Ақберен Елгезек Болмаған балалық шақ



Pdf көрінісі
бет9/14
Дата07.01.2022
өлшемі325,43 Kb.
#20074
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Орынғалидің балалары

Жозыны айнала қоршап отырған Орынғалидің балалары жетеу. Екі қыз, бес

ұл. Жəне бір бірімен бақталас төрт абысын. Бұл менің жеңгелерім. Олар

туралы жəне кейін түскен бір жеңгем жөнінде төмен жақта əңгімелейміз.

Шалдан кейінгі отырған ағамның аты Айдар. Ол Орынғалидің Кəкен деген

қарындасының баласы. Əйтеуір, маған белгісіз жағдайлармен шалдың

бауырында өскен. Айдар Орынғалидің тұңғышы есебінде. Еркесі де серкесі

де осы. Алматыдағы біздің үйге ие болып қалған да осы Айдар. КазГУді

бітірген тарихшы. Қазір сауда істеп жүр. Мінезі ауыр көрінгенмен, ұнатқан

адамымен күліп-ойнауды жек көрмейді.

Айдардан кейін, қара қолын табаққа салып жіберіп, əңгімесін тауыса алмай

жатқан ер адам – Айдарбек. Айдарбек шалдың үлкен ұлы, кіндігінен

тараған нағыз тұңғышы. Алайда, бұл екінші бала есебінде. Айдарбектің

түрі өз əкесінен де кəрі көрінеді. Май-май шашы иығына төгіліп тұрады.

Ұзын шашы мода қуғандығынан емес, шаш алдыруға уақыты

жетпегендігінен. Көктемде ұстарамен тықырлап алып тастайды да, күзге

таман осындай күйге түседі. Жылдағы əдеті. Кекештігі бар, быдық. Бірақ,

ақкөңіл, еңбекқор. Сүйікті жары да, ажырамас досы да К700 тракторы.

Əзірге үйленбеген. Жасы отыздан асса да, жанұя құрудан техника айдауды

артық көреді.

Айдарбек шалға əңгіме айтып отыр.

- Пəленшекеңнің үйіне «қққққққ....» - деді. Шал маған қулана көзін қысып:

- Қаладағы балалары кеп пе? – деп қояды. Айдарбек басын шайқайды:

- Қққққққққ....

- Құдығы кеуіп қап па? – деп қояды тағы шал. Айдарбек басын аласұра

шайқайды тағы да.

- Қққққққққ...

- Қысыр сиыры қашып па?

- Туууүй, олай емес! Қққққққ...

- Құдалық келген шығар? Айдарбек мəз болып, басын шұлғи бастайды.

- Аааа, түсінікті!

Шал ауылда кімнің үйінде не болып жатқанын бəрінен бұрын біліп

отыратын. Баласын мазақ қылып, қалжыңға басып, қинауды ұнатушы еді.

Бізге не керек, күлкі керек. Жамырай күлеміз кеп.




Мынау мені осында келуге көндірген Айдархан деген ағам. Ол туралы

жоғарыда айттық. Айдармен бірлесіп сауда жасайтынын алайда айта

кетейік. Үйленген. КазГУді бітірген биолог. Шалдың балаларынының

ішіндегі еті тірісі осы. Бəрін сүйреп жүреді. Ешкіммен қақ-соғы жоқ, өз

шаруасына жауапты, жымиып қана жүре беретін адам.

Мынау отырған зор тұлғалы жігіт Асқар. Марқұм Асқар менің ең жақсы

көретін, мінезі тамаша ағам еді. Ақкөңіл деген сөз оның нағыз жан-

дүниесін, ашық мінезін аша алмай дал болатын. Сұмдық еңбекқор. Бұл

жоқта қораны тазалауға болмайды. Тазалап қойсаң, ылаң шығарады.

Жұмыс істеуге жаралған робот секілді. Совхоздың жұмысынан айызы

қанбай келіп, қорадағы бірдемелерді қопарыстырып жатқаны əйтеуір.

Күлген кезде кісінеп тұрып күледі. Оның əңгімесіне емес, жұрт бұның

күлкісіне ішек-сілесі қататын. Күрделі əңгімелерді түсінбейтін, дарақылау

еді. Рухы пейіште шалқығыр, бала сияқты болатын.

О, мына кісі жайлы əңгіме бөлек. Бұл шалдың кенже баласы Жалын. Атын

əкем қойған. Бұл милисса. Үйде де мақтанып, формамен жүріп, елдің

мазасын алатын. Бірдеме айтсаң, шиқылдап күле бетін, шашы мен қас-

кірпігі сап-сары, санасы сегізінші сыныптан бері қарай өсуді қаламаған,

бірақ өлетін жерін білетін қуақы жігіт. Мен Шұбартауға келген жылы

үйленген.

Бір күні Баршатастан этаппен Аягөзге қылмыскерлерді апарып тастап,

Жалын ауылға соқты. Өзі кішкене ішіңкіреп алған. Шал бірден сезді. Сезіп

қана қоймай, ең сүйікті баласын таяқ пен боқтықтың астына көмді. Сөйтсе,

əлгі милисса баласы:

- Əй, ғраждан, маған қол көтеруге болмайды, мен органмын! – деп доқ

көрсетіп қояды. Оған шал одан əрі өршеленіп, тоқпақтай берген:

- Сен сияқты милиссаны мына өкіметке мен туып бергем, ал, сотта,

қағыңғыр неме!

Одан кейін отырған келіншектің есімі Зəкен. Бұл Орынғалидің үлкен қызы.

Бет-əлпеті кемпірге ұқсап қалған, бүкшиіп жүретін, отыздан енді асқан

əйел. Қазақстанның бар алтын қоры осының ауызында сияқты көрінетін

маған. Тісі түгел саудырап түсіп қалғандықтан, тамақты шайнайтын

құралдарды алтыннан салдырған болатын. Оған оның дəулеті жететін. Бұл

да саудамен айналысады. Əл-ауқаты бауырларынан да жоғары болса да, өте

сараң адам. Менің оның біреумен адам болып əңгімелескенін есіме түсіре

алмай отырмын.

Мына ерте қартайған қыз – Зəкеннің сіңілісі Дəкен. Бұл да Асқар секілді

бала сияқты еді. Кейін бір жаққа күйеуге шықты да, ғайып болды. Содан

бері одан хабар естігем жоқ. Тек есімде қалғаны оның «р» мен «с» əріпін



айта алмайтындығы, сөйлесе оны адам баласы түсінбейтіндігі еді.

Осы аты аталған балаларын Орынғали атам ашса алақанында, жұмса

жұдырығында ұстайтын. Үш мезгіл асын аға-жеңгелерім қара шаңырақ –

Орынғалидің үйінен ішеді. Сосын абысын-ажын күнұзаққа күйеулері

жұмыстан келгенше, осы үйдің шаруашылығымен айналысатын. Кешкі

асты бірін – бірі əжуалап, қыран-топаң күлкінің астында сіңіретін. Күн

ұясына батқанда үй-үйлеріне тарайтын. Таңертең тағы осы үйге

жиналатын.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет