Абай атындағы


Л.Б. Рахимжанова, П.Қ. Тазабекова



Pdf көрінісі
бет16/23
Дата31.03.2017
өлшемі5,39 Mb.
#10805
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23

Л.Б. Рахимжанова, П.Қ. Тазабекова 
 
ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚЫТУ ЖАҒДАЙЫНДА КОМПЬЮТЕРЛІК 
МОДЕЛЬДЕУДІ ОҚЫТУ 
 
(Алматы қ., Абай атындағы  ҚазҰПУ) 
 
Бұл  мақалада  қазіргі  қоғамның  негізгі  білім  тенденциялары  қарастырылған.  Білім 
саласына  E-learning  электронды  оқытуды  енгізу  қажеттігі  негізделген.  Білімді 
ақпараттандырудың  дұрыс  үрдісіне  беталдыратын  ақпараттық  қоғамға  теңбе-тең 
электронды  оқыту  жүйесінің  пайда  болуы  негізделген.  Электрондық  оқыту 
жағдайында  «Компьютерлік  модельдеу»  электронды  курсының  кейбір  элементтері 
қарастырылған. 
В  статье  рассмотрены  основные  образовательные  тенденции  современного 
общества.  Обоснована  необходимость  внедрения  электронного  обучения  e-learning  в 
образование, адекватного информационному обществу и инициируемое объективным 
процессом  информатизации  образования.  Были  рассмотрены  некоторые  элементы 
электронного  курса  «Компьютерное  моделирование»,  используемого  в  условиях 
электронного обучения. 
Main  educational  tendencies  of  modern  society  are  considered  in  the  article.  Need  of 
introduction of E-learning for education on the basis of electronic training, which is adequate 
to  information  society  and  initiated  by  objective  process  of  informatization  of  education  is 
proved. Some elements of «Computer modeling» course, used in case of electronic learning 
are considered.  
 
Түйін сөздер: Электронды оқыту, on-line, off-line, компьютерлік модельдеу.  
Ключевые слова: Электронное обучение, on-line, off-line, компьютерное моделирование.  
Keywords: Electronic learning, on-line, off-line, computer modeling. 
 
Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға 
арналған  мемлекеттік  бағдарламасының  негізгі  бағыттарының  бірі  «е-learning» 
электрондық оқыту бағдарламасы болып табылады. 
«E-learning»  электронды  оқыту  білім  берудің  ұшқыр  мазмұны,  іс-әрекеттің 
интерактивтік  тәсілдері  және  тыңдаушылардың  оқу  нәтижелерін  тұлғаландырылған 
есепке  алу  негізінде  ақпараттық  білімдік  орта  жағдайында  білімдік  процесс 
субьекттілерінің интерактивтік қашықтың ӛзара әрекеттестігін құратын педагогикалық 
және  ақпараттық-қатынастық  технологияларды  кіріктіру  негізінде  іске  асырылатын 
оқытудың ӛзіндік түрі.  
Білім  беру  жүйесіне  электрондық  оқытуды  енгізудің  мақсаты  -  білім  беру 
үдерісінің  барлық  қатысушыларының  үздік  білім  беру  ресурстары  мен 
технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету [1].  
Ал  бұл  мақсатты  жүзеге  асыру  үшін  оқу  үдерісін  автоматтандыруды  енгізуге 
жағдай жасау қажет. Мақсатқа қол жеткізу оқу сапасын, білімді басқарудың тиімділігін, 
сыртқы  ортамен  ақпараттық  кірігуін  арттырады.  Электрондық  оқыту  жүйесінің  ішкі 
жүйелерінің  бірі:  «Электрондық  оқулықтар»  болып  табылады.  Сол  себепті 
«Электрондық  оқулықтарды»  пайдалану  студенттердің  танымдық  белсенділігін 
арттырып қана коймай ойлау жүйесін калыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне 
жағдай  жасайды.  Оқыту  үдерісінде  оқыту  әдістерін  тиімді  пайдалану,  білім  беру 
жүйесін  тұтастай  ақпараттандыру  арқылы  жаңа  оқыту  технологиясын  енгізу  оқыту 
үдерісінде толыққанды дамуына мүмкіндік жасайды. 

110 
 
Электронды  оқыту  жаңа  технология  болып  табылатынына  қарамастан,  тарихи 
деректер E-learning электронды оқыту жүйесінің алғашқы қадамы ХХ ғасырдың 60-шы 
жылдарында  Стэндфорд  университетінің  қабырғасында  орын  алғанын  кӛрсетеді.  Бұл 
жоба аясында сол кезде компьютерлер математика пәнін оқыту үшін қолданылған және 
бүкіл  әлем  бойынша  оқушыларды  оқыту  үшін  осындай  мультимедиялық  курстардан 
әлемнің 35 мемлекетінен елу мыңнан астам оқушылар мен студенттер ӛткен. E-learning 
Финляндияда, Ирландияда және Оңтүстік Кореяда білімді жетілдіру мен экономикалық 
ӛсудің  негізгі  құралы  болып  есептеледі.  Электронды  оқыту  бойынша  арнайы  ұлттық 
бағдарламалар  жасалды.  АҚШ,  Ұлыбритания,  Австралия,  Жаңа  Зеландия  елдерінде 
электронды  оқыту  күнделікті  ӛмірдің  практикалық  тәжірибесіне  айналған  [2].  Білім 
кеңістігінде электронды оқыту жүйесін қолданудың мақсаты бұл оқу үрдісінде сапалы 
білім беру қызметтерін енгізу және оған қолжеткізу үшін ақпараттық коммуникативтік 
технологияларды қолдана отырып ұйымдастыру. Ақпараттық технологиялардың дамуы 
қоғамның  интеллектуалдық  потенциалы  мен  мемлекеттегі  білім  дамуының  деңгейіне 
байланысты.  Білім  мазмұны  мен  сапасы  қоғамда  әрқашан  басымдық  маңызға  ие. 
Осының салдарынан білім сапасын кӛтеру мақсатында жалпы оқыту жүйесіне әртүрлі 
жаңа  ақпараттық  коммуникативтік  технологияларды  енгізу  жоспарлы  жұмыстары 
қарастырылуда. 
Әлемдік 
тәжірибеде 
ақпараттық 
телекоммуникациялық 
технологияларды  білім  саласында  жетістікке  қол  жеткізе  қолданудың  бірнеше 
мысалдары  бар,  сонымен  қатар  оқытуда  оң  нәтижелер  беретін  іс  жүзіндегі 
бағдарламалар  мен  жобалар  да  бар.  Электронды  оқыту  жүйелеріне  кіріктірілген 
заманауи компьютерлік технологиялар білімді жеткізу мен әртүрлі оқу ақпараттарына 
ӛтуде дәстүрлі оқыту құралдарына қарағанда анағұрлым әсерлі әрі нәтижелі [3]. 
Қазіргі  білім  жүйесінің  ерекшелігі  –  тек  біліммен  қаруландырып  қоймай, 
ӛздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз ӛз бетінше ӛрлеуіне қажеттілік тудыру.  
Осы  тұрғыда  Қазақстанда  2011-2012  оқу  жылдарында  Астана,  Алматы  және 
Қарағанды  облысының  44  білім  беру  ұйымдарында  пилоттық  жоба  іске  асырылса,  ал  
2012 жылы жобаға қатысатын білім беру ұйымдарының  саны 537-ге дейін жетсе, 2013 
жылда олардың санын 926-ға дейін жеткізу кӛзделгенін айтып кетуге болады.  
Бүгінде осы үш жылға республикалық бюджетте 39,5 млрд. теңге қарастырылған. 
Электронды  оқыту  жүйесінің  негізгі  мақсаты  -  ауыл  және  қала  мектептерінің  білім 
деңгейін теңестіру.  
Қазақстанда  E-learning  жүйесінің  электронды  оқыту  нарығында  алатын  орны  да 
ерекше.  Бұған  дәлел  қазіргі  буын  білімгерлер  үшін  ақпаратты  электронды  тәсілмен 
қабылдау  қалыпты  жағдай  болып табылады.  Кӛптеген  Қазақстандық  компаниялар  тек 
жақсы  оқытылған  қызметкер  ғана  мекемеге  табыс  әкеле  алады  деген  тұжырымды 
ұстанады.  Осы  орайда  басшылар  ӛзінің  басқаратын  мекемесінде  қызмет  жасайтын 
адамдар үшін бірлескен тренингтік бағдарламаларды дамыту бойынша ұтымды шешім 
қабылдауларына  мәжбүр.  Ал  бұл  тұрғыда  жаңа  білім  алу  үшін  электронды  оқыту  E-
learning  талапқа  сай  келеді.  Электронды  оқытуда  оқытушының  автоматтандырылған 
жұмыс орны болады. Оған электронды журналдар, күнделіктер, жоспарлар, электронды 
оқытушылар  бӛлмесі,  ата-аналарды  SMS-хабарламалары  кіреді.  Әрбір  студент  пен 
оқытушының  кез  келген  уақытта  әлемдік  ең  жақсы  білім  ресурстарына  «онлайн»  ӛту 
мүмкіндігі  болады.  Сонымен  қатар  цифрлық  білім  ресурстары,  яғни  электронды 
оқулықтар, ойындар, виртуалды тренажерлар, зертханалар болу керек.  
E-learning  –  күндізгі  семинарлардың  инновациялық  баламасы,  сонымен  қатар 
қызметкерді  оқыту  құралы,  кез  келген  адамның  жеке  және  кәсіби  ӛсуіне  тиімді,  ӛз 
бетімен  және  жан-жақты  дамуына  бағытталған  құрал  ретінде.  Қазір  Қазақстанда 
электронды  оқытудың  синонимі  қашықтықтан  оқыту  жүйелерін  (ҚОЖ)  ӛндірістік  ірі 

111 
 
компаниялар мен банктік секторлар да енгізуде. Себебі, электронды білім беру жүйесі – 
болашақта жаппай ағарту саласын қамтитын жаңа үрдісті шығармашылық еңбек.  
Е-learning  электронды  оқыту  жүйесі  білім  берудің  барлық  сатысын 
технологияландыруымен  ерекше.  Электронды  оқыту  түрін  қолданудың  әсерлігі  мен 
нәтижелігі туындайтын жағдаяттардың нақты факторларына тәуелді болуында [4]. 
Қазір  дәстүрлі,  қашықтықтан  оқыту,  электронды  оқыту,  аудиториялық  сабаққа 
түрлі  электронды  құралдарды  пайдалану  сияқты  оқыту  үлгілерінің  кӛптеген  түрлері 
бар.  Соның  ішінде  еліміздің  жоғары  оқу  орындарында  кейс,  желілік  және 
телекоммуникация  сынды  ақпараттық-коммуникациялық  технология  құралдарының 
кӛмегімен қашықтықтан оқыту түрі таңдалған. 
Осы  тұрғыда  университетімізде  қашықтықтан  білім  беру  технологияларын 
дамыту  үшін  webinar  форматында  on-line  дәрістері  Красноярс  мемлекеттік 
педагогикалық  университеті,  Омск  мемлекеттік  педагогикалық  университеттерімен  
ӛткізілуде. Осындай on-line дәрістер білім алушылар мен оқытушылардың ақпараттық 
ӛзара  әрекетінің  тұрақты  үлгісі  болмақ.  Webinar  мүмкіндіктері  күндізгі  оқу 
мүмкіндіктерімен толықтай теңестірілмек, оқытушымен жеке on-line қатынаста болу – 
оқу  орындары  үшін  бұл  технологияны  ӛте  тартымды  етеді.  Webinar  қатысушылар, 
олардың  қайда  орналасқандығына  қарамастан  кез  келген  жерден  on-line  дәрістерге 
қосыла  алады,  ӛз  кезегінде  университеттің  аудиториялық  қорының  жүктемесін 
тӛмендету  үшін  сабақ  ӛткізуге  арналған  аудитория  ұйымдастырудың  қажеті  жоқ.  Кез 
келген  webinar  оңай  жазылады  және  ӛте  маңызды,  соның  салдарынан  кӛптеген 
мақсаттарға  арналған  –  ішкі  бірлескен  білім  кітапханасын  қалыптастыру,  Интернет 
желісінде жариялау, лектордың ӛзі ӛткізген сабақты талдау, болашақта ӛз стилі мен оқу 
материалдарын жіберу техникасын жетілдіру үшін қолданылып отыр.  
Компьютерлік модельдеудің информатика курсындағы алатын орны ерекше. 
Ӛйткені, компьютер кӛмегімен ӛмір  практикасында кездесетін есептерді шешу әр 
кезде алда тұратын мәселе. Компьютерді, яғни ақпараттық технологияларды пайдалану 
салалары кӛбейген және кеңейген сайын модельдеу және формализациялаудың 
кӛкейтестілігі арта беретін болады. Сондықтан мектеп информатика курсында болсын 
немесе жоғары және арнаулы орта оқу орындарында информатика пәнін оқытуда бұл 
мәселеге жеткілікті кӛңіл бӛлінуі керек. Мәселен, ресейлік мектептерде осы аталған 
мәселеге аса назар аударылады.  
Электрондық  оқыту  жағдайында  «компьютерлік  модельдеу»  электронды  курсы  
ұжымдық  рұқсаты  бар  жоғары  оқу  орындарында  сапалы  оқытуды  қамтамасыз  етеді, 
оқыту  бағдарламалары  мен  курстардың  шығынын  азайтады,  білім  беру  контенті  мен 
қазіргі  заманғы  оқыту  технологияларына  ауқымды  және  бірдей  рұқсатты  қамтамасыз 
етеді. Электрондық оқыту жағдайында «компьютерлік модельдеу» электронды курсын  
енгізудің  нәтижесінде  оқыту  үрдісінің  тиімділігі  артады,  сондай-ақ  оқу  орындарында 
оқытушы  құрамының  жаңа  ұрпағы  қалыптасады.  Электрондық  оқыту  жағдайында 
«Компьютерлік  модельдеу»  электронды  курсы    құрамына  оқытуда  іскерлік  ойындар 
мен  имитационды  модельдеуді,  мультимедиялық  кӛрсету  құралдары  мен  оқу 
материалдарының  дамуы,  студент  пен  оқытушылардың  интерактивті  байланыс 
құралдары  кіреді.  Электрондық  оқыту  жағдайында  «Компьютерлік  модельдеу» 
электронды  курсын  оқыту  үрдісінде  жүзеге  асыруда  LCDS  (Learning  Content 
Development System) жүйесін пайдаланған ыңғайлы әрі тиімді [5]. 
«Компьютерлік  модельдеу»  студенттердің  танымында  әлемнің  ақпараттық 
бейнесін  қалыптастыратын  жоғары  оқу  орындарында  информатика    мамандығы 
бойынша  ұйымдастырылған  элективті  курс    болып  табылады.  Жоғары  оқу 
орындарында  электрондық  оқыту  жағдайында    компьютерлік  модельдеу  курсын 
информатика  мамандығының  студенттерінің  білімін  жетілдіру  мақсатында  Moodle 

112 
 
LMS программалау ортасында  «Компьютерлік модельдеу» курсы бойынша теориялық 
және практикалық материалдар, глоссарий, тестілеу кешені және тағы басқа студенттің 
білімін  жетілдіретін  тапсырмалыр  жасалды.  Курсты  ӛту  нәтижесінде  студент  келесі 
мүмкіндіктерге ие болады: 
-
 
білімді визуализациялау
-
 
ӛзіндік жұмысты орындау ортасының болуы; 
-
 
қазіргі  заманғы  технологиялар  қолдану  арқылы  интеграцияланған  сабақтардың 
берілуі; 
-
 
ӛзін-ӛзі тексеру жүйесін пайдалану; 
-
 
ӛз мүмкіншіліктерін жаттықтыру; 
-
 
берілген материалды оқыту. 
Білім беруді ақпараттандырудың басты міндеттерінің бірі ақпараттық мәдениетті 
қалыптастыру болып табылады. Қалыптастыру деңгейі біріншіден, ақпарат, ақпараттық 
үрдіс,  модель  және  технологиялар  туралы  біліммен,  екіншіден,  әртүрлі  қызметтегі 
ақпаратты  талдау  және  ӛңдеу  құралдары  мен  әдістерін  қолдану  тәжірибесімен, 
үшіншіден,  қазіргі  заманғы  технологияларды  кәсіпқой  қызметте  қолдана  білумен 
ерекшеленеді. 
LCDS  –  курсты  басқару  жүйесі  –  оқытушыларға  кең  ауқымды  спектрдегі 
педагогикалық принциптерді қолдану арқылы әсерлі online-оқыту үшін құрылған ашық 
бағдарламалар  пакеті.  LCDS-  on-line  және  off-line  ретінде  қолдануға  болатын  веб-
технология,  жоғары  оқу  орны,  мектеп  және  басқа  да  оқу  орындарында  кең  әрі  тиімді 
қолданылатын бағдарламалық қамтамасыздандыру.  
Электрондық  оқыту  жүйесінің  (e-Learning)    жүйе  құрушылық  құрамдас 
бӛліктерінің  бірі  оқытуды  басқару  жүйесі  (Learning  Management  System,  бұдан  әрі  – 
LMS)  болып  саналады,  бұл  –  оқу  процесінің  барлық  қатысушыларына  (мектеп 
әкімшілігі,  мұғалімдер,  оқушылар  мен  ата-аналар)    on-line  мен  off-line  режімдерінде 
оқыту  мазмұнына  (контентіне)  қатынас  құруға  мүмкіндік  беретін  бағдарламалық 
жасақтама [6]. 
Біздің  электронды  курс  оқу  процесінің  барлық  қатысушыларына  (студенттерге, 
оқытушыларға, мектеп оқушыларына, ата-аналарға) интерактивтіктің режімінде, on-line 
және off-line режімдерінде оқытуды басқаруға, дербес блогтар және портфолио арқылы 
кәсіптік  тәжірибелерді  бӛлісуге,  студенттердің  динамикалық  үлгерімін  қадағалауға, 
сондай-ақ  оқушылардың,  педагогтар  мен  мектеп,  жоғары  оқу  орындарының 
рейтингілерін жүргізуге және басқаруды қадағалауға мүмкіндік береді.  
Әр жаңа кезең оқытушы алдына жаңа талаптар қояды. Қазіргі кезде оқытушының 
басты  мақсаты-студенттерді  ақпараттық  әлемде  ӛмір  сүруіне  үйрету,  қажет  білімді 
тауып,  оны  тиімді  пайдалану.  Бүгінгі  күні  барлық  білім  беру  орталары  білім  беру 
мазмұнының 60%-і түрлі сандық интерактивті мультимедиялық білім беру ресурстарын 
(СИМБР): 
-
 
электрондық оқулықтарды; 
-
 
мультимедиялық оқу бағдарламаларын; 
-
 
виртуалды саяхаттарды
-
 
электронды  дидактикалық  құралдарды  және  т.б.  жасау  жолымен  сандық 
форматқа кӛшу үстінде.  
Сондықтан да біздің ұсынып отырған курсымыз осы жүйелердің біріне енеді.  
Қорыта айтқанда желілік электронды курстта оқытуды қолдану ақпараттық оқыту 
технологиялар  оқыту  үрдісінің  құрылымын,  мазмұнын  қамтамасыздандыратын  жеке 
бағытталған 
дидактикалық 
компьютерлік 
орта, 
яғни 
әдістемелік, 
әдістік, 
технологиялық  бағыттар  болған  жағдайда  тиімді.  Электронды  оқыту  жағдайында 

113 
 
«Компьютерлік модельдеу» элективті курсы оқу нәтижесінде студенттердің білім беру 
үрдісіндегі ӛзін-ӛзі жетілдіру, ӛзіндік дамуы толық қамтамасыздандырады.   
 
 
1.
 
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған 
мемлекеттік бағдарлама №1118, 07.12.2010. 
2.
 
Тихомирова Н.В. Образовательный процесс в электронном университете: условия и 
направления трансформации / Открытое образование, 2011, №3. – с.71-77. 
3.
 
Бархаев Б.П.  Многоуровневый дидактический план в дистанционном образовании // 
Информатика и образование, 2001, №7. – с. 14-16. 
4.
 
Тиффин  Д.,  Раджасингам  Л.  Что  такое  виртуальное  обучение.  Образование  в 
информационном  обществе.  —  М.:  Информатика  и  образование,  2009,  №2.-  с.  6-8, 
312 с.  
5.
 
Тарасевич  Ю.Ю.  Математическое  и  компьютерное  моделирование.  Вводный  курс: 
Учебное пособие / Ю.Ю. Тарасевич. 4-е изд., испр. М.: Едиториал УРСС, 2004. 152 с. 
6.
 
Захарова Т., Захарова А. Подготовка педагогов к созданию и развитию современной 
информационной образовательной среды // Информатика и образование, 2011, №1. – 
с. 85-89. ISSN0234-0453. 
 
 
 
 
ӘОЖ  378.016.026.4.004(574)  
А.Е. Сағымбаева, Ф.А. Лесбекова*, А.Ж.Абишева  
 
ИНФОРМАТИКАДАН БІЛІМДІ БАҚЫЛАУДА ПОРТФОЛИОНЫ 
ҚОЛДАНУДЫҢ ҦТЫМДЫ ТҦСТАРЫ 
 
(Алматы қ., Абай атындағы ҚазҰПУ, ҚазМемҚызПУ, *- магистрант) 
 
Мақалада  информатикадан  білімді  бақылауда  портфолионы  қолданудың  тиімді 
жақтары  қарастырылған.  Атап  айтқанда  портфолио  ұғымының  мәні  анықталған, 
информатика  пәнінен  оқушының  портфолиосының  құрылымына  қойылатын 
талаптар  нақтыланған.  Сонымен  қатар  оның  педагогикалық  бақылаудың 
қызметтерінде алатын орыны анықталған.  
В  статье  рассматриваются  оптимальные  стороны  использования  портфолио  при 
контроле  знаний  по  информатике.  Определено  значение  портфолио  к  уточнению 
требования  по  созданию  портфолио  ученика  по  информатике.  А  также  определена 
его занимаемая роль в деятельности педагогического контроля. 
In article the optimum parties of use of a portfolio on education control on informatics 
are considered. It is defined value of a portfolio to requirements for creation of a portfolio 
of  the  pupil  for  informatics  are  specified.  And  also  its  occupied  role  in  activity  of 
pedagogical control is defined. 
 
Түйін сөздер: Бақылау, портфолио, е-портфолио, оқушы портфолиосы, арнайы құжаттар, 
практикалық тапсырмалар, шығармашылық жұмыстар, ұсыныстар, ӛзіндік есеп 
Ключевые  слова:  Контроль,  портфолио,  е-портфолио,  портфолио  ученика,  специальные 
документы, практические задания, творческие работа, предложения, самоотчет. 
Keywords:  Control,  portfolio,  e-portfolio,  portfolio  of  the  pupil,  special  documents,  practical 
tasks, creative work, offers, self-report 
 
Қазіргі  заман  педагогикасында  білім  берудің  мақсаты  мен  құндылығы  ӛзгеруі 
жағдайында  оқытудың  нәтижесін  беру  де  ӛзгереді.  Оқыту  нәтижесі  –  білімнің 

114 
 
құндылығы  тек  оқушылардың  білім  жүйесін  ғана  кӛрсетіп  қоймайды,  сонымен  қатар 
олардың  білімді  алу  әдістерін  меңгеру,  жаңа  білім  алу  мұқтаждықтарын  кӛрсете  білу 
қабілеттері,  жылдам,  әрі  тиімді  және  ӛз  беттерінше  немесе  басқа  оқушылармен 
ұжымдаса отырып кеткен қателіктерін толықтыра білулері сияқты бұл кӛпкомпонентті 
жүйе болып табылады.  
Бұл  әсіресе,  мектептің  Информатика  пәні  үшін  маңызды  болып  табылады, 
оқушылар  аталған  пән  бойынша  негізгі  біліммен  қатар,  ӛздігінен  білім  алуы,  ӛзін-ӛзі 
дамыту  сияқты  қасиеттері  мектеп  бітірушілерге,  болашақта  заманауи,  тез  ӛзгеретін, 
ақпараттық  қоғамда  ӛзін-ӛзі  дамытуға  кӛп  кӛмегін  тигізетін  ақпараттық 
технологияларды тез меңгеруге себепші болады. 
Оқушылар  берілген  ақпаратты  дұрыс  талдауы  үшін  және  олардың  ақпараттық 
ортада  ӛмірге  деген  кӛзқарастарын  қалыптастыру  үшін  заманауи  ақпараттық 
технологияға  сәйкес  білім  мен  біліктілікпен  қарулануы  керек.  Бірақ,    информатиканы 
оқыту  нәтижелерін  бақылаудың  дәстүрлі  формалары  мен  әдістері  пәндік  білімді 
бағалауға  кӛп  кӛңіл  бӛледі  де,  оқушылардың  барлық  оқу  жетістіктерін  толық  қамти 
алмайды. Сонымен қатар, педагогикалық бақылаудың бақылаушы-түзетуші, оқытушы, 
тәрбиелеуші қызметтері толығымен іске асырылмайды, ол мұғалімнің бақылау-бағалау 
іс-әрекетін едәуір тӛмендетеді [2].
  
Сондықтан  да,  мектеп  оқушыларының  информатика  пәнінен  алған  білім 
жетістіктерін  толық  бейнелеу  үшін  және  педагогикалық  бақылаудың  барлық 
қызметтерін жүзеге асыру үшін оқушының  жетістіктерін айқын кӛрсететін бағалаудың 
тиімді технологиясы – информатика пәні бойынша оқушы портфолиосын оқу үдерісіне 
бейімдеу қажет. 
Әлемдік  білім  беру  тәжірибесінде  үлкен  сұранысқа  ие  және  кеңінен 
қолданылатын құралдың бірден бірі портфолио болып табылады. 
«Портфолио» термині итальян тілінен аударғанда «құжаттар бумасы», «мамандар 
бумасы»  деген  ұғымды  білдіреді.  «Портфолио»  -  экономикалық  термин  десек  те 
болады, себебі ол адам капиталының жиынтығы болып табылады. 
Портфолио  сӛзі  ағылшынның  portfolio  –  «құжаттарға  арналған  бума»  сӛзінен 
шыққан.  Сонымен  қоса  француз  тілінен  аударылғанда  «түсіндіру»,  «қалыптастыру», 
«әкелу»,  «парақ»,  «ақпараттар  жиынтығы»,  «жетістіктер  топтамасы»  деген 
мағыналарды  береді.  Сонымен  шет  тілдерден  енген  сӛздердің  сӛздігіне  сүйенсек, 
портфолио – маманның іс–әрекеттерін және жетістіктерін айқын бейнелейтін құжат [1].  
Педагогикада  жалпы  жағдайда  «портфолио»  термині  оқушының  белгілі  бір 
уақытта  (оқу,  шығармашылық,  әлеуметтік,  коммуникативтік)  әр  түрлі  қасиеттері 
жинақталып, бағытталатын жеке бумасы болып табылады.  
Портфолио  –  кез  келген  оқушының  жеке  оқу  жетістіктерін  бақылау  әдісі,  даму 
деңгейін  ұсыну  формасы  және  оны  бағалау  құралы.  П
о
ртфолионы  қолданудың 
тиімділігі,  білімнің  құндылықтары  мен 
оның 
жаңа  мақсаттарын  бейнелеуі 
сияқты
 
шетелдік практикамен расталады.  
Мектепте портфолионы қолдану идеясы 80-жылдары АҚШ-та пайда болды. Одан 
кейін  Еуропа  мен  Жапонияда  кеңінен  танымал  идеяға  айнала  бастады.  Портфолионы 
мектептегі  білім  беру  үдерісінде  пайдалануға  байланысты  басылымдар  мен  ғылыми 
еңбектер  саны  қысқа  мерзім  ішінде  айтарлықтай  ӛсті  деуге  негіз  бар.  Оған  дәлел 
ретінде портфолио тұсында интернетте жиі жүргізілетін пікірталастарды айтуға болады  
және отандық педагогтар арасында портфолио тақырыбы ӛте ӛзекті.  
Оқу үдерісінде портфолионы  қолдану оқушылардың ӛзін-ӛзі дамыту мен ӛзін-ӛзі  
оқыту  қасиеттері  объективті  түрде  болатын  қоғамды  ақпараттандыру  жағдайында  ең 
қажетті  қасиеттерінің  қалыптасуына  негіз  болып  табылады.  Оқушылардың  жеке 

115 
 
портфолио құрып, оны жүргізуі олардың ақпараттық мәдениетінің қалыптасуына себеп 
болып, ӛзін-ӛзі бағалау, ӛзін-ӛзі дамыту мен рефлексия қасиеттерін қалыптастырады.  
Портфолио – оқушының жетістіктер кӛрсеткішінің кепілі 
«Оқушы  портфолиосын»  жасауда  ең  маңызды  жұмыс  –  оқушының  пікірімен, 
негіздемелерімен және дәлелдемелерімен ӛзін-ӛзі бағалауы. Оқушы ӛз «портфолиосын» 
жаңа  жұмыстармен  толықтыра  отырып,  белгіленген  мерзімдерде  топтың  немесе 
сыныптың, оқушылар конференциясының немесе ата-аналар жиналысының талқысына 
ұсынып  отырады.  Осындай  жиындарда  оқушы  ӛзі  немесе  мұғалім  таңдаған  ғылым 
саласында  қол  жеткізген  жетістіктерін  кӛрсете  білуі  керек.  Осы  мәселе  бойынша 
мұғалімнің,  ата-ананың,  (сыныптастарынан  жасақталған)  эксперттік  топтың  берген 
бағалары  мен  ӛзіне-ӛзі  берген  бағалардың  арасында  алшақтық  барма,  жоқ  па  –  сол 
жӛнінде айтады. Қай тұста сәйкестік бар, ал қай жерде бағалардың алшақтығы айқын 
кӛрінетіні  туралы  талдау  жасайды.  Сӛйтіп,  ұсынылған  жұмыс  бойынша  сол  бағытта 
қандай  жұмыс  атқаратынын  айқындайды.  Мұндай  «портфолио»  тек  академиялық 
табыстар  ғана  әкелмейді,  оны  спорт,  тәрбие,  т.б.  салаларда  да  қолдануға  болады. 
«Оқушы портфолиосының» презентациясы ата-аналар тарапынан ӛз баласының еңбегін 
бағалау  үшін  аса  тиімді,  сондықтан  оқушы  жұмысының  нәтижелерімен  танысу  үшін 
ата-аналарға ұсынылады.  
1.  Оқушының  оқып  үйрену  қызметіндегі  ӛзін-ӛзі  бағалауының  (мерзімдік, 
қорытынды) нәтижелері: (әр түрлі оқыту деңгейінде) баланың оқу бағдарламасына сай 
алған  білімі;  оқушының  таным  үдерісінде  ӛздігінен  шешім  қабылдай  алуы,  сол 
шешімдерден  шығатын  нәтижелерді  алдын  ала  болжай  алуы;  оқушының  тіл  табысу 
қабілетінің  ерекшеліктері  (пікірталастарға,  қатысуы,  ӛз  ұстанымын  негіздей  алуы, 
басқа оқушыға қысқа әрі ұғынықты түсіндіре алуы, т.б.).  
2.  «Портфолиодағы»  материалдардың  құрылымдығы,  жазбаша  түсініктемелердің 
қисындылығы мен ықшамдылығы.   
3. «Портфолио» жасаудың ұқыптылығы мен әсерлілігі.  
4. «Портфолиодағы» материалдардың толымдылығы, тақырыптық бүтіндігі.  
5. Оқушының «Портфолио» презентанциясының негізділігі мен кӛрнектілігі.  
Оқушының  жұмыс  дәптері  портфолиомен  жұмыс  істеп  үйрену;  керекті 
материалды  іріктеу;    ӛз  жетістіктерін  жазу;  жоспар  құру;    есеп,  резюме  жазу  үшін 
қажет.  
Жұмыс  дәптерлері  ӛзіндік  портфолио  жасаушы  орта  және  жоғары  сынып 
оқушыларына  негізделген.  Жұмыс  дәптері  оқушылардың  ӛзін-ӛзі  үйретушісі  болып 
табылады.  Ол  оқушыларға  мұғаліммен  және  ата-анамен,  сондай-ақ,  дербес  жұмыс 
жасауға  мүмкіндік  береді.  Дәптер  портфолиоға  негізделген  әр  түрлі  материалдарды 
безендіру  үлгілерін,  оқушыларға  портфолионың  не  екенін  түсінуге  кӛмектесетін 
жаттығуларды және онымен жұмыс істеу әрекеттерін үйренуді құрайды.   
Информатика пәні  бойынша портфолио жасау  және оны қолдану педогогикалық 
бақылау  жүйесін  екі  бағыт  бойынша  жетілдіруге  мүмкіндік  береді:  педагогикалық 
бақылаудың  қызметтерін  тереңдету  және  жаңа  мақсаттар  мен  білім  құндылықтарына 
сәйкес  мектеп  оқушыларының  информатика  пәні  бойынша  жетістіктерін  толық 
бейнелеу.  
Осыған  сәйкес  информатика  пәні  бойынша  оқушы  портфолиосы  олардың 
келесідей жетістіктерін толық бейнелеуге мүмкіндік береді:    
-
 
оқушының танымдық қызығушылығын, интеллектуалдық және шығармашылық 
мүмкіндіктерін дамыту; 
-
 
ӛз еңбегінің нәтижесіне деген жауапкершілік сезімін тәрбиелеу; 
-
 
жеке  даралық  және  ұжымдық  оқу,  сондай-ақ,  жобалық  іс-әрекетте  ақпараттық 
технологияны қолдану тәжірибесін меңгеру. 

116 
 
Ал,    информатика  пәні  бойынша  оқушының  жетістіктерін  толық  қамтитын 
мүмкіндік туғызу үшін оқушы портфолиосы келесідей құрылымға ие болуы тиіс: 
-
 
негізгі  үш  бӛлімнен  тұруы  тиіс  (І.  Арнайы  құжаттар,  ІІ.  Практикалық 
тапсырмалар мен шығармашылық жұмыстар, ІІІ. Ұсыныстар және ӛзіндік есеп); 
-
 
ақпарат  шығарылған  (І,  ІІІ  бӛлім)  және  электрондық  (ІІ  бӛлім,  е-портфолио) 
түрде ұсынылуы тиіс; 
-
 
уақыт  факторын  ескере  отырып  құрылуы  және  жүргізілуі  тиіс  (оқу  жылы, 
мектепте оқу кезеңінде). 
Информатика  пәнінен  оқушының  портфолиосының  құрылымына  қойылатын 
талаптар: 
Портфолиода үш құрылымдық бӛлімінің болуы шарт, олардың әрқайсысы білім-
беру нәтижелерінің белгілі бір категориясын бейнелейді. 
І-бӛлім  «Арнайы  құжаттар»  әр  оқушының  жеке  дамуын,  оның  танымдық 
қызығушылығын,  интеллектуалдық  және  шығармашылық  қабілеттерін  сипаттайды.  
Оның  ішіне  олимпиада  нәтижелері,  қатысушылар  мадақтамалары  мен  инфоматикаға 
байланысты  әр  түрлі  іс-шаралардың  жүлделері  (ғылыми  конференциялар,  конкурстар, 
әр  түрлі  практикалар),  жылдық  нәтижелері,  информатикадан  ӛткен  тақырыптар 
кӛрсетілген бағалау парағы. І бӛлімде кӛрсетілген құжаттар педагогикалық бақылаудың 
бақылаушы-түзетушілік,  оқытушылық,  тәрбиелік  қызметтерін  іске  асыруды 
тереңдетеді. 
ІІ-бӛлім  «Практикалық  тапсырмалар  мен  шығармашылық  жұмыстар»    - 
ақпараттық  технологияны  қолдану  тәжірибесі    жеке  және  ұжымдық  оқу-танымдық, 
сонымен қатар жобаларды қолдануды ұйымдастырады, ақпаратты басқару саласындағы 
белгілі бір білім, біліктілік пен дағдыны меңгеру дәрежесін кӛрсетуге мүмкіндік береді. 
Осы бӛлімде портфолиода келесі жұмыстар болуы керек:, информатика пәнінен  және 
қосымша  бейімдеу  немесе  таңдау  курстарынан,  сондай-ақ  информатикадан  қосымша 
білім беруде жасалған зерттеу және шығармашылық жобалар.   
ІІІ-бӛлім  «Ұсыныстар  және  ӛзіндік  есеп»  -  оқушының  іс-әрекеті  оның  пәнге 
деген қызығушылығымен аяқталу керек. Бұл бӛлімде оқушының ӛзінің қорытындысы,  
ӛзін-ӛзі бағалауы; жеке оқу жоспары; шығармашылық жұмыстарға нұсқаулар беріледі. 
Портфолионың  бұл  бӛлімінде  оқушылар  ӛзін-ӛзі  бағалауға,  яғни  ӛзін-ӛзі  оқыту 
қабілеттерін  қалыптастыруға  мүмкіндігіне  ие  болады.  Сонымен  қатар  оқушыларға 
ӛзінің жұмыстарын қорытындылап, ӛзінің жеңістерін, ӛзінің мүмкіндіктерін объективті 
түрде  бағалап,  барынша  жоғары  нәтижеге  жету  үшін  қиындықтарды  жеңу  тәсілдерін 
кӛру  мүмкіндігін  береді.  Осылайша  портфолионың  үшінші  бӛлімі  алдынғы  бӛлімдері 
сияқты  ақпараттық  ортада  оқушылардың  ӛмірлік  кӛзқарастарының  құрылуына 
мүмкіндік береді. 
Оқушының  информатикадан  портфолио  құру  мен  қолдану  кезінде  уақыт 
факторларын есептеу керек. Мақсат - бір оқу жылына екі кезеңді ерекшелеу керек, яғни 
«ағымдық  портфолио»  құру,  ал  оқу  жылы  аяқталған  кезде  ӛздерінің  ең  керекті 
жұмыстарын алып «жалпы портфолиоға» сақтау керек (барлық оқу жылы кезінде 5-11 
сыныптарда).  Жалпы  және  ағымдық  портфолио  жоғарыда  сипатталған  үш  бӛлімнен 
тұрады. 
Информатикадан  ағымдық  портфолио  оқушының  әртүрлі  саладағы  жетістіктері 
мен  жоба  жұмыстарының  жинағын  кӛрсетеді.  Бұл  портфолиода  рефераттар,  жобалық 
және  шығармашылық  жұмыстар,  мадақтамалар,  дипломдар,  жыл  бойы  тақырыбы 
кӛрсетілген  бағалау  парақтары,  қойылған  бағалар  және  т.б.  сақталады.  Осындай 
портфолионы құру және оны қолдану әр оқушыға міндетті болып табылады. 
Сонымен,  портфолио  оқушының  қызықты  жұмыстарын  мен  маңызды 
жетістіктерін  құрайды.  Жалпы  портфолионы  құру  мен  қолдану  барлық  оқушыларға 

117 
 
ұсынылады,  бірақ  олардың  барлығын  міндеттеу  қажет  емес.  Жалпы  портфолионы 
жасауға 9-11 сынып оқушылары белсенді  болады деген болжам бар, ал тәжірибе 90% 
оқушылар солай жасайтындығын кӛрсетеді.  
Портфолионың  І  және  ІІІ  бӛлімдері  баспа  түрінде  құрылып,  файлдық  бумада 
сақталады. Оқушы оқу жылының басынан бастап, ӛзінің оқу нәтижелерін жүйелі түрде 
жинақтайды. 
Информатика  пәнінің  портфолиосы  талапқа  сай  электрондық  портфолио  болуы 
тиіс.  ІІ  бӛлім  (е-портфолио)  дискіде,  немесе  Интернетте,  флеш-жадыда  жиналып,  
атаулы ақпартқа ие болады және оқушының құзырлылық-құзыреттілік паспорты болып 
табылады. 
Оқушыларға 
ӛздірінің 
сыныптық, 
үй 
және 
шығармашылық 
тапсырмаларынан  «жеке  берілгендер  қорын»  құра  отырып,  ақпарат  нәтижелерін 
сақтауына  мүмкіндік  береді.  Информатикадан  портфолио  құрылымына  қойылатын 
талаптарды  сақтау  портфолио  технологиясын  неғұрлым  тиімді  қолдануға  жағдай 
жасайды. 
Қорыта  келе,  портфолио  технологиясын  оқу  үдерісінде  қолдану  оқушылардың 
оқу  жетістіктерін  бағалау  дәстүрлі  жүйесінің  мүмкіндіктерін  кеңейтіп  қана  қоймай,  
ӛздігінен  оқу,  ӛзін-ӛзі  бақылау,  ӛзін-ӛзі  дамыту,  рефлексия  секілді  қасиеттерінің 
қалыптасып, дамуына мүмкіндік беретіні сӛзсіз. 
 
 
1
. Алферов Ю.С. Мониторинг развития образования в мире//Педагогика. -2002.-№7.-С. 
88-95.  
2.  Амонашвили  Ш.А.  Воспитательная  и  образовательная  функция  оценки  учения 
школьника. М.: Педагогика, 1984.- 297с.  
 
 
 
 
ӘОЖ 371.26 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет