Абжанова сокращенная indd



Pdf көрінісі
бет67/151
Дата27.11.2023
өлшемі5,39 Mb.
#130239
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   151
 
 

жеткілікті болмаса, қартаю белгілері тым ерте пайда болады және 
қарт кезінде өте қатты білінеді.
Қарт кісінің ағзасында сіңіру жиі бұзылады. кейбір дәрілерді ұзақ 
қолдану денсаулыққа қажетті тағамдық заттардың жетіспеушілігін 
туғызады. антибиотиктер бактериялық ортаны бұзатыны белгілі, осы-
лайша біздің ағзамызда бактериялық орта синтездейтін дәрумендердің 
(мысалы, к дәрумені немесе В (н, В12) тобының кейбір дәрумендері 
түзілуін тоқтатады. Қысымдылық заттар немесе есірткі заттарды 
қабылдау фолий қышқылының жетіспеушілігіне алып келеді, ал бұл 
ауыр дерттер (қаназдық) тудыруы мүмкін.
тамаққа байланысты жаман әдеттер, ұтымды тамақтану ережелерін 
білмеумен қоса, ауруларға алып келуі мүмкін, сондықтан тамақ дәмді, 
хош иісті, тартымды берілуге тиіс.
9-кесте
тағамдық заттарды тұтынудың тәуліктік нормалары мен 
олардың жасы үлкен кісілер үшін энергетикалық құндылығы
тағамдық заттар
адамдардың жасы мен жынысы
60-74 жас
75 жас және одан 
жоғары
ерлер
әйелдер
ерлер
әйелдер
ақуыздар, г:
барлығы
69
63
60
57
соның ішінде жануар-
лардан алынған
38
35
33
31
майлар, г
77
70
67
63
көмірсулар, г
333
305
290
275
Дәрумендер, мг:
тиамин
1,4
1,3
1,2
1,1
Рибофлавин
1,6
1,5
1,4
1,3
ниацинді теңбе-тең
15
14
13
12
аскорбин қышқылы
58
52
50
48
Энергетикалық 
құндылық, ккал/кДж
2300/9623 2100/8786 2000/8368 1900/7950


147
Қарт адамдар үшін крахмал мен жеңіл сіңіретін олиго-және 
моносахаридтердің көзінің, әсіресе қанттың кеңес берілген арақа-
тынасын сақтау маңызды, оларды күніне 35-50 г артық тұтынбаған 
жөн, бұл мөлшерді 3-4 есе бөлу қажет. жеңіл сіңірілетін көмірсуларға 
бай кондитерлік өнімдерді, тәтті шырындарды (жүзім мен басқаларын) 
тұтынуды да шектеу қажет. ас үлесіне құрамында балластты зат-
тары бар жарма (мысалы, қарақұмық, сұлы жармасы мен басқалар) 
мен ұннан дайындалған өнімдерді, ірі үгінді ұннан дайындалған 
нан (егер ішек-қарын жолының аурулары болмаса) қосқан жөн. Қарт 
адамдардың ас үлесіндегі көмірсулардың құнды көзі шикі, пісірілген 
немесе қайнатылған күйіндегі көкөністер, жемістер, жидектер болып 
табылады, себебі оларда зат алмасуды ынталандыратын және тіндерде 
холестериннің жинақталуына қарсылық көрсететін бірқатар қоспалар 
бар. 
егде жастағы кісілерде дәрумендерге деген қажеттілік жоғары. бұл 
тағамдық заттар зат алмасу әркеті, ағзаның қорғау жүйесінің ынталан-
дырғыштары ретінде жас ұлғая маңызы өседі. егде адамдардың ас 
үлесіне тотықсыздандырғыштар: бос қышқылдандырушы радикал-
дардың жинақталуына қарсылық көрсететін аскорбин қышқылы, био-
флавоноидтер, токоферолдарды қосуды назарға алған жөн. 
көптеген дәрумендердің (аскорбин қышқылы, пиродоксин, 
кобаламин, фолий, пангам, пантотен қышқылы; холин, инозит) 
ұмытшақтыққа қарсы әрекеті бар. егде кісілердің тамақтануындағы 
дәрумендердің көзі – итмұрын қайнатпасы құнды көзі болып табы-
лады. 
егде жаста минералды алмасудың бұзылуы байқалады. Қан 
тамырларында, қабырғаларда, буындар, шеміршек басқа тіндерде 
кальций тұздары жиналуы байқалады. сүйектер осы минералдық зат-
тардан арылады. нәтижесінде, сүйектер кеуекті және сынғыш болады. 
бұл бұзылу ақуызды негіздің сүйектер кальцийіне ұқсастығының 
жоғалуымен, сондай-ақ ағзаның осы элементті тамақтан сіңіру 
қабілеттілігінің төмендеуіне байланысты. 
кальцийге деген тәуліктік қажеттілік 800 мг құрайды. тамақтануға 
сүт пен сүт өнімдерінде болатын және фосформен қолайлы 
арақатынаста болатын жеңіл сіңірілетін кальцийді қосқан жөн. 
Фосфорға деген тәуліктік қажеттілік 100-1500 мг құрайды.
егде жаста магнийдің маңызы ерекше және тамыр кеңейтуші әсері 
бар – тамырлардың тарылуына қарсылық көрсетеді. Осымен қатар маг-
ний ішектің толқи жиырылуын және өттің шығуын ынталандырады, 


148
 
 

қандағы холестериннің мөлшерінің азаюына көмектеседі. Қандағы 
магнийдің мөлшері төмендегенде, қан тамырларының қабырғасында 
оларға нәзіктік беретін кальций мөлшері артады. магнийге деген 
тәуліктік қажеттілік 400 мг құрайды.
егде жастағы адамдар үшін зат алмасуда калий маңызды рөл 
атқарады, себебі ағзадан қождың шығуына себепкер, жүрек бұлшық 
етінің және басқа органдар мен жүйелердің қалыпты қызмет етуі үшін 
қажет. калийге деген тәуліктік қажеттілік 4000 мг құрайды.
сондай-ақ ас үлестерінде ас тұзының нормасын сақтау керек, 
себебі оның артық болуы артериялдық қысымның көтерілуіне 
себепші, сондықтан майшабақ, жұмсақ ірімшік мен басқа тұзды 
өнімдерді алдымен сулап алу керек, тамақты артық тұздамау, тұзды 
консервіленген өнімдерді тұтынуды шектеу қажет, ал дәмін жақсарту 
үшін органикалық қышқылдар көздерін (алма, лимон қышқылдары), 
сүтқышқылды өнімдер мен сарысуды пайдалану қажет. 
жасы ұлғайған сайын егде адамдарда темір жетіспеушілігі дамуы 
мүмкін. бұл біржақты сүтті-өсімдікті диета ұстанғанда болуы мүмкін, 
себебі сүт пен сүті өнімдер де бұл минералды заттарға бай, ал өсімдікті 
өнімдерден темір нашар сіңіріледі. ағзадағы темір жетіспеушілігі 
сіңірілудің бұзылуы кезінде пайда болуы мүмкін: қартайғанда 
ішек сөлі секрециясының әлсіреуі және оның қышқылдылығының 
төмендеуі жүреді. Қарт кісілердегі темірге деген тәуліктік қажеттілік, 
жас кезіндегі қажеттілік сияқты, ерлер үшін – 10 мг және әйелдер 
үшін – 18 мг. жақсы сіңірілетін темір көзі ретінде ет, жұмыртқа 
сарысы, дәндер мен бұршақ тұқымдастар (аскорбин қышқылымен 
бірге пайдаланған жағдайда) болып табылады. 
Йод, әдетте, атеросклероз дамуына қарсылық көрсетеді, сондықтан 
йод көдерін егде жас кісілердің ас үлесіне қосу маңызды, себебі бұл 
жаста қалқанша безінің қызметі әлсірейді. тәуліктік йод қажеттілігі 
0,1-0,2 мг құрайды. балық пен теңіздің балық емес өнімдері йодқа бай.
егде жастағы адамдардың ас үлесінің жалпы минералдық 
құрамының бағыттылығы сілтілік болуға тиіс, ал бұны сүт пен сүт 
өнімдері, сондай-ақ көкөністер мен жемістер қамтамасыз ете алады. 
Осымен қатар ас үлесінде липотропты заттардың әсерін 
төмендететін, сондай-ақ тағамға қарсы немесе улы әрекеті бар 
(мысалы, саңырауқұлақтар мен майлы тұздық, ащы тұздықтар 
мен тіскебасарлар, қақталған өнімдер мен маринадтар) ішек-қарын 
жолдарының және зәр шығару жолдарының шырышты қабығын 
тітіркендіреді. 


149
10-кесте
егде жастағы адамдар үшін өнімдердің 
болжалды тәуліктік ассортименті
Өнімдер атауы
масса, г
майлы емес ет сұрыптары
170
балық 
35
сүт, айран
400
майлы емес сүзбе
70
жемістер, шырындар
300
жұмыртқа 
25
сарымай
10
(немесе майлылығы 10% қаймақ )
100
Өсімдік майы
20
Қант 
35
Қарабидай наны
300
бидай ұны
63
жарма (қарақұмық, сұлы, ұнтақ жармасы)
63
картоп
200
көкөністер 
640
ірімшік 
18
Рмға тамақ институты егде жастағы кісілер үшін келесі мөлшерлі 
өнімдердің тәуліктік түрлерін әзірледі (10-кесте).
егде жаста тамақтану режимі маңызды, себебі бұл ас қорыту 
жүйесінің секреторлық және ферментативті қызметі бұзылуының 
алдын алуға көмектеседі. егде және кәрі жастағы кісілер үшін күніне 
45 рет аз мөлшерде қабылдауға кеңес береді. төрт рет тамақтануда 
ас үлесінің энергетикалық құндылығы мен ондағы нутриенттер 
келесідей үлестіріледі: бірінші таңғы ас – 25%, екінші таңғы ас - 
15%, түскі ас – 35%, кешкі ас – 25%. кешкі ас құрамында ас қорыту 
жолында ұзақ уақыт қорытылатын тағамдық заттар болмауға тиіс. бұл 
тамақ ұйықтар алдынан 2 сағат бұрын қолданылуы керек.
тамақты аспаздық өңдеуге де ерекше назар аудару қажет. тамақты 
қуырмаған жөн, себебі бұл кезде пайда болатын қосылыстар ас қорыту 
жүйесінің жұмысын қиындатады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет