Бақылау сұрақтары.
1. Жоғары психикалық функцияның синдаромды талдауының негізгі
ережелерін қалай түсінесіз, баяндап беріңіз.
2. Нейропсихологиялық фактор деген не?
3. Бүкіл функционалдық жүйе қызметінің бұзылуының себеп салдары
неде?
4. Алғашқы ақаулар талдау мен топикалық диагноз қалай байланысты?
5. Ересек адамда қандай нейропсихологиялық факторларды анықтауға
болады?
6. Нейропсихологиялық фактор мен нейропсихологиялық синдром өзара
қалай байланысты?
7. Қыртыстың алдыңғы бөлімдерінің зақымдалуының нейропсхологиялық
синдромдары.
8. Қыртыстың артқы бөлімдерінің зақымдалуында нейропсихологиялық
синдромдардың негізгі бейнесі.
9.
Мидың терең құрылымдарыны зақымдалуына байланысты,
нейропсихологиялық синдромдардың механизмдері.
10.
Синдромды талдаудың міндеті неде?
25
II –БӨЛІМ
Мидың жарты шар аралық ассиметриясының және жарты
шар аралық әрекеттесудің қиындықтары.
Мидың жарты шар аралық ассиметриясының және жарты шар аралық
әрекеттесудің қиындықтары — жаратылыстанудфың өзекті мәселелерінің бірі
болып табылады. Функцияның латерализациясы жайындағы алғашқы
мәліметтер Гиппократ мектебіне жатады, сол кезде бастың бір жақты
жарақаттары мен контралатеральді конвульсиялар арасындағы байланыстар
байқалып, бейнеленген. XIX ғ. басына қарай мидың оң және сол жақтарының
қызметінің әр түрлілігі жайында көптеген мәлімет жиналған. МҒА –ның ми
институтынан алынған, анатомиялық ақпараттар, және шет мемлекеттердің
авторларының нәтижелері кейбір жануарлардың (егеуқұйрық, мысық, маймұл)
сильвиев сайының ұзындығы оң жақ жарты шарға қарағанда, сол жақ жарты
шарында ұзынырақ болатынын дәлелдейді. Адамда бұл ерекшеліктер анығырақ
байқалады. Осылайша, Вернике аумағы (самай бөлімінің екіншілік аумағының
жоғары бөлігі) сол жақ жарты шарда оған смметриялы аумаққа қарағанда
көлемі жағынан үштен бірге үлкен болып келеді, сол жақ жарты шардың
нейрондары (оңқайларда) оң жақ жарты шарлардың нейрондарынан ірі болады
және сол жақ жарты шарда қан тамырларының диаметрі оң жақ жарты шарға
қарағанда үлкен болады. У человека эти различия выражены более отчетливо.
Оң және сол жақ таламустың, таламустың сөйлеу қабілетімен байланысты
ядроларында, оң және сол жақ құйрықты ядроларының айырмашылықтары
жайында мәлімет бар.
Физиологиялық мәліметтер одан да сенерлік: әсер потенциалдарының
тіркелуі кезінде олар ең алдымен оң жақ жартышарда көрінеді, кейін біртіндеп
сол жақ жартышарды қамтиды. Бұл ақпаратты өндеудің әртүрлі тәсілдерімен
байланысты (оң жақ оны тұтас және бірмезгілде жүзеге асырады, ал сол жақ
аналитикалық және бірізділікпен жүзеге асырады) деген болжам бар. Сол жақ
жартышар бір тапсырманы, ал оң жақ жартышар басқа бір тапсырманы
орындаған кезде іске қосылатыны дәлелденген. Сәбилердің сөйлеу дыбыс-
тарынан пайда болған әрекет потенциалдар әдісінің көмегімен 10 баланың
9-ында сол жақ жартышарда оң жаққа қарағанда реакция амплитудасы көбірек
байқалғаны, ал сөзсіз дыбыстау кезінде (шу немесе музыкалық аккордтар) –
барлық 10 балада әрекеттің потенциалдар амплитудасы оң жақ жартышарда
жоғары болуы туралы мәліметтер алынды. Осының барлығы сол және оң жақ
жартышарлардағы ассиметрияның қалыпты жағдайға тән және әсіресе
психикалық іс-әрекет жағдайында анық көрінетінін дәлелдейді.
Клиникалық байқаулар алынған мәліметтерді дәлелдейді: сол жақ
жартышардың зақымдалуы кезінде айтарлықтай сөйлеу бұзылысы пайда болады;
оң жақ жартышардың зақымдалуы дене сұлбасының, көру аймағының, кеңістік
бағыттылығының бұзылуынан тұратын өзіндік симптомокомплекстін пайда
болуына әкеледі.
Осы барлық мәліметтер (анатомиялық, физиологиялық, клиникалық) оң және
26
сол жақ жартышарлардың құрылымымен функциялардың бірдей еместігін
дәлелдейді.
Е.Д. Хомская мидың функциональды ассиметриясының тарихын зерттей
келе, бұл теория өзінің дамуы кезінде бірнеше кезеңдерден өтті деп есептейді.
Алғашқы классикалық функциональды ассиметриялы концепцияның негізінде
оң жақ және сол жақ жартышарлардың абсолютті қарама-қарсы
функцияларының жағдайы жатыр. Сол жақ жарты шар айту және барлық
психикалық процестер бойынша толық доминатты болып есептелді, ал оң жақ
психикалық белсенділікті ұйымдастыру кезінде бағыну рөлін атқарады. Дж. Х.
Джексон бойынша доминанттылық сол жақ жарты шардың жетекші рөлі
ретінде түсіндірілді.
ХІХ ғасырдың ортасына қарай зерттеушілердің қызығушылығы сол жақ
жарты шардан оң жақ жарты шарды зерттеуге ауысты. Жаңа көрсеткіштермен
бекітілген функциональды ассиметрия теориясы «қатысты доминанттылық
концепциясы» деген атқа ие болды. Оның негізінде бұрынғыдай сол жақ және
оң жақ жарты шарлар функцияларының қарама-қарсылық идеясы жатты.
- функциональды ассиметрияға глобальды емес, парциальды сипат тән.
Моторлы асимметрияны (мануальды, пышақты, оральды, көз қозғалтқыш т.б.),
сенсорлы (көру, есту, тактильды) және психикалық (сөйлеу және басқа
психикалық функцияларды ұйымдастыру асимметриясы) асиметрияларды
ажыратады. Әртүрлі жүйелерде функционалды асимметрияның сипаты бірдей
бола бермейді;
- функционалды асимметрияның әрбір нақты түрі өзінің дәрежесімен,
айқындалу мөлшерімен ерекшеленеді. Әлсіз немесе күшті асимметрия туралы
айтуға болады;
- ересек адамда үлкен жарты шардың асимметриясына биоәлеуметтік
құрылымдар әрекетінің жемісі болып табылады. Балаларға жүргізілген
зерттеулер көрсеткендей, функциональдық мамандандырудың негіздері туа
біткен болып табылады, бірақ баланың дамуына байланысты жарты шараралық
ассиметрия мен жарты шараралық өзара байланыс тетіктерінің күрделенуі мен
жетілуі байқалады.
Жарты шараралық асиметрияның маңызды емес, бірақ зерттелген
мәселелерінің екінші аспектісі – бұл жарты шараралық өзара байланыс
мәселесі. Ұзақ уақыт бойы мидың екі жарты шары өздері өмір сүре алады және
бүйрек немесе өкпе сияқты жұп органды құрайды деп есептелді. Алайда
Роджер Уолкотт Сперридің мидың комиссурларын кесу жұмысы оң жақ және
сол жақ жарты шардың арасындағы өзара байланыстың бұзылуы кезінде
психикалық функциялардың күрделі бұзылыстары пайда болады. «Екіге
бөлінген мидың үлгісі» деген атқа ие болған мидың комиссурларын кесудің
нәтижесі симптомдар үштігімен сипатталады:
- оң жақ жартышарға баратын сенсорлы ақпараттың барлық түрлері
бойынша есеп беру қабілетінің бұзылуында байқалатын аномия;
- жазу және құрылымдаулық әрекеттің, олардың біреуін қолмен (оң
немесе сол) орындау кезіндегі бұзылысқа тән дископия –дисграфия;
- қозғалысты үйлестірудің бұзылуы.
27
Тәжірибелер мүйізгектенген денені жартылай кескен кезде симптомдар
толық көрінбейтінің көрсетті. Бұл мүйізгекті дене біртекті орган емес, оның
әртүрлі бөліктері жарты шараралық байланыстың тетіктерінде әртүрлі
қызметтерді
атқаратын
дифференциалданған
жүйені
құрайтынымен
байланысты. Мүйізгектенген дененің жекелеген бөліктерін жартылай кескен
кезде тек бір модальдықтың ғана бұзылуы пайда болады. Сонымен қатар,
мүйізгекті денені жартылай кескен кезде психикалық функциялардың
салыстырмалы түрде тез қайта қалпына келуі байқалады.
Э.Г. Симерницкаяның басшылығымен жүргізілген жұмыстар балаларда
жарты шараралық байланыстар процестері ересектерге қарағанда өзгеше жүзеге
асатынын көрсетті. Балаларда екіге бөлінген мидың синдромы байқалмайды,
себебі мүйізгектенген дене өте кеш (20жасқа қарай)жетіледі.
Психикалық әрекеттің жүйелік мінезі әртүрлі ми түзілістері мен мидың
жарты шарының жоғары психикалық функцияларын ұйымдастыруға
дифференциалды түрде қатысуында. Бір де бір жартышар қандай да бір
функция немесе әрекетке байланысты басым қарастырыла алмайды. Әрбір
жартышар өзіне тән жұмыс принципі, оның психикалық функциясын
ұйымдастыруға қосатын үлесі жағынан басым болады. Сол себептен,
психикалық үдерістердің жарты шараралық ұйымдастырылуы 2 фактордың,
яғни ми жарты шарларының функционалды асимметриясы және олардың
адамның психикалық әрекетіндегі байланыстың бірігуіне негізделген деп айтуға
болады.
Бақылау сұрақтары.
1. Мидың анатомиялық асимметриясы неден көрінеді?
2. Мидың функциональды асимметриясы неден көрінеді?
3. Неліктен оң жақ жарты шар функциясы сол жақ жартышар
функциясына қарағанда аз зерттелген?
4. Мидың функциональдық асимметриясы теориясының дамуындағы
қандай кезеңге міндетті түрдегі солақайлықты қайта үйрету идеялары тән?
5. Жартышараралық асимметрияның парциальды мінезі неге негізделген?
6. Мидың комиссуры дегеніміз не?
7. Екіге бөлінген ми синдромы деген не?
8. Балаларда жартышараралық байланыс немен ерекшеленеді?
9. Мүйізгектенген денені жартылай кескен кезде аномия қалай көрінеді?
10.
Қандай жасқа дейін жартышараралық байланыстардың құрылуы
жүреді?
28
III -БӨЛІМ
3. Негізгі нейропсихологиялық симптомдар мен синдромдар.
3.1. Сенсорлық және гностикалық көру бұзылулары.
А.Р. Лурия ұсынған ЖПҚ бұзылуына нейропсихологиялық көзқараста,
талдағыш жүйелердің түрлі деңгейлерінің зақымдануы кезінде пайда болатын
барлық симптомдарды ескеру керек. Түрлі талдағыш жүйелерінің жұмысын
меңгеру кезінде Е.Д. Хомская бұзылулардың екі түрін ерекшелейді: а)түрлі
түйсінулердің (жарық, түс түйсінулері, рең-межелігі және т.б.) бұзылуын
айқындайтын біршама-қарапайым сенсорлық бұзылулар және б) қабылдау
(нышанды, затты, сөйлеу дыбыстарын және т.с. қабылдау) түрлерінің бұзылуын
айқындайтын күрделі гностикалық бұзылулар.
Бұзылулардың бірінші түрі талдағыш жүйелер мен үлкен жарты
шарлардың бірінші аймақтары қабығының зақымдануы, екіншісі қабықтың
екінші аймақтарының зақымдануы кезінде пайда болады. Мұндай жағдайда
пайда болған гностикалық бұзылулар «агнозия» деп аталады. Оқшауланғанына
қарай зақымдар көру, есту, тактильді агнозиялар болып бөлінеді.
Көру түйсігі мен қабылдау ең алдымен көру талдағышының қызметімен
байланысты. Жаңа қабықтың шүйде бөлімдері көру талдағышының соңы болып
танылады, себебі мұнда көздің ішкі тор қабығынан келе жатқан талшықтар
аяқталады. Бұл талшықтар алдымен көру жүйесінің құрамында болады, көру
трактындағы жолын үзбей, жартылай бөліктері хиазмада қиылысады. Оған
қоса, оң жақ жарты шардың көру тракты көру алаңдарының сол жақтарынан
және сол және оң көздерден, соған сәйкес екі көздің көру алаңының оң
жақтарынан қозуды жеткізетін талшықтардан тұрады. Көру трактының
талшықтары шеке аймағының – көздің нұр шашуы (немесе Грациоле бір
будасы) ішінде желпуіш тәрізді орналасқан жаңа көру жолы басталатын жерде
және желке қабығының бірінші алаңында аяқталатын сыртқы бүгілмелі денеде
аяқталады. Көру талшығы, көру тракты және көздің нұр шашуы
соматотопикалық түрде ұйымдасқан, олардың зақымдану жағдайында көру
алаңы белгілі бөліктерінің (гемеанопсия) түсуі немесе соқыр дақ (скотома)
пайда болады.
Шүйде қабығының бірінші аймақтары үшбұрыш түрінде мидың ортаңғы
үстіңгі қабатында орналасқан. Ол мидың түбіне қарай бағытталған және өзге
бірінші аймақтармен салыстырғанда үлкен алаңды иемденеді. Сонымен қатар
олар соматотопикалық ұйымдасқан, модальді өзгешелігі бар және көру
ақпаратын қабылдау және талдау қызметін атқарады. Бұл арқылы қарапайым
көру қызметтері (көздің көргіштігі мен түсті түйсіну) қамтамасыздан-
дырылады.
Бір жартышардың шүйде қабығының бірінші аймақтарының зақымдануы
ЖПҚ жұмысына мәнді әсер бермейді. Ол көру алаңдарының бірен-саран
зақымдануларына (гемеанопсиялар немесе скотомалар) әкеледі. Олар көруді
қиындатады, бірақ көздің ішкі тор қабығының функционалды қайта
құрылуымен және көз қозғалыстарымен орнын толтырады. Ерекшелік ретінде
29
оң жартышардың (оңқайлар үшін) желке қабығының бірінші аймақтарының
зақымдануы беріледі. Бұл жағдайда науқас көру алаңдарының кемістіктеріне
мән бермейді және көру кемшіліктерін ұсынылған материалдың есебіне
жатқызып (оң жақты гемеанопсия), көз қозғалыс-тарымен орнын толтырмайды.
Шүйде қабығы бірінші аймақтарының аздаған өрескел зақымданулары кезінде
түс сезімталдығы мен фотопсия (ашық жарқылдар, ұшқындар) өзгеру түрінде
көру функцияларының бірен-саран төмендеуі байқалады.
Шүйде қабығының екінші аймақтары бірінші аймақтардың үстінен
салынған және соңғылардан құрылысы мен орындалатын функциялары
бойынша әжептәуір ажыратылады. Олар қөздің ішкі тор қабығынан жол алған
талшықтармен тікелей байланыспаған қысқа аксондары бар нейрондардан
тұрады, модальды өзгешелікті сақтайды және толық көру бейнесіне көз
тітіркенулерінің синтезін қамтамасыздандыратын бірігу функциясын атқарады.
Клиникалық
бақылаулардың
нәтижелері
шүйде
қабығының
екінші
аймақтарының зақымдануы кезінде толық көру кешендерінің қабылдау
интегралдығы бұзылады, ал бұл шынайы заттар мен бейнелерді танымау
құбылысының пайда болуына әкеледі. Шүйде қабығының екінші бөлімдерінің
зақымдануы кезіндегі көру қабылдауының мұндай бұзылуы, көру үдерістерінің
жоғары ұйымдасуының таралуы болып табылады және «көру агнозиясы» деп
аталады. Бұл терминді З. Фрейд (1891) ұсынды. Көру агнозияларының барлық
нышандары үшін қарапайым көру функцияларының (көз көргіштігі, түстерді
түйсінуі, көру алаңдары) біршама сақталып қалуы тән, алайда көру жүйесі
жұмысының гностикалық деңгейі бұзылады. Көру агнозияларын О. Зангвилл,
А. Р. Лурия, Г. JI. Тэйбер және т.б. сәтті зерттеген. Бірақ олардың зерттеулері
шүйде қабығы екінші аймақтарының зақымдануы кезіндегі бұзылулар
симптомын зерттеуге арналған, бұл бұзылулардың механизмдері қажетті
деңгейде зерттелмеген. Сондықтан көру агнозияларының қолданылатын
топтамасы науқастың нені қабылдамайтынына негізделген. Авторлардың көбі
көру гнозисі бұзылуының алты нышаның ерекше белгіледі.
Заттық агнозия — шүйде қабығының екінші аймақтары төменгі
бөліктерінің зақымдануы кезінде пайда болады. Мұндай бұзылу кезінде науқас
заттың барлық белгілерін суреттеп айта алады, бірақ бейненің мәнін түсінбейді,
затты танымайды. Заттық агнозияның мұндай өрескел нышаны сол және оң
жартышарлардың екінші аймақтарының төменгі бөлімдерінің бір уақытта
зақымдануы кезінде байқалады. Бұл жағдайда науқас заттарды көрсе де, өзін
зағип тәрізді ұстайды. Ол оларды үнемі сипап қарап біледі және есту қабілетіне
жүгінеді. Бір жақты зақымдануда бұл агнозия қиындатылған жағдайларда
айырып тану арқылы (сұлбалы, түгелдей сызып тасталған, басылған бейне)
анықталады.
Бетті агнозия (прозопагнозия) оң жартышардың шүйде қабығының
екінші аймақтарының төменгі бөлімдерінің зақымдануы кезінде пайда болады.
Науқастар адам жүздерін немесе фотосуреттерін ажырата алмайды. Бет
агнозиясының өрескел нышанында ерлер мен әйелдердің, балалар мен
ересектердің, туған-туысқандарының беттерін танымайды.
30
Әріптік агнозия сол жақ жартышардың екінші аймақтарының төменгі
бөлімдерінің, шүйде мен шеке қабығы шекарасынын (оңқайларда) зақымдануы
кезінде пайда болады. Науқастар әріптерді дұрыс көшіріп алады, бірақ оларды
танып, атай алмайды, нәтижесінде оқу дағдысы төменгі күйге түседі (алғашқы
алексия).
Оптико-кеңістіктік агнозия шүйде қабығының екінші аймақтары жоғары
бөлімдерінің зақымдануына тән және бейне объектілері мен қоршаған ортаның
кеңістіктік белгілеріндегі бағдардың бұзылуымен қосталады (сол-оң бағдар,
сурет дербестігі бұзылады, себебі бәрін жеке салады, кей кезде «сол-оң»
белгілері бар әріптерді оқыған кезде қиындықтар туындайды, мәселен «К»-
«Я»), өрескел жағдайда жоғары-төмен координаттардағы бағдар да бұзылады.
Симультанды агнозия көруді қабылдау көлемінің тарылуымен
сипатталады, науқас екі затты бір мезетте қабылдай алмайды, тек қана бейненің
жеке фрагменттерін қабылдайды. Сондықтан ол үшін шеңбердің ортасына
қарындашпен нүкте қою қиынға түседі, себебі ол не шеңберді, не қарындашты
көреді.
Түрлі-түсті агнозия кезінде науқастар түстерді ажырата алады, бірақ
заттардың қандай түске боялғанын айтпайды. Олар белгілі түстегі заттарды атай
алмайды, оларда түс туралы жинақталған ұғым жоқ, оларға оны жіктеу қиынға
түседі. Бұл түстерді категоризациялау қиындықтарымен, белгілі түс
топтарының құрылуымен байланысты.
ЖПҚ жүйелі динамикалық оқшаулау теориясына сәйкес көруді қабылдау
бірнеше компоненттен тұратын күрделі функционалды жүйені білдіреді,
олардың ұйымдасуына мидың түрлі құрылымдары қатысады.
Көрудің перцептивтік үдерістерін ұйымдастырудың мына деңгейлерін
ерекшелеуге болады:
-көру ақпаратының талдауы – шүйде қабығының бірінші бөлімдерімен
қамтамасыздандырылады;
-біртұтас көру бейнесіне көру ақпаратының синтезі шүйде қабығының
екінші бөлімдерімен жүзеге асырылады. Екінші аймақтар перцепторлық іс-
әрекеттің атқарушы бөлігін атқаратын аппартаттар болып табылады, сондықтан
олардың зақымдануы көру синтезін қиындатады, бірақ перцепторлы іс-әрекетті
бағытталған және тиянақты сипаттан айырмайды.
Науқас көру ақпараты фрагменттерінің мән-мағынасын ұғынуға
тырысады және өз кемістігін пайымдаулар арқылы өтеп алады;
- кеңістіктік көруді ұйымдастыру мидың артқы үшінші аймақтарымен
орындалады. Көруден тыс компоненттердің қосылуы (тері-кинестетикалық
түйсінулер, вестибулярлық талдағыш) көру ақпаратының кеңістікті талдауын
қамтамасыз етеді;
- перцепторлы іс-әрекетті ұйымдастыру үлкен жарты шарлар қабығының
маңдай
бөлімдерімен
қамтамасыздандырылады.
Маңдай
бөліктерінің
зақымдануы кезінде науқастар қарапайым бейнелерді, әріптерді қабылдайды
және таниды, сөздер мен сөз тізбектерін оқиды, дегенмен белсенді
перцепторлық іс-әрекет азап шегеді. Науқас жағдайды барабар бағалауды
тікелей әсер алу бағасымен алмастырады.
31
Көру қабылдау үдерісі қабық аймақтары бірегей кешенінің бірлескен
жұмысына сүйенген, әрқайсысы белсенді перцепторлық іс-әрекетті құруға өз
үлесін қосқан, күрделі функционалды жүйе болып табылады.
Бақылау сұрақтары.
1. Скотома мен гемеанопсиялардың диагностикалық белгілері неден
тұрады?
2. Көрудің қарапайым қызметтерін атаңыз.
3. Мидың анатомиялық ұйымдасуында желке қыртысы екінші
аймақтарының рөлі қандай?
4. Шүйде қыртысы екінші аймақтарының құрылысы мен қызметтерінің
ерекшеліктерің атаңыз.
5. Көру агнозияларының барлық түрлеріне не ортақ болып келеді?
6. Симультандық агнозиялардың ерекшеліктері.
7. Көрудің заттық агнозиясының симптомдары.
8. Желке қыртысы екінші аймақтарының деңгейінде функциялардың
латерализациясы қалай байқалады?
9. Көру арқылы қабылдауды ұйымдастыруда маңдай бөліктерінің үлесі
қандай?
10. Агнозияны анықтау негізіне қандай біліктілік белгілер жатады.
3.2
Сенсорлық және гностикалық есту жүйесінің бұзылыстары.
Есту жүйесінің негізіне есту анализаторының жұмысы жатады. Есту
анализаторының перифериялік бөлімі Корти мүшесінен басталады, ол ішкі
құлақтың ұлу бөлімінде орналасқан. Бұл мүшенің жеке бөліктері әртүрлі
деңгейдегі дауыс тербелісінен қозады. Қозу есту жолдарынан өтеді, ішінара
ішкі лемнискіде алмасады, ішкі буынды денеде үзіліп, самай қыртысының
бірінші аймағында бітеді. Олар Гешіл иірімдерінде орналасқан. Есту өткізгіш
жолдарының ерекшеліктері, оның соматотопикалық ұйымдасуы және әр
құлақтың қарама-қарсы жарты шардағы біреуіне толық қатыспауы.
Есту анализаторының қыртыстық шеті (самай қыртысының бірінші
аймақтары) көбінесе 6 және 4 қыртыстан тұрады, модальдік ерекшелікке ие,
есту ақпаратын қабылдау және талдау қызметін атқарады. Басқаша айтқанда,
самай қыртысының бірінші аймақтары естудің өткірлігі және үн-шәкілді
қабылдау сияқты қарапайым қызметтерді атқарады. Самай межесінің алғашқы
зоналарының біржақты зақымдануында есту қабілетінің түсіп қалуы
байқалмайды, бірақ қабылдау жағдайы қиындаған кезде есту түйсіктерінің
табалдырығы ( қарама-қарсы құлақта) жоғарылайды.
Самай қыртысының екінші аймақтары самайдың сыртқы бөлігінде
орналасқан, қысқа аксондары бар жасушалардан тұрады, модальдік ерекшелікті
сақтап, түгелдей есту бейнесіндегі есту қозуының синтезін қамтамасыз етеді.
Адамның сөйлеу тілі есту жүйесінің негізінде қалыптасады, сондықтан осы
жүйенің ішінде екі өзіндік жүйеасты бөлімдерін ажыратады. Біріншісі сөзсіз
дыбыстарды бағдарлауына (сөзсіз есту), екіншісі – сөйлеу тілі дыбыстарын есту
және анализдеуге (сөзбен есту) мүмкіндік береді.Бұл жүйеасты бөлімдерінің
32
ортақ қыртысасты механизмдері болады, бірақ олар қыртыс деңгейінде өзара
ерекшеленеді.
Нейропсихологтар зерттеулер жүргізу арқылы қыртыстың самай
бөлімінің екінші аймақтарының екі негізгі функцияларын ажыратты:
- бір мезгілдегі есту қозуы комплексінің дефференциалануы, келесі
реттегі дыбыс жоғарылығының қатынасы немесе ритмикалық есту құрылымы;
- сөйлеу дыбысының синтезі. Сөз дыбыстарын ажырату үшін оларды
фонематикалық жүйеге сәйкес белгілеу керек. Бұл функция сол жақ жарты
шардың самай бөлігі екінші аймақтарында жүзеге асады.
Самай
бөлігі
екінші
аймағының
бұзылуы
есту
қабілетінің
интегративтілігіне әкеледі. Бұзылу орнына байланысты мынадай есту
қабілетінің бұзылыстары пайда болады:
Есту агнозиясы – оң жақ және сол жақ жарты шарлардың бұзылысынан
пайда болады. Заттық дыбыстар түсінігі зардап шегеді. Ауру адам дыбыстарды
естиді, бір-бірінен ажырата алады, бірақ негізі не екенін айта алмайды. Ауру
адамдар дыбысты жоғарылығы, қарқындылығы, ұзақтығы және тембрі
бойынша ажырата алғанымен, дыбыстар оларға ештеңені де түсіндірмейді.
Сенсорлық амузия – самайдың екінші аймағы жоғары бөліктерінің оң жақ
жарты шарының бұзылуынан пайда болады. Сырқат таныс әуенді тани не есіне
түсіре алмайтындай, сондай-ақ жаңа ғана естіп отырған әуеннен ажыратып айта
алмайды. Өрескел бұзылыстарда әуенді естіген кезде ауырсыну байқалуы
мүмкін.
Аритмия – А.Р. Лурия және оның әріптестері айтқан бұзылыс. Сырқат
адам ритмикалық құрылымдарды (әртүрлі уақыт аралығын кезектестіре отырып
дыбыстарды қабылдау) дұрыс бағалап айта алмайды. Оң жақтық және сол
жақтық самай бөлігінің бұзылысынан болады.
Сөйлеу акустикалық агнозия (сенсорлық афазия) сол жақ жарты шардың
самай бөлігі екінші аймағы жоғары бөлімінің бұзылысынан пайда болады. Бұл
бұзылыста «таза есту» түсінігі сақталады, тон-шкала түспейді, бірақ сырқат
адамдар фонематикалық сөйлеу белгілерін ажырата алмайды. (дыбысталуы
ұқсас фонемаларды шатастырады: «Б-П», «Г-К»). Қатты бұзылыстарда
сөздердің орнына сөз емес шуылдарды (теңіз шуылы, жапырақ сылдыры және
т.б.) естиді.
Акустико-мнестикалық афазия (есту-сөйлеу қабілетінің бұзылуы) – сол
жақ жарты шардың самай бөлігі екінші аймағы ортаңғы бөлімінің бұзылысынан
пайда болады. Ақау сырқат адамның аз ғана дыбыстарды да есіне сақтай
алмайтынынан белгілі: «үй-орман-үстел». Қайталау кезінде бірінші сөз
ұмытылады.
Сөйлеудің интонациялық жағының бұзылысы оң жақ самай аймағының
бұзылуына байланысты. Сырқат адамдар сөз интонацияларын ажырата
алмайды. Әйел адам мен ер адамның дауыстарын әрең ажыратады. Таныс
дауыстарды тани алмайды.
Жоғары психикалық функциялар бұзылуының синдромдық талдауы
туралы ұғымдарға сүйенсек, адам миының бір бөлігінің зақымдануы
психикалық функциялардың алғашқы бұзылыстарына әкеледі. Олардың ішіне
33
ол компонентті болып кіреді. Сөйлеу естуінің бұзылуы (фонематикалық)
онымен байланысты барлық психикалық функциялардың бұзылуына әкеледі.
Бұлар екінші деңгейлік не жүйелік мінезі бар болып келеді. Олар екінші немесе
жүйелік ипатқа және «самай афазиясының синдромы» атауына ие болды. Бұл
синдром мынадай симптомдардан тұрады:
- сөйлеу түсінігінің бұзылуы. Жақын фонемаларды ажырата алмау
салдарынан ауызша сөйлеуді түсіну қиындыққа соғады. Дыбысталуы ұқсас
фонемаларды шатастыра отырып,, сырқат жекелеген сөздерді түсінбейді
(қиындай түскен кезде ана тілін шет тілі немесе сөзсіз шуыл ретінде
қабылдайды).
- заттарды атаудағы қиындық, керекті сөздерді оңайлықпен еске түсіре
алмайды. Мысалы: сырқат адам «колос» сөзін айтуға тырысса да, одан «голос»,
«хорост», «горст» болып шығады.
- экспрессивті сөйлеудің бұзылуы: фонематикалық жүйеге сүйене алмай,
сырқат адам сөйлем құрастыра алмайды, ол байланысы жоқ сөздер жиыны
болып шығады.
- жазудағы бұзылыс: сырқат адам фонемаларды ажырата алмағандықтан
және күрделі сөз құрамына талдау жасай алмағандықтан қажетті дыбыстық-
әріптік сөз құрамын таба алмайды.
- оқудың ішінара бұзылуы: автоматизмдердің сақталуында аз кездесетін
сөздерді оқудың бұзылуы.
- вербалды ойлаудың бұзылуы: сырқат адамдар есту сөйлеу есінде
операциялардың бірізділігін есте сақтай алмайды.
Бұлардың барлығы сол жақ жарты шардың самай бөлігі екінші аймағы жоғары
бөлімдерінің бұзылуынан пайда болады (оңқайларда).
Достарыңызбен бөлісу: |