Абайдың аудармалары


М.Әуезов “Көксерек”әңгімесі



бет25/55
Дата19.12.2022
өлшемі0,61 Mb.
#58267
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   55
Байланысты:
әдебиет

85

М.Әуезов “Көксерек”әңгімесі


Көксерек» — адам мен табиғат арасындағы байланысты көрсететін шығарма. Авторы - Мұхтар Әуезов. Бұл әңгіме 1929 жылы жазылған. Реалистік әдебиет дәстүрі тудырған мотивтерді шеберлік палитрасындағы сан алуан бояулар мүмкіндігін өз мұратына орай өнерпаздықпен жаңғырту арқылы жазылған жаңа тынысты шығарма.


Автор шағын көлемге мол мағына сыйдырған. Адам қолында өскен, бірақ адамға қиянат еткен, оның ет-бауырын езіп, жара сапған көкжал сол адам қолынан өлім тапты. Образды ой символдық ойға, әуенді сарын үлкен идеяға ұласып, сахара топырағындағы шындықты қанық бояу, айқын колоритпен бейнелеген «Көксерек» бір әдебиет шеңберінен биіктеп көтеріліп, әлемдік жауһарлар қатарына қосылған. «Көксерек» тұңғыш рет «Жаңа әдебиет» журналында жарияланды (1929, №2-3). Әуезовтің «Қараш-Қараш» (1960), «Қилы заман» кітаптарында, 12, 20 томдық шығармалар жинақтарында шықты. Бірнеше рет жеке басылды, А. Пантиелев аудармасымен «Новый мир» (1960, №9) журналында жарық көрді. Көптеген шетел тілдеріне аударылды. 1977 жылы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жеке кітап болып шықты. Шығарма бойынша «Көксерек» фильмі түсірілді, қазақ, неміс, орыс тілдерінде спектакльдер қойылды.[1] Фильм 1973 жылытүсірілген, тұсаукесері 1974 жылы 8 сәуірдеМәскеуде өтті. Фильмнің режиссері - Толомуш Өкеев. Фильм 1974 жылы Әзірбайжан астанасы Бакуде өткен Бүкілодақтық кинофестивалдің бірінші жүлдесіне ие болады.



  • Құрмаш - Көксеректі күшік кезінде ауылға әкеліп, бағып-қаққан.

  • Көксерек - күшік кезінде ауылға әкелінген. Көксерек ауыл иттерінен қорлық көреді. Иттер оны дос көрмейді, маңына жақындатпайды. Қасқырға шабатын батыл төбеттер оны талайды, басқа иттер ырылдап үріп, кейде тап беріп, әр жерінен тістеп кетеді.

  • Қасен - Құрмаштың дұшпаны болып,көрген сайын мазақтап жүретін адам.

  • Аққасқа - Жұмаштың иті, Көксеректің баққасы. Онымен әрдайым күресіп, жарақат жасайтын ит.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет