Заключение. Таким образом, знание особенностей распространения радиоволн в свободном
пространстве (над земной поверхностью) позволяет создать комплексное представление о возможностях
изучения влияния различных факторов на процессы распространения электромагнитных волн радиодиа-
пазона в земной атмосфере, что на сегодняшний день является актуальной проблемой современной
радиотехники и радиоэлектроники.
1 Дубнищев Ю.Н. Колебания и волны: Учебное пособие для студентов высших учебных заведений, обучающихся
по направлениям подготовки «Приборостроение», «Оптотехника», «Фотоника и оптоинформатика» и специаль-
ностям «Лазерная техника и лазерные технологии», «Оптико-электронные приборы и системы». - Изд. 2-е,
перераб. – СПб.: Издательство «Лань». - 2011. - 383 с.
2 Ponyatov A.A., Vertogradov G.G., Uryadov V.P. et al. Features of superlong-distance and round-the-world propagation
of HF waves // Radiophysics and quantum electronics. – 2014. - N11. – Vol. 57, Issue 6. – Р. 417-434.
3 Кравченко В.Ф., Сиренко Ю.К., Сиренко К.Ю. Преобразование и излучение электромагнитных волн открыты-
ми резонансными структурами: моделирование и анализ переходных и установившихся процессов. – М.:
Физматлит, 2011. - 316 с.
4 Moshkov A.V., Pozhidaev V.N. Features of radio wave refraction in the near-polar regions. Journal of communications
technology and electronics. – 2014. – N 11. - Vol. 59, Issue 11. – Р. 1107-1111.
5 Дорошенко В.А., Кравченко В.Ф. Дифракция электромагнитных волн на незамкнутых конических структу-
рах. – М.: Физматлит, 2009. - 272 с.
6 Zakharov E.V., Ryzhakov G.V., Setukha A.V. Numerical solution of 3D problems of electromagnetic wave diffraction on
a system of ideally conducting surfaces by the method of hypersingular integral equations // Differential equations. – 2014. –
N 9. - Vol. 50, Issue 9. – Р. 1240-1251.
7 Adekunle Titus Adediji, Mahamod Ismail, Jit Singh Mandeep Performance analysis of microwave radio refractivity on
radio field strength and radio horizon distance over akure, Nigeria // Wireless personal communications. – 2014. – N 12. -
Vol.79, Issue 3. – Р. 1893-1909.
8 Temnov V.M., Uskov A.N. A new approach to determination of the input impedance of a dipole antenna // Journal of
communications technology and electronics. – 2014. – N 11. - Vol. 59, Issue 11. – Р. 1077-1086.
9 Савельев И.В. Курс общей физики: Учебное пособие в 5-и тт. - Т.2: Электричество и магнетизм. - Изд. 5-е,
испр. – СПб.: Издательство «Лань». - 2011. - 342 с.
10 Ландсберг Г.С. Элементарный учебник физики: Учебное пособие в 3-х тт. - Т.2: Электричество и магне-
тизм. - 2011. - 487 с.
11 Peng Liu, Xing Fa Gu, Tao Yu et al. The influence of rainfall on PR radar measurement of ocean surface wind speed
and its calibration // Science china earth sciences. – 2014. – N 10. - Vol. 57, Issue 10. – Р. 2397-2407.
12 Jun-Jiat Tiang, Mohammad Tariqul Islam, Norbahiah Misran et al. Design of a dual-band microstrip antenna using
particle swarm optimization with curve fitting // Annals of telecommunications – 2014. – N 12. – Vol.69, Issue 11-12. – Р.
633-640.
13 Milkin S.S., Starodubov A.V., Venig S.B. Modeling the microwave field and specific absorbed-power distributions in a
sample of magnetic fluid // Technical physics letters. – 2014. – N 10. – Vol. 40, Issue 10. – Р. 860-863.
14 Frolov V.L., Bolotin I.A., Komrakov G.P. et al. Generation of artificial ionospheric irregularities in the midlatitude
ionosphere modified by high-power high-frequency X-mode radio waves // Radiophysics and quantum electronics. – 2014. –
N 11. – Vol. 57, Issue 6. – P. 393-416.
Тҥйін
Қожаев Д.А. - Алматы энергетика және байланыс университетінің 4-курс студенті,
Ғылыми жетекшісі: ф.-м.ғ.к, доцент – Федулина И.Н.
Радиотолқындарының таралу ерекшеліктері
Берілген мақалада электромагнитті толқындардың таралуының жалпы заңдары кӛрсетілген. Әртҥрлі ортада
Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Молодой ученый. Поиски. Проблемы. Исследования», №1(7), 2016 г.
155
радиотолқындар әртҥрлі жылдамдықпен таралатыны кӛрсетілген. Сонымен бірге радиотолқындар таралған ортада
жылулық жоғалтудың кесірінен энергияны сіңірудің және кедергілерді айналдыру барысында толқындар жазықты-
ғының кернеулігінің азаюына байланысты олардың әлсіреуін болдырады. Бҧдан басқа электромагнитті толқынның
таралу ҧзақтығы ӛзгеретін электрлік тоқтың ауытқу жиілігіне байланысты екені белгіленді. Сонымен қатар радио-
толқынның қҧрамдары олардың толқындық ҧзындығына байланысты таралатыны кӛрсетілген, ал электромагнитті
толқынның ҧзындығы босқуыстағы (жарықтың жылдамдығы) оның таралу жылдамдығы арқылы ауытқу жиілігіне
байланысты. Жҧмыста қазіргі таңда заманауи радиофизиканың ӛзекті мәселесі болып табылатын жер атмосферасын-
дағы электромагнитті толқындардың таралуын сипаттауға әртҥрлі факторлардың әсерін зерттеудің маңызды рӛліне
ерекше кӛңіл аударылған.
Кілттік сӛздер: электромагнитті толқындар, таралу ерекшеліктері, радиофизика, радиоэлектроника,
радиотехника
Summary
D.A. Khozhayev -
4-course student of
Almaty University of Power Engineering & Telecommunications,
Supervisor: Ph.D., Associate Professor Fedulina I.N.
Features of radio wave propagation
This article presents the general laws of propagation of electromagnetic waves. It is shown that in different environments,
radio waves propagate at different speeds. Thus, the environment in which propagated radio waves, causing their attenuation
due to the absorption of wave energy due to thermal losses and reducing the intensity of the wave field when bent around
obstacles. In addition it is noted that the range of the electromagnetic wave depends on the frequency of the oscillations of an
alternating electric current. Also indicated on the properties of radio waves spread depending on their wavelength, and the
length of the electromagnetic wave associated with the oscillation frequency through the speed of its propagation in vacuum
(speed of light). In the work highlighted the importance of studying the influence of various factors on the character of
propagation of electromagnetic waves in the earth's atmosphere, which is now an actual problem of modern radio physics.
Keywords: electromagnetic waves, especially the spread, radio physics, radio electronics, radio engineering
ӘОЖ 81-26
ШЕРХАН МҦРТАЗА ШЫҒАРМАЛАРЫ ТІЛІНІҢ КӚРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Г.Сансызбаева – Абай атындағы ҚазҦПУ, Филология институты
5В011700-«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3-курс студенті,
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор (доцент) м.а. С.А. Жиренов
Жазу стилі суреткердің ӛмір шындығын бейнелеудегі кӛркем ӛрнегімен, ешкімге ҧқсамайтын қаламының
ӛзгешелігімен айқындалады. Кӛркем шығарманың арқауы, негізі-сӛз. Теңеу,эпитет,метафоралардың қызметін
кейіпкердің образын ашумен бірге қарастырамыз.
Кілт сӛздер: стиль, метафора, метонимия, шеберлік, ҧлттық тіл, кӛркемдік әлем
Әр ҧлттық тілдің сырын жете тану ҥшін сол тілдің ӛзіндік заңдылықтарын білу аз, оның тҥпкілікті
тамыры сол тілде сӛйлеуші этностың жҥріп ӛткен тарихымен, кҥнделікті ӛмірде тҧрмысына орнықтырған
мәдениетімен, кҥнкӛрісіне арқау болған жан рухымен, ой-санасымен тікелей байланысты. Сондықтан да
ҧлттық тілді халықтың ӛткенімен,ой танымымен ҧштастыра, біріктіре қарау ғылымда кең ӛріс алған және
де осы ҧстаным когнитивті лингвистика,этнолингвистика т.б ғылымдардың тууына сеп болды. Қаламгер
қаламының қуатын оның сӛзінен,кейіпкерінің образын жасаудағы кӛркемділігінен кӛріп,баға береміз.
Иісі қазақ атына қанық, еңбектеген баладан, еңкейген шалға дейін оның ӛмірден жеген тоқпағын,
басқалардан кӛрген теперішін жақсы білетін, "Қызыл Жебесімен" жазушылықтың қырлы шыңына
шыққан, кӛркем сӛзбен кӛрікті ойдың аса кӛрнекті ӛкілдерінің бірі, ӛзінің ҥні, айшықты кестелі тілі,
тарихи, ауқымды тақырыбымен оқырман жҥрегіне жол таба білген сан қырлы жазушы Шерхан Мҧртаза.
Бір бойына талант пен тағылымды қатар ҥйлестірген, фәнидің қатал талқысында толысқан, кемелден-
ген Шерхан Мҧртазаның шығармашылық жолы ҥнемі іздену, жалықпай еңбектену, біреуден ҥйрену және
басқаға ҥйретуден қҧралған. Әдебиет әлеміндегі Шерхан шығармашылығы ошақтың ҥш тағаны сияқты
ҥш бірдей тіреуден тҧрады. Журналистикадан басталған қаламгерлік ол ҥшін алтын кӛпір іспетті,
қҧнарлы ойдан қҧнды сӛз тудырар дәрежеге жеткенде жазушылық әлеміне бет бҧрды. Драмматургияға да
қалам сілтеген жазушының біраз шығармалары сахналанып ҥлгерді.
Ал, образдылық әр жазушының эстетикалық талғамына,жазу тілінің кӛркемдігіне байланысты әртҥрлі
суреттеліп, оқырман санасында әрқалай кӛрініс табады. Сол себепті де әр жазушының шығармасы-
қайталанбас дҥние, сарқылмас қазына іспетті.
Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы, №1(7), 2016 ж.
156
Шерхан Мҧртаза шығармаларының тілі туралы сӛз қозғағанда, ең алдымен оның халық ауыз әдебиеті-
нің мол мҧраларын игеріп,тәрбиесін бойына сіңіргендігі байқалады.Соның ішінде мақал-мәтелдерді,
біреуден естіген немесе оқыған аңыз әңгімелерді, шешендік оқиғаларды кеңінен қолдануы арқылы ауыз
әдебиетіне жетік болғандығы сезіледі. Бҧл кӛбінесе,"Қызыл Жебе", "Ай мен Айшада" анық байқалады.
Жалпы, Шерхан Мҧртаза ӛз кейіпкерін, оқиғаларды суреттегенде қызылды-жасылды дҥниеге, айшықтап,
мадақтап кӛрсетуге қҧмар емес. Мейлі ӛткен тарихты болсын, мейлі кҥні кеше ғана болған оқиға болсын
барлығын дерлік жеткізуде жасанды лиризмнен гӛрі кейіпкерінің тағдырында орын алып жатқан жағдай-
ды, қандай да бір қиындықты жанҧшыра, оқырман кӛңіліне батыра суреттеуге батыл. Романдардың
бояуы қалың эпитет,теңеулерсіз келген, ойы тҧщымды, шығарманы бірдемде оқып шығуға итермелейді.
Әрбір кейіпкердің тілдік ерекшелігін тауып қолдана білу - Шерханның талай адамдардың,талай
тағдырлардың алдынан ӛтіп, дәуірінің тыныс-тіршілігімен етене таныс болғандығын кӛрсетеді.
Жазушы шығармаларының тілдік ерекшелігі кейіпкер тіліндегі берілу жолдары, тілдік қҧралдардың
қолданыс мақсаты, троп тҥрлерінің стильдік қызметтері, жазушы шығармаларындағы кірме сӛздердегі
ӛзгерістерді кӛрсету ҥшін қоғам, ондағы адам келбетін таныту мақсатында алынған бірліктер болып
табылады.
Тіл – адамдар арасындағы қарым-қатынас қҧралы ғана емес, халықтың тарихи дамуының, дҥниетаны-
мы мен мәдени байлығының кӛрінісі. Тіл - сол елдің сӛзге жҥйріктігімен қатар, бітім-болмысын,таным-
тҥсінігін кӛрсетеді. Ҧлт тілінің байлығы - сӛйлеу тілінің кӛркемдігімен, шығарма тілінің дәлділігімен
ӛлшенсе керек.Осы орайда, Шерхан шығармаларының тілі ӛзіндік ерекшелігімен,ҧнамды тілімен,жаңа
тіркестерімен бір кӛш алдыда келе жатыр.
Шығарма тіліне кӛне сӛздерді орынды қолдана білу жазушы ойының жҥйріктігін, санасының ҧшқыр-
лығын кӛрсетсе керек. Бҧл жерде де Шерхан бір адым да ҧтылмады. Бағзы замандарда қалыптасып, бҥгін-
гі кҥні қолданысқа сирек еніп, тіпті мҥлдем енбей жҥрген сӛздерді қолдану оқырман қызығушылыған
арттыру мақсатында болса керек. Кӛнерген сӛздердің кӛбірек қолданылуы жазушының тарихи мҧраға бай
санасымен аңыз-әңгімелерге қанық екендігінің дәлелі. Әкенің балаға деген, баланың әкесіне деген жылы-
лығын махаббатын кӛрсетерде жазушы: "Сонда әке жазған сезіктеніп те қалып еді:баланың басы шашына
дейін ысып тҧр екен. Кӛнтек алақаны соны сезген. Әкенің алақаны-ай, десеңші! Сол алақан аялап ӛсірген
балада арман бар ма?" [1, 14 б] – деп, кӛнтек алақанның ӛзінің жылылығын кӛрсетеді. Осы жердегі
"кӛнтек" сӛзін бҥгінгі сӛз қолданысында кӛп кездестіре бермейміз. Қазақ тілінің тҥсіндірме сӛздігінде:
"1. Кӛнтек-қойдың жҥнін кҥпсітіп тҥсіретін қышыма,қотыр ауруы
2. Кӛнтек-қалың,дҥрдиген,томпақ" [2, 414].Осы екі ҧғымнан біздің сӛйлемге сәйкес келетіні екіншісі,
бҧл жерде жҧмыстың ауырлығынан қолы ісіп кеткен Рысқҧлдың алақаны, ол ісіңкі болса да жылы, бала
ҥшін жағымды екендігін бейнелейді.
Айнала болып жатқан тыныс – тіршілікті бейнелеуде де ҧмыт болған кәсіпке қатысты сӛздерді жақсы
пайдаланған. Мысалы: "Табанының астынан, анау сайдың, сонау сайдың қабағынан жайылып жатқан
отар-отар қой, ҥйір-ҥйір жылқы кӛрінеді. Тас қалап, қурай жағып, тасқорыққа сҥт пісіріп отырған
қойшының ошағынан кӛгілдір шуда тҥтін кӛтеріледі" [1,74]. "Тасқорық-отқа әбден қыздырылған тасты
ыдысқа салып жіберіп пісірілген, қойшылардың тас салып пісірген сҥті [2,787]. Тас салу мақсатында олар
қойға алаңдап жҥріп сҥттің тез қайнап, сарқылып қалмауын бақыласа керекті. Қойшының қой баға жҥріп,
ауқаттану мақсатында сҥт пісіріп отырғанын кӛрсетуде қолданған бір ғана кәсіпке байланысты сӛз
жазушының еңбекке ерте араласқанынан да сыр беріп қалады.
Ағайын арасындағы туыстық қарым-қатынасты кӛрсетуде де жазушы кӛнерген сӛзді кӛп қолданады" -
Ахат ініме сәлем айт! Ешкімге кҥні тҥспей Қарақойынның қҧнарынан несібесін теріп жеп жҥр ғой. Менің
артымда қалып бара жатырған ҥш бала бір тоқымдай жерді бәсірелікке берсін. Ешкімге кіріптар болмай
сол жерден бҧйырғанын алып-жеп кӛріңдер," - [1,132] деген Жылқыайдардың аманатындағы "бәсіре
беру" бҥгінгі енші берумен пара-пар дҥние. Қазақ тілінің диалектологиялық сӛздігінде: "Бәсіре (Жамб.:
Шу, Қорд.; Шымк., Арыс) арнаулы,меншікті зат" [8,157]. "Бәсіре беру" ӛзіне меншікті, иелігіндегі затты
біреуге бӛліп беру, ӛзгемен бӛлісу деген тура мағынасында қолданылып тҧр. Диалектінің объектісі
болғанымен, бҧл жерде қолданыс аясы мҥлдем сиректеп, кӛнерген сӛздердің қатарын толтырған. Ағайын
арасында мата-сата, кӛйлек-кӛншек қалай жҥрсе, бауырластықтың белгісі, бір-бірінен ажырамау мақса-
тында бір жерді бӛлісуде солай жҥреді. Бҧл ағайыннын татулығынын кепілі, бауырластығының нышаны.
"Шерхан Мҧртазаның портрет жасаудағы тәсілі алуан тҥрлі екеніне қарамай, тҥп негізі бір дерлік. Ол
портрет жасай отырып, әрбір кейіпкердің ӛзіне тән мінез болмысындағы, тҥр-кесініндегі ерекшелігін,
даралығын қатаң сақтауға тырысады. Автор адамды тҧлғалауда, портрет жасау тәсілі кезінде ҧзақ сонар
баяндауды қолданбайды. Қысқа, ықшам жасалған портреттік суреттердің ӛзінен-ақ характер танылып,
Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Молодой ученый. Поиски. Проблемы. Исследования», №1(7), 2016 г.
157
оқырман кӛңілінде ҧзақ сақталып қалады" [3,25]. Адам образын сомдауда, кейіпкерінің негізгі мінездеме-
сін беруде жазушының ҧтқырлығы қажет. Осы орайда Шерхан Мҧртаза кейіпкер образын ашуда да
кӛнерген сӛздерді кӛбірек қолдана білген. "Қызыл Жебе" романын-эпопеясында Рысқҧлдың әкесі
Жылқайдарды сомдауда мынадай кӛне сӛздер қолданылады: "Жылқайдардың әкесі Әлімбек Тҥлкібас
дуанына аты жайылған айтулы батыр, шабандоз, палуан бопты. Бірақ, жалғыз атты кедей екен. Ал,
Жылқайдар можантомпай, момындау кісі еді" [1,132]. Осы жерден екі кӛнерген сӛзді кӛруімізге болады,
бірі - орыс салған қамалдардың бҥгін қолданылмайтын аудармасы болса, екіншісі - Жылқайдардың қақ-
соқпен ісі жоқ,момын екендігін бейнелеп тҧрған "можантомпай" сӛзі."Можантомпай - момын, қақ-соқпен
ісі жоқ" [2,513] деген мағынаны білдіреді, сӛйлемде тура мағынасында қолданылып тҧрған кӛнерген сӛз.
Екеуіде қазіргі қолданыста кездеспейтін сӛздер.
"Табалдырықта талыстай болып, кесе-кӛлденең тҥсіп, қарауыл жатыр екен,оянған жоқ" [1,40] - деп
қарауылды суреттеуден басталатын жолдағы "талыстай" сӛзін қазіргі кезде ҥлкен, зор, дәу сӛздері
ығыстырып ҥлгерген. "Талыс-жылқының бас терісінен жасалған, оны-мҧны салып қоятын ыдыс" [2,779].
Жылқының бас терісінен жасалатын ыдыс болғандықтан, оның кӛлемінің ҥлкендігін кӛз алдымызға
елестете аламыз. "Талыстай" сӛзінің тууына да осы жай себеп болса керек. Сонымен қатар, ел мен ел
арасындағы жаугершілік, сауда-саттық кезінде тілімізге еніп, бірқатары әдеби нормаға сай сӛздердің
қатарынан шыққан кірме сӛздер де шығармаларда жетерлік.
Қазақ тілінің кірме сӛздерінің кӛбісін араб, парсы, моңғол және орыс тілдері қҧрайды. Ал, тілдік
қолданысқа әбден сіңісіп, ӛз тілімізде толығып, шатастыруға әкеп соғатындай араб, моңғол, парсы тілдері
шығармада да кӛрініс табыды. Бір ғана мысал: "Тӛрде сыры кеткен ескі әбдіре тҧр. Кҥндіз ҥстінде екі-ҥш
кӛрпе, бір-екі текемет жиылып, жҥк кӛтеріп тҧратын әбдіренің тҥнде арқасы босап қалады" [1,77]. Әбдіре-
ні "Қазақ тілінің тҥсіндірме сӛздігінде" былай деп береді: "Әбдіре [иран тілінен] - этнографиялық. Киім-
кешек, әртҥрлі бҧйымдар салатын сандық, кебеже" [2,81]. Шығарманың жеткізудегі кӛптілділігі жазушы
ҥшін де, оқырман ҥшін де жан-жақтылықты қалыптастыра алады. Тағы бірде "Аққӛл-Есіккӛлге қарағанда
жадағай. Жағасында сызылып,сылаң қағып тҧрған сҧлу шырша мҧнда жоқ. Суы да жасыл зҥмірет емес.
Ашаң, ақшыл тартып жатады" [1,21]. Осындағы зҥмірет изумрудтың қазақшадағы баламасы, алайда бҧл
сӛз әдеби шығармаларда болмаса, былайғы сӛйлесімде кӛп қолданыла бермейді.
"Шаруасы шінжәу болса да, мҧнтаздай таза киініп, аппақ сақалын дӛңгелентіп кҥнде шырпып жҥретін
тақуа тақылеттес адам. Шоң мҧрын. Қасы жалбырап кӛзіне тҥсіп тҧрады" [1,30]. Осы жердегі "шоң" сӛзі
қазақ тілінде сирек қолданылады. Тіпті бҧл туралы М.Әуезовтың "Абай жолы" эпопеясының ҥшінші
кітабында Мағаш, Ақылбай, Кәкітай, Дәрмен тӛртеуі кӛш жӛнекей "тӛрттік" айтысатыны бар. Сонда
Мағаш: "Кҥз жетті ме, батыр-ау, неге тоңдым?" - деп ӛлең бастайды да Ақылбай "Тоңғаның рас,
босарып тҥсің де оңды" - деп жалғастырады. Сонда тӛрттіктің соңын Кәкітай: "Бірің тоңып, бірің оң,
жҧмысым жоқ, Ойына тҥк кірмейді Кәкітай шоңның" - деп аяқтайды.Басқалар бҧған разы болмай
Абайға жҥгінетіні бар емес пе?
Сонда Абай: "Шоң деген сӛздің тҥп тӛркіні мен білсем, қазақ сӛзі емес. Мына Ҧлы жҥз Ҥйсін ақында-
рының, шешендерінің ескі ырғақтарында да ҧшырап отырады. Осы сӛздің асыл тҥбі қырғыздардан ба деп
топшалаймын" [12,6] дейді. Осыдан ақ "шоң" сӛзі қазаққа қырғыз бауырларынан енгендігін байқаймыз,
бҧған дәлел ретінде қырғыздарда "чоң" сӛзі активті қолданылатын сӛздер қатарында. Ал, "ч" мен "ш"
әріптерінің арасындағы дыбыстық алмасым сӛйленісте кӛбірек кездеседі және де қазақ тілі "ч" дыбысына
кӛп жатық болмағандықтан оны ӛздерінің тіліне сәйкестендіріп "ш" дыбысына алмастырып алған.
Қайткенмен де кірме сӛз негізгі ӛз тіліндегі тҧлғасынан форма жағынан ӛзгерсе де, семантикасы сол кҥйін
сақтаған.
Шығармаларында тҧрақты тіркестермен мақал-мәтелдердің кездесуі заңдылық. Олар автор ойына
ҥстеме бола отырып, суреттеудің кӛркемдігін, ӛзгешелігін тудыра біледі, автор ойын нақ, анық жеткізуге
де осы қҧралдар кӛмектеседі. Ш.Мҧртазаның тіл жӛніндегі ҧлылығы сонда, ол бір жағынан қазақтың
кӛркем сӛз ҥлгісінің барлық қадыр-қасиетін, тҥр-сипатын ӛз туындыларында молынан қамтып кӛрсете
білсе, ӛзіндік қасиет, ол - шешен сӛздерді, мақал-мәтелдерді орынды қолдана білуі. Жазушы қазақтың бар
тіл байлығын мҥмкіндігінше жеріне жеткізе пайдаланады, жоғары да мысал келтіргендей тілімізде
ҧмытыла бастаған сӛздерді қайта тірілтеді, кейбіреуін жаңа қырынан танытып, жаңа тіркестер де жасады.
Шерхан шығармаларында қолданылған тҧрақты тіркестер мен мақал-мәтелдер халықтың ӛткені мен
кӛргені, жасаған тірлігінің, халық болмысының аса бір биік шыңы іспеттес. "Метрей, иә, Метрей еді ғой
аты. Талғардың биік шыңдарына жол тауып шыққаны ҥшін Рысқҧлға кӛп кҥміс ақша беріп, Рысқҧл ҥйі
сонда бір битін тӛгіп қалып еді" [1,19]. Осы жерде Метрейдің Рысқҧлға кҥміс сыйға бергенінен оның
ыстық ықыласы мен риясыз ризашылағын байқаймыз, сонымен қатар "битін бір тӛгіп қалды" деген
Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы, №1(7), 2016 ж.
158
тіркестен Рысқҧлдың кедей ӛмірінің елесі кӛз алдымыздан ӛтеді. Қазақ тілінде "битін сығып, қанын
жалап отыр" деген тҧрақты тіркес кездеседі және ол "жарымады, тақыр жоқшылықта отыр" [4,54] деген
мағына береді, алайда "битін бір тӛгіп қалды" Шерхан жасаған жаңа тіркес болса керек. Бастапқы ойдан
ауытқымағанымен, біріншісі - кедейдің кҥйін кешіп отырғандығын кӛрсетсе, екіншісінде - жарылқаған
садақаның арқасында кедейшіліктен біруақ қҧтылғандығы, бірақ кедей тіршілігінің әлі жалғасын
табатындығын кӛрсетеді.
Ж.Исаева ӛзінің "Ай мен Айша" романындағы паремиялық қолданыстар" деген мақаласында Шерхан
Мҧртазаның шығармаларында кездесетін бірнеше мақалға тоқталып,талдап ӛтеді. "Ас-адамның арқауы" -
дейді қазақ.Адам ағзасында "арқау" деген мҥше жоқ. Рас, ӛрмекте арқау бар. Ауылдың кемпірлері ӛрмек
тоқы, анда талай кӛргенмін. Арқау болмаса, алаша тоқылмайды" [5,144]. Осындағы "Ас - адамның
арқауы" мақалы, ӛзіне қосымша мән ҥстеп, ас адамның ӛмір сҥріп, бойына кҥш қуат беруіне аса қажетті
заттардың бірі екендігі және де қҧнарлы да қуатты қорегі болып саналатын мағынасында айтылған.
"Асық ойнаған азар,доп ойнаған тозар", - деп Айша талай айтты. Асықты ойнадым, ҧтылып қалдым.
Допты ойнап жҥргенімде не сиырды бҧзау еміп қояды,не жәутек Батырхан отқа тҥсіп кете жаздайды.
Әйтеуір, қырсығым кӛп" [6,72]. Бҧл мақалдың "бәрінен де қой бағып, кӛтен майын жеген озар" деген
жалғасы бар, яғни әр тҥрлі ойынның артына тҥсіп, арып-ашып, азып-тозғанша кӛшпелі ӛмірдің негізі -
қой бағып, еңбек етіп, тамақ тойғызу дегенді білдіреді. Осы аталған мақалды ғалым Ә.Қайдар: "Мақал
кезінде ҥстем тап ӛкілдерінің тарапынан шығарылғандығы белгілі", - дейді [7,202].
Тҧрақты тіркестер арқылы жазушы азапты ғҧмып кешіп, жетімдік ӛмірдің дәмін татып, тақсыретін
сезініп, шаршап, шалдыққан жанның аянышты халін, әркімнің ӛз басының қамын кҥйттеп кеткендігін
аша тҥсіп, сол арқылы заман шындығымен оқырман кӛзқарасын байланыстыра білген: "Шешем Қҧлыхан-
ның бауырлары әлі сол Бектӛбеде тҧрады. Сәли, Қали, Бӛпетай, Сатай...Е, оларды да кӛрмегелі кӛп заман
боды. Мҧртаза барда бәрі де келіп-кетіп тҧрушы еді. "Балапан басымен, тҧрымтай тҧсымен" дегендей
болып кетті ғой. Мҧртаза "халық жауы" дегеннен бәрі қорқатын шығар" [6,34]. Аласапыран, қилы-қилы
заманда әркім ӛз басын сауғалап, ӛз кҥнкӛрісін діттеп, бастары ауған жаққа, бет-бетімен бӛлек кетуі, ел
басына келген қасірет ел-жҧртты, бауырларды біріктірмей, "ӛз қотырын ӛздері қасуға" мәжбҥр еткендігі
айтылады. Тіпті бір-бірінен жандары қаламаса да сырт айналуға мәжбҥр болған.
Кейде жазушы сӛздік қорының молдылығын кӛрсету мақсатында болмаса кейіпкерінің қҧр сӛз ӛрнек
тоқи алатындай шешендігін таныту, кейіпкерінің қай аймақтан немесе не кәсіппен айналысатынын білдір-
ту ҥшін және де кейіпкерінің жас ерекшеліктерін (жас бала, ересек адам,әйел адам) сездірту мақсатында
оларға тән жергілікті сӛздер мен қарапайым ауызекі сӛздерді қолданып жатады. Бҧл әдебиет әлемінде
әбестік емес, керісінше, автордың тілінің қаншалықты мол екендігін кӛрсетеді.
Теңеу - әдебиетте кеңінен қолданылатын, заттың, қҧбылыстың ерекше белгілерін кӛрсетпей-ақ, оны
басқа затпен, қҧбылыспен салыстыра суреттеу. "-дай, -дей" формасы арқылы немесе "секілді,сияқты"
шылауларымен "ҧқсап, қҧсап" сӛздерінің кӛмегімен жасалады. Шерхан шығармаларында осы "-дай, -дей"
формасы арқылы жасалған теңеулер кӛптеп кездеседі.
Әр ҧлттың тілі қалыптасарда оған айналасы, қоршаған тау-тас, табиғат, жан-жануар, ӛсімдік атаулысы
тіптен жәндіктерге дейін ықпал етеді,атқарған тірлігі, істеген шаруашылығы да игі әсерін тигізіп, сӛз
қорын толықтыруына зор әсер етеді. Қазақта жан-жануардың бітім-болмысы, мекен ететін ортасы тіпті
жеген қорегіне дейін талдап, бір затты немесе қҧбылысты соған телеп, сӛздерін байытып отырған.
Шерхан Мҧртазаның бір ғана "Қызыл Жебе" романының бірінші кітабымен "Интернат наны" әңгімесінде
кездесетін теңеулерді екіге бӛліп қарасақ жоғарыда айтылғандар кӛрініс табады.
Қорыта айтқанда, жазушының стилі бірден қалыптасқан жоқ. Журналистикада бағын сынаудан
басталған жазушылық ӛнер, прозада-әңгіме повестермен жалғасын тапты. Роман жанрына кіріспес бҧрын
қаламын шағып эпикалық жанрда сынады. Қаламгердің кӛркем әдебиет әлемінен оқшау жҥріп ӛмір сҥруі
мҥмкін емес. Шерхан Мҧртаза ӛзіне дейінгі аңыз-әңгімелер, жырлар тыңдап әдеби ӛнермен сусындап
ӛсіп, ӛзіне дейінгі алыптардың дәстҥрлі мектебінен мол хабар алып, ӛзі атадан балаға мҧра болған әдеби
ӛнерді биіктетті. Жалаң еіктемей, ӛткеннен алар ӛнегесін алып, керегін қоса отырып болашаққа жолдады,
ӛз прозасының шоқтығын биікке кӛтерді. Шерхан прозасындағы ой ҧтқырлығы, оқушысын ӛзіне баурап
алатын кҥші, адамның сезім мҥшесіне дейін тітіркендірегтін иірімдері, пәктігі мен ӛткірлігі - осының
бәрәнен суреткердің тіл кестесіне, сӛз қолдануына бӛлектеу дарын беріп, сипат танытқанын кӛреміз.
Жазушы туындыларының ішінде адамның жан тебіренісін, ішкі ойларын, кӛңіл толғанысын, жҥрек
лҥпілін, сезімнің сантҥрлі қҧбылуын кӛрсететін эпитет, метафора, теңеу сынды бейнелі сӛздер кӛп
кездеседі. Бҧл жазушы талғамының жоғары екендігін кӛрсетсе керек.
Халық қашан да табиғат Анамен бірлесіп кҥн кешіп келеді. Оның қҧдіреттілігін мойындағылары
Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Молодой ученый. Поиски. Проблемы. Исследования», №1(7), 2016 г.
159
келмесе де, жҥрегі сезіп бҥлк етеді. Әр халықтың табиғаттан алған тағылымы, ӛнегесі бар, ол ӛздерінің
тҧрмысында кӛрініс тауып жатады болмаса ақын-жазушыларының шығармаларынан кӛріс табады.
Табиғатпен адамның жандҥниесін параллель қарастырып, табиғаттың тосын сыйымен адамның ой
толғамдарын қатар қоя отырып жазбаған хазушы аз шығар. Солардың бірі – Шерхан. Осы қҧбылыстарды
беруде кӛркемдегіш қҧралдардың сантҥрін пайлана отырып, шығарманың әсерін арттырып, кӛркемденді-
ре тҥсті.
Шерхан тілінің кӛркемдік ерекшелігі, стилі деген де тағы бір тоқталып ӛтетеін жайт ол - жазушы
тілінің кӛне, жаңа, аймақтық сӛздермен бай екендігі. Бай екенмін деп шығармаларында ҧзыннан сонар
шҧбыртып қолданбайды, ықшамдап қана беріліп, астында ҥлкен проблема жататын сӛйлемдерден ауық-
ауық кӛрініс табады. Бҧл жазушының қалам сілтер кезіндегі ой кӛкжигенің кеңдігі, тапқырлығы.
Шерхан тілі - қазақтың халық ауыз-әдебиетінен басталып, жыраулар поэзиясымен, халықтың басынан
ӛткен талай тарихи қиын-қыстау кезең, тарихи оқиғалармен толығып отырған қазақ сӛз ӛнерінің
жиынтығы.
1 Мҧртаза Ш. Алты томдық шығармалар жинағы, I-том - Алматы: Қазығҧрт, 2002.
2 Қазақ тілінің тҥсіндірме сӛздігі. - Алматы: Дайк-Пресс, 2008.
3 Кӛпбаева М .Ш.Мҧртаза шығармаларындағы кӛркемдік таным және авторлық концепция. Автореферет. -
Алматы, 2002.
4 Фразеологиялық сӛздік. - Алматы: Арыс, 2007.
5 Исаева Ж. "Ай мен Айша романындағы паремиялық қолданыстар" А.Яссауи университетінің хабаршысы, №1,
2007.
6 Мҧртаза Ш. Алты томдық шығармалар жинағы, V-том - Алматы: Қазығҧрт, 2002.
7 Қайдар Ә.Т. Халық даналығы - Алматы: Толғанай, 2004.
8 Диалектологиялық сӛздік. - Алматы: Арыс, 2007.
9 Мамесейіт Т. Ш.Мҧртаза шығармаларының кӛркемдік жіне танымдық сипаты, Автореферат - Алматы,
2010.
10 Мҧртаза Ш. Алты томдық шығармалар жинағы, III-том - Алматы: Қазығҧрт, 2002.
11 Мҧртаза Ш. Алты томдық шығармалар жинағы, II-том - Алматы: Қазығҧрт, 2002.
12 Әуезов М. Шығармалары (алтыншы том). - Алматы: Жазушы, 1996.
Достарыңызбен бөлісу: |