Абай сыйлығына –«Абай» энциклопедиясы1



бет15/32
Дата06.01.2022
өлшемі255,83 Kb.
#12521
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32
Өлімнің хақ екенін көрсең де,

Өлместей омыраулап шатасың.

Дозақтың барын біліп жүрсең де,

Күнәға әлің келсе батасың...

Алланың адал ризығын жесең де,

Арамды әдейі іздеп татасың..,

Алланың ақ өлімі келгенде,

Амалсыз қара тастай қатасың...

Сырт қарағанда, өлең тілінде жарқыраған әшекей сөздер де, көзге ұратын тосын қолданыстар да жоқ, бірақ ақынның айтпағы – «біле тұрып, күнәға батпа, дұрыс емесін білген соң, бұрыстыққа барма» деген идеяны оқырманына оның құлағы қаныққан, тілі жаттыққан сөз бояуларымен әсерлі етіп, әдемі жеткізген» [185-189-бб.].

Шәкәрімнің ерекшелігі неде? Оған былай делінген: «Алайда бұдан Шәкәрім тілінде ешбір жаңалық жоқ, ізденіс жоқ деген тұжырым шықпайды. Керісінше, кәнігі фонда Шәкәрімнің Абайша тапқан соны дүниесі көріне түседі.

Абай тілінің өзіне дейінгі қазақ көркем сөзі поэтикасынан ерекшеленетін бірнеше тұстары барын айттық. Солардың бірі – Абайдың өз қолтаңбасының (шығармашылық контексінің) айқын көрінуі болса, бұл ерекшелікті танытатын белгілердің бірі – поэзия тілінде соны сөз-образдардың молынан орын алуы. Соны образдар жасауда Абай жандандырған тәсілдердің бірі – мағына жағынан бір-біріне жанаспайтын сөздерді тіркестіру екенін көрсеттік, осы амал Шәкәрімде де кеңінен қолданылған. Мысалы, оның:



Улы жүрек, долы тіл сөйлеп отыр,

Ыза қысып, тісімді байлаулымын,

деген өлең жолдарындағы улы жүрек, долы тіл, тіс байлау деген тіркестер мағыналары жуыспайтын сөздерден жасалған: улы болатын тамақ, ішімдік, дәрі сияқты нақты заттар, ал жүрек сөзіне тіркескенде, улы компоненті мағынасын ауыстырып, «әділетсіздік көрген, ызаға толы» деген ұғымға ие болып тұр, долы тіл де сондай: долы болатын нақты адам болса керек (долы қатын деген сияқты), ал адамның өзі емес, тілін долы деп бейнелегенде және тісімді байлаулымын дегенінде тағы да жанаспайтын сөздердің тіркесуінен жаңа ұшқын – тың экспрессия пайда болып тұр. Тағы бір өлеңінде Шәкәрім:



Қайсыбірі қайғы айтып,

Үміттің үйін құлатты, –

дейді. Үй – нақты зат атауы, үміт – дерексіз есім. Деректі, дерексіз есім атаулары тіркеспеуге тиісті, ақын осы «заңсыз тіркес» арқылы жаңа ассоциация туғызып тұр, оның үстіне осы үйді құлатып, бұл тың образды одан сайын күшейткен. Бұрынғы «үміт үзілу» деген образды үміттің үйін құлатты деп жаңаша ұсынуы –Абай үлгісі» [189-190-бб.].

«Шәкәрімнен, Абай сияқты, образдар дүниесін теңеу, шендестіру арқылы беруде де жасалу моделі бұрынғы болғанымен, күтпеген соны қолданыстарды табамыз. Мысалы, Шәкәрімде өлең – әскер (Әскерім – өлеңім мен сөздерім), ән – өлшеуіш, ашу – келіншек, ынсап кәрі адам, өлең – күміс, қағазы – жолдасы, қаламы – сырласы, сөз сөйлеу – ер қосу (Ер қосқанға ұқсайды сөз сөйлемек) тәрізді мысалдар ақынның образдар дүниесіне тың үлгілер енгізіп тұр...

Образдың эстетикалық өрісін кеңейтуде Абай тосын эпитеттерді қолдануды жүйелі тәсілге айналдырса, Шәкәрім мұны да іліп әкетеді. Жоғарыда аталған ноқтасыз ой, бояулы дін, улы жүрек, долы :тіл дегендері сияқты, жүрек, тіл, көңіл, ой сөздерінің эпитеттерін сан құбылтып отырады. Мысалы, толқынды көңіл, өлген көңіл, жаралы жүрек, от жүрек, аптыққан жүрек, жарық жүрек, таза жүрек, ақ, жүрек, жылы жүрек т. т.

Жоғарыда айттық, Абай шығармашылығының негізгі объектісі – адам, оның ішкі жан дүниесі. Сондықтан ол жүрек, көңіл, ой деген сөздерді адамның символы етіп алып, оларға «жан бітіріп», көп өлеңдерін соларға қарата айтады. Шәкәрімде де бұл атаулар – автордың жан сарайының көрсеткіштері. Сондықтан бұлар қаратпа сөз болып келеді. Мысалы, Шошыма, ойым, шошыма... Қажыма, ойым, қажыма... Шарлайсың, ойым, шарлайсың, Алыстан мені барлайсың... Қой, жүрегім, қайғырма...[191-192 -бб.].

Зерттеуші өзіне дейінгі әдеби талдауларды да негізге алған. «Бұрынғы қазақ өлең-жырларымен салыстырғанда, Шәкәрім поэзиясында көзге түсетін ең үлкен ерекшелік өлең архитектоникасы мен өлеңнің ырғақтық-әуендік бітімінде көрінеді: Абай мен Шәкәрім поэзиясының арасындағы үлкен іліктестік те осында, дәлірек айтсақ, өлең құрауда қазақ көркем сөз тәжірибесінде бұрын-соңды болып көрмеген, Абай ұсынған жаңа тәсілдерді (тәртіптерді) Шәкәрімнің де саналы, сауатты түрде қабыл алуында.

Ілгергі тарауларда айтылды, архитектоника дегеніміз шығарманың, айталық өленнің, композициялық құрылымы, екінші сөзбен айтсақ, шығарма құрылымының сыртқы пішіні және оны құрайтын бөліктердің бір-бірімен байланысуы. Абай қазақ өлеңінін сыртқы құрылымына мүлде тың жаңалықтар әкелді, бұл ретте қазақ поэзиясын жоғары сатыдағы жазба әдебиет қатарына қосты. Ұлы жаңашылдың бұл еңбегін үстіміздегі ғасырдың басында Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлын тұңғыш рет танып, атаған болатын. Одан кейін Абайдың ақындық шеберлігін арнайы зерттеген Қажым Жұмалиев пен қазақ өлеңі құрылысын ғылыми негізде талдаған Зәки Ахметов Абай өлеңдерінің архитектоникасын кеңінен сөз етті» [192, 193-бб.].

«Шәкәрімнің «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» деген өлеңін біз Абайдың «Сегізаяғы» сияқты қазақ өлеңі техникасына тыңнан қосылған жаңалық дер едік. Оның жаңалығы кейбір шумақтарының тіпті Абайда жоқ «бесаяқ» болып құрылуында ғана емес, немесе бір тармақтың екі-ақ буынды болып келетіндігінде де емес, ең алдымен, бұл жаңалық өлеңнің бұрын кездеспеген интонациясында (әуенінде) және Абайдан бұрынғы қазақ өлеңінде қолданылмаған, үлгісін Абай салған өлең, тасымалы дегеннің орын алуында және сөйлем түзілісінің проза синтаксисіне жақын келуінде, сондай-ақ инверсияның (сөздердің орын алмасып жұмсалуының) стильдік мақсатта қолданылуында. Бұл көрсетілген белгілердің барлығы да күшті жетілген жазба поэзияны сипаттайтын құбылыстар. Мысалы:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет