ӘДЕБИЕТ ТЕОРИЯСЫ
Әдеби шығармаларда жансыз табиғат құбылысы тірі кісінің қылығымен ауыстырыла суреттелетіні көптеп кездеседі. Құбылтудың мұндай түрі ... деп аталады: Кейіптеу.
Астарлы, тұспалдау арқылы суреттеу ... деп немесе пернелеу деп аталады: Аллогория.
Дерексіз нәрселерді деректіге ауыстыра құбылту қай троптың түріне жатады?: Аллегория.
Бір тілде жазылған мәтінді екінші тілде дәл, түсінікті етіп жеткізу: Аударма.
Аударманың түрлері: Дәлме-дәл аударма, еркін аударма, сәйкес аударма, балама аударма.
Аударудың бірнеше тәсілі бар. Соның бірі: Калька.
Бөтен тілдегі мәтіннің мағынасын ғана беруді көздейтін аударма түрі: Нобайлап аудару немесе еркін аударма.
Ең тиімді аударма түрі: Аударманың балама түрі.
Ұқсас сырлар мен ұқсас ерекшеліктердің бір емес, бірнеше жазушының шығармашылығында кездесіп, көркемдік бірлік құрауы: Әдеби ағым.
Әлем әдебиетінде әрбір әдеби ағымның байда болуын, дамуын ... қарастырады: Әдебиет тарихы.
Әдеби ағымдар: Классицизм, сентиментализм, натурализм, футуризм, модернизм, постмодернизм т.б.
Оқиғаны баяндап айтуға негізделген, қара сөзбен жазылған шағын көркем шығарма: Әңгіме.
Қазақ әдебиетінде балаларға арнап тұңғыш әңгімелер жазған: Ыбырай Алтынсарин.
Көркем шығармаларда негізгі оқиғаны, жағдайды жай ғана хабарлай салмай, көркем түрде әсерлі жеткізу үшін қолданылатын әдеби әдістер: Баяндау, суреттеу, диалог, монолог.
Көркем шығарманың оқиғасын желілі түрде әдеби тілмен көркемегіш құралдар арқылы әңгімелеп жеткізу: Баяндау.
Шығарма оқиғасын баяндау барысында оқиға болған жермен, кейіпкерлермен, оған қатысты нәрселермен таныстыру барысында қолданылатын көркем әдеби әдістің бір түрі: Суреттеу.
Әдеби шығармаларда екі кейіпкердің немесе бірнеше адамның сөйлесуі, яғни оларды сөйлету тәсілі: Диалог.
Сөз өнерінде кейіпкердің ішкі жай-күйін, толғаныс-тебіренісін бейнелеу мақсатында қолданылатын тәсіл, сөйлеуші өз ойын бір немесе бірнеше адамға арнап айтатын ауызша сөйлеу әрекеті:
Достарыңызбен бөлісу: |