А. Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Н. Бекбулатова, А. Б. Тулегенова, Б. Ш. Хансултанованың іс-тәжірибесінен Орал – 2021 жыл «Мақала жазып үйрену»



бет15/26
Дата16.09.2023
өлшемі145,4 Kb.
#108152
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26
25. Мақала түрлері

  1. Мақала - коғамдық-әлеуметтік мәселелер туралы жазылған публицистикалық жанрдағы шығарма. Мақала 4 түрге бөлінеді:

    1. Бас мақала заманымыздың негізгі бағытын, үкіметтің алға қойған саяси, шаруашылық, мәдени міндеттерді түсіндіріп, іске бағыт береді;

    2. Проблемалық мақала шешуді, тексеруді, зерттеуді қажет ететін теориялық және практикалық мәселелерді көтереді;

    3. Насихаттық мақала ғылым, техника, өнер жаңалықтары заман талабына сай бүгінгі өмірдің практикалық міндеттерімен байланыстырып отырады;

    4. Публицистикалық мақала қоғамдық-әлеуметтік және саяси маңызы зор оқиғалар мен құбылыстарды, дәуір тынысын көтеріңкі үнмен, көркем тілмен баяндайды.


26. Көркем‑әдеби мақала жазу ерекшелігі.
Әдеби эссе жазуды меңгеру үшін, ең алдымен, әдеби эссе құрылымын білу
маңызды. Эссе құрылымы қандай болады? Нені ескеру керек?
1. Кіріспе. Бұл бөлімді үш не төрт сөйлеммен ашуға болады. Алғашқы сөйлемнен-ақ оқырманды баурап алуға тырысу керек. Тақырыптың өзектілігін алға тарту маңызды.
2. Негізгі бөлім. Бұл бөлім кемінде үш азат жолдан тұрып, үш пікірмен ашылғаны дұрыс. Әр пікір кіріспеде көрсетілген мақсатты ашуға жұмыс жасауы керек. Әр азат жол бес-алты сөйлемнен тұрса да болады. Бірінші, екінші сөйлемде негізгі мәселе туралы ақпарат беріледі. Ал үшінші, төртінші сөйлемде осы мәліметке қатысты ой орын алады. Одан кейінгі сөйлемдерде жалпы ойды қорытындылау керек.
3. Қорытынды. Басты ескеретін мәселе – жаңа ой жазудан аулақ болу. Мұнда
бастапқы көзқарасыңа қайта оралып, оны басқа сөйлеммен жеткізуге тырысу керек. Сонымен қатар негізгі бөлімнің әр азат жолының түйінін топтап жазып барып, жалпы қорытынды сөйлеммен аяқтаған дұрыс.
27. Кейіпкерге хат, көпшілікке хат түріндегі мақала.
Хат -деп белгілі субъектінің екінші біреуге, бірлестікке, қоғамға, мекемеге арнап жазған жеке туындысын айтамыз.Хaт жазу барысында нақты тұрақталған үлгісі болмаса да, белгілі бір жазу мәнері бар. Хат бірінші жақтан баяндалады. Нақтылы адресант( хатты жазушы) пен адресаттың ( хат жолдаушы) болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет