Ақан Сері, Ақжігіт Қорамсаұлы


Ақанның елдің қоныстан айырылуына наразылық білдірген азаматтық лирикалары мен сықақ өлеңдері



бет17/19
Дата07.01.2022
өлшемі106,46 Kb.
#19444
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Ақанның елдің қоныстан айырылуына наразылық білдірген азаматтық лирикалары мен сықақ өлеңдері

Ақан серінің жер-судан айырылуына наразылық білдірген азаматтық лирикалары мен сықақ өлеңдері өткірілігімен ерекшеленеді.

Қазақ баласының жасыл жібек жайлауларынан, шүйгінді қоныстарынан, сулы-нулы жерлерінен айрылып қалғанын Ақанның сезімтал жүрегі өткір де терең түсінеді. Ол отарлық езгіге қарсылық көрсетіп, өлеңдерімен қарғыс оғын жаудырады.

 Қоныс жоқ жан-жағыңнан тарылмаған,



Патша отыр, жұтамын деп, бір əбжылан.

 Қазаққа айдап салды шенеунігін,



Соқамен қазақ жерін жырымдаған, — деп ашына сөйлейді.

Əсіресе ақынды XX ғасырдың басындағы Столыпиннің жер реформасы қатты ойландырады. Ол қазақ жерін орыс переселендерінен сақтап қалу үшін көп еңбек атқарған. Осы уақытта Ақан сері жайында мына дерекке назар аударуға болады: «1906 жылы көшіп келетін шаруаларға жер өлшеп кесіп беру үшін жоғарғы жақтан келген Еличев, Мельников деген екі инженерді Ақан ауылы Қараталға атпен алып бардым, біз Баялы байдың үйіне түстік, кешікпей Ақан да келді. Көркем, орта бойлы, қызыл шырайлы адам екен, басына құндыз бөрік киген, жібек шапанның сыртына жібек белбеу буынған. Ақан екі инженерге өзінің атамекен жерінен көшірмеуді, басқа жерге орналастыру керектігін айтты».

Бұдан байқайтынымыз, қарт ақынның ата қонысының жайын ойлап тыныштық таппай жүргендігі. Осы жылдары сері ел ішінде патшаның сойылын соғып жүрген əкім-болыстарға сықақ өлеңдер көп жазады. Ақанның «Нұртазаға», «Шойырмаққа», «Шар таласы», «Парашыл оязной»,

«Шалабай болысқа», «Бір болысқа», т.б. өлеңдері қазақ арасындағы отаршылар орнатқан болыстық билікті сынауға арналады. Болыстардың отарлаушыларға қосыла қанауы, қараулық іс-əрекеттері, екіжүзділіктері, жалтақ мінездері, қулық-сұмдықтары таразыға тартылады. Онсыз да бірлігі бұзылып, тірлігі кеміп жатқан қазақ елінің берекесін кетіріп, лаң салып жатқандарынан толық мəлімет береді .

 Көкшетау дуанында сайлау болды...

Шаймұрат, Шернияздай екі мырза

Жұртына би қой деген байлау болды...

Немесе


Шалабай, болыс болдың малды айдап,

Соғыстың досыңменен алақайлап.

 Столыпин ылаңы тұсында елдің жер-судан, қоныстан айрылуына наразылық білдіргенін ақынның азаматтық сарындағы əндерінен айқын байқаймыз. Ол туралы Қазақстанның еңбек сіңірген мəдениет қызметкері Н.Оразбек былайша жазады: «Мен Ақанның басқа өлең, толғауларын былай қойып, бір ғана патшалық Ресей отаршылдығы туралы бірнеше өлеңін «Патша өкіметі туралы» деген ортақ атаумен ұсынып отырмын. Ол өлеңдер Сəкен Сейфуллин құрастырған жинақтан алынды. Олар Ақан серінің 1935 жылдан кейінгі жинақтарына енгізілмеген. Тек Кəкімбек Салықов ағамыз құрастырып, 2008 жылы жарық көрген жинаққа ғана кірген»:



... Патша алыс, жете алмаймыз Петерборға,

Жəне де сегіз санат алыс қия...

Мал өсірген халықпыз, егін екпей,

Аз жерге сия алмаймыз сызғандай-ақ.

Шеттен келген төрелер порым қылған,

Қазақ жайын білмейді жалғыз қарап.

Петербордан шапқатты санат келсе

Патшадан жарлық алып, құдай қалап,

Қазақ үшін қайғырып жылар еді,

Ол мейірбан ел болса, ұялмай-ақ.

«Қойдан қоңыр не қылған халық ед!..» деп,

Көз жасын, қайтар еді, тия алмай-ақ...

 Барабар крестианға тең болмадық,



Тартылып қай жараға ем болмадық?

Малымыз, жерімізден пайда тиіп,

Қалайша патшамызға дəм болмадық?

Орыс, ноғай, сарт, сауан саудагерге

Қалайша малмен, жермен тең болмадық?..

Сексен бес жыл болыпты бодандыққа,

Кайырсыз патшамызға ел болмадық.

Құр мен қоян секілді алуға оңай,

Қай жұртқа аңқаулықпен жем болмадық?..

Қазақ малы азайса халқың азар,

Қалайша бай көпестер дүкен жасар?

Патшалық дүкендердің бірі кемір,

.......................................

 Тасыған қазақ көзі бұлақтай боп,



Соятын крестианға ылақтай боп.

Патшаның сүйікті ұлы келгеннен соң,

Шетке шығып қалдық қой брактай боп...

Қор болып крестианның табанында

Қалайша күн көреміз дəурен кешіп?

Темір айыр, ақ балта қолдарында,

Тілге келмей ұрады өңмеңдесіп.

Іштен келген тоңмойын, надан халық

Бұл жұртты ойран қылмай ма төбелесіп!

Осы күйде мағұлұм сұрасаңыз,

Талай жанның тастап жүр басын кесіп.

Қасиетті ата-баба зияратын,

Үстіне егін салды жайлап есіп,

Тірі түгіл өлінің көрін алып,

Былайша іс қылады ерегісіп.

Қай Дума, кəмəсие болсадағы

Бұған зəкүн сұраймыз төрелесіп.

Жетпіс екі миллетте жол бар ма екен,

Сүйекті, дінді қорлауға тепкілесіп?

Құдайдан кітап келген халық болса,

Іс қылмас айуандарша көрді тесіп.

Русия патшасының низамында,

Мұндай іске Інжілде зəкүн нешік?

Бұларға патша низам білдірмеп пе?

Надандықпен қыла ма гуілдесіп?

Бір орыстың тимейді моласына

Қазаққа əдейі қыла ма дүрілдесіп?

Қазақтың халқынан да крестианға

Ит баласы қадырлы бір көк күшік.

Жыртқыш айуан мінезді халықпенен,

Қалайша отыр дейсіздер біргелесіп?

Қалайша күнін көрсін қазақ байғұс,

Күнде сот, күнде бунт боп илесіп?..

Сөзімнің дəлеліне салсаң назар,

Қазақ малы кемісе, бəрі кемір.

Ірбіт, Мəскеу, Мəкерже — күллі базар

. Сиыр, қой, жылқы қылы, май, терісі,

Пəбрик те асыл пұлды жүннен тозар.

Шолақ мəстек, қу бөшке крестиан

Қазақтың байлығына болмас ажар.

Сендер үшін қазақ малы азайды деп,

Пəбриктер крестианның шашын күзер.

Зияраттың тақтайларын ұрлап алып,

Айуанша қараңғыда қазып мазар,

Үстіне егін шықса қырқып алып,

Аузына не тигенін итше қажар.

Біз солдат патшаға бердік дейді

, Омырауға салады өңкей ожар.

Қай жауды əскер беріп мұқатыпты,

Соғыста солдаттары жүреді азар.

Күллі халық қасыбы қазақпенен

Қисап неге қылмайды думашылар?

Пайдасы крестианнан кейін бе екен,

Қазақтың қайран малы көлге жүзер!

Əскерге де ат керек, тамақ керек,

Данышпандар қисапты қылса сезер.

Жер, суын, баққан малын алдыңыз да,

Қазақтан бұл уақытта болдың безер.

Дариға, дертті заман келгеннен соң,

Қаламда жөн қалмайды тізгін тежер!..

Бостаншылық берсе егер басымызға

Патшамыз мархамат қып ризаласып,

Бетімізбен біз де өлмес күнін көріп, Т

ынышты жай іздер едік арып-ашып.

«Құрметті» крестианға жер кеңісін,

Орнымызды сол алсын əһілесіп.

Өлтірсе құн, сатылсақ пұлымыз жоқ,

Қор елді не қыласыз «құрметтесіп.

Осы «Патша өкілеті туралы» атты толғаудың соңғы шумақтары мынадай:

 Мархамат патшамыздан ала алмадық

Иə Бұқар кетеміз бе, иə Түркия?

Ородниктің (урядник) астында қалғаныңша,

Тіршілікте іздеңіз исламия,

Бір үш кез жер тимейді өлгеніңде,

Бұ не кеп, бұ не қасірет қамкіния!

 Қонысынан айрылған елдің мұң-мұқтажын Ақан сері халық атынан айтады. Мемлекеттік екінші думаға шағынады. Əділдік, үміт күтеді. Қазақтың ел тағдырын ойламай бейқам, қарекетсіз жайбарақат жатқанына өкініш білдіреді.

Ақанның сындары тек болыстар үстемдігін ғана əшкерелеуге арналмайды. Ол өмірде кездесетін жұғымсыздықтардың бəрін де болғызбауға тырысып, адамгершілікті жақтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет