ҰСТАЗ ТУРАЛЫ
Кеудемдегі Рух отын жағам да
Нұрға ұмтылам жүрегіммен, санаммен.
Ғарыштағы ең Құдыретті Адамға
Шын берілген шәкірт болып қалам мен!
14
Ақ Сарбаз Әлемі
МЕН ҰСТАЗБЕН ҚАЛАЙ ТАНЫСТЫМ
Бала кезде кітапқұмар болдым. Әдеби кітапты ғана
емес, сан-салалы ғылыми кітаптарды да, философия мен
діни кітаптарды да қызыға оқитынмын. Әсіресе ғылыми-
фантастикалық шығармаларды ерекше сүйіп оқыдым.
Фантастикалық шығарма менің қиялымды байыта түсетін.
Қазір ойлап отырсам кітапқұмарлық кезең әріп таныған 7
жасымнан 25 жасыма дейінгі өмірімді қамтыпты.
Тоқсаныншы жылдардағы студент кезде барахолкадағы
жайма базарды кезіп тек қана кітап іздедім. Рухани кітаптардың
там-тұмдап шыға бастағаны сол кез. Блаватскаяның «Тайная
доктринасы», Елена Рерих арқылы берілген «Агни иога», Д.
Андреевтің «Роза мира» кітабы, буддизм философиясы туралы
кітаптар, кришнайттардың кітаптарын сол уақытта сатып
алдым. Соңғы ақшасына темекі алатын ашқұрсақ студент
кезімізде шылым шекпейтін мен, соңғы тиынымды санап беріп
тек қана кітап жинаумен айналыстым.
Жан сусынымды қандырар әлдебір құдыретті кітапты ішкі
түйсікпен құныға іздейтінмін. Бұл өзі фанат археологтың көне
қаланың орнын қазғандай үмітті үрлеп, жігерді жанитын,
жайбарақаттықтан гөрі жанкештілікке келетін тірлік еді.
Әлі есімде. Бағыт-бағдарымды айыра алмай, қараңғыда
қарманған адам құсап «қасиетті дұғалар», «белая магия»,
«черная магия», «как раскрыть центры» дейтін кітаптарды да
жинадым.
Осындай бір кезекті кітап іздестіру үстінде қара сиқыр
туралы кітаптарды көріп тұрғам. Сенбі, жексенбі күндері
шығатын кәдуілгі барахолканың жайма базары еді. Маған
кітабын мақтап, ішіндегі дуа сөзін қалай айтуды үйретпекші
боп жатқан саудагер кенет баж етіп шегініп кетті.
‒ Я через вас получил удар! – дейді. Жалма-жан өзінше
15
Ұстаз туралы
энергетикалық қорғаныс қалқанын жасап жатыр.
– Немене? – деп жақындай түсіп едім, селк етіп тағы қашты.
Арқамдағы періште қорғаушыларым мені жын-шайтанның
арбауынан көрінбей қорғап жүргенін кейін ұқтым ғой.
Ол уақытта халықтың жағдайы мәз емес, әйел базар аңдып,
ер қазан аңдып кеткен заман ақыры менің оқуымды аяқтауға
да мұрша бермеді.
Ауылдағы үлкен анамның науқастанып қалғаны туралы
хабар келді. Махаббатын маған арнап, асырап өсірген қос
анамды тағдыр тәлкегіне тастап кете алмадым. Академиялық
демалыс алып ауылға келіп, жаңадан ашылған 9 жылдық ауыл
мектебіне сурет пәнінен мұғалім боп орналастым.
Совхоз басшылары екі кемпірді алдап-сулап ағамдікіне
көшіріп, үйімізді жаңа мектептің жан-жақтан келген
мұғалімдеріне жатақхана ретінде беріп қойыпты. Әкеден
қалған қарашаңырақты құлатпай, шашырап кеткен малды
жиып, қисайып қалған керегені қайта тіктеу керек болды.
Дәлірек айтқанда аналарымның талабы осы болды.
Үй сұрап селсоветке бардым. Селсовет үйімнің жатақхана
ретінде рәсімделіп кеткенін, енді оны қайтара алмайтынын
айтты. Соғыс ардагерінің отбасы ретінде екі кемпірге үй де
салып бере алмайтынын жеткізді. Жағдайдың қиын екенін
айта отырып:
– Азамат емессің бе ссуда алып жеке үй салып ал – деген
ұсынысын білдірді.
Қазіргінің тілімен айтқанда 25 жыл ішінде өтеу үшін 150
мың сом кредит алып үй тұрғызуға бекіндім. Өмірі кірпіш қалап
көрмеген, «черный потолок» дегеннің не екенін білмейтін,
аналарым ақсаусақ қып еркелетіп өсірген жалғыз баласы едім.
Құдайға шүкір ел-жұрттың пейілі тарыла қоймаған, ақша
ұсынсаң өкпелейтін, шөлмек құйсаң тек демейтін заман еді.
Асарлатып жүріп тас басып, бір жазда үйімді тұрғызып алдым.
Кітапқұмар жүйрік қиялымды тірлік тауқыметі тұсап, ауылдан
шыға алмай, шаруаның шоқпыт қамытына жегіліп, шабыс түгіл
желістен де қалып бара жатқанымды аңғармаппын.
Сол уақыттарды суырыпсалма ақындықтың жанданып, әр
16
Ақ Сарбаз Әлемі
жерден айтыс ақындары шыға бастаған кез. Өнерді сүйетін
көңілмен айнала ат жетер жердегі ақындармен байланыс
жасап, сыйласып жүретінмін.
Айтыс сиқыры мені де қанаттандырды. Облыстық жас
ақындар айтысына тұңғыш қатысып, бірінші орын алдым.
Осыдан соң ауылда жүрген мені бір күні облыс атынан
Көкшетаудағы республикалық ақындар айтысына жіберетін
болды.
Айлығым шайлығымнан ауыспайтын жоқшылық кез.
Көкшетауға барып қала қыдырып жүріп: «тым болмаса осы
қаланың кітап дүкенін көрейінші» деген ой келді.
Кіріп барғанда көзіме бірінші болып сөредегі көп кітап ішінен
шағын көк кітап оттай басылды. Тіпті осы дүкенге, осы қалаға
тек осы кітапты іздеп келгендей күй кештім. Бәлкім өмір бойы
мені белгісіз білімге ынтық қылып, осынша сарсытып іздетіп
келген ҰЛЫ БІЛІМ осы шығар?!
Кітап дүкенін көрсем бәрін ұмытып кіріп кетіп, сағаттап
шықпайтын қасиетімді білетін жолдастарым студент кезімде
мені кітап дүкені бар көшемен алып жүрмеуге тырысатын. Енді
міне элдорадоны енді тапқан романтик көңілмен қуанышым
шарасынан асып, тасып тебіренумен болдым.
Бұл сәттегі сезімді өмірі ұмытпаймын. Ол айтыс кезіндегі
ақындық шабыттан әлдеқайда биік-тін. Ғарыштық махаббатпен
нұрланған, пенделік күйкі тірлікке сонау биіктен күле қаратып,
ғұмырдың мәнін ашатын ерекше саф сезім еді!
Айтысты ойлау жайына қалды. Көшеде, автобуста, қонақүй-
де барлық жерде көзім осы кітапта. Оқыған сайын құныға
түсем. Ерекше жеңсік асымды енді тапқандай тамсанып,
рахаттанып қуана қорытып жатырмын.
Менің халқымның болашағы туралы батыл ойлар, желтоқсан
оқиғасының Ғарыштық мәні маған керемет жұбаныш пен
мақтаныш сезімін сыйлауда. Кітаптағы Ғарыш Заңдары
маған бұрыннан суыртпақтап жинақтай алмай жүрген асыл
қазынамды үйіп-төгіп қойныма салып бергендей күй кешірді.
Айтыста бас жүлде жеңіп алған ақын мендей қуанбайтын
шығар. Қуанышымды жұртпен бөліскім келіп барады. Санасы
17
қызыл идеологиямен осынша жыл уланып, енді рухани
бағытын қайдан іздерін білмей әрі-сәрі болған халқым мына
білімнен жұбаныш тауып, өз болашағына сеніммен қарайтын
болды ғой! деген ой кәйібімді күшейте түсетіндей.
Осы жерде өмірімде бірінші рет адамдардан тауым қатты
қайтып, маңдайым тасқа тигендей күйге түстім. Айтыста
желтоқсан туралы батыл айтып ел көзіне іліккен, өзім сырттай
жақсы көретін бір ақын аға бар еді. Риясыз көңілмен сол кісіге
жетіп барып:
– Аға, мына кітапты оқып көрдіңіз бе? – деймін.
– Иә, – ол күлімсіреп басын изеді.
– Қандай пікірі айтасыз?
– Ә, бастан ауыратын біреу жазған ғой!
Өзім сыйлайтын кісінің мына бағасы аптыққан көңілімді
су сепкендей басып тастады. Қарапайым халық «түсінбедім»
десе кешіруге болар еді. Зиялы қауым өкілінің зымиян пікіріне
қатты ренжіп қалдым. Енді ойлап отырсам содан бері де 24
жыл, бір жігіттің ғұмыры зу етіп өте шыққан екен. Мүйізі
қарағайдай мықты деген талай адамнан осы кітап туралы теріс
пікір естіп, алғашқы аптық көңілім тапталып, арманшыл аппақ
сезім датталып ешкімге сыр ақтарғым келмейтін томырыққа
айналып кеткенімді өзім де аңғармаппын.
«Жә, адам қабылдамаса Алла бар емес пе, ниетім халыққа
түсініксіз болса да Хаққа аян шығар?!» деймін де алдағы
ажалыма қарай жалғызлікті қиял дүниемді арқалап жылжи
беремін, жылжи беремін. Бір күні талқаным таусылып, тозған
тәнімді тастап шығатыным, таты жоқ әппақ арманым мен
мөлдір қиялым көтеріп биік дүниелерге баратыным, бәлкім
сонда, сол жерде мені түсініп тең дәрежеде сұхбаттасар біреу-
міреудің кездесу мүмкіндігі жаныма жалғыз демеу.
Жә, оны қойшы. Айтыс өтті. Кейін қайту керек. Алайда менің
Рухани Ұстазды іздеу сапарым осы жерден басталғалы тұр еді.
Кейін қайтатын билетті өткізіп, Алматыға дейін билет алдым
да «тәуекел» деп пойызбен тартып кеттім. Сөмкемде шапан,
қолымда жалаң домбыра... Ал, жүрегімде «Ақ Сарбаз» кітабы.
Авторы псевдониммен берілген, үшінші жақтан жазылған
Ұстаз туралы
18
Ақ Сарбаз Әлемі
бұл ғажап кітап авторын тауып, маған осынша әсер еткен
Ақ Сарбаздың кім екенін анықтауым керек! Айтыс жүлдесі
ретінде бір шелек су сиятындай ауыр дәу құмыра да бар еді.
Абырой болғанда айтыстан шығып қонақүйге жеткенше пакеті
сөгіліп қирап қалды. Сөйтіп бір жүктен құтылғаныма қуандым.
Алматыға келдім. Курстас дос ‒ жас отбасы, Бекжанның
пәтеріндемін. Кешікпей кейін қайтар билетті де алып қойғам.
Адамның іш пікірін іреңінен танитын сұңғыла досым менің
ниетімді түсініп құптағаны болмаса, дәп мен сияқты алып-
ұшып тұрмағаны байқалады. Содан салып ұрып кітап басылып
шыққан «Жазушы» баспасының редакциясына бардым.
Кітап редакторы Рая Аросланова деген апай екен. Айтпақшы
редакцияға бармас бұрын көшеден бастан-аяқ ақ киінген
Сары әулиенің плакатын көріп: «менің іздегенім осы кісі емес
пе екен?» деген ой келді. Плакатта бүгінгі қабылдайтын күні
мен адресі көрсетілген екен. «Көрейінші» деген оймен әуелі
Сары әулиенің қабылдауына кірдім. Кірсем бір бөлмеде ылғи
науқас кісілер отыр екен. Сау басыма сақина тілегендей болып
мен де күтіп отырмын. Бір мезгілде ақ сәлделі, ақ шапанды
қою қасты жігіт кіріп келіп «халқына арнап» емге кірісті.
Сезімтал біреулер трансқа түсіп құлай бастады. Оң қолыммен
қойнымдағы кітапты қыса ұстап мен отырмын тыпыршып.
«Мынау сіз туралы жазылған ба?» деген сауал тісімнен шығып
кеткелі шақ тұр. Абырой болғанда «әулие» менің тұсыма
келмеді. Егер келіп сол сұрақты еститін болса беті бүлк етпей:
«иә, халқым, бұл мен туралы жазылған!» деп мені өзінің
адал мүриті етіп алар ма еді қайтер еді. Өйткені КазМУ-де
жүрген студент кезде экстрасенс дегеннің талайын көргенмін.
Көрші оқу корпусындағы академик Ильюшиннің кафедрасына
алақанындағы биотогын тексертіп арнайы құжат алу үшін
экстрасенс пен халық емшілерінің түр-түрі келіп жататын.
Олардың кейбіреуін сырттай бақылап бесконтактный массажды
қалай жасайтынын үйреніп те алғанмын. Қара базардан осы
туралы талай кітаптарды да тапқанмын. Бас сақинасын бес
минут ішінде алып тастайтын аздаған тәжірибем де бар еді.
Сол кезде одаққа атағы шыққан экстрасенс емші, суретші,
19
ақын Джуна Давиташвили кумирім болатұғын.
Қойшы, сонымен әулиеден әсер ала алмай, кітабымды
қойныма қысқан күйі «Жазушы» баспасының табалдырығында,
кітап редакторы Рая Аросланованың алдында тұрмын.
‒ Мына кітапты сіздер шығарған екенсіздер...
‒ Иә, бізден шықты.
‒ Авторын көріп, сөйлессем деп едім.
‒ Кітап авторы ешкіммен сөйлеспейді, кездесуге бармайды.
Қанат байлап қанша жерден ұшып жеткенде қарекетім
босқа кете ме деген ойдан зәрем ұшып кетті. Жалынуға көштім.
‒ Өтінемін көмектесіңіз! Батыстан, 3 мың шақырым жерден
арнайы осы кітап авторын көргелі келіп едім.
Редактор бетіме бажайлап қарап алды. Ниетімнің оң-терісін
білгісі келгені анық. Жүзім шынымен аянышты көрінсе керек:
‒ Жарайды коридорға шыға тұрыңыз. Авторға сөйлесіп сіз
туралы айтайын. Рұқсат берсе сөйлесесіз – деді.
Коридорға шығып автордың келісімін Құдайдан тілеп
тұрмын. Бір мезгілде Рая апай шығып қолыма тілдей қағаз
ұстатты:
‒ Автор сізбен сөйлесуге келісті. Мынау үй телефонына
звондарсыз!
Рахметімді айтып, қуанышым қойныма симай көшеге
шықтым. Қалтафонның заманы емес. Көшедегі телефон
автоматқа тиын салып сөйлеспек боламын. Телефон не бос
емес, не ешкім көтермейді. Осылай үш күн босқа кетті. Ертең
пойызға отыратын күн. Үмітім үзілуге таялды. Соңғы рет бір
қоңырау шалып көрейінші деп көше телефонын тауып алып
соғып едім, тұтқаны көтерді.
‒ Алло, сіз «Ақ Сарбаз» кітабының авторы боласыз ба?
‒ Иә, менмін – дейді аржағынан салмақты қоңыр дауыс.
‒ Сіздің телефонды баспадан алып едім... Сізбен жолығуға
бола ма?
‒ Болады. Тастақты білесің бе?
‒ Жоқ білмеймін.
‒ Такси ұстасаң апарады. Мен сені Брусиловский мен ....
көшесі қиылысында күтемін.
Ұстаз туралы
20
Ақ Сарбаз Әлемі
‒ Бопты – деп жүгіріп такси ұстап, тартып кеттім. «Көше
қиылысының төрт бұрышында да адамдар болса, қалай
ажыратамын?» деген ой мазалайды. Қиылысқа жақындап
қалдық. Кенет көше қиылысында тұрған кісілер ішінен бір ақ
көйлек-шалбар киген жігіт ағасы көзіме жылыұшырай кетті.
Қаптаған көліктердің арасынан машина ішінде келе жатқан
мені алыстан танып ол да қолын көтеріп белгі берді. Құдды
бір күнде көріп жүрген таныс машинасы мен таныс адамына
амандасып тұрғандай.
‒ Ана кісінің жанына тоқта! – дедім таксистке.
Мен Ұстазбен осылай табыстым.
* * *
Ол кезде кришнайттардың іліміне ден қойып: «бойыма
империл жиналып энергетикалық каналдарымды бітеп
тастайды» деп ет жемей жүрген шағым еді. Үлкен анам 90
жаста о дүниелік болып, 70-ке таялған кіші анаммен тұрып
жатқанмын. Жылы-жұмсақтың бәрін менің аузыма тосатын
мейірбан апам маған еті бар тамақ жегізе алмай пұшайман
болатын. Тіпті, тартқан еттен жасалған түшпараны, бекіренің
бел кеспесінен қуырып берген тәтті тағамды жемей,
картошкасын ғана теріп жеп қылдым ғой қылықтыны.
‒ Мынауың қазақ дәстүр емес қой! ‒ деп кейитін апам.
Ақыры Құдай мені өз халқыма, өз дәстүріме қайтып әкелетін
Ұлы Ұстазды жолықтырды. Ол былай болды. Мені таксиден
күтіп алған адам жылы шыраймен амандасты да бірден үйіне
бастап апарды. Кәдуілгі шатырлы үйдің ауласында қамыстан
салынған шағын сарайда тұрады екен. Сарайдың бір жартысы
монша көрінеді. Автордың бөлмесі өте қарапайым, тіпті жұпыны
десе болғандай. Кіреберісте газплита мен тоңазытқыш.
Қасында әрі кетсе үш кісі сиятын тамақ ішетін шағын үстел. Оң
жақта пештің ошағы мен қолжуғыш. Барлығына екі аттап жетіп
баратындай ұядай жер. Төргі бөлме осыдан сәл ғана үлкендеу.
Ол жерде көне шифонер мен кітаптар тұрған үлкен стол. Сол
жақ бұрышта телевизор, оған қарсы оң жақ қабырғада кереует
21
орналасқан. Бөлменің ені сол кереуеттің ұзындығымен бірдей
көрінді. Кереует жанындағы ағаш креслода отырмын. Үй
иесі кереуетке жайғасты. Сұрақтарым көп-ақ еді. Қапелімде
ұмытып, қайсысын сұрарымды білмей қапылудамын. Менің
түпкі ойым, кітапта айтылған, адамзат қанша ғасырлар бойы
аңсап күткен Ғарыш Сарбазын көру болатын! Буддистер оны
«Кали Юганың (темір ғасыры) аяғында Ғарыштан сегіз артық
қасиеті бар Майтрейя келеді» деп болжаса, христиандар ажда-
һаны өлтіріп жатқан архангел Михайл түрінде бейнелейтін.
Мұсылмандардың аңызында жер астына түсіп кеткен, қазіреті
Ғалидың ұлы Мәді түрінде суреттелетін. Ең қызығы бұрынғы
қарттардан қалған: «Ақырзаман болғанда көктен Ғайса түседі,
жерден Мәді шығады. Мәді Тажалмен айқасып, Ғайсаның
көмегімен Тажалды жеңеді. Екеуінің басып кеткен жері тегіс
қирайды. Ақырзаман міне осы» деген аңыз еді. Ақылға салып
барласа үш кейіпкердің есімдері – Майтрейя, Мәкәйл, Мәді –
бір адамға келетіндей. Мына кітапта осы аңызды растағандай
«Ақ Сарбаз – Құтқарушының таңдаулы Шәкірті» деп жазылған.
Әуелі ата-текті сұрасатын дәстүрмен:
‒ Аға, қай ел боласыз? – деп сұрадым.
‒ Наймандарға Төре боламын – деп жауап қатты. Бұл бергі
жағын айтқаны екен. Аржағы аты мәшһүр Шыңғысхан, бержағы
атышулы Абылай. Өзі Абылайдың алтыншы, Шыңғысханның
жиырма төртінші ұрпағы көрінеді.
Енді күманым қалмады. Ақ Сарбаз туралы үшінші жақтан
жазып отырған автор да, бас кейіпкер де өзі болып шықты!
Ағам әңгіме арасында тұрып үстел жасады. Мен келеді деп
салып кеткен ас кешікпей пісіп мені дастарханға шақырды.
Бұрын қонаққа барғанда еттен басқаның бәрін там-тұмдап жеп,
вегетарианец екенімді сездірмей кетуші едім. Бұл жолы олай
ете алмайтын түрім бар. Өйткені дастархандағы табақшада
таза еттен басқа тағам көрінбейді. Не наны, болмаса күріші,
не картобы жоқ. Сасайын дедім.
‒ Ас алсайшы ‒ дейді ағам
‒ Аға, мен ет жемейтін едім ‒ деймін қысылып.
‒ Ет жемейтін қазақ бола ма екен? ‒ деп күледі.
Ұстаз туралы
22
Ақ Сарбаз Әлемі
Дастарханнан үлкен емеспін. Адам сыйлағанның құлы.
Алыстан келді деп ас салып, табақ тартып отырғанда
бәлсінгенім жарамас – деп еттің шетінен алып аузыма салдым.
Ойпырмай, дәмі тіл үйіреді! «Екі жыл бойы мынандай дәмдіден
бас тартып қалай жүргенмін?» – деген ой жылт еткендей
болды. Содан не керек екі жыл ет жемей жүрген мен таза етке
тыңқиып тойып алдым. Содан бастап ет жеп кеттім ғой...
Әңгімеміз салт-дәстүрге ауысты. Ол кезде Порфирий
Ивановтың әдісімен қыстағы 40 градус аязда үстіме мұздай су
құятын да өнерім бар болатын.
Ұстаз ақырындап әңгімелеп отыр. Фактілері сұмдық. Тура
дәл қазір маған көрінбейтін бір папкадан оқып отырғандай.
Порфирийдің педофилдік күнәмен түрмеге отырғанын,
денесіне салқын су құю арқылы организмінің резервін сарқып,
ақырында рактан өлгенін, және оның ең берілген шәкірттерінің
де рактан өлетінін әңгімеледі.
‒ Адам қайтыс болып, о дүниеге барғанда емтиханды өз
ұлтының тілінде тапсырады ‒ деді Ұстаз. Ол жерде ең әуелі
салт-дәстүрін қалай ұстанғаны сынға түседі. Егер адам өз
ұлтының тілін білмесе, ән-жыры мен биін білмесе, салт-дәстүрін
менсінбей өзге ұлттың тілінде сөйлеп соның салтын ұстанса ол
ұлттық карманы орындамаған адам ретінде жазаға тартылады.
Келесі қайта туғанда ол өткен өмірінде өзі еліктеген халықтың
ең пақырының отбасында дүниеге келіп, өмір игілігін игеруді
нөлден бастауға мәжбүр болады...
|