23. Мақала жазуда ең басты, ең маңызды қадамдар Таңдалған тақырыпты зерттеңіз.Негіздерін біліңіз. Жазғалы жатқан мақалаңыздың жалпы сипатын ойластырыңыз. Бұл арқылы көп тақырыптың ішінде адаспай, айтқыңыз келген ойды жинақтауға мүмкіндік болады.
Мұнда назар аударарлық бір мәселе – сіз тапқан ақпарат негізсіз, өтірік я толық емес болып шығуы мүмкін. Сондықтан іздеуді жалғастыра түсіңіз.
Сенімді ақпарат көздеріне жүгініңіз. Талқыланатын тақырыптың оң да, теріс те көзқарастарын жинақтап, оларды салмақтау арқылы сіз бұл салада маман бола аласыз.
Көлемін анықтап алыңыз. Жазбаны қай басылымға беретініңізге байланысты сөз санын, қанша парақ жазатыныңызды ойластырып алыңыз. Тақырыпты аша түсу үшін қаншалықты көп жазуыңыз керектігін анықтаңыз.
Мақаланың жоспары.Жазу алдында оның неден басталып, қалай аяқталатынын, негізгі бөлімде қандай мәселе айтылатынын белгілеп алыңыз. Егер жоспар құратын болсаңыз, мақаланың қай бөлімінде композициялық қате барын, қай бөліміндегі деректі толықтыру керектігін біле алатын боласыз.
Жазу стиліне, құрылымына уақыт бөліңіз. Мәселен, мақала мазмұны балалар туралы болса, онда архаизм, термин сөздер қосудың реті жоқ. Ал ғылыми мақалада ақпаратты ауызекі сөзбен жеткізе алмайсыз. Бұл үшін аудиторияның жасы мен көңіл-күйіне назар аударыңыз.
24. Ғылыми мақала жазуға баулудың жолдары Академиялық жазудың басты мақсатының бірі –оқушыларды ғылыми мақала жазуға баулу. Ғылыми мақала жазу – оңай емес, ол өзіне жазуға дейінгі ойлау элементтерін қосатын, тілден тыс жатқан логикалық құбылыстармен де байланысы бар күрделі үдеріс. Ғылыми мақала жазу тек сауатты жаза білумен шектелмейді, ең әуелі ол ойлау дағдысын, сондай-ақ жазу барысындағы біліктілікті игеруден көрінеді және жазудан кейінгі атқарылатын жұмыстарды да жетік меңгеру қажет. Осылай еткенде ғана ғылыми мақала жазуды ұйымдастырудың басты тетіктері мейлінше кең көрініс таппақ, үйрету әдістемесі де неғұрлым толыққанды болмақ.
Ғылыми мақала жазуды санада белгілі бір тақырып жайында ойды қорытуға қабілеті бар жеке тұлға ғана іске асыра алады. Мақалада оқушыларды ғылыми мақала жазуға баулудың кейбір жолдары қарастырылады. Автор осы орайда үш мәселеге тоқталады: 1) Жазуға дейінгі дағдылар; 2) Жазу кезіндегі дағдылар; 3) Жазудан кейінгі дағдылар. Бұлар мақала жазу барысында студенттің жазу біліктілігін арттыратын негізгі тәсілдер болып саналады және әрқайсысына сипаттама берілген.