Ақан Сері, Ақжігіт Қорамсаұлы



бет15/19
Дата07.01.2022
өлшемі106,46 Kb.
#19444
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Айтарым Жанайдардан етіп дастан деп жүріп кетіпті. 

 Өз ренішін ашық айтқан Ақан үйден шығып кетеді. Іле-шала Мейрам қажы да үйден шығып, оған «үйге кір ат-шапан айыбым бар» деп баласының қателігін мойындапты. Сонда Ақан ат үстінде тұрып:

 Қажеке, адам едің асыл аға.

Атаққа дақ салады, ақымақ бала.

Сіз бердіңіз жүз сомды мен алмаймын.

Жүргем жоқ аймақтарға айып сала, —

Шыңғыстың атқұмар баласы Жақып төре Ақан ауылына келгіштеп, Құлагерді сұрай беріпті. Ол мазалап болмаған соң Ақан сері: «Ақындықпен Орынбайдың даңқы шықты. Аға сұлтандықпен əкеңнің даңқы шықты. Жүйріктікпен Құлагердің даңқы шықты. Осы сөздерімді əкеңе барып сынатшы, содан кейін Құлагерді ала бер», — депті.

Қуанып кеткен Жақып əкесіне келіп Ақанның сөздерін жеткізеді. Сонда Шыңғыс төре: «Ой, ақымақ балам-ай! Ақанның Құлагері мал да болса, аға сұлтан əкеңмен пара-пар, ақын Орынбаймен пара-пар деген сөз емес пе? Біреу əкеңді сұраса берер ме едің?» — депті.

Осыдан кейін Жақып төре Ақан ауылына жолауды қойыпты.

Бір күні Ақан сері жолаушылап жүріп, Нұрила деген жеңгесінің үйіне қонады. Сонда Нұрила жеңгесі серіні қызға жібермей, есікті тас бекітіп қояды. Содан Ақан:

 Нұрила, мен қайтейін бөстегіңді,



Жалғанда ғашық болған төстегіңді.

Əншейін, көңілім ауып келіп едім,

Есікке дайындапсың кескегіңді.

Ойласам, ойдан, сірə, қалар емес

Кешегі қыздар қонған кештегіңді.

 Таудағы ақ киіктің таңын қорғап,



Қыранның ілетұғын аңын қорғап

. Отырған қапастағы тоты құстың

Өміріне өң беретін қанын қорғап,

Ішіне құрт-майыңды салушы ма ең,

Бір келген жолаушының қабын қорғап, — деп, сайрап қоя береді.

Бірде Ақанның жолдасы: «Сері, мынау «Сарыала» мені ренжітіп тұр. Бұрын қасқырдың иісін сезіп аңсырайтын осы сұм, бүгін көкжалдың қарасын көре тұра бармады. Таңмын, таңмын, бұған не болды екен?» — деп таңырқанады. Сонда Ақан сері:



  • Е, мынау саған арыз айтып тұр ғой, естімейсің бе? — дейді.

  • Нендей?

 Бұрынғыдай денемде ет қалмады,

Мойында күш, аяқта еп қалмады.

Көженің қоюы да қалмаған соң

Қасқырға менде қарар бет қалмады, —

 деп тазының бабы жетіспей тұрғанын əзілмен жеткізген екен

Ақанның Оспан деген досы Серінің науқастанып жатқанын естиді де, көңілін сұрамаққа əдейілеп жолға шығады. Оның қасына сол ауылдан Мұқаметжан деген кісі ереді. Кезінде оның Ақанға тіл тигізген қиянаты болса керек, кешірім сұрап қалайын деген мақсатпен шығады ол. Олар келсе Ақанның науқасы қатты, қасында екі шал күзетіп отыр екен. Бұларды көрген Cері қасындағыларға ымдап, «басымды көтер» деген белгі береді. Сонда Ақан бойына күш жиып:

«Қалайсың, қыраным, асылым?» — деп отырған Оспанға бір, одан кейінірек тізе бүккен Мұқаметжанға бір қарап алады да, оларды иегімен нұсқап:



Мынау келген Оспан ғой,

Оны Ақанға жасынан

Тағдыр дос қып қосқан ғой.

Əрқашан да ол маған

Ақ ниетін тосқан ғой.

Арғы отырған дұшпан ғой,

Оспан келе жатқан соң,

Қолтығына қысқан ғой, — дейді.

Мұқаметжан бұғып, шөккендей болып қалды. Сонда Ақан ентігіп отырып: «Тіл тигізген қиянатың бар еді, соныңа кешірім сұрағалы келіп отырсың ғой, Мұқаметжан, кештім», — дейді де, жымиып қана күледі. Мұндайда ол қарқылдап тұрып күледі екен, бірақ оған шамасы келмепті»

Ақан серінің «Сараң əйелдің еріне» деген өлеңінде əйел затының қонақ күте білмейтін сараңдығы сыналады. Бірақ арнау еріне қарата айтылған:

 Қуарыңқы тартыпты сақал-мұртың,



Жеңгейдің ұнатпадым ниет-құлқын.

Тұрмысың, тұрпатыңның бəрі жақсы,

Кім еді түсіндірші қайын-жұртың? —  дейді.

Мұндай ниеті мен пиғылы төмен əйелді қайдан тапқансың дегендей ой танытады. «Кім еді түсіндірші қайын-жұртың» деп сараң əйелдің шыққан тегіне назар аударады. Қонақты дұрыс қарсы алмау əдепсіздік, көргенсіздік саналады. Жоғарыдағы өлең жолдары пейілі тар сараң əйелге де, оның еріне де берілген мінездеме деуге болады. Себебі, арыдан келе жатқан дəстүрлік əдепті бұзуға болмайды. Ақын ойын тағы жалғастырады:

 Бұл жеңгейді жақсылап бағу керек,

Шырағын жұрттан асыра жағу керек.

Мейманға сараңдығын қоймас болса,

Азуын алты қарыс қағу керек, —  деп, бекер қағытып отырған жоқ. Қонаққа сараңдық көрсету ата-баба салтына қайшы келеді. Мұны əрбір адам білуге тиіс. Қонақты дұрыс қабылдамау халықтың жақсы қасиетін сыйламау болып табылады. «Халқымыз ежелден ақкөңіл, қонақжай, меймандос ел болған. Меймандостық бейбітшіліктің символы іспеттес. Көшпенді ата-бабаларымыз қашан да бейбітшілікті аңсаған. Өз бетімен ешкімге ұрынбаған .

Ақынның «Сараң мырзаға» атты арнауы да пейілі тар, қолы қатты адамға арналған. Бірде Ақан сапар шегіп, жолжөнекей Жақып төренің үйіне түседі. Жақып шықбермес Шығайбайдай сараң екен. Ол Ақан серіге көтерем тоқты сойып береді. Ас пісіп, алдына келгенде, көтерем тоқтының етін көрген ақын мына өлеңді сойылған тоқтының сөзі етіп суырып салған екен:

 Жаңа май жан денеме шашып едім.

Көк шыққан соң көзімді ашып едім.

Тамыз бен шілдеде сойылғанда,

Ауызға алмайтындай жасық едім.

Не бетіммен ілбиіп көрінем деп,

 Меймандардан қорғалап қашып едім.



Жақып мырза бір қиял бастап алдың,

Үш жүз қойдан əдейі қастап алдың.

Қорғалап талдан талға қашсам дағы,

Босатпай жұлдыз туа ұстап алдың.

Өзіне берілген қонақасыға разы болмаған ақын мырзаны əзіл-шынын араластыра шымбайына батыра шенейді. Осы үйге келгеніне өкініш білдіреді. Абзал ақын түйінді сөзін байға былай деп тікелей айтады:

 Жануардың енесі имеді ме?

Емшектен аузына сүт тимеді ме?

Қойшысы əлде мұны бақпады ма?

 Иесі əлде сауып қақтады ма?



Ыңғайлы қонақ бұрын келмеген соң,

Мен келер деп əдейі сақтады ма?

 Сөзден жеңілген Жақып төре Серіге қайтадан семіз қой сояды. Сонымен Ақан сері Қорамсаұлының арнау өлеңдері көбіне белгілі бір адамдарға қарата айтылған сын-сықақ түрінде болып келеді. Ақын өз дəуіріндегі қоғамдық ортаның қыр-сырына үңіліп, кейбір кереғар өмір шындығын көркемдік шындыққа айналдырып отырған. Адам бойындағы кем-кетікті бетіне айту үшін сын-сықақты күрес құралына айналдырған. Халық мүддесін қорғап, əділдікті жақтаған. Қандай жағдайда да адам адамдық қалып-қасиетті сақтау керек деп тұжырымдаған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет