Ақ Сарбаз Әлемі. indd



Pdf көрінісі
бет4/109
Дата19.01.2023
өлшемі3,4 Mb.
#61959
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   109
Байланысты:
Ақ Сарбаз Әлемі

АҚ САРБАЗБЕН СҰХБАТ
«Ақ Сарбаз» кітабы осыдан екі жыл бұрын жарық көрсе де 
ол туралы дұрыс пікір, орынды бағалау баспасөзде әлі көріне 
қойған жоқ.
Өз ұлтының тағдырын, болашағын ойлаған қазақ баласы 
үшін «Ақ Сарбаз» сүйікті кітапқа айналары хақ. Біз осы орайда 
Ғарыш Сарбазымен жүздесіп, жұртшылықты автордың кейбір 
пікірлерімен тереңірек таныстыра кетуді жөн көрдік.
Эволюция айналымы осы ғасыр басына көптеген рухани 
жолдарды дүниеге әкелді, – деп бастады әңгімесін Ақ Сарбаз.
Блаватскаяның ілімі, Ауробинао, Кришнамурти және 
Рерихтар дамытқан білім алтыншы сатыға дайындық болып 
табылады. Ал, Хатха Иога немесе шығыс жекпе-жегінің 
хайуанға еліктейтін кейбір түрлері – адамзат өтіп кеткен 
төртінші баспалдақтың әбден шіріген тұйығы. Олар осы 
ғасырдың аяғына дейін ұзарып, адамдарды өз қармағына 
тартып келді. Қазір бұл жолды ұстанғандар арасында ақылы 
ауысып жатқандар көп. Мұны алтыншы принциптің жүзеге 
асып, эволюция айналымының жедел қозғалысқа келуінен 
деп ұғу керек.
Алтыншы саты адамдары әлі дүниеге келмей тұрған кезде 
айналым болған жоқ. Тұйықтар өсе түсті. Бұл ағын суды әр 
жерінен бөгеп шіріткенмен бірдей еді. Бірақ, алтыншы сатының 
рухани тасқыны керексіз тосқауылдарды өзі-ақ бұзып өтеді.
– Бесінші сатының тұйығы неге алып келеді?
– Экологиялық апаттар, ақылдың компьютерге құл болуы 
– міне, Бесінші Сатыдан айрылғысы келмейтіндердің шегер 
зардаптары осылар.
– Бақсы-балгерлердің көбеюі неліктен?
– Бүгінде Алматыда Ақ Сарбаздың атын жамылып, халыққа 
көрінуші алдамшылар көбейіп келеді. Олардың мақсаты – 
Мақалалар мен сұхбат


10
Ақ Сарбаз Әлемі
алдап, халық қалтасына түсу.
Ұрлық – Түнек Күшінің негізгі кәсібі. Алдамшы мен ұрының 
жолы – инволюциялық жол. Олар өздерін саналы түрде кері 
лақтырушылар. Рухани білім ешқашан ақшаға сатылған емес. 
Оны сатушылар – «қой терісін жамылған қасқырлар». Қазіргі 
экстрасенстер, түрлі көріпкелдердің көпшілігі халыққа ақша 
үшін қызмет көрсетіп жүр. Алтыншы Саты адамына ешқандай 
бөтен дін ұстану, иога жолына түсу шарт емес.
Материалды қабаттың құлдығынан құтылып, денеге Рух 
үстемдігін орнату үшін қазақтың ежелгі әдеп-ғұрпын ұстанса 
жетіп жатыр.
– Қазіргі жастардың арақ пен нашаға үйір болуы туралы не 
айтасыз?
– Арақ – ұлттық намыстың уы. Америка үндістерінің жеңілмес 
қайсар рухын ағылшындар арақ күшімен ғана бағындыра алды. 
Бүгінгі қазақ елі орыс арағын пайдалану арқылы қанындағы 
өрлік, өжеттік, тектілікті әлсіретті.
Қазақ баласының ана тілін білмеуі – күллі Ғалам алдында 
ауыр қылмыс. Арақ ішкен қазақ – ұлтын сатқан қазақ. Ол 
атамыздың асы емес. Қазақ рухы, қазақ намысы әлі де болса 
уды жеңіп шығады. Ата салтын ұстаңдар. Ата салтының 
астарында Ғарыш Заңы бар. Осы арқылы Ғарышқа Рух 
үстемдігіне шығасыңдар.
– Қазақ тілі туралы не айтар едіңіз?
– Жер шарының барша халқын Тәңірі тоқыған әдемі 
кілеммен салыстыруға болады. Әр халықтың өз тілін сақтауы 
– кілемнің өрнегін сақтау деген сөз.
Коммунизм идеясы, интернационализм дегеніміз сайтандық 
пиғылдың Тәңірге, Ғарыш заңына қарсы тұруы. Мен 
интернационализмді – интернацизм деп атаймын.
Коммунистердің идеясы – барлық әлем халқын бір ұлтқа, 
бір тілге бейімдеу. Бұл Тәңірі тоқыған кілемнің түрін кетіріп, 
қып-қызыл ету деген сөз. Тілін ұмытқан адам жан жетістігінің 
бәрін жоғалтады. Ондай жанды дамудың төртінші сатысына да 
жатқызуға болмайды.
Құранда айтылған қиямет-қайым немесе Жер тұрғындары-


11
ның Ғарыш Соты алдында жауап берер сәті жақындап келеді. 
Емтихан кезінде әр ұлт адамы өз тілінде жауап беруге тиіс. 
Ғарыш Заңы соны талап етеді.
Ұлттық Карманы орындау – халқыңның тілін, ділін, салт-
дәстүрін білу деген сөз. Бұлай болмаған жағдайда қылмыскерді 
ауыр жол күтеді.
Қазақ халқын сатқан адам – Құдайды сатқан адам. Құдайға 
керек емес Жан өзінің барлық жеткен деңгейінен айрылып, 
дамуды бірінші сатыдан қайта бастауға мәжбүр болады. Ғарыш 
Заңы – әділ заң.
– Жерұйыққа көшу қалай жүзеге асады?
– Көшу – қазақ үшін таңсық емес. Ол біздің ата жолымыз. 
Ал, Жерұйық секілді Ғарыш түкпіріндегі планетаға көшу үлкен 
жауапкершілікті талап етеді. Сынға түскен мың жанұяның жүз 
шақтысы ғана өтуге мүмкіндік алады.
– Жерұйыққа қабылданудың шарттары қандай?
– Ең алдымен ата жолын жетік білу. Қазақ халқының 
ғасырлар бойы қалыптасқан көшпенді өмірін, салт-дәстүрін, 
заңдарын терең түсінген, Ата Заңын бұлжытпай орындауға 
ант берген адам сыннан өтеді.
Ғарыш Заңын бұзбау үшін әр жанұяда еңбектеген баладан 
еңкейген кәріге дейін болуы шарт. Талшыбықты кесінді 
түрінде әкеп өзге жерге өсіру мүмкін емес қой. Тамырымен 
қазып әкеліп отырғызған көшет қана өркендеп, жеміс беруге 
жарайды.
Қазақ салтын жетік үйреніп, Жерұйыққа өтуге рұқсат алған 
жеке адамдар, өзге ұлт өкілдері ғұрыпқа сай, көшетін жанұяға 
мүше болып кіре алады. Жерұйық планетасындағы ұшы-
қиырсыз жасыл жайлау, оны көше отырып айналып шығу – 
Ғарыштың жеті Эволюциялық Сатысын аяқтап, ұшы-қиырсыз 
ЖиҺанға шығу болып табылады.
– Сонда Жерұйық үшін жердегі өркениетті елдердің өмір 
салты қажетсіз болғаны ма?
– Мүлде қажетсіз. Алтыншы саты адамдарының табиғатты 
бүлдіруіне болмайды. Жерді тесіп, көмір шығару, зауыттар 
салып ауаны ластау немесе Құдайларға арнап храмдар 
Мақалалар мен сұхбат


12
Ақ Сарбаз Әлемі
тұрғызудың керегі не? Осы денемен ұшуды үйренесіңдер. Осы 
денеде Ғарышпен байланысқа түсесіңдер.
«Арпа ішінде бір бидай» деген қазақ мәтелінің астарына 
үңіліп көріңізші. Бидай – алтыншы сатының адамы. Оны өз 
алдына құнарлы жерге апарып егетін уақыт жетті.
Біз Ғарышты апаттан сақтап, ЖиҺан төрінен еліне Жерұйық 
алып берген Батыр Ағаға жақсы жол тіледік.
Сұхбатты жүргізген: Ж.Әбілпеисов 1996 жыл. Алматы.


13
Ұстаз туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет