Ақан Сері, Ақжігіт Қорамсаұлы


Көңіл айту Ақан əндерінің бұрын-соңды терең зерттелмеген бір қыры



бет16/19
Дата07.01.2022
өлшемі106,46 Kb.
#19444
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Ақан сері қаз

Көңіл айту Ақан əндерінің бұрын-соңды терең зерттелмеген бір қыры

Əр халықтың өмір-тұрмысы, əдет-салтынан туындап жататын «Сүйінші», «Шілдехана», «Тойбастар», «Жар-жар», «Беташар», «Бесік жыры» сияқты халықтың шат-шадыманды қуанышты кездері мен «Қоштасу», «Естірту», «Жұбату», «Жоқтау», «Көңіл айту» тəрізді қайғылы мұңды хал- ахуалдарын күйттейтін жыр үлгілері болады.

«Өмір бар жерде өлім бар». Демек, басы бар нəрсенің аяғы да болмақ. Адам баласының ең қымбаты өмір болса, өмірден кету — ең ауыр сəт. Ақырғы сапар жолында адам қиын да жауапты, абыройлы кезеңді басынан кешпек. Бұл ақ өлімге, ер өліміне, топырақты өлімге соқтыруы тиіс. Өлімнің де абыройлы, абыройсызы болған, бар да. Сұраусыз өлім де болады. Ал қазақ халқы өлімнің де жөнелуін нысанада ұстаған. «Өлместі Құдай жаратпайды, сынбасты, тозбасты ұста соқпайды»,

«Тумақ — хақ, өлмек — хақ» дейтін қазақ халқы өлімнен қорықпаған. Жасы келген қарт, сырқат адам, бой жазудағы азамат кейінгілермен арыздасып, бақұлдасады.

Адам дүниеден өтер жолында естірту, жылау, жұбату, тоқтау айту, қоштасу, көңіл айту, жоқтау, кейіннен еске алу, бата оқу рəсімдері болады. Кісі қайтқаннан кейін азалау күні (кей өңірлерде үші, жүзі өткізіледі), «жетісі», «қырқы», «жылы», «асы» өткізіледі. Марқұм отбасынан шалғайда немесе ұзақ жолда қайтыс болған болса қайғылы хабарды жанашыр адамдары туыстарына естіртеді.

«Естірту», «Көңіл айту», «Жұбатудың» көбінесе көпшілік болып жинала барып айтылатыны тұрмыста белгілі дəстүр. Сонда сөзді көпшілік ортасынан жасы үлкендерге бастатады. Немесе термелеп, пернелеп сөйлейтін ақын, жыршыларға, сөз білетіндерге жол береді. Сол қарияның, яки ақынның, айтқаны өзге көпшіліктің сөзі болып шығады [23].

Кісі дүние салғанда оны естірту, жоқтау, жұбату бəрі-бəрі белгілі бір əуенмен, əнмен айтылған.

Оған көп мысал боларлық мұралар сақталған. Сол мысалдың бірі Шоқанның қазасына байланысты.

1865 жылы дарынды ғалым Шоқан Уəлиханов Алтынемелде Тезек төренің үйінде қайтыс болады. Сырымбеттегі егілген ел өз ортасынан Жаулыбай есімді көсем қартты, Тулақ, Қанқожалардай қобызшыларды, Ақан серідей гауһар сөзді əншіні шығарып, Шыңғыс төренің үйіне келеді. Қабағы түскен елдің мына түрінен секем алған сұңғыла ойлы Шыңғыс төре:


  • Қаңқожа, бір күй тартшы, — дейді дір-дір етіп. Қанқожа қобызы ботасы өлген іңген боп боздайды.

  • Жоқ, басқа бір күй тарт! — дейді Шыңғыс төре басын шайқап. Қаңқожа қобызы енді жоқтау созған əйел боп уһілейді.

  • Тоқта, Қанқожа! Қобызды сен ал, Тулақ! — деп Шыңғыс төре дегбірден айырылады.

Тулақтың қобызы ə дегеннен ішін тарта өксіп-өксіп қалғанда Шыңғыс төре іштей түйіліп, бар сұмдықты сезіп:

  • Ə, дүние, Шоқанымнан айырылдым ба? — дейді дымы құрып, — соны естіртіп отырсың ғой, Жаулыбай!

Сол шақта Ақан сері көкіректі қарсы айырған азалы толғаумен: «Шыңғыстың сүйер ұлы Шоқан еді, Империя, патша жұртын тамам көрді. Өнері жұрттан асқан жігіт еді, Құдайым сапар жолда қаза терді», — деп сарната жөнеліп, көңіл айтады.

Дін оқуына терең Ақан сері жалғанның пəнилігін, ғұмырдың қас-қағым сəт екендігін, пешенеге не жазылса соны көру, тағдырдың салуы, дəм-тұздың бітуі Алланың ісі, жазмыштан озмыш жоқ деп, тəуба сөзімен келтіреді. Сабырға шақырып, орны толмас қайғыға душар болған Шыңғыс төренің есін жиғызады .

Сері ғұлама Шоқанды Көкшенің биігіне, теңіздегі кемеге теңейді. «40 темірдің қылауы қосқан өнерпаз» деп бағалайды .

Аза тұтып отырған Шыңғыс төре бір жолы Ақан серіні шақыртып алып:

– Серім, менің халім мынау... Шүкір, тəуба дегізіп, əл бердің, Алла разы болсын саған. Менің Шоқаным қайтқалы бері қасымнан бір елі кетпеген Сəлімгерей де (заты — Жауар Қарауыл) жалғызынан айрылып, шерменде боп қалды ғой. Көп күн бопты, нəр сызбай, күйік тартып, о дүниені тілеп, жан баласына тіл қатпай, теріс қарап жатып алыпты. Мен тұрайын енді, серім. Мені Сəлімгерейге апар, көңіл айтайын. Менің сөзімді өзің айт, серім! — дейді.

Сонда Ақан сері мұңды, əм өткір мақаммен тірі өлік боп жатқан Сəлімгерейге былай деп көңіл айтады:

 Дейсіз бе, бұл дүниеде өлмеген бар,

Алланың құдіретіне көнбеген бар,

Алладан қаза, тағдыр келген шақта,

Ата-ана, туыстарын көрмеген бар.

 Қазақта Шорман ұлы, аты Мұса,



Бір жігіт сондай болар бақыт қонса.

Омбының қаласында тағдыр жетті,

Не қиын бір Аллаға сондай қылса.

 Қанжығалы Меңдекей Шəңке болған –



Ішінде Орта жүздің даңқы болған.

Қызылжар қаласыңда Төкеш қайтты

, Бұл дағы жақсылардың арты болған.

 Шыңғыстың сүйген ұлы Шоқан еді,



Қазақтың ең бірінші ғалымы еді.

Үстінде ұзақ жолдың тағдыр жетті,

Жазуы бір Алланың солай еді.

Сөзімнің осы айтқан жалғаны жоқ,

Дүниеде өлмей, сірə, қаларың жоқ.

Басқа жастық, аузына сусын берген.

Үйінде қайтқан жанның арманы жоқ.

 Қанаты бүтін сұңқар жоқ қайырылмаған,



Тұяғы бүтін тұлпар жоқ майырылмаған.

Алладан қаза, тағдыр келген шақта,

Кімдерден кімдер жылап айырылмаған.

 Ей, өлімнен үлкен жау бар ма,



Бұдан қалған сау бар ма,

Бұлсыз береді, құнсыз алады,

Аллаға айтар дау бар ма?!

 Жаны жаралы Сəлімгерей сартап боп сарғайған қалпы үндемей жата береді. Оның шері Ақан сері жүрегінен енді мүлде басқа бір зат күйін шығарып, ол «тəуба... шүкір» дегізуге жан сала əрекет қылады, удай ащы əуезбен:



Қуаныш ренішпен жұбай дейді,

Шаттығы бола бермес ұдай дейді.

Пəлеме риза, қазама сабыр қылмаса,

Бір Алла қаһарланып былай дейді:

«Қолыңа мылтық алып атшы дейді

, Болмаса қылыш алып шапшы дейді,

Менен басқа құдайды тапшы дейді…».

