Түйіндеме Алметов Н.Ш. – п.ғ.д., доцентМ.Əуезов атындағы ОҚМУ «Жалпы педагогика жəне музыкалық білім»
кафедрасының профессоры. n_almetov@mail.ru
Бримкулова А.Д. – п.ғ.м.Қазақтың спорт жəне туризм академиясы «Дене шынықтыру жəне спорттың
теориялық негіздері» кафедрасының аға оқытушысы, paton-cimon@mail.ru
Магистратурадағы педагогика курсынының мазмұны: жобалауға функционалдық тұрғыдан келу Мақалада магистратураның ғылыми-педагогикалық бағытындағы педагогика курсының мазмұнын жобалау
мəселесі қарастырылады. Авторлар магистратурада білім беру мазмұнын жобалауға əртүрлі əдіснамалық тұрғы-
лар болған жағдайда, жоғары мектеп педагогикасы курсының мазмұнын құрастыруға басымдық тұрғылардың
бірі функционалдық тұрғы болуы қажет деген тұжырымды басшылыққа алған. Магистратурада «Педагогика»
курсы мазмұнын жобалауға функционалдық тұрғыдан келудің негізінде жоғары кəсіби білім саласындағы
теориялық жəне қолданбалы білімдердің басты «тұтынушысы» болған жоғары мектеп оқытушысының функ-
циялары жатады.
Жоғары мектеп педагогикасы курсының мазмұнын функционалдық тұрғы негізінде жобалау оның тəжірибелік
бағыттылығын күшейтуге, магистранттарды оқыту үрдісін жоғары оқу орныныдағы нақтылы педагогикалық іс-
əрекет бағыттары мен түрлеріне бағдарлауға мүмкіндік береді. Педагогика курсы мазмұнын құрастырудың
базалық принциптеріне педагогикалық əдебиеттерден əйгілі қағидаттар мен қатар мыналар кірістірледі: құзы-
реттіліктер түрінде тұжырымдалған оқыту нəтижелеріне бағдарлану; курс мазмұны арқылы ғылыми-педагоги-
калық іс-əрекет функцияларын материалдандыру; магистранттардың функционалды сауаттылығын арттыруға
бағытталғандық (жалпы педагогикалық сауаттылық). Магистратурадағы педагогика курсының мазмұны жоғары
мектеп оқытушысының мынандай функцияларына бағдар алып құрастырылады: білімдік (педагогикалық үрдісті
жоспарлау, ұйымдастыру жəне жүзеге асыру); оқу-əдістемелік, ұйымдастырушылық-əдістемелік, зерттеушілік,
тəрбиелік, əлеуметтік-мəдени.
Түйін сөздер: педагогика, жоғары мектеп педагогикасы, курстың мазмұны, функционалдық тəсіл, жобалау,
оқытушының функциялары, құзыреттіліктер, педагогикалық іс-əрекет, бағдарлау.