Ақберен Елгезек Болмаған балалық шақ



Pdf көрінісі
бет13/14
Дата07.01.2022
өлшемі325,43 Kb.
#20074
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Қойшы бала

Мен мамырдың жиырма бесінен тамыздың отызына дейін, ала жаздай

атамның қойын бағатынмын. Ауылымыздан үш шақырым жерде

Сарытайпақ деген тоғай бар. Бұл менің алдымдағы қойларымның

жайылатын жері. Шұбартаудың табиғаты диқаншылықтан гөрі, мал бағуға

қолайлы. Бұл өлке Үржардағыдай жеміс–жидекке бай емес, есесіне төсінде

жусан мен ақкөдеден бастап, малға қажетті шөптің барлық түрі өсетін,

тауы мен жазығы аң мен құсқа, киік пен арқарға толған ұлан–ғайыр даласы

бар.

Кеңес үкіметі кезінде, тоғыз совхозының малы мыңғырған, өзге де



шаруашылығы дөңгеленген Шұбартау, күллі Қазақстан еліне танымал

аудандарының бірі еді. Бұл киелі топырақтан аты əйгілі ақын–жазушы да,

талантты ғалымдар да, ел басқарған игі жақсылар да, Еңбек ерлері де

шыққан. Аспанында бүркіт пен қыран шарықтаған, жайлауында əн

қалықтаған Шұбартау, бүгін Аягөз ауданымен бірігіп, жаңа заманға

икемделіп жатқан жайы бар.

Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарында болған дағдарыс елді біраз

күйзелтіп, шаруашылығын шайқап жібергенді. Менің атам сияқты өз ісіне

ұқыпты һəм еңбекқор адамдар ғана бұл дағдарыстан малының арқасында

аман–сау шығуға мүмкіндік алды. Атамның малы көп еді. Мен бағатын

қойдың саны, қозы-лағын қоспағанда, қошқары–ісегі мен саулығының өзі

үш жүз бастан асып жығылатын. Ірі қараның басы жиырмаға жететін.

Далаға қоя берген екі үйір жылқысы тағы бар. Бір үйірі кем дегенде он–он

бес жылқыдан тұратын. Атам жылда бие байлап, қымыз ашытатын еді. Мен

жастайымнан ауызымнан қымыз үзілмей, құрт сорып, ет жеп өскен

қазақтың қарапайым əрі денсаулығы мықты баласымын. Атқа мініп, қой

бағудың, шалғы ұстап, шөп шабудың қыр–сырын мен атамекенім–

Шұбартауда үйрендім. Осы құтты мекенде менің есею жылдарым да өтті.

Менің жасым қазір он бесте. Он екімде атамекеніме оралған мен кəдімгі

қойын құрттап, айранын ұртап, табиғатқа еркелеп, Тəңірге молдасыз

сиынатын нағыз қазаққа айналып қалған шағым. Төбелес пен қора

сыртындағы күрестен шыныққан мен құрдастарымның алдымын. Жəне

сабақ үлгерімім де жақсы. Оның үстіне көрші–қолаңымыз балаларына мені

үнемі үлгі қылып мақтап отыратын табиғатта өте сирек кездесетін

қойшымын. Олай деуге менің толық хақым бар. Сіз оны қазір түсініп



қаларсыз.

Атам мені таңғы бесте тұрғызып, қойды өргіздіретін. Таңғы бес ұйқының

ең тəтті кезі. Тұрғың келмейді. Мен түгілі құсұйқы шалдардың өзі, кемпірін

құшақтап, бұл кезде ұйқының рахатына бөленіп жататын. Ал, мен болсам,

бір кесе айранды төңкере салып, арқама ертоқымды артып ап, қойды айдап

даланы бетке алып, бара жатам. Атам: «таңғы шыққа бөгіп жатқан шөпке

жайылған мал тез семіреді əрі еті жұмсақ болады» – деп мені шығарып

салатын. Арқамдағы ертоқымды тұсалған құла жорғамды ұстағанша,

Биікжардың маңайында өскен қалың шеңгелдің түбіне тастаймын да,

айнала жарық болғанша соған басымды қойып, қорылға басам. Бірақ ұйқың

ұйқы болмайды. Біраздан кейін күн нұры маңдайыңды қыздырып, бар маң

малдың азан–қазан дауысына көміліп, тұрғызып жібереді. Ертоқымды

қайтадан арқаға лақтырып, безілдеп атымды іздеуге кетем. Бұл кезде менің

қойларым, Ақ үшкөлден (Ақ мектеп қой) ары асып кетеді. Оған дейін төрт

шақырымдай жер бар. Атымды ұстап, бар даланы басыма көтеріп əн салып,

жорғамды тепеңдетіп, қойыма жетем.

Анау көзінде екі елі көзілдірігі бар шал – Дəуіт. Көзі нашар көргендіктен,

қойынан айырылып қалам деп, малына жақындай береді де, алдындағы

Шопан атаның тұқымына жайылуға мұрсат бермей, күйдіретін. Мен бұл

шалға қатты еркелейтінмін. Қойымды қайыра сап, Дəуіт ақсақалға шауып

келем. Қойлары бытырай қашады. Жау қайдан келгенін білмей,

сасқалақтаған қария, жан–жағына алақ–жұлақ қарап, шабан атын тебініп,

ойбайға басады.

– Мен ғой, ата, қорықпаңыз, енді! – деп мен қойшы атамды сабасына түсіре

бастаймын.

– Ой, Орынғалидің күшігі, сенбісің–ей?! – деп шал қуанып қалатын.

Сосын қанжығасына байлап алып шыққан торсықтан қымыз ұрттататын.

Дəуіт ақсақал көне қиссаларды жатқа соғатын ауылдағы дегдар қария. Мен

сол үшін де бұны жақсы көрем. Ол бір талдың саясына түсіп, маған

талтүске дейін қисса оқушы еді. Мен қой алыстап бара жатса, атқа қарғып

мініп, екі үйдің қойын екі жаққа қайырамын. Сосын шалға ауылдағы

жаңалықтарды айтам. Қаншама құпия арманымды да осы бір қасиетті

шалға ғана ашқан едім. Ол арман–қиялыма кəдімгідей ден қойып, тындап,

бауырсақтай быртиған қолдарын жайып, бата беруші еді. Түске таман,

шапанының етегі жалпылдап, қойын қора жағына айдап кетіп бара жатушы

еді. Мен малымның басын Сиректас жаққа бұрамын. Сосын бір қырдың

түбіне қойымды иіріп, кітап оқуға кірісем.

Кітап демекші, осы бір əдетімнің арқасында талай қойды жоғалқанымды

айта кетейін. Осыдан талай аузы күйген атам, таңертең менің үсті–басымды



тінтіп кітап іздейтін. Талай кітапты тауып алып, тартып алған кездері де

болды. Мен кітапты тығудың керемет амалдарын білетінмін. Соның бірі,

кешке кітапты пакетке орап, оны бір қойдың бауырына шпагат жіппен

байлап қоямын да, оны далада қуалап жүріп ұстап аламын. Кітап қолда!

Шетел əдебиетінің жауһарлары мен қазақтың киелі əдебиетінің бай

мұрасымен мен далада жатып–ақ танысып қойғам. Жазушы, ақын болам

деген де арман сол кезде ғарыштан қалықтап бойыма қона бастағанды...

Əңгіме кітаптан шығады. Біздің ауылдың нақ ортасында кітапхана бартын.

Оның меңгерушісі Лəйла апайымыз. Қылқылдап кітап сұрай берген маған,

ол ешкімге айтпа деп кітапхананың қосымша кілтін бере салған. Мен

кітапты кəдімгі қаппен арқалап əкеп, қораның артындағы көнге көміп

тастайтынмын. Соны таусылғанша, шетінен рухым мен санама талғажау

етуші едім. Кілтті мен Алматыға кетерде, рахметім мен бір сөмке анау–

мынау апарып, Лəйлəға тапсырғанмын. Қазір ол кітапхананың орнында,

үйіндінің əр жерінен сарғайып кеткен кітап парақтары жалбырап жатқан

қирандыға айналыпты. Соны жақында көрген менің көзімнен еріксіз жас

ыршып кеткен. Кітапханашы Семей маңындағы Шар қаласына көшіп

кетісімен, ауылдың пысықтары кітапхананың кірпішіне таласып, бұзып

тастапты. Кітаптардың дені тамызыққа айналыпты.

Кешке күн ұясына əбден батып, дала алакөлеңкелене бастаған кезде

ертоқымын асынып ап, қойын үйіне айдап келетін ауылдағы жалғыз бала

да мына мен. Атам немересімен мені қораның артқы жағында күтіп

отыратын. Қойды қораға кіргізіп, жуынып–шайынып алғасын, шəйға да

қарамай көшеге шығып, қалаға кетпеген немесе қыдырып, қаладан оралған

достарымды іздеп кетуші едім. Осылай жүріп, жазды да өткізетінбіз.



Лашын

Біздің ауыл – Көкталдың тұрғындары атқұмар. Атбегілік атадан балаға

даритын қасиет болатындығын түсінсе де, əркім өз қарекетінше үйінде бір–

бір бəйге ат ұстайтын. Мен жасым ересектеу əрі салмағым жеңіл

болғандықтан осы ауылдағы үлкен сұранысқа ие шабандоз балалардың

бірімін. Ауылдың қай қырынан қарасаңыз да, астындағы атын алаөкпе қып,

жарысып жүрген қарадомалақтарды ұшыратасыз. Əгəрəки, арасында күнге

əбден күйгендіктен шашы сарыдан қызыл түске айналған, екі аяғын аттың

өкпесін түсірдей тебініп, шауып бара жатқан, көзі қысықтау өзі сары бір

баланы байқап қалсаңыз, ол менмін. Тоқтатам деп əуре болмаңыз, өйткені

біздің жетуге тиіс мəреміз – Үшқорымдағы табиғи ипподром. Сол жерде

той бола қалса, атжарыс болады. Біз соған кетіп барамыз. Тағы да

жарысуға.

Атам мені Үржардан алып келгенде, тай атаймын деп уəде берген. Алайда,

уəдесінің орындалуы созылыңқырап кеткен еді. Немересі көп шал, бие

туса, құлынын жыл сайын кезектесіп босана беретін жеңгелерімнің

балаларына атайтын. Мен түгілі, менің əкем туған бауыры

болмағандықтан, пақырыңыз жылда жылқыдан шет қалушы еді. Сөйтіп

жүргенде, Айдарбектің бедеу биесі құлындады. Мен бұл оқиғаға арнайы

баллада жазған едім. Сізді көп шаршатпай, сол өлеңімді осы жерде келтіре

кетейін, қара сөзден жалыққан шығарсыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет