Ақан Сері, Ақжігіт Қорамсаұлы


Ақанның терең ойлылығын танытатын нақылдар, дидактикалық тұспалдар



бет18/19
Дата07.01.2022
өлшемі106,46 Kb.
#19444
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Ақан сері қаз

Ақанның терең ойлылығын танытатын нақылдар, дидактикалық тұспалдар

Ақанның халықтық шешендікті жіті игерген əрбір сөзі ұстамды нақыл, өнегелі өрнекті, адамгершілік дидактикаға толы келеді. Ол өмірден түйген тəжірибелерін қорытып, асыл ойларын жинақтап, өзіндік нақылға айналдырған. Түйінді озық пікірлер ұсынып отырған. Ал мына бір сөздерін тұнып жатқан философия демеу қиын («Адамның біліміне ақыл серік» деген шығармасы):

 Адамның біліміне ақыл серік,

Ақыл кен таусылмайтын жанға көрік.

Мидан шыққан сөзіңе тіл себепкер,

Қалай айтып сөйлесең өзіңде ерік.

Денеге аяқ басшы, ой жетекші,

Рақат таппақ адамзат көзбен көріп.

Жақсы менен жаманды сезбек үшін

Біздерге қойған жоқ па мұрын беріп?

Жаман, жақсы əр сөзді естіген соң,

Бəрі дағы тұрады құлаққа еніп.

 Ақынның «Ұзатылайын деп жатқан қызға», «Көңіл сыры», «Əйелдер сипаты»; 321,323], «Достарыма», «Жігіттерге», т.б. өлеңдері тұнып тұрған ақыл-нақылдар:



Адамға мал мен мансап жолдас емес,

Байлықпен шайқап төгіп, ішсең үріп.

Қазына басқан байлық арылғанда

Алғандай қолдың кірін сумен жуып...

* * *

Жиырма бестен артық жас бар ма,

Ұйқыдан жаман қас бар ма?

Еріншектен жаман нас бар ма.

* * *

Ер пайдасы тиеді сасқан жерде.

Ел жаңылып етегін басқан жерде.

Дəулетің барда досың толып жатыр,

Тауық көп тары, бидай шашқан жерде.

* * *

Аққудың астығы жоқ шайнағанмен,

Құр тілдің пайдасы жоқ сайрағанмен.

Көнбейді жаман адам ынтымаққа,

Жүрмейді шошқа жөнге айдағанмен.

* * *

Алтынды қорлағанмен жез болмайды,

Жібекті жуғанменен бөз болмайды.

Мысалы əр нəрсенің бəрі сондай,

Жаманның көкейінде көз болмайды.

* * *

Зат білер зат қадірін замандардан,

Жақсыны дұрыс болмас жамандаған.

Жаманға қадір білмес бір сөз айтсаң,

Тырысып болмас іске табандаған.

* * *

Адасып жаман бала қалар жолда,

Үлгімен ата жолын қуа алмаса.

Қараны көрінбеген болжау қиын,

Белеске биік-биік шыға алмаса.

* * *

Көкқұтан мойнын созып қаз болмайды,

Шын болат жасығанмен жез болмайды.

Ит үреді жақсыға, жаманға да,

Сары алтын қалыбынан қозғалмайды.

* * *

Шірімес алтын жерде жатқанменен,

Оқ жетпес ажалсызға атқанменен,

Жалқауға сөз, жаманға таяқ өтпес,

Тас жібімес дарияға батқанменен.

* * *

Жақсыға дəулет бітсе бақ айналар.

Жаманға дəулет бітсе əуайланар.

Басына ер жігіттің бір іс түссе,

Арасы қас пен достың абайланар.

* * *

Пасықтың пиғылы лас — қараңғылық,

Артылып сол қалпынан мəз болмайды.

Жамандар жауда жəрдем бермек түгіл,

Тар жерде басын бақса аз болмайды.

* * *

Көңілі соқыр наданнан шықпас көсем.

* * *

Аққуды қарға қылар көре алмаған.

 Көбелек өлім іздеп отқа түсер.



* * *



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет