Абай атындағы



Pdf көрінісі
бет11/23
Дата31.03.2017
өлшемі5,39 Mb.
#10805
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23

 
 

81 
 
ӘОЖ 37.091.212.3:004.9 043 
С.Н. Жаңбыршиев, Ш.Р. Ерматов, С.Е. Алдешов,  
Ә.Қ. Бҥркіт, Т.Қ. Беркутова 
 
ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ ДАЯРЛАЙТЫН МЕКТЕПТЕРДЕ 
ОҚЫТУДЫҢ КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ 
ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР 
 
(
Шымкент қ., Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті  «Отырар» институты», 
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті,  Халықаралық 
гуманитарлық-техникалық университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық 
институты, Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті

 
Мақалада  дарынды  балалардың  шығармашылық  белсенділігін  дамытуды 
ұйымдастыруда  компьютер  әрекеттерінің  кӛрнекілігі  үлкен  мүмкіндіктер  беретіндігі 
айтылады.  Физика  пәні  сабақтарын  кӛмпьютерлік  технологиямен  байланыстырып 
ұйымдастыру  дарынды  балалардың  бойында  физикалық  ұғымдардың  қалыптасып, 
дамуына кӛмектесетіндігі, шығармашылық белесенділігі дами түсетіндігі кӛрсетіледі.  
В  статье  рассматриваются  возможности  применения  наглядности  компьютерных 
действий  в  организации  развития  творческой  активности  одаренных  детей.  А  также, 
показаны  влияние  применения  организации  урока  физики  с  применением 
компьютерной  технологии,  на  формирование  физических  понятий,  и  развитие 
творческой активности одаренных детей.  
In this article possibilities of application of evidentness of computer actions are examined 
in  organization  of  development  of  creative activity  of  the  gifted  children.  And also,  shown 
influence  of  application  of  organization  of  lesson  of  physics  with  the  use  of  computer 
technology,  on  forming  of  physical  concepts,  and  development  of  creative  activity  of  the 
gifted children.  
 
Түйін  сөздер:  оқыту,  танымдық-шығармашылық,  ғылыми-зерттеу,  оқу-әдістемелік, 
педагог-психолог.  
Ключевые  слова:  обучение,  познавательно-творческий,  научно-исследовательский, 
учебно-методический, педагог-психолог.  
Keywords: learning, cognitive and creative research, teaching, educator and psychologist. 
 
Оқытудың компьютерлік технологиясы – ақпаратты бейнелеу, тасымалдау және 
жинақтау,  дарынды  балалардың    танымдық-шығармашылық  әрекетін  бақылау  мен 
басқару сияқты мұғалімнің кейбір функцияларын нобайлайтын компьютерлік техника, 
телекоммуникациялық  байланыс  құралдары  және  интерактивті  бағдарламалық  ӛнім 
негізінде  жұмыстың  педагогикалық  шарттарын  жасау  әдіс-тәсілдері  жиынтығы.  Білім 
беруде  компьютерлік  технологияларды  пайдалану  оқыту  үдерісін  толық  ӛзгертуге, 
оқытудың жеке тұлғаға бағытталған нобайын жүзеге асыруға мүмкіндік береді [1].  
Мысалы,  оқу  материалымен  дарынды  балаларды  таныстыру,  оқу  мақсаты  мен 
міндетін  қоюды  компьютерлік  техниканың  кӛмегімен  жүзеге  асырсақ,  кӛрнекілігі 
артатыны  анық.  Бұл  жағдайда  компьютерлік  техниканың  динамикалық  және 
имитациялық  нобайымен  анықтамалық  мәліметтерді  (суреттер,  кестелер,  графиктер, 
диаграммалар,  құралдардың  параметрлері  т.б.)  енгізу-шығару  мүмкіндіктері 
қолданылады.  Дарынды  балалардың  шығармашылық  белсенділігін  дамытуды 
ұйымдастыруда  компьютер  әрекеттерінің  кӛрнекілігі  үлкен  (мысалыға,  есептеген 
құралдардың 
параметрлерімен 
қондырғы 
жұмысының 
режимін  кӛрсетуіне) 
мүмкіндіктер  береді.  Оған  дәлел  ретінде,  Л.И.Резниковтің  «Физиканы  оқытудың 

82 
 
графиктік  әдісі»  атты  кітабын  алуға  болады  [2].  Ол  кітабында  қарастырылатын  кез-
келген  физикалық  құбылыстың  теориялық  негіздерін  кӛрнекті  беріп,  дарынды 
балалардың тақырыпты түсініп, меңгеруі үшін графиктік түрде беру құралдары кеңінен 
қолданылатындығын айтын ескерткен.  
Демек,  компьютер  кӛмегімен  жаңа  тақырыптарды  оқып  үйренуде  имитациялық 
нобайлары  бар  оқу  тәжірибе  экспериментін  қолданудың  әдістемелік  құндылығы 
жоғары. 
Әдіснамалық  жұмыстың  кейінгі  кезеңі  –  кері  байланыс  орнату  арқылы,  оқу 
материалының меңгерілуін бақылауға алып, керек болса, түзетулер енгізу жұмыстарын 
жүргізсек, оқыту үдерісін басқаруда компьютерді оқыту құралы ретінде пайдаланудың 
мәні  осы  болады.  Осылайша,  кері  байланыс  негізінде  компьютерлік  технология  жеке 
адамның нобайын жасап, оқытудың осы тәсілімен қол жеткізілетін ерекшелігі дарынды 
балалардың  танымдық  және  шығармашылық  белсенділігін  дамытуда  қолдануға 
мүмкіндік береді [3]. Бұдан былай, олардың шығармашылық белсенділігін дамыту үшін 
қандай  оқыту  мүмкіндіктері  пайда  болатынын  қарастырайық.  Осыған  дейін, 
компьютерлік  технологияны  қолданып,  проблемалық  жағдайлар  туғызу  арқылы 
дарынды балалардың шығармашылық әрекеттеріндегі мотивацияны қамтамасыз етуге, 
күшейтуге байланысты мүмкіндіктерді анықтадық. Дегенмен, мотивацияны күшейтудің 
тиімді дәлелдемелерін, олардың оқу үдерісіндегі шығармашылық жұмысын қамтамасыз 
ете  алатындай  деңгейде  ұйымдастыруымыз  керек.  Ӛйтпесе,  дарынды  балалар  ӛзін 
қызықтырған  мәселені  шешу  жолдарын  іздестіруде  дұрыс  шешімдерін  жоғалтып, 
қателіктерге кӛптеп жол беруі мүмкін. 
Дарынды  бала  тапсырманы  орындау  үдерісінде  ӛзінің  нақты  мүмкіндіктерін 
кӛрсете  алмаса,  қателіктер  жасауы  орын  алуы  мүмкін.  Сондықтан,  терең  ақыл-ойды 
керек  етпейтін  мәселелерді  шешуді  оқушы  үлкен  табыс  деп  есептемейді.  «Адамның 
ұнжырғасын сәтсіздіктен артық ештеңе түсіре алмайтыны, оны табыстан артық ештеңе 
де  кӛтере  алмайтыны»  анық.  Керек  кезінде  берілген  жәрдем  дарынды  балаларға 
сәтсіздік  сезімінен  құтқарады.  Оқу  әрекетіне  мотивациялық  дәлелдемесінің  тӛменгі 
деңгейде  болуының  себебі  оқып  үйренбеу  және  ӛзінің  оқу  қызметін  ұйымдастыра 
алмаудан  туындап  отыратыны  анық.  Сол  себепті,  психологтың  пікірінше  [4],  оқыту 
бағдарламалары  әрбір  дарынды  баланың  еркіндігі  мен  әрекет  бостандығын  бере 
отырып,  оның  ӛз  күшін  байқауына  мүмкіндік  жасауы  қажет.  Дарынды  бала  осы 
жағдайда ғана компьютерлік техникамен жұмыс істеп, ӛзіне ұнаған кез-келген мәселені 
түгел  шешуіне  мүмкіндігі  болады.  Мұндай  үдеріске  түзету  әсерлерін  қолданып, 
нәтиженің дұрыс жолдарын талқылау, дарынды баланың жеткен жетістіктерін мақтау-
мадақтаумен  ынталандырып  қол  жеткізуіміз  керек.  Дарынды  баланың  тапсырманы 
орындаудағы  жасаған  қателіктері  оның  шығармашылық  потенциялын  дамытып, 
білімінің,  біліктері  мен  дағдыларының,  сонымен  бірге  оқуға  қызығушылығының, 
белсенділігінің  дамуына  оң  әсерін  тигізетіні  анық.  Дегенмен,  дарынды  балалардың 
шығармашылық белсенділігін дамытуда оларға жіберген қателерін жоюмен, алдын алу 
жұмыстарымен  шектелмей,  жіберген  қателерінің  педагогикалық  салдарларын 
мотивациялық  дәйектемелердің  теріс  факторларына  жатқызып,  біржақты  түсіндіруге 
болмайтынын есте ұстағанымыз дұрыс.  
Дарынды  балаларды  ойын  жағдайына  кіргізу  олардың  мотивациясын  арттырудың 
қосымша  құралы  болатындықтан,  компьютерлік  техникамен  оқу  үдерісінде  ойын 
бағдарламаларын  жүргізу  мәселелері  кӛптеген  дидактикалық  зерттеу  жұмыстарына 
арқау  болған.  Ол  жерде  мотивацияны  арттырудың  қайнар  кӛзі  ретінде  жарыс 
сипатындағы  ойындар,  кәсіптік  тұрғыда  және  де  басқаша  жүргізудің  әдістері  мен 
қызығушылықты  арттыру  мәселелері  компьютерлік  технологияның  мүмкіндіктерінің 
шексіз екеніне кӛз жеткізеді. 

83 
 
Компьютерлік  технология  оқыту  құралы  ретінде  дарынды  балалар  мектеп 
оқушыларының  оқуға  деген  мотивациясын  арттырумен  қатар  шығармашылық 
белсенділігінің дамытуға үлкен мүмкіндіктер береді:  
–  компьютерлік  технология  орындалған  әрекеттің  нәтижесін  кӛрнекілікпен 
кӛрсетіп, орындалу шарттарын нақты аңғартады. 
–  белгілі  бір  қызмет  түрін  меңгеруде  компьютерлік  технология  әрбір  дарынды 
балаға жұмысты орындаудың нормативтік әдісін ӛз әдісімен салыстыруына мүмкіндік 
береді; 
–  оқыту  үдерісінің  түрлі  жағдайында  компьютерлік  технология  оқыту  құралы 
ретінде  оқу  материалына,  қолдану  әдістеріне  ӛзгерістер  енгізіп,  олардың  іс-
әрекеттеріне ықпал етеді.  
Мысалыға  алсақ,  дарынды  баланың  меңгермек  болған  оқу  пәніндегі  тірек 
ұғымдарын  қалыптастыруына,  шешімді  іздеуге,  алынған  нәтиженің  дұрыстығын 
тексеруге  компьютерлік  технологияның  тигізер  оңтайлы  ықпалы  да,  әсері  де  жоғары 
деңгейде.  
Компьютерлік  технологияның кӛмегімен  есеп  шығару  үрдісін  бірнеше  кезеңдерге 
бӛліп реттесек, ол былай болады: – есептің берілуін талдау; – математикалық нобайын 
құру;  –  құрылған  нобайға  сәйкес  алгоритмін  жазу;  –  жазылған  алгоритмге  сәйкес 
компьютерде  бағдарламалау;  –  алынған  нәтижені  талдау.  Есептің  күрделілігіне 
байланысты бұл кезеңдер түрліше қолданылады. Әсіресе, шығарылу жолы ұзақ, күрделі 
есептердің  алгоритміне  бағдарлама  құрып  компьютер  кӛмегін  пайдаланып  шешу  ӛте 
тиімді. 
Педагог-психологтардың  еңбектерінде  [5]  физика  пәні  сабақтарын  компьютерлік 
технологиямен  байланыстырып  ұйымдастыру  дарынды  балалардың  бойында 
физикалық  ұғымдардың  қалыптасып,  дамуына  кӛмектесетіні,  ол  дәстүрлі  оқытуға 
қарағанда  қызығушылығын  арттырып,  шығармашылық  белсенділігін  дамыта  түсетіні 
айтылады. 
Компьютермен  жұмыс  істеу  олардың  логикалық  ойлануын,  пәндік  оқуға 
қызығушылығын  арттырады.  Енді  оқытудың  түрлеріне  тоқталсақ,  түсіндірмелі-
иллюстративті,  проблемалы  оқыту,  бағдарламалап  оқыту  т.б.  түрлерінде  де 
компьютердің алатын орны зор. Компьютермен кӛзге кӛрінбейтін үрдістердің ағымын 
да дәл сипаттауға болады. Мысалыға, қан айналымы, жер серігінің  жүріп ӛткен жолы 
т.б.  
Компьютерлік  технология  мұғалімнің  ақыл-ойымен  басқарылатын  аса  ауқымды, 
әрі  жан-жақты  қосымша  педагогикалық  іс-әрекетті  атқара  алады.  Дегенмен, 
компьютерлік технологияны оқыту үдерісіне пайдалану үшін, оны басқаратын, қажетті 
іс-әрекетпен қамсыздандыру құралдары болуы керек. Яғни, дәстүрлі  қолданыстағы әр 
түрлі педагогикалық іс-әрекет құралдарының негізгі бағыттарын саралап, оларды оқыту 
үдерісінде 
дарынды 
балалардың 
шығармашылық 
белсенділігін 
дамытуда 
қолданғанымыз жӛн. 
Оқу  бағдарламасына  педагог-психолог  ғалымдар  тӛмендегіше  жіктеме  жасаған: 
Е.И.Машбиц оқыту бағдарламасы негізінде оқу бағдарламасын бес типке бӛлді: бағыт 
беруші,  проблемалық  оқыту,  жаттығу,  имитациялық,  ойын.  Ал,  Ю.А.Первин 
бағдарламаларды  әдістемелік  бағытына  қарай  бӛлді:  ақпараттық-анықтамалық, 
ақпараттық-тоқтамдық, 
бағдарламалық 
құрал-жаттықтырушылар, 
нобайлайтын, 
кӛрсетілімді  есептік,  дамыту,  оқу-ойын.  Б.С.Гершунский  болса,  мақсаттың  белгісіне 
қарай жіктеді: бақылаушы, басқарушы, кӛрсетілімдік, нобайлаушы, операциялық.  
Жоғарыда  айтылған  педагог-психолог  ғалымдардың  зерттеулері  негізіндегі 
тұжырымдамаларына сүйеніп, педагогикалық іс-әрекет құралдарының мынадай негізгі 

84 
 
үш  түрін:  мазмұндық,  ғылыми-зерттеу  және  оқу-әдістемелік  сипатын  қамтитын  іс-
әрекет құралдарын ұсынамыз. 
Мазмұндық-сипат  құралдарын  толықтыратын  компьютерлік  бағдарламалар 
дарынды  балалардың  кӛптеген  ӛзіндік,  қосымша,  жеке  тапсырмаларын  орындауына 
кӛмекші,  үлгі  ретінде  қолданылады.  Бұл  дарынды  балалардың  шығармашылық 
белсенділігін  дамытып,  білім  берудің  сыңар  бӛлігіне  айналады.  Ол  компьютерлік 
бағдарламалар  дарынды  оқушылардың  мол  ауқымды  ақпаратты  тез  ӛңдеп  есептеу 
мүмкіндіктерін беріп, жұмыс істеу тиімділігін арттырады. 
Ғылыми-зерттеу  құралдары  дарынды  балалардың  жеке  оқу-зерттеу  жұмыстары 
мен  идеяларын  ойлап  табуына,  дербес  эксперименттер  жүргізуіне  жағдай  туғызады. 
Зерттелетін  мәселе  мен  оған  сәйкес  келетін  теория  сабақ  үдерісінде  біртұтас  ұғымға 
ұласып,  дамып  отырады.  Компьютерлік  техника  дарынды  оқушылардың  тікелей 
қатысуымен  эксперимент  жүргізу  және  ақпарат  алу  құралы  ретінде  пайдаланып, 
зерттелетін  материалды  түсіндіруші,  жауабын  талдаушы,  бақылаушы  ретінде 
қолданылады.  Ол  бағдарламалар,  ғылыми-зерттеу  жұмысының  ішкі,  сыртқы 
жағдайларын тексеріп, нәтижені болжай алатындай жағдай туғызып, бағыт-бағдар бере 
алады. 
Оқу-әдістемелік  құралдарының  мәні  туралы  айтсақ:  зерттелетін  тақырып 
мүмкіндігінше  қарапайымдандырылып,  олар  жайлы  ақпарат  берілетіндіктен,  осы 
ақпараттарды  дарынды  балалар  түгел  меңгеріп  отыруы  талап  етіледі.  Соңынан, 
жинақталған  білімді  тексеріп  бекіту,  ӛтілген  тақырыптар  аясында  арнайы  тест 
сұрақтарына жауап беру арқылы әр бӛлімнің соңында жүргізіледі.  
Біз  қарастырып  ӛткен  педагогикалық  іс-әрекет  құралдарына  жасалған  талдау 
олардың айырмашылықтарымен қатар, ортақ бӛліктерінің де бар екенін кӛрсетіп отыр:  
– титул беті;  
– зерттеу мәселесіне шолу;  
– бастапқы білімдердің қажеттілігі; 
– олардың білім деңгейіне сәйкес таңдау мүмкіндігі; 
– қажет кезінде пайдалануға мүмкіндік беретін әдістемелік нұсқаулар. 
Оқыту  үдерісі  педагогикалық  іс-әрекет  құралдарын  пайдаланып  жүргізілгенде, 
анықтама-тұжырымдар мен мысалдарды айтып беріп қана қоймай, олардың құрамына 
құндылықтар  жүйесі  мен  ӛзінің  білім  деңгейіне  сын  кӛзбен  қарап,  бағалау  қабілетін 
дамыту  жұмысын  ендіріп  отырғанымыз  жӛн.  Мұның  ӛзі  дарынды  балалардың 
шығармашылығын шыңдап, ұдайы әрекет үдерісінде белсенділігін дамытып отыратын 
оқыту  формасымен  ғана  іс-жүзіне  асырылады.  Сол  себепті,  дарынды  балаларға 
берілетін тапсырмалар мен ӛзіндік жұмыстар: 
– дарынды балаларды қызықтыратындай болуы; 
– дарынды балалардың білім деңгейіне сәйкес болуы; 
–  дарынды  балалардың  интеллектуалдық  мүмкіндіктеріне  белсенді  сипат  бере  алатын 
мәселені қоя білуі; 
Дарынды  балалардың  интеллектуалдық  дамуының  жоғары  шыңы,  тапсырмалар 
мен ӛзіндік жұмыстарды орындауда кездесетін дербес те, белсенді шығармашылық іс-
әрекеттер.  Іс-әрекет  құралдарымен  (бағдарламалармен)  жұмыс  істеген  дарынды 
балаларда  сұрақ  қоюмен  қатар,  тиімді,  оңтайлы  шешімдерді  тез  таба  білуге,  болжап, 
ойластыруға  бейім  қабілеттері  қалыптасуы  керек.  Себебі,  нағыз  білімділік  жаттанды 
білімнен ғана емес,  сұрақ қойып шығармашылық  ізденуден құралады. Яғни, дарынды 
бала ӛзінің істеген жұмысын үздіксіз жетілдіру үстінде болуы керек.  
Демек,  заманауи  компьютерлік  бағдарламалардың  жоғары  жетістіктерін  тиімді 
пайдаланып,  оны  оқыту  үдерісінің  жемісі,  нәтижесі  болатын  дарынды  балалардың 
шығармашылық белсенділігін дамытуда пайдалануымыз керек.  

85 
 
Дарынды  балалардың  шығармашылық  белсенділігін  дамыту  мақсатында  қажетті 
әдебиеттер мен ғылыми жұмыстарға талдау жасап педагогикалық іс-әрекет құралдарын 
басты ерекшеліктері бойынша бӛліп алдық (1-сурет). 
 
 
 
1-сурет – Педагогикалық іс-әрекеттер құралдарының сипаттамасы. 
 
Педагогикалық  іс-әрекеттер  құралдарында  педагогика  мен  кӛрнекілік  қағидалары 
нақты кӛрсетіліп, мазмұны дәстүрлі оқыту әдістерінің тиімді құралдарымен сабақтасуы 
керек.  Жүргізілген  тәжірибелік  жұмыстардың  нәтижелері  мен  педагог-психолог, 
дидактардың  зерттеулеріне  сүйеніп,  педагогикалық  іс-әрекеттер  құралдарымен 
жабдықтау мынадай әдістемелік талаптарға сай болғаны дұрыс деп тұжырымдаймыз: 
–  ӛтілетін  тақырыптың  мазмұны  түсінікті,  мақсаты  дәл  анықталып,  міндеттері  нақты 
шешілетін болуы керек.  
–  меңгерілуі  қажет  болған  білім,  дарынды  оқушылардың  білімділік  деңгейіне  сәйкес 
болуы керек; 
– олардың шығармашылық белсенділікпен жұмыс істеуіне жағдай туғызуымыз керек; 
–  оларды  қарастырылып  отырған  тақырыпқа  сәйкес,  кӛбірек  сұрақ  қойып,  ойлануына 
ықпал жасауымыз керек. 
Бүгінде  білім  беру  мекемелерінде,  оның  ішінде  дарынды  балаларға  арналған 
мамандандырылған 
мектептерде 
кез-келген 
пәнді 
меңгеруде 
компьютерлік 
бағдарламалар  кӛптеп  қолданылуда.  Компьютерлік  бағдарламаларды,  компьютерлік 
технологияларды  білім  беруде  қолдану,  оқытудың  кәдімгі  түрлерімен  салыстырғанда 
едәуір артықшылығы болғанда іске асырғанымыз тиімді. Мәселен, математика, физика, 
информатика, химия т.б. оқыту пәндерінен компьютерлік нобайларды қолдану арқылы 
оқыту  сабақтың  кӛрнекілігін  әлдеқайда  жандандырады.  Мұның  ӛзі,  біздің  негізгі 
мақсатымыз  болған  дарынды  оқушылардың  тақырыпқа  қызығушылығын  арттырып, 
шығармашылық белсенділігін дамытады.  
Компьютерлік  нобай  –  объектілердің  бейнесін  жазықтықта  немесе  кеңістікте 
кӛрсете  алатын,  физикалық  эксперименттерді  бейнелеп  кӛрсетудің  күрделі 
жағдайларын  имитациялайтын  компьютерлік  бағдарламалар.  Компьютерлік  нобайлар 
физикалық тәжірибелердің виртуальді бейнесін және кәдімгі тәжірибе жүзінде байқала 
бермейтін  бӛліктерін  толық  кӛрсетеді.  Компьютерлік  нобайлармен  белгілі  бір 
шамалардың  басқа  бір  шамаға  тәуелділік  графигін,  диаграммасын  т.б.  бейнелерін 
кӛрнекті түрде экранға немесе қағазға басып шығаруға болады. Мұндай ерекше кӛрініс 
беру,  зерттелетін  үдерістің  табиғи  заңдылықтарын  түсіндіруді  жетілдіріп,  үлкен 
ақпараттың кӛлемін жинақтап кӛрсете алады. 
Оқу-әдістемелік 
құралдары 
Педагогикалық іс-әрекеттер құралдары 
Имитация 
Жаттығу 
Эксперименттік 
Тестік 
Оқыту 
Репетитор 
Ғылыми-зерттеу 
құралдары 
Мазмұндық-сипат 
құралдары 

86 
 
Дарынды  балалардың  компьютерлік  нобайлармен  жұмыстар  орындауы  ӛте 
пайдалы. Себебі, компьютерлік нобайлар жасау арқылы объектілердің табиғи бейнесін 
және  оның  қасиеттерін  толық  ашып  кӛрсету  барысынды  шығармашыл  идеялардың 
пайда болуына жол ашып, соңы үлкен жаңалыққа ұласуы мүмкін. Мұндай әрекеттің іс-
жүзінде  тексеруден  ӛткен  «Компьютерлік  зерттеу  сабағы»,  «Компьютермен 
тексерілетін  жаттығу  тапсырмаларын  орындау  сабағы»  –  дейтін  мысалдарын  айтуға 
болады.  Компьютерлік  зерттеу  сабағында  олармен  компьютерлік  нобайды  кӛріп, 
бақылап,  талдау  жасап,  қажетті  нәтижелерді  алу  үшін  ӛз  бетінше  зерттеулер  жүргізу 
ұсынылады [6].  
Сонымен,  компьютерлік  нобайлар  практикалық  іс-жүзінде  тәжірибе  жүргізуге 
мүмкіндік  бола  бермейтін  табиғаттың  күрделі  құбылыстарын  компьютерлік 
техниканың жоғары деңгейлі мүмкіндіктерінің кӛмегімен нақты құбылысқа бірте-бірте 
жақындатып, витуальді түрде кӛрсетуге мүмкіндік береді.  
Компьютерлік  нобайлаудың  және  бір  артықшылығы,  зерттеу  жұмыстарына 
жұмсалатын  уақыт  үнемделіп,  объектінің  табиғи  бейнесіне  компьютерлік  нобай 
мейлінше  жақындай  түседі.  Бұл  дарынды  балалардың  ойлануына,  болжам  жасауына 
түрткі  болып,  олардың  қызығушылығын  арттырады,  шығармашылыққа  қарай  қадам 
бастырады.  Ал  пән  мұғалімі  болса,  оқытудың  шығармашылық  үдерісінде,  кӛмекшінің 
ғана  рӛлін  атқарады.  Осылайша  білім  алуға  қызығушылығы  артқан  дарынды  балалар 
шығармашылықпен  айналысуға  ден  қойып,  қосымша,  ӛзіндік,  үйге  берілетін  жаттығу 
тапсырмаларын  кӛптеп  орындап,  нәтижелерін  тексеру  үшін  компьютерлік 
экспериментке 
жүгінеді. 
Компьютерлік 
эксперимент 
арқылы 
орындаған 
жұмыстарының  нәтижесін  ӛз  бетінше  тексеру,  ойдағыдай  нәтижеге  жету  дарынды 
балалардың  қызығушылығын  одан  да  жоғарылатып,  рухани  күш-қуатын  арттырып, 
жұмысты  ғылыми  зерттеу  дәрежесіне  дейін  жеткізуіне  алып  барады.  Мұның  ӛзі, 
математика,  физика,  информатика  және  т.  б.  сабақтарда  дарынды  балалардың  білім 
деңгейін  компьютерлік  технология  негізінде  түрлі  әдіс-тәсілдерді  (жаттығу 
тапсырмаларын орындау, тесттерге жауап беру т.б.) қолданып шыңдауға қол жеткіземіз 
деген  сӛз.  Мәселен,  оқыту  үдерісінде  компьютерлік  техника  физика  мұғаліміне 
физикалық  есептеу  экспериментіне  жиірек  сүйенуге,  қандай  да  бір  физикалық 
шамалардың арасындағы байланысты кӛрнекті түрде кӛрсетуге, оқытудың қолданбалы 
бағытталуын  күшейтуге  кӛмектесетін  физика-техникалық  мазмұндағы  есептерді 
тереңірек  зерделеуге  мүмкіндік  береді.  Машиналы  графиканы  пайдалана  отырып, 
экранда суреті кӛрсетілген бағдарлама жазуға, сондай-ақ қозғалысқа келтіруге болады. 
Компьютердің  бұл  мүмкіндігі  кӛзге  байқалмайтын  кейбір  физикалық  үрдістерді 
демонстрациялап кӛрсетуге пайдаланылады [7]. 
Шығарылу  жолы  қиын  және  күрделі  болса,  ондай  есептердің  алгоритмін  түзіп, 
бағдарламасын құрып компьютер арқылы шешу тиімді. Ол үшін алдымен, есеп бірнеше 
бӛліктерге  бӛлініп,  оларды  қандай  тізбекпен шешілетіндігі,  белгіленеді.  Яғни, бірінші 
кезең  есептің  қойылуы.  Бұл  кезең  есептің  шарттарымен  алынатын  нәтижелерін 
ажыратып  кӛрсетуге  арналады.  Одан  кейінгі  екінші  кезеңде,  формула  түрінде 
жазылатын  оның  математикалық  нобайы  жасалады.  Есеп  шығаруда  математикалық 
нобайды құру үшін алдымен:  
– математикалық нобай негізделетін болжамды бӛліп алу;  
– алғашқы мәліметтер мен нәтижені анықтап алу;  
–  алғашқы  мәліметтер  мен  нәтижені  байланыстыратын  математикалық  қатынастарды 
жазу  қажет.  Яғни,  осы  кезеңде  оның  математикалық  нобайы  зерттеліп, 
бағдарламаланады. Алгоритм құру – компьютермен есеп шығарудың үшінші кезеңі деп 
аталады. Бағдарламалау тілінде жазылған алгоритм бағдарлама деп аталады. Тӛртінші 
кезең  –  бағдарламалау  үдерісі.  Бесінші  кезең  –  ЭЕМ  тапсырмаларын  алғаннан  кейін 

87 
 
есепті  автоматты  түрде  ӛзі  шешеді.  Есептеуді  компьютерде  жүргізе  отырып,  алынған 
нәтижені талдау керек. Мұндай жағдайда математикалық  нобайды нақтылау қажеттігі 
пайда болуы мүмкін.  
Қорыта  айтқанда,  дарынды  балаларды  даярлайтын  мектептерде  оқытудың 
компьютерлік  технологиясын  қолданудың  ғылыми-теориялық  ерекшеліктерін 
келтірдік.  Сонымен  физикалық  есептерді  шығару  үрдісінде  компьютерді  пайдалану 
дарынды  балалардың  шығармашылық  жұмысының  ӛнімділігін  арттыруға  ықпалын 
тигізеді.  Компьютер  әдеттегі  физика  есептерін  жаңа  мазмұнымен  толықтыруға 
мүмкіндік  береді,  оларды  анағұрлым  қолайлы,  қызықты  етеді.  Компьютерлік 
бағдарламалық  құралдардың  кӛрнекілігі  дарынды  балалардың  шығармашылық 
белсенділігін дамытуда үлесі үлкен екендігі анық.  
 
 
1. 
Караев  Ж.А.  Активизация  познавательной  деятельности  учащихся  в  условиях 
применения компьютерной технологии обучения: дис. ...докт. пед. наук:  – Алматы, 
1995. – 314 с. 
2.  Резников Л.И. Физиканы оқытудың графиктік әдісі. М.: 1960. – 347 б. 
3. Ерматов Ш.Р. Дарынды балаларға арналған мектеп оқушыларының шығармашылық 
белсенділігін  дамыту  туралы  //  Білім.  Білім  және  ғылым  министрлігінің  ғылыми 
жұрналы. – Алматы, 2009. – №5(47), – Б.3-5. 
4. Лейтес Н.С. Психология одаренности детей и подросков. – М.: 1996. 
5.  Сағидуллақызы  Ә.  Шығармашылық  жұмыстарды  жүргізу  жолдары  //  Қазақ  тілі  мен 
әдебиеті. – 2006. – №6. – Б.89-91. 
6. Дайырбеков С.С., Ерматов Ш.Р. Білім берушінің ақпараттық технологияны қолдануда 
біліктілігін  жоғарылату  мәселелері  //  Білім.  Білім  және  ғылым  министрлігінің 
ғылыми жұрналы. – Алматы, 2009. – №6(48) – Б.34-36. 
7.  Ерматов  Ш.Р.  Дарынды  балаларға  арналған  мамандандырылған  мектеп 
оқушыларының  шығармашылық  белсенділігін  дамытудың  кейбір  мәселелері  // 
Хабаршы  ҚАЗҰУ.  Білім  және  ғылым  министрлігінің  ғылыми  жұрналы.  –  Алматы, 
2009. – №1-2(26-27). – Б.122-126. 
 
 
 
УДК 519.612.4 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет