Түйіндеме Колумбаева Ш.Ж. – п.ғ.к., Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры
Болашақ мұғалімнің кəсіби өзін-өзі тануын қалыптастырудың шарттары мен факторлары Мақаладаболашақ мұғалімнің кəсіби өзін-өзі тануын қалыптастырудың шарттары мен факторлары қарасты-
рылады. Эмоционалды интеллект - педагог іс-əрекетінің табыстылығының негізгі факторларының бірі ретінде
анықталады. Тек табысты мұғалім қазіргі білім беру міндеттерін шешуге қабілетті екені көрсетеді. Кəсіби
ұстаздың жетістігі оның шеберлік деңгейінен жəне кəсіби өзін - өзі тану, өзін жəне оқушыларды дамыту
қажеттіліктерінен, оның ойлау тəсілдеріне тəуелді екені анықталған. Мұғалімнің іс-əрекетінің табыстылығының
шарты - өзгерістің қажеттілігі, өзінің ішкі əлемін түрлендіру мен кəсіби дамудың жаңа мүмкіндіктерін іздеу
қажеттілігін түсіну болып табылады.
Түйін сөздер: табыстылық, кəсіби өзін-өзі тану, эмоционалдық интеллект, табыс факторлары, кəсіби жетілу.