Ақберен Елгезек Болмаған балалық шақ



Pdf көрінісі
бет12/14
Дата07.01.2022
өлшемі325,43 Kb.
#20074
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Менің жеңгелерім

Бердібек Соқпақбаев айтпақшы, мен өмірімде алуан–түрлі жеңге көрдім.

Бір–біріне мүлде ұқсамайтын менің жеңгелерім бір–бір əлем еді.

Қора жақтан шелегін көтеріп келе жатқан, қара торы, момын, кішкене

сəуегейлігі бар келіншек – менің Гүлғайша деген жеңгем. Байқұс жеңгем

осыдан бір жыл бұрын қайтыс болды. Жатқан жері жайлы болғыр, бұл

жеңгем өте сабырлы, ешкіммен жұмысы жоқ, адамға арамдығы жоқ əйел

еді. Бұл Айдарбектің келіншегі. Өте кеш үйленген ағама тура осындай жар

керек болатын, Құдай Орекеңнің тілегін қабыл етті. Кəкен бұған «Шолақ

қасқыр» деген ат берген. Екі ұл, екі қыз тауып берген Гүлғайша жасы

қырыққа жетпей, жүрегі тоқтап, жарық дүниеме қоштасып кетті. Мен оның

жерлеуіне бара алмадым. Осы күнге дейін соған қатты өкінем. Маған деген

пейілі тым бөлек еді, жарықтықтың. «Əлі көресіңдер, менің Акошым үлкен

адам болады» – айтып отыратын. Бүгін мен жеңгемнің атын Құраннан

қалдырмай, қосып отырамын.

Мына жүзі суық, бірбеткей қырсық, қисая қалатын шалдуарлау мінезді,

тарамыс қатын Нəзигүл. Бұл Асқардың əйелі. Шалдан таяқты ең көп жейтін

де осы жеңгем. Кəкеннен «Қара темір» атағын алған Нəзигүлдің қолдары

балғадай, өзі үй шаруасынан гөрі даладағы тірлікке мығым болатын.

Осының түрін мен неге екенін білмеймін қалмақтың əйелдеріне

ұқсататынмын. Біртүрлі қазаққа келінкіремейтін келбеті бар еді.

Ғалия. Алматының Талғар деген ауданының тумасы. Топ–томпақ, момын.

Алайда жуастан жуан шығады демекші, жеңгелерімнің арасындағы

төбелестерде көбіне–көп осы жеңіп шығатын. Жасы бəрінен де кіші

болғанмен, біздің үйде жиі болып тұратын жеңгеаралық соғыстарда

басқалары секілді шыңғырмай, айқайламай, үндемей ғана төбелесе беретін.

Ғалия Жалынның қатыны. Қарсыласы Нəзигүл. Екеуі үнемі қырқысып

жүреді. Сондай бір ұрыстар кезінде Ғалиямыз үнін шығармай, табанды

түрде, сіресе–тіресе намысын қорғайтын. Қалған уақытта да жымын

білдірмей тиесілі шаруасын жүргізе беретін. Кəкеннен алған атағы

«Ұйғыр». Ол келген жағына байланысты қойылған болу керек.

Мына сұлу келіншектің есімі Айгүл. Талдықорғанның қызы. Бұл жеңгеме

ағам түгілі, шалдан бастап бүкіл ауыл ғашық. Кəкен оған, келген жағына

байланыстырып «Ұзын татар» деген ат қойды. Мектебімізде араб тілінен

сабақ беретін. Біздің сыныпқа да. Бұған тиісу – сұлу гүлді жұлғанмен



бірдей еді. Жеңгелерімді бір шыбықпен айдап, тындамаса сабап алатын

атам осы Айгүлдің алдында бала боп қалатын. Сұлулықтың алдында

зұлымдық та бас иетінің талай көрген мына пақырыңыздың сөзіне сеніңіз,

атам бұл келініне бірде–бір ауыр сөз айтпайтын. Қабағы кіржиіңкіреп

отырған атамды осы жеңгем ғана көңілдендіретін. Тамақты қалай жасаушы

еді! Мен оның қолынан шыққан палау мен лағманды ешқай жерден көргем

жоқ, əй, көре алмайтын да шығармын.

Кейін ол Алматыға кетіп қалды. Атам жібергісі келмесе де, сүйікті жарына

деген сағынышынан сарғайып біткен Айдархан қояр да қоймай бір күні

асыл жеңгемді астанаға алып кетті.

Айгүл Алматыға кетісімен біздің үйге дөрекілік пен боқтық, салақтық пен

дарақылық ене бастаған. Атам бұрыңғыдай емес, көбіне–көп ашудың

қарагеріне мініп ап, біздерге тыным таптырмайтын болды. Кейін кезде

келінін сағынды ма қайдам, Алматыға жиі барғыштайтын болды. Өзге

келіндеріне Айгүлді үлгі қылып қоятын. Оған басқа жеңгелерім пыш–

пыштап жақтырмай, күбірлесе қалатын. Менің де сұлулық пен тектілікке

құмар жанымды жеңгелерім түсінбей, аса ұнатпаушы еді. Ал, мен болсам,

шешемді сағынып жүргенім аздай, енді Айгүлге деген сағынышымнан

зардап шеге бастадым.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет