Неталиева Қанапия
ҚазақССР Ғылым академиясы
Тіл білімі институтының аға ғылыми қызметкері, филология
ғылымының кандидаты
Ұлағатты ұстаз
... 1980 жылдың жазы болатын, Кең байтақ Қазақстан жерінде Қазак ССР-інің 60 жылдық мерекесін кеңінен атап өтуге дайындықтың қызу жүріп жатқан кезі. Осындай жалпыхалықтық үлкен істің бірі – Ақтөбе қаласында өтіп жатқан Қазақстан ғылымы күндері. Мәдениет сарайы әдеттегіден көрі сәнді де салтанатты, көрікті безендірілген. Мұнда облыстың белгілі азаматтары, алдыңғы қатарлы өкілдері – мектеп мұғалімдері, ғалымдар, журналистер, партия, совет қызметкерлері, еңбек ардагерлері түгел жиналған. Олар Ақтөбе облысында Қазақстан ғылымы күндерін өткізуге Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі С. Б. Бәйішев бастап, Алматыдан келген бір топ республика ғалымдарымен кездесуге жиналған еді. Кездесу көп ұзамай-ақ басталып та кетті. Мінбеге бірінен кейін бірі көтерілген шешендер аса бір зейін қойып, ықыласпен тыңдап отырған залдағы көпшіліктілезде-ақ баурап әкетті.
Осы сәтте шашы бурыл тартқан, сәнді де сыпайы киінген, орта бойлы, шымыр денелі, көзілдірікті әйел мінбеге көтерілді. Бұл– осы өңірде туып, алғашқы ұстаз алдын да, еңбек жолына бірінші жолдаманы да осы жерден алған – қазірде Қазақ ССР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, филология ғылымының докторы, Тіл білімі ннститутының бөлім меңгерушісі Рәбиға Ғалиқызы (Сәтіғали қызы) Сыздықова- Құтқожина болатын.
Қандай үлкен жиындарда шаршы топ алдына шығып, өз пікірін батыл да еркін айтуға дағдыланған Рәкеңнің бұл жолы даусынан сәл де болса, діріл мен толқу байқалғандай болды. Ол заңды да... Бірақ ол жүрек толқуын тез тежей алды да, әрі қарай негізгі тақырыбы– »Ана тілі туралы ғылымның дамуы» мен «Қазақ әйелдері – ғылымда» туралы өзіне тән өткір де шешен тіл мен – баяндай жөнелді.
Бұл күндерде Рәбиға Ғалиқызы ғасырлар бойы жасап келе жатқан қоғамдық қызметі өсіп өркендей, кемелденіп отырған ана тілінің не бір құдіретті сырын алып, нәзік заңдылықтарының қырларына бойлай зерттеп, ғылымның қиын да қия жолына шаршап-шалдықпай көтеріліп, осындай еңбегінің нәтижесінде халықтың адал ұл- қыздарына деген шынайы құрметіне бөленіп отырған республикадағы белгілі ғалымдардың бірі.
Рәбиға Ғалиқызының қаламынан шығып, жарық көрген 100-ге тарта еңбегінің 15-і монографиялық зерттеулер, оқулықтар, қазақ тілінің ең зәру мәселелерінің бірі – емле, сауатты жазуға арналған кітаптар.
Қазақ әдеби тілінің негізін салушылардың бірі, Ұлы Абай шығармаларының тіліне арналған – «Абай шығармаларының тілі» (1968), «Абай өлеңдерінің синтаксистік кұрылысы» (1971) атты монографиялық зерттеулері – ғалымның кандидаттық, докторлық диссертацияларына арқау болған басқа еңбектері ішінде өзінше ерекшеленетін, шоқтығы биік дүниелер Бұл монографияларда автор ақынның тіл шеберлігін, өлең құрылысын, сөз жұмсау өрнектерін, демек, ақын өнерінің табиғатын аша түсуді, оның мол мұрасының әлі де құпия болып келген сырларын зерттеуді негізгі нысана етіп қояды да, оған тіл фактілері арқылы толық дәлелдемелер келтіріп, өзінше жол табады. Рәбиға Сыздықова келтірген ғылыми тұжырымдар Абай тілінің қыр-сырын айқындап, бұрынғы зерттеулерден де көрі біршама нақтылай түсті. Бұлс ияқты бір беткей жеке жазушы тілін лексика-грамматикалық кең планда жан-жақты зерттеу қазақ тіл білімінде әлі де болса, жеткіліксіз еді.
Рәбиға Ғалиқызы тек бір жазушы тілін зерттеп қана қоймай, жалпы қазақ әдеби тілінің тарихы мәселесімен де ұзақ жылдардан бері шұғылданып келеді. Биылғы жылы «Мектеп» бақшасынан шығып жатқан «XVIII– XIX ғасырдағы қазақ әдеби тілінің тарихы» атты көлемді монографиясы осының айғағы іспеттес. Бұл мәселеде де автордың өзіндік пікірі, өз қолтаңбасы бар.
Ғалым еңбегінің тағы бір үлкен саласы – ана тілінің емлесі, сауатты жазу, тіл мәдениеті мәселелеріне байланысты дедік. 1950 жылдардың басынан бері орфографиялық ережелерді жетілдіру ісіне баспа бетінде мақалалар жариялап, конференңияларда, кеңестерде дәлелді пікірлер айтып үнемі ат салысып келеді. Мектеп оқушыларына арналған алғашқы орфографиялық сөздіктің, баспа қызметкерлеріне арналған «Қазақ орфографиясы мен пунктуациясы жайында анықтағыштың» (1959,1974) авторы «Сөздер сөйлейді» (1980). «Сөз сазы» (1893) атты еңбектерін де осы салаға жатқызуға болады.
Ана тілінің заңдылықтарын зерттеуші ғалым еңбегінің өндіріспен байланысты жері де – мектеп, жас өспірім жеткіншектерді тәрбиелеу ісіне араласу, ана тілін сүйіп, оның табиғатын толық меңгеруге баулу сияқты игі тілекпен үзеңгілес болары сөзсіз.
Ғалым Рәбиға Сыздықова еңбегінің де мектеппен байланысты болғанын атап айту орынды болады. Жастайыннан Алға стансысында, Темір, Актөбе қалаларында бастауыш, орта мектептерде, педучилищеде ана тілінен сабақ беріп орта мектептің оқу ісінің меңгерушісі жұмыстарын атқарып шыныққан болса, кейіннен оқулықтармен оқу құралдарын жазу ісіне белсене қатысты. Қазірдің өзінде мектеп өмірінен бір сәт қол үзген емес. Алматы қаласындағы мектептердің оқушыларына, мұғалімдеріне ана тілінің көкейкесті мәселелерінен жиі-жиі лекциялар оқып тұрады.
Ұлы Отан соғысы кезінде Ақтөбе облысында еңбек еткен тұстарын Рәбиға Ғалиқызы есінс алғанда колхоз фермаларына шөп, отын дайындау аэродромға жер әзірлеу сияқты әрі ауыр, әрі кезек күттірмейтін жұмыстарға мектеп балаларын ұйымдастырып апарған сәттерін, қиындыққа мойымай Отан тапсырмасын көпб олып, абыроймен атқарған кездерін әр уақытта әңгіме етіп отырады.
Ол кездің қиыншылығына қарамай мектеп оқушыларынан драма, әдебиет үйірмелерін ұйымдастырып, монтаж жасап, Темір, Ақтөбе қалаларында радиодан да сан рет хабарлар ұймдастырған. Осы өңірден өрбіген, кейін республикаға кең танымал болған Бәкір Тәжібаев, марқұм Ізтай Мәмбетов сияқты ақындар осы үйірмелердің белсенді мүшелері болған. Мұның барлығы неміс басқыншыларға қарсы күресте жауды жеңу үшін тылда ел ішінде жүргізілген ізгілікті іс еді.
Рәбиға Ғалиқызы жоғары дәрежелі ғылыми қадрлар даярлау ісіне де белсене қатысып келеді. Оның тікелей ғылыми жетекшілігімен кандидаттық диссертация қорғаған филология ғылымының кандидаттары С. Төлекова – Қарағанды Мемлекеттік университетінің, Қ. Жидебаев –Ташкенттегі Орыс тілі институтыың доценттері. Саитов – Өзбек ССР Ғылым академиясының Нөкүс қаласындағы Қарақалпақ филиалында ғылыми жұмыс атқарады. Ол жолдама берген докторлық диссертациялар қанша ма?
Рәбиға Сыздықова тіл білімінің жетістіктерін кеңінен насихаттау ісіне де белгілі дәреже де араласып отырады. Оның профессор Құдайберген Жұбановтың өмірі мен творчествосына арналған «Ғылым-азамат» (1969) атты еңбегі де кезінде оқырман көпшіліктің көңілінен шықққан болатын.
Рәбиға Сыздықованың Отан алдындағы еңбегі жоғары бағаланып, ол «Құрмет белгісі» орденімен, бірнеше рет Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Құрмет грамоталарымен наградталып,1980 жылы Қазақ ССР-нің «Құрметті Алтын кітабына»тіркелді. Қазақ ССР Ғылым академиясының ғалымдары оны 1979 жылы академияныц корреспондент мүшелігіне сайлады. Осы жылдың июль айында Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Президиумы оған Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері деген құрметті атақ тағайындады.
Бұл күнде ұлағатты ұстаз Рәбиға Сыздықова әбден кемелденген шағында. Өзі еңбек етіп жүрген қазақ тіл білімінің қара шаңырағы Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл білімі институтының құрметті мүшесі, жастарға-ұстаз, ұстазға-тірек, кішіпейіл, парасатты азамат. Өз шаңырағында әдепті жар, ардақты ана, қамқоры мол, сүйкімді әже.
Қаншама еңбек жаздыңыз, оның сыртында сіз атқарып отырған міндет өте үлкен, соның барлығын қалай үлгересіз, заманымыздағы ең тапшы-уақыт болса, сіз уақытты қалай пайдаланасыз деген кісіге ол: менің, жанымды да ең бір қинайтын нәрсе – осы уақыт. Сөз жоқ, уақыт жетпейді. Өйткені менде атқаратын жұмыс түрі де көптеу. Тіл мәдениеті, әдеби тіл тарихы, лексикографиялық жұмыстар, оның сыртында сан-салалы қоғамдық жұмыстар. Бірақ, әйтеуір, мүмкіндігінше осы уақыттың әрбір сәтін пайдалануға тырысамын. Шынымды айтсам, кейде демалыс дегенді білмей, жұмыс істеуге тура келеді. Себебі ғылым кеңсе қызметі сияқты емес. Сенбі, жексенбі былай тұрсын, кейде келіп қалған екі-үш күндік мерекенің де кейбір сағаттарын соған арнаймын деді:. Иә, Рәбиға Ғалиқызын жақын біліп, сңбектерімен таныс адам дарынды ойшыл да шыншыл ақын Қасым Аманжоловтың:
«...Болар ем күнде бір жасағандай,
Көп туса қазақ дәл сіздей қызды...»
– деген жолдарының кезінде аса бір көрегендікпен айтылғанын еске алып, іштей риза болады.
«Ұстаздық еткен жалықпас» дегендей Рәбиға Ғаликызының әлі де талай асуларға көтеріліп, өзінің дарындылығын одан әрі дамыта берері сөзсіз. Үлкен міндет биігінде заманымыздың ұлы адамдарының бірі бола береді.
Достарыңызбен бөлісу: |