Олай болса құдайды атпақ қайда,

Қолыңа қылыш алып шаппақ қайда,

Жер, көктен шығып кетіп, кəпір болып,

Мұнан басқа құдайды таппақ қайда?! Көтер,

Көтер басыңды! — деп жоқтайды.

 «Иə, Алла! Иə, тəуба... шүкір... шүкір, жалғызымызды мен ғана емес, ел жоқтайды екен. Тəуба... Тəуба!» — деп Сəлімгерей байғұс Ақан серінің үкілі домбырасын сүйеді. Басын көтереді. Өзіне-өзі келеді....

Ақан серінің көңіл айтудағы бай қиялы, соған орай əуенді түрлендіріп, сөз əсерін күшейте түсуі ағыл-тегіл импровизациясының шексіз мүмкіндігін танытады. Оны Ақан серінің Науан хазіретке көңіл айтуынан байқауға болады:

 Мен мұны жек көрмеймін бір себептен,



Сүйікті жан өткен жоқ Мұхаммедтен.

Алланың өзі сүйген достысына,

Əбужəһил-Мүшрек қастық еткен.

Екі жиһан шырағын қорлаймын деп,

Ақыры солар-дағы не боп кеткен?

Болар деп артқы жағы сол секілді,

Сүйініш қып қуанам Хазіреттен.

Жүз қабат Имам ағзамға қамшы соғып,

Зынданға Мансұр патша хүкім еткен.

Кемеден Жүніс пайғамбар жығылғанда

Қырық күн балық қарынын мекен еткен.

Ферғауын қанша əскермен қамағанда,

Мұсаға Ніл дариясы жол боп кеткен.

Намұрут Ибраһимді отқа атқанда,

От оған Гүлстан боп құрмет еткен.

Он екі жыл зынданда Жүсіп жатып,

Құданың құдіретіне шүкір еткен.

Сол Жүсіп ақырында қандай болды?

Мысырға патша болып хүкім еткен.

Алты жыл Əюбті құрт шаққанда,

«Нағм-үл ғабдү» атанып сабыр еткен.

Рəхима бір бұрымын нанға сатып,

Атпастай ақырында қалды дауға.

Ақырында Рəхима қандай болды,

«Сабыр түбі сары алтын» шыдағанға.

Хазірет қайғы боп тұр Атығайға,

Тимей тұр Қарауылдан ешбір пайда.

Адамын бұл заманның не қыласың,

«Дінге бұрып бермеген ықыласын».

Атығай, Қарауыл мен Керей, Уақ,

Жоқтамай жатыр əлі ел ағасын.

Дүние жарық емес күн болмаса,

Қадір жоқ күнде өткен түн болмаса.

Əлібек пен Бекең мырза...

Солар-дағы болмады-ау тым болмаса.

Кезінде Науан хазірет (1843–1916) Көкшетауда мешіт, медресе жəне оның жанынан балалар жататын арнайы орын (интернат) ашқан. Медреседе еңбек пен оқуды сол кездің өзінде ұштастыра жүргізеді, ауыл-ауылдан оқу үшін келген шəкірттер малдың жаз шөбін шапса, қыста оны күтіп өз күнкөрістерін өздері көреді. Мұнда діни оқумен қатар жаратылыстану сабақтары, шығыс əдебиеті жəне қазақ ақындары мен жырауларының еңбектері, математика, орыс тілі, тіпті əн-күй дəрістеріне дейін оқытылды. Оның шəкірттерінің ішінде Ақан сері мен белгілі дін жəне қоғам қайраткері Ш.Қосшығұлов та болды. Араб тілін өзбек Інгəм қари, орыс тілін қазақша судай білетін, социал- демократ Петр Гарлышев деген кісі оқытқан. Науан хазірет араб, парсы, орыс тілдерін жақсы меңгергендіктен, шəкірттерін шығыс пен батыстың ғұлама ғалымдарының, əдебиет, мəдениет салаларының еңбектеріне сусындатып отырған .

Көңіл айту — бұл Ақан сері əндерінің бұрын-сонды байқалмаған, зерттелмеген, əлі де мұқият ізденістерге меңзейтін бір қыры екендігін сездіретін қызықты құбылыс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет