерімен байланысты немесе белгілі бір аурулардың нәтижесінде пайда
болуы мүмкін. Гипермнезияға материалды есте сақтаудың көлемі мен
тұрақтылығының ұлғаюы тән. Бұл құбылысты А.Р. Лурия репортер Н.
Шершевскийдің мысалында «Үлкен ес туралы кішкентай кітапта» жан-жақты
сипаттаған /20/. Парамнезия – бұл адамның таныс емес нысандарды
кездестіргенде «таныстық» сезімі туындайтын ерекше жағдайы. Естің мұндай
алдамшылықтары сананың өзгерісіне байланысты. Соңғысы, амнезиялар, есте
43
сақтаудың аномалиялық түрі, ол естің мүлде жоғалуы немесе әлсіреуінен
көрініс табады. Амнезиялардың ішінде ерекше топты мидың локальді
бұзылысындағы болатын амнезиялар құрайды. А.Р. Лурия мидың локальді
зақымдануында естің бұзылуының екі түрін бөліп көрсетеді - модальді-
спецификалық және модальді-спецификалық емес.
Нейропсихологияда естің модальді-спецификалық емес бұзылысы кезінде
естің барлық түрлерінде, нысандарында және үдерістерінде көрініс табатын
патологиялық құбылыстарын жатқызады. Ақпараттың барлық іздерін есте
сақтаудың негізгі шарты болып үлкен жартышарлар қыртыстарының оңтайлы
тонусын сақтау болып табылады, ол ретикулярлық формацияның
белсенділігімен тығыз байланысты. Қыртыстар тонусының төмендеуі естің
модальді-спецификалық емес бұзылыстарына (ақпаратты есте қалдыру, есте
сақтау және қайта жаңғырту үдерістері өнімділігінің төмендеуі) әкеп
соқтыратын негізгі фактор болып табылады. Спецификалық емес
құрылымдардың зақымдану деңгейіне байланысты модальді – спецификалық
емес ес бұзылысы түрлі сипатқа ие болады:
-сопақша ми деңгейіндегі естің бұзылысы, сананың, есте сақтаудың
бұзылуы, ұйқы және ояу жүргендегі жағдайының бұзылуы синдромы түрінде
болады;
-гиппокамп деңгейіндегі – қысқа мерзімді естің бұзылысы және оның
жоғары сезімталдығы, іздердің интерференция әсеріне түсуі байқалады. П.
Милнер гиппокамп құрылымдары ағымдағы тәжірибе іздерін жалпы есте
қалдыру қабілетін қамтамасыз етеді деп тұжырымдайды. Бұл құрылымдардың
массивтік зақымдануы бар науқас адамдарда ағымдағы тәжірибені мүлдем есте
сақтай алмауы байқалады, бұл науқас адамның белгілі бір жерде, уақытта және
болып жатқан құбылыстарда толығымен бағыт-бағдарын жоғалтудан көрініс
табады. Ол өзімен 15-20 мин. бұрын не болғанын есіне түсіре алмайды.
Түгел модальді – спецификалық емес естің бұзылыстарына тән,
біріншіден, оларды науқас адамның кез-келген қызмет аясынан анықтауға
болады (қойылған мақсаттарды ұмыту, орындалған жұмысты ұмыту және т.б.).
Екіншіден, олар элементарлы, ниетті емес есте сақтауда және еркін
мнестикалық жұмыста бірдей көрінеді. Сонымен, осы құрылымдардың
массивтік зақымдалуы сананың күрделі бұзылыстарына әкеліп соғады (абыржу
және шатастыру симптомдары).
Модальді – спецификалық естің бұзылысы мидың локальді
бұзылысындағы мнестикалық ақаулардың екінші түрін құрайды. Бұл ақаулық
екінші және үшінші аппараттың функциональді блогінің бұзылысынан болады,
белгілі модальділіктің стимулдарымен байланысты және бір анализаторға
бағытталған қоздырғыштарға тарайды. Бұл патологияға көру есінің, есту-
сөйлеу есінің, музыкалық естің, тактильді естің, қозғалыс есінің бұзылыстары
жатады. Олардың негізгі ерекшелелігі, осы ақаулар глобальді емес, сана
бұзылысы байқалмайды, және жеке модальді-спецификалық операциялардың
негізінің мнестикалық ыдырауы түрінде болады.
Зақымдану ошағының локализациясына байланысты естің келесі
модальді –спецификалық бұзылыстарын ажыратады:
44
- сол жақ жарты шардың самай аймағының екіншілік ортаңғы бөліктері
зақымдалғанда естіп-сөйлеу есінің(акустико-мнестикалық афазия) бұзылысы
байқалады, адам есінде бірнеше сөзді де сақтай алмайды. Науқастарда бұл ақау
оқшауланған түрде өтеді, себебі фонематикалық ес қалыпты жағдайда болады;
- сол жақ жарты шардың төбе-шүйде облостінің зақымдалса
амнестикалық афазия пайда болады, ол кеңістіктік қатынасы бар, көру
құрылымдарын есте сақтай алмау түрінде байқалады. Бұл науқастарда
нысандарды көріп елестету қасиеті бұзылады, бірақ көрудің гностикалық
бұзылыстары байқалмайды.
Әдебиетте қашықтықтық, түстік, музыкалық және бет әлпеттерді есте
сақтау қасиеттерінің бұзылыстары сипатталған. Есте сақтау қабілетінің бұндай
бұзылыс түрлері есте сақтау және еске түсіру операцияларының ақауларын
тұдырады, бірақ мнестикалық құрылымдарының бұзылысына айналмайды,
дефектіні компенсациялау мүмкіндігі сақталады.
Белсенді мнестикалық қызмет әр психикалық жұмыс тәрізді мынадай
факторларға сүйенеді: мақсат, ниет, есте сақтау міндеттері, белгілі бағдарлама,
сәйкес мнемотехникалық заттарды таңдау, есте сақтау ұзақтығы. Дәлірек айтсақ
олар белсенді, мақсатты, саналы болады, ал кез-келген мақсатты жұмыс мидың
маңдай бөліктерінің белсенділігімен байланысты болады. Олардың массивтік
зақымдалуында ақпаратты нақты және белсенді есте сақтау ниентін тудыруға
болмайды, және те есте саұқтаудың әдіс-тәсілдерін белсенді іздестіруге
болмайды. Белсенді мнестикалық жұмыс ұсынылған материалды пассивті есте
сақтауға айналады. Жаттау стериотипті қайталау сипатында болады (есте сақтау
қисығы «үстірт» түрінде болады, бұнда қайталау есте сақталған материалдың
ұлғаюына әкелмейді). Бұндай бұзылыс «псевдоамнезия» деп аталады, өйткені
«маңдай ауруымен» ауыратын адамдарда мнестикалық процестердің біріншілік
бұзылыстары болмайды, олардың кез-келген ерікті қызметінің жалпы
ұйымдасуы зардап шегеді.
Бақылау сұрақтары.
1.Модальді – спецификалық емес естің бұзылу механизмі.
2. Модальді – спецификалық естің мінездемесі.
3. Мнестикалық қызмет ретінде ес құрылымының бұзылысы.
4. Бірінші, екінші, үшінші ми блоктарының есте сақтау процестеріндегі
рөлі.
5. Ес бұзылыстарының түрлерін атаңыз.
6. Модальді-спецификалық және модальді-спецификалық емес ес
бұзылыстарының айырмашылығы неде.
7. Естің қандай бұзылысы кезінде сананың күрделі бұзылыстары
байқалады.
8. Қандай жағдайда есту-сөйлеу есте сақтау бұзылыстары болады.
9. Амнестикалық афазияның мәні неде?
10. Есте сақтауды ұйымдастыруда гиппокамптің рөлі неде?
45
3.7. Мидың локальді зақымдануы кезіндегі қозғалыс пен қимылдың
бұзылуы.
Еркін қозғалыс пен қимыл адамның күрделі психикалық функциялардың
бірі болып келеді. Олар әр-түрлі мінез-құлық түрлерін іске асыруға көмектеседі
(ауызша және жазбаша сөйлеуге, сурет салуға, мүсіндеу және т.б.). Қазіргі
заман психологиясында қозғалыс және қимыл мәселелерімен И.М. Сеченов,
И.П. Павлов, Л.С. Выготский, А.Н.Леонтьев, А.К. Лурия айналысқан, бірақ
негізгі рөл Н.А. Бернштейн мен Анохинге тиесілі. Н.А. Бернштейнмен
ұсынылған, қозғалыс құрылымына физиологиялық көзқарас, афференттік
жүйелердің ерекшеліктерінен шығады. Олар жүйке жүйесінің әр-түрлі
деңгейлерінің жұмысымен жүзеге асырылады, олар осы деңгейлердің
әрқайсысында өзіндік сипатқа ие болып, әр-түрлі қозғалыс пен қимылдарға
себеп болады. Қозғалыстың орындалуы кезінде шешуші буын афферентті
жүйелерден эфферентті жүйелерге ауысады, олар шеткі мүшенің кеңістікте
орналасуы туралы және бұлшықет аппаратының жай-күйі туралы, «қажет
етілетін болашақ моделін» ескере отырып сигнал береді /30/. Бұл кері
афферентация жүйесі көру афферентациясын қамтиды (көру-кеңістік
координациялары), кинестетикалық белгілер жүйесін (бұлшық еттердің жалпы
тонусы, тепе-теңдік, кеңістікте орналасуы), қимыл-қозғалысты орындау және
қате жасалған іс әрекеттерді түзетуді бақылау. Афферентті белгілердің келіп-
түсуі нәтижесінде жасалған әрекеттің нәтижелерін бастапқы ниетпен
салыстыру болады (П.К. Анохин бойынша әрекет нәтижесінің акцепторы).
Сүтқоректілерің
бастапқы
даму
кезеңдерінде
афферентті
(кинестетикалық) және қозғалтқыш жасушалардан тұратын, бірыңғай
сенсомоторлық аймақ болды, бірақ біртіндеп қозғалысқа дайындық және жүзеге
асырудың бұл элементтері бөлініп кетті. Адамда қозғалысты эффрентті
ұйымдастыруды қамтамасыз ететін сенсомоторлық қыртыстың, қозғалыстың
эфферентті ұйымдасуын қамтамасыз ететін, артқы бөліктері постцентральді
аймаққа бөлінді (мидың екінші функционалды блогы). Ал қозғалысты
эффрентті ұйымдастыруға қатысатын алдыңғы моторлық және премоторлық
аймақтарда (мидың үшінші функционалдық блогы) орналасты. А.Р. Лурия
қозғалыстар мен әрекеттердің ми арқылы ұйымдасуына қатысатын қыртысты
аймақтарының нақты құрамын анықтап «қозғалғыш анализатор» ұғымына
моторлық қана емес, сенсорлық, ассоциативтік қыртыс аймақтарын да қосты.
Сондықтан қозғалысты ұйымдастырудың афференттік және эфференттік
жақтарын бөлу қажет.
Қозғалыстың афференттік ұйымдастырылуы қыртыстың постцентралдық
(тері-кинестетикалық) бөлімдерінің жұмысымен қамтамасыз етіледі, олар
орталық иірілімдердің артына қарай орналасқан және біріншілік, екіншілік
зоналардан тұрады. Біріншілік зоналарға ұсақ жасушалық құрылым (алтыншы
афферентті бөліктің басымдылығымен), соматотопиялық құрылым (төменгі
шеткі мүшелер жоғары бөліктерде, ал жоғарғылары – ортаңғыларында, ал бет,
еріндер, тіл - қарама-қарсы жарты шардың біріншілік төбе қыртысының төменгі
бөлігінде) және ұйымдастырудың функционалды принципі тән.
Постцентралды қыртыстың біріншілік бөліктерінің бұзылысында
46
мыналарды бөліп шығаруға болады:
- дененің белгілі бір сегментіндегі сезімталдықтың жоғалуы;
- афференттік парез: ауру адам дифференцияланған нәзік қимылдарды
жасай алмайды, өйткені тері-кинетикалық қимыл афферентациясы жоғалады;
- қимыл импульстері дифференциациясын жоғалтады және қажетті
бұлшық ет топторына жетпейді, сондықтан қимыл орындалмайды.
Постцентралды қыртыстың екіншілік бөлімдері біріншілік бөлімдердің
үстінен орналасып, модальді- спецификаны сақтайды, бірақ соматотопиялық
ұйымдасуын
жоғалтады,
олардың
нейрондары
барынша
кешенді
қоздырғыштарға, айтарлықтай кең таралған сезімдерге жауап береді. Олар
зақымдалса әр-түрлі апраксиялар пайда болады. Апраксиялар деп жекелеген
қарапайым қозғалыстың бұзылыстары (паралич, парез) және бұлшық еттің
тонусының күрделі бұзылыстары болмайтын қимыл-қозғалыс бұзылыстарын
түсінеміз. Бұл бұзылыс (апраксия) заттармен жасалатын еркін қозғалыстың
бұзылыстары:
-
сезімталдықтың күрделі бұзылыстары болмайды, бірақ тері-
кинетикалық сезімталдықтың кешенді түрлері зардап шегеді (бүтін құрылымда
жекелеген сезімдердің синтезі мүмкін емес);
- астериогноз (контралатеральдік қолда берілген заттарды сипап тани
алмау);
- афферентті апраксия – қозғалыстың тікелей афференттік негізі
бұзылады, керек афферентті белгілер берілмеген қол нәзік дифференциалды
қимылдарды жасай алмайды, заттың сипатына адекватты бейімделе алмайды
(«қол-күрек» симптомы);
- афферентті моторлық афазия – егер бұзылыс постцентралды қыртыстың
төменгі бөліктеріне таралса, сөйлеу аппаратының ұйымдастырылуы зардап
шегеді: керекті дыбыстың артикуляциясын жасау үшін ерін мен тілдің керекті
қимылдарын орындай алмауы.
Қыртыстың постцентральді бөлімдері үлкен жарты шарлардың қозғалыс
қыртысының біріншілік проекциялық аумақтарына модульдік әсер етеді.
Біріншілік зоналар (моторлы қыртыс) орталық иірімнің алдында орналасқан,
олар қозғалыс пирамида тәрізді жолдың басы болып табылатын,
соматотопиялық құрылымға ие, гигант Беца (бесінші эфферентті қабат)
пирамидалық клеткаларынан тұрады.
Екіншілік зоналар (премоторлық қыртыс) жеке қозғалыс импульстердің
«кинетикалық әуенге» айналуына жауапты. Қозғалыс негізінде бір-бірін
ауыстыратын импульстер тізбегі жатыр. Бастапқы кезеңде бұл тізбек
изоляцияланған импульстер сериясынан тұрады, бірақ уақыт өте олар бірігіп,
толық кинетикалық құрылымдарды немесе «кинетикалық әуендерді» құрайды
(үлкен динамикалық стериотипті автоматты түрде бірін - бірі ауыстырып
тұратын қимылды тұдыру үшін - бір импульс жеткілікті болады). Премоторлық
қыртыс соматотопиялық құрылымсыз, ұсақ перамидалардан тұрады, қозу
көбінесе үлкен ауданға таралады. Премоторлы қыртыстың төменгі бөліктері
зақымданғанда кинетикалық апраксия пайда болады, ол қозғалу актілерінің
реттік, уақытша бұзылысымен мінезделеді. Қозғалыс дағдылары бұзылып
47
(бұлшық ететтердің иннервациядан денервацияға баяу ауысу процесі зардап
шегеді), қозғалу стериотиптеінің инерттілігі пайда болып, қозғалыс
песерверациясы байқалады.
Ерікті қозғалыс пен қимыл – бұл әр түрлі деңгейлермен (құрылымдамен)
реттелетін,
әр
түрлі
афферентті
импульстермен
және
басым
афферентациялармен басқарылатын, қозғалыс актілерінің толық жиынтығы.
Қозғалыс пен қимылды бірнеше компоненттерден тұратын, күрделі
функционалды жүйе ретінде қарастырған А.Р. Лурия бөлініп алынған
компоненттерді қамтамасыз ететін, ми құрылымдарын бейнелеген:
Мидың маңдай бөліктері – тұрақты ниеттің қалыптасуын қамтамасыз
ететін, адамның саналы мінез-құлығын анықтайтын аппарат. Олар үлкен жарты
шарлар қыртысының жалпы тонусын сақтайды және реттейді, қозғалыс
бағдарламасын іске асыруын, сақталуын және орындалуын қамтамасыз етіп,
сол қозғалыстың өтуін бақылайды. Маңдай бөліктері зақымданса, қимыл
актісінің орындалу түйінінде кемістік болмайды, бірақ бағдарланған,
мақсатылықты жұмыс ыдырайды. Ретикулярлық апраксия пайда болады, оны
жобаланған бағдарлама бақылаусыз пайда болатын инертті стереотиптермен
алмастырылуынан байқауға болады, науқастар өз қателерін көрмейді, қимыл
нәтижелеріне жүргізілетін бақылауды жоғалтады.
Мидың екінші блогының үштік аумақтары қимылдың кеңістіктік
ұйымдасуына қатысады. Олар зақымданған жағдайда, кеңістікте қимылдау
құрылымы бұзылады – конструктивтік апраксия (немесе кеңістіктік апраксия)
пайда болады. Науқастар нақты кеңістіктік координаттарды қажет ететін,
қарапайым қимылдарды орындай алмайды, бірақ осы координаттарды қажет
етпейтін, күрделі қимылдарды еш қиындықсыз орындайды (мысалы, ырғақты
соғу).
Мидың үлкен жарты шарлар қыртысының постцентралды бөліктері
қозғалыстың кинестетикалық афференациясына қатысады. Қимыл аппаратынан
тек қана әрдайым түсетін кинестетикалық импульстер, буындардың қалпы мен
бұлшық еттердің жағдайы туралы сигналды тудырады, бұл эфференттік
импульстерді нақты дербестендіреді. Зақымданған жағдайда афференттік парез
бен афференттік апраксия пайда болады.
Үлкен жарты шарлар қыртысының премоторлы зоналары қозғалыс
сериясының ұйымдасуын, қозғалыс актісінің орындалып қойған бөлімдерінің
денервациясын, келесі бөлімдерге байсалды өтуін қамтамасыз етеді.
Үлкен жарты шарлар қыртысының моторлы зоналары қозғалтқыш
пирамидалы жолдың басы болып келеді және қозуды жеке бұлшық ет
талшықтарына жібереді.
Стриопаллидарлы жүйе (қыртыс асты түйіндер) бұлшық еттердің
тонусының әрдайым өзгерісін, баяу байсалды қозғалыстардың реттелуін және
дене тұрысын бір қалыпта сақталуын қамтамасыз етеді.
Сүйелді дененің алдыңғы бөлігі екі қолдың қозғалыс координациясына
жауап береді. Осылайша, еркін қимыл мен адам қозғалысы бір мезгілде мидың
әр түрлі бөлімдерімен іске асырылатын, күрделі функционалды жүйе болып
табылады, осы бөлімдердің әр қайсысы қозғалысты қалыптастыруда өз
48
үлестерін қосады. Осы бөлімдердің біреуі зақымданса, қозғалыс актісінің
қалыпты ұйымдасуы бұзылады.
Бақылау сұрақтары.
1. Қозғалыстың афферентті ұйымдасуының маңызы неде?
2. Қозғалыстың эфферентті ұйымдасуының маңызы неде?
3. Мидың қандай бөліктері «кинетикалық әуенге» жеке қозғалыс
импульстерін жіберуді қамтамасыз етеді?
4. Қарапайым қозғалыс персеверацияларының ми механизмдері.
5. Афферентті парез құбылысын бейнелеңіз, оның механизмдері қандай?
6. Қозғалысты ұйымдастыру түсінгіне Н.А.Бернштейн қандай жаңалық
енгізді?
7. Қозғалысты ұйымдастыруда мидың маңдай бөліктері қандай рөл
атқарады?
8. Қозғалыс пен қимылды ұйымдастырудың деңгейлерін атаңыз.
9. Қозғалысты ұйымдастыруда үлкен жарты шарлар қыртысының үштік
зоналары неге жауап береді?
10. Моторлы қыртыс еркін қозғалыс пен белсенді қимылдың жалғыз көз
болып табылады ма?
3.8. Мидың локальді зақымдалуындағы ойлау бұзылытары.
Ойлау
нейропсихологиясы
нейропсихологияның
аз
қарастырылған
салаларына жатады. Қазіргі заманда, психология ойлауды белгілі бір міндеттердің
орындалуына бағытталған, белсенді психикалық қызмет ретінде қарастырады.
Ойлау процесі міндет шартына байланысты алдын-ала тұспалдау, ойлау
операциясын тікелей орындау, аралық және соңғы нәтижелерді бақылау, алынған
нәтижені тапсырма міндеттерімен және болжанған нәтижемен салықтыру
кезеңдерінен тұрады. А.Р. Лурия мидың сол жақ жарты шарының (оңқайларда) әр
түрлі
бөліктерінің
зақымдалуының
нейропсихологиялық
синдромдарын
бейнелегенде, мидың самай, төбе-қарақұс, премоторлы және префронталды
бөлімдері зақымданған жағдайда интеллектуалды процесстердің бұзылысының
бірнеше түрін ажыратады.
Сол жақ самай бөлімі зақымдалса сөйлеудің дыбыстық құрамы бұзылады,
бірақ оның семантикалық жағы сақталады. Сондықтан науқастардың, сөйлеу
байланыстары немесе олардың іздеріне тіренішті қажет ететін, бірізді вербалды
операцияларды, ретінен орындалатын вербалды операцияларды орындау
қабілеттері зардап шегеді. Бірақ, Е.Д. Хромскаяның айтуы бойынша, оларда
көрнекі-бейнелік және логикалық қарым-қатынасты тікелей түсіну қабілеті
сақталады. Олар элементтердің кеңістіктік қатынасын дұрыс пайдаланады,
арифметикалық операцияларды (жазбаша), көрнекі өрістеген сюжеттегі реттілікті
табу тапсырмаларын орындай алады (сюжетті суреттер сериялары).
Мидың төбе-қарақұс бөлімдері зақымданған жағдайда элементтерді
топтастырудың кешенді синтезі зардап шегеді. Бұл жағдайда интеллектуалды
қызметтің кемістігі, кеңістіктік анализ бен синтез операциясын орындауды қажет
ететін, көрнекі-бейнелік ойлаудың бұзылуымен байланысты. Науқастарда белгілі
49
бір міндетті орындау ниеті сақталады, олар жұмыс жоспарын құрай алады, бірақ
көрнекі белгілер мен олардың кеңістіктік қатынасын бөле алмайды, мысалы,
«конструктивтік интеллект» тапсырмаларында (Коос текше пішінді ойыншығы).
Бұл тапсырмаларда үлгіден бөлінген элементтер, осы конструкция жиналатын
элементтерге сәйкес келмейді. Оған қоса, науқастарда біріншілік акалькулияның
салдарынан арифметикалық қызметті орындау қабілеттері бұзылған.
Бас минының сол жақ жарты шарының премоторлы бөлімдерінің
зақымдануы ойлау процесінің динамикасының өзгерісіне әкеліп соғады. Бұған ішкі
сөйлеу кемістігі негіз болады: сөйлеу ниетінің «өрістету» процесі және мәтіннің
мағынасын түсінуге қажетті, сөйлеу құрылымдарының «тұқырту» процесі
бұзылған. Осы екі жағдайда да, сөйлеу процестерніңі реттілігінің өзгерісі
байқалады, соның салдарынан, вербалдық-логикалық ойлаудың динамикасы
бұзылады, тұқыртылған «ойлау қызметтерінің» ыдырауы (арифметикалық,
вербалды және т.б.), интеллектуалды актілердің патологиялық инерттілігі
байқалады. Бірақ бұндай науқастардың кеңістіктік операциялар мен кеңістіктік
қатынасты бейнелейтін, логикалық-грамматикалық үйлесімді түсіну қабілеті
сақталады.
Мидың префронталдық бөлімдері зақымдалса, ителлектуалдық қызметтің
бұзылысы күрделі болады. Біріншіден, олар құрылым бұзылысының
салдарынан пайда болады: науқастарда міндет шартындағы тұспалдау кезеңі
түсіп қалады, олар кез келген қимыл- қозғалысты, бастапқа міндетке
үйлестірмей, импульсивті орындай бастайды. Екіншіден, ұғым мен логикалық
қатынаспен байланысты операциялар бұзылып, семантикалық байланыстардың
талғамдылығы зардап шегеді. Үшіншіден, маңдай науқастарына жалпы
интеллектуалдық инактивтілік тән.
Нейрон белсенділігінің зерттеу нәтижелері көрсеткендей, әр түрлі ойлау
тапсырмаларын шешу үшін, әр түрлі интеллектуалдық қызмет бірнеше қыртыс
және қыртыс асты құрылымдардың активациясымен қатар өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |