Адал азамат



Pdf көрінісі
бет19/30
Дата01.01.2017
өлшемі4,55 Mb.
#905
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
181  
    
 
БЕРКІН АҒАЙҒА АРНАУ 
 
Дауылова Жайнагүл  
Қазақ тілі мен әдебиеті  
Факультетінің 201 топ студенті, шәкірті 
 
Ұстазым, Беркін ағай, мақтанышым, 
Ризамын жүрекке от жаққаны үшін, 
Тұлға ол, ғұмырдың бір қазынасы
Жүрекке әрдайым жол, тапқанды шын. 
 
Қоғам барда, сен барсың жоғалмайсың, 
Статуссыз бәрібір оңалмайсың, 
Әлеуметтік норманы білмесең сен, 
Жеке тұлға, ешқашан бола алмайсын. 
 
Ұқтырған мәртебенің тәттілігін, 
Сізге тілеп, өмірдің сәттілігін, 
Мәңгілік жанымызда күндей нұрлы, 
Беркін ағай әрқашан, аман жүргін. 
 
Ағай жаны биік тау, дала таңы, 
Мекеніндей мейірім алақаны, 
Студенттің жетілсін қанаты деп, 
Оның жаны ізгілік таратады. 
 
Қайырымды жан, жарқырыған бір күн ең, 
Сіздей басқа, құрметтеймін кімді мен, 
Сіздей жанның бұл өмірде барына, 
Сізге ұстаз, ризашылығымды білдірем.  
 
Нұр жүзіңе көз саламын ойланып,  
Ақылы мен тәрбиеге таңданып, 
Жан әкемдей болған менің ұстазым
Қартаймашы, жүре берші нұрланып. 
 
Бүгінгі сабақта талданды, 
Уақытта біраз жерге таяп қалды, 
Группаның қыздарынан көп рахмет, 
Осымен ойын сабақ аяқталды.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
182  
    
 
Мұқашев Р. 
Шәкірті, 
 Әлия Молдағұлова атындағы  
Ақтөбе гуманитарлық колледжінің  
студенті 
 
 
Жан жылуын себе білген баршаға, 
Халық үшін еңбек еткен, жан сала, 
Сіздей асыл бір алтынның сынығы
Ағай сізге әлем қарар тамсана. 
 
Беркін ағай, жүректен орын тепкен, 
Сіз сірә бір шуақсыз, нұрын сепкен, 
Ұстаз сізге тең келер жан барма екен, 
Сіз ғой ұстаз біздерді білімді еткен. 
 
Жүрек сырын шерткенде, 
Күнде сәуле төккенде, 
Сізде ұстаз келерсіз, 
Жайнаған әсем көктемде. 
 
Арнадым сізге жырымды, 
Құшақта толы гүлімді, 
Сіздей ұстаз табылмас, 
Болжаған күнін бүгінгі. .. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
183  
    
 
БАЙҒАНИН ХАЛҚЫ ҚҰРМАНБЕКОВТЕРДІ ҰМЫТПАЙДЫ 
 
Кемешов Бердіхан Түйешұлы 
Зейнеткер,Байғанин ауданының  
бұрынғы әкімі, митингтегі сөзі 
 
Құрметті    әлеумет,  біздің  Байғанин  ауданында    туып,  мектеп  бітіріп,жоғарғы    білім 
алып,  өзінің  қалаған    мамандығын    игеріп,  Қазақстанның    қалалары  мен    аудандарында  
абройлы    да    табысты   еңбек    етіп    жүрген,  атақ-даңқымен    ауданымыздың    мақтанышына  
айналған  азаматтар  көп.Солардың  бірі  тарихшы-ғалым  Беркін  Жолмырзаұлы  еді.Беркін  
ініміздің    өмір  жолын,елге  ұнаған    еңбектерін    сөйлеген    азаматтар    жақсы    айтып  
жатыр.Жалпы  Құрманбековтер әулетінің  Байғанин  ауданы  халқына  жасаған  сан  алуан  
істерін, жақсылық  еңбегін  ел  жақсы  біледі.Ол туралы жаңа Байғанин ауданының тарихын 
мықты білетін Ниетжан ағайда толық айтты.  
Сонау  1950  жылдары  ерен  еңбек  еткен,жұрт  жақтаған  еңбекшілер  мақтаған  колхоз 
шаруашылығын  білікті  басқарған  іскер  басшы  Жолмырза  ағамыздан  басталып,  осы  жерде 
митенгіге қатысып отырған, ауданымыздың ауыл шаруашылығының ардагері, техника тілін 
білгір маман, совхоздарда бас инженер болып жасаған Сергей ағамызбен жалғасып, ғылым, 
білім,  тәрбие,  өркениет  жолын  таңдап,  еңбегімен  танымал  болған  Беркін  інімізге  дейін 
жеткен  Құрманбековтер  абыройы  мен  атағы  барша  жұртқа  белгілі  болғандықтан  Байғанин 
ауданы  энциклопедиясына  енгізілді.  Беркін    ініміз    өзіміздің    ерекше    құрметтейтін,  ол  да  
бізді  қадірлейтін  азаматымыздың  бірі  еді. Қанша  кездессек те, өзінің  кішіпейілділігімен, 
оралымдылығымен  көңілден  шығатын. Ұшырасқан  сайын  туған  жердің, елдің  жағдайын  
сұрап, елдегі  бірге  оқыған  жолдастарының  халдерін  біліп  тұратын. Ауданымызда  болып  
жатырған  әрбір    оңды    жаңалықтарға    өзінің    бір    жылы    шырайын,жанашырлығын, 
қуанышын  айқын  білдіретін  абзал  азамат  еді. Бір жылы Беркін ағасы, мәдениет қайраткері 
Еркінмен  келіп,  Қарауыл  келдіде  Байғанин  ауданының  тарихын  зерттеу,  насихаттаудың 
өзекті  мәселелері  бойынша  ғылыми  конференция  өткізді.  Сонда  Беркін  тамаша  мазмұнды 
мол  деректі,  тыңдаушысын  аузына  қаратып  сөз  сөйледі.  Аудандық  музейге  Н.Байғанин 
туралы бағалы құжаттар, мәліметтер тапсырды. Сонан кейін Беркіннің үздік зерттеуші, білгір 
өлке танушы, білікті тарихшы, нағыз ғалым-насихатшы екенін білдім.  
Әрине адам өзінің алдағы болашағын ойлайды, бәрақ не болатының, қашан болатының 
болжай,  біле  алмайды.  Әйтеуір  маңдайына,  не  жазылса  тағдырың  соған  сәйкес  келеді.  Ал 
тағдыр  ісіне  амал  жоқ.  Осыдан  бір  ай  бұрын  Беркінмен  кездесіп  жағдайын  сұрағанымда 
Астанаға барып  емделіп келгенін, қазір  үйде ем  алып жатқанын айтқанда көкірек  көзімізге 
жылы  шуақ  енген  еді.  «Алла  тағала  жәрдем  ете  көр»  деген  ойда  жүр  едік.  Амал  жоқ, 
тағдырдың ісіне шара барма? Бүгін арамыздан шығарып салып отқан жайымыз бар. Қазақта 
«Қуаныш бөліссе көбейеді, қайғы бөліссе азаяды» деген сөз бар. Міне, Байғанин ауданынан 
бірталай адамдар осы ауыр жағдайда сіздерге сүйеніш болуға келіп тұр. Байғанин аудандық 
мәслихатының  хатшысы  Б.Тұрлыбаев,  аудан  әкімінің  орынбасары  А.Аманғосов  бастаған 
делегация  аудан  халқының  ақ  тілегін,  туған  жердің  жұбатуын  жеткізіп  отыр.  Дана,  ойшыл 
Абай  «Өлді  деуге  болама  айтыңдаршы,  өлмейтуған  артында  сөз  қалдырған»  деген  ғой. 
Сондай-ақ  Беркін  де  артында  із  қалдырды,  қыз  қалдырды,  ескірмес  ғылыми  мұра-кітаптар  
мен  зерттеулер  қалдырды  және  олар  өзіміздің  обылысымыздың  тарихы.  Беркіннің 
кітаптарында  үлкен  педагогикалық  мән  бар.  Беркін  «Алтай  батыр»  деген  тарихи  тұлға 
батырға  арналған  кітап  жазды.  Жаңылыспасам,  бұл  Алтай  батыр  туралы  жазылған  көлемді 
алғашқы  шығарма.  Құнды  ғылыми  тарихи  танымдық  еңбек.  Ал  біздің  Байғанин  ауданында 
Алтай батыр ауылы бар. 
Кезінде  ауданда  Алтай  батыр  атында  совхоз  болды.  Совхоз  төрт  түлік  мал  өсірумен 
айналысқан,  ауданда  өзінің  орыны  бар,  экономикасы  дамыған  шаруашылықтардың  бірі 
болды.  Кешегі  қоғамдағы  өзгерістерден  кейін  де  ауыл  халқы  ешқайда  қоныс  аудармай 
тіршіліктерін жалғастырып келеді. Осы елдің орналасқан жеріне атын қалдырған, ауылға аты 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
184  
    
 
берілген  тарихи  тұлға  Алтай  батырдың  өмір  жолын,  өз  заманында  елінің  қауіпсіздігі 
жолында  атқарған  еңбегін  халыққа  толық  таныстырған  осы  Беркін  ініміз  болды.  Тарих 
қойнауынан  майдан  қыл  суырғандай  болып,  үлкен  ізденіспен  дүниеге  келген  осы 
туындысымен ақ Беркін ініміз аудан халқының сүйіспеншілігіне бөлене білген еді. 
Ауыл  халқы  қазақтың  әдет-ғұрып,  салт-дәстүрін  толық  сақтаған,  ел,  жер,  су  аттары 
тарихын есте ұстаған табаны бұзылмаған ел.  
Байғанин  ауданынан  Жем,  Сағыз  бойынан  құнарлы  топырақ,  жайлы  жайлау  жерінен 
ғалым да, ақын да, батыр да, басшы да, шебер де шыққан ғой. Олардың тарихтан алатын өз 
орындары  бар.  Солардың  қатарынан  Құрманбековтер  әулеті  де  өздерінің  лайықты 
орындарын  алады  деп  білемін.  Беркін  осы  қатарда  лайықты  тұрғандар  санатына  жататын 
ғалым, жерлесіміз. Әрине ғылымда үлесі бар, қоғамда орны бар бауырдан айырылу қиынның 
қиыны. Беркіннің отбасына, ағайын тумаларына айтатынымыз, енді әулеттеріңізде ешқандай 
қиыншылық қайғы болмасын, болған қиындықтың алды арты осы болсын. Қайғыларыңызға 
ортақпыз.  Беркіннің  алдынан  жарылқасын,  осы  ораза  күні  жерге  түсейін  деп  тұр  екен, 
«Жұмақтың  төрінен  орын  алады»  деген  сөз  бар,  солай  болсын.  Мінгенің  пырақ  болсын, 
жаққаның шырақ болсын, қош бол Беркін ініміз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
185  
    
 
АЗАМАТ, ҰСТАЗ, ҒАЛЫМ ЕДІ ІНІМІЗ 
 
Шүкіров Жәрдемғали 
Физика –математика ғылымдарының 
Кандидаты, доцент, Қ.Жұбанов атындағы 
АМУ колледжінің директоры 
 
Құдайберген  Жұбанов  атындағы  Ақтөбе  мемлекеттік  университетінің  қоғамдық–
әлеуметтік  пәндер  кафедрасының  меңгерушісі,  тарих  ғылымдарының  кандидаты,  доцент 
Беркін  Жолмырзаұлы Құрманбеков  мезгілсіз қайтыс  болды  деген хабар  әріптес  профессор-
оқытушыларға жай түскендей әсер етті. 
Университет  ректоры,  профессор  К.К.Кенжебаев  іссапарда  болғанымен  ректорат 
мәжілісінде  Беркін  Жолмырзаұлын  ақырғы  сапарға  шығарып  салуға  байланысты  комиссия 
құрылып, атқарылатын іс шаралар, оларға жауапты қызметкерлер тағайындалды. Қоштасуға 
арналған қаралы  жиынды Беркіннің өзінің кафедрасы орналасқан Ғимарат алдында    «Білім 
алаңында» өткізуге шешім қабылдады. 
Өзі  қызмет  еткен  кафедра  алдындағы  «Білім  алаңында»  өткен  бұл  қаралы  жиынға 
ғалымдар, прафессор – оқытушылар қауымы, Беркін туып-өскен Байғанин ауданының және 
еңбек  жолын  бастап  Ақтөбеге  ауысқанша    қызмет  атқарған  Қобда  ауданының    әкімдері, 
жоғарғы  оқу  орындары  және  қоғамдық  ұйымдардың  өкілдері  қатысты.  Маған  осы  қаралы 
жиынды  жүргізу,  Беркін  Жолмырзаұлының  өмір  жолы  туралы  баяндау  тапсырылған  еді. 
Солай  біз  студенттердің  ұлағатты  ұстазы,  ғалым,  бірімізге  іні,  бірімізге  аға  бола  білген,  өз 
әулетінде  апа  –ағаларының  інісі  –  тынысы,  балаларының  сүйікті  әкесі,  немерелерінің 
ардақты атасы бола білген Беркін Жолмырзаұлын мәңгілік сапарға аттандырып қала бердік. 
Беркіннің шыр етіп дүниеге келіп, кіндік қаны тамған Байғанин ауданында оның әкесі 
Жолмырза басқарма, менің әкем Жұбанғали есепші  болып  «Қызыләскер» колхозында бірге 
қызмет атқарған сыйлас жандар болған екен. 
Беркіннің Ләйла деген баласы біздің  университеттің физика мамандығында оқығанда, 
Беркіннің  анасы  немересінің  жағдайын  білейін  деп  сол  кезде  физика  факультетінің  деканы 
қызметіндегі  маған  келіп  жолығып  тұратын  және  әкелеріміздің  қызметтес  болғанын  айтып 
еді. Ләйла университетті жақсы оқып, бітірді. Қазір мемлекеттік қызметте. 
Беркін  Ақтөбе  қаласына    көшіп  келгенде,  қазір  марқұм  болған  профессор  Ілияс 
Тәжімұратов  ағаның  үйінде  қонақта  бірге  болып  жақынырақ  таныстық.  Ал  университетке 
қызметке  ауысқаннан  кейін  әртүрлі  жиналыстарда,  ғылыми  кеңес  отырыстарында 
кездескенде  «аға»  деп  сәлемдесіп  ілтипат  көрсететін.  Жазған  кітаптары  шыққанда 
құттықтайтынбыз, қарқынды шығармашылық табыс тілейтінбіз. 
Соңғы төрт жылда мен Беркіннің кафедрасы орналасқан оқу ғимаратында техникалық 
факультет  студенттеріне  лекция  оқуға  аптасына  2-3рет  келгенде    Беркіннің  кафедрасына  
сыртқы  киімімді  шешіп  қалдыратынмын.  Ол  да  бір  жақындықты  білдіретін,  өзара 
іштартатын жағдай  ғой деп білемін. 
Мен  келгенде  Беркін  жазу  үстелінде  жұмыс  жасап,  ғылыми  мақала,  болашақ 
кітаптарының  кезекті  тарауларын  жазып  отыратын.  Беркін  ғылым  жолындағы  ізденісі, 
еңбекқорлылығы,  табандылығы  арқасында  он  бес  жылдай  уақытта  өзінің  әкімшілік  – 
оқытушылық  қызметімен  бірге  он  бес    ғылыми  кітаптар  жазып,  докторлық  диссертация 
бойынша  зерттеулерін  аяқтаған  болатын.  Беркіндей  қарқынды,  өнімді  ғылыми  жұмыспен 
айналысқан ғалымдар Қазақстанның өзінде саусақпен санарлықтай аз екеніне сенімдімін.  
Беркіннің  адамгершілігі,  азаматтығы,  парасаттылығы  өте  жоғары  еді.  Олардың 
құрдастарымен татулығы, жарасымды әзіл-қалжындары қызықтыратын. 
Бір  садақасында  бұрыңғы  әріптестері  Беркін  мектеп  директоры,  аудандық  оқу  бөлімі 
бастығы  қызметін  атқарғанда  қызметтік,  педагогикалық  этиканы  қатаң  сақтағаны,  ешкімге 
дауыс  шығарып  ұрыспай,  тек  тесіліңкіреп  қарау  арқылы  өз  талабын  орындататынын  еске 
алған еді. Бұл Беркіннің педагогтік, басшылық, әдіс қасиеттерін көрсететін мінездеме екені 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
186  
    
 
белгілі. 
Беркіннің  әкімшілік,  партия  қызметінің  қыр-сырын  терең  білетінін  мен  облыстық 
кеңеске депутаттыққа кандидат болған Университет ректоры, профессор К.К. Кенжебаевтың 
сенімді  өкілі  есебінде  бір  сайлау  учаскісінде  бірге  болғанда  көргенмін.  Сайлаушылардың 
депутаттыққа  кандидатпен  кездесуін  ұйымдастыру,  сайлау  төрағасымен  кездесу  күнін, 
орнын келісу, т.с.с. мәселелерімен өзі айналысатын. Сайлау болатын күні «аға, ертең таңғы 
7
00
-де  мен  барайын  бақылаушы  ретінде»,  сіздер  10
00
де  келіңіз,  дауыс  беру  бітер  кезде  де 
бірге  боламыз  ғой,»  -  жауапкершілікті  өзі  алатын.  Бұл  бір  сыйластық,  кішіпейілділіктің 
көріністері  деп  түсінемін.  Сайлау  өтті.  Осындай  жақсы  ұйымдастыру  оң  нәтиже  беріп, 
кандидатымыз депутат болды. 
Беркінге өзінің сүйген жары Сәуленің мезгілсіз қайтыс болуы қатты батқанын көрдік, 
естідік. Жарына арнап «Сәуле-ғұмыр» деген кітап жазып шығарғанда риза болғанбыз. 
Бірде, мезгіл күздің соңғы айы еді, биологтардан «Сәуленің қабіріне ағаш отырғызайын 
деп едім. Оған қандай ақыл-кеңес бересіздер» деп отырғанына да куә болдым. Ол сыңарынан 
айрылған аққудай  Сәулеге асыққандай болды. Барлық садақаларын өткізіп, басын қарайтып, 
мәңгілік үйін салып, кітабын шығарып, Сәулесін іздеп аттана берді. Бауырдан айрылу қандай 
ауыр қаза болса да, нардай барлық жүкті көтерген ағалары Сергей, Еркін басқа бауырлары, 
өз балалары Беркінге қызмет жасап жатыр. «Ғалымның өзі өлсе де, хаты өлмейді» деген осы 
2013 жыл басында Беркіннің академик  Ө.Озғанбаевпен бірігіп жазған «Бақытжан Қаратаев» 
атты  кітабының  тұсаукесері  Ақтөбеде  өткізілді.  Бұл  кітап  Ресей  мемлекеттік  Думасының 
депутаты  Б.Қаратаев  туралы  нақты  және  тың    деректерге  негізделіп  жазылған  еңбек. 
Шараның ұйымдастрылып өткізілуі өте жақсы дәрежеде болды. 
Ағасы Еркіннің басшылығымен Беркіннің өз кафедрасында оған арналған бұрышты өз 
қаржыларына  жиһазбен  және  оның  кітаптарымен  көрмеге  жабдықтағанда  балалары, 
бауырлары. 
Беркіннің  басқарған  саяси-әлеуметтік  пәндер  кафедрасына  байланысты  айтар 
ұсынысым Беркін жоспарлаған жақсы істер «Білім беру сапасын жақсарту», «Білімді маман 
даярлап  шығару»  бағдарламалары  кафедра  ұжымы  тарапынан  жалғасын  табады  деп 
ойлаймын.  Беркіннің  нұрлы  жүзі,  жарқын  бейнесі,  өзі  оқытқан  студенттері,  әріптес-
жолдастарының  есінде  мәңгі  сақталады  деп  есептеймін.  Балаларына,  немерелеріне  әкесі-
атасының  абыройын,  жақсы  қасиеттерін  тілеймін.  Құрманбековтер  әулетіне  ендігі  жерде 
аманшылық, жақсылық қуаныш болсын деген тілек бар. 
 
 
 
 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
187  
    
 
СЫР-СҰХБАТ 
 
Әңгімелескен 
Жанғабыл ҚАБАҚБАЕВ, 
журналист, Ақтөбе облыстық тілдерді 
дамыту басқармасының 
жауапты  қызметкері 
 
«Ана тілі» №  45 (1093) 10 – 16 қараша  2011 жыл 
 

Беркін, 
заманымыз 
бір, 
жасымыз 
қарайлас,  пікіріміз  үндес  болған  соң  бірімізге-
біріміз  тілектестік  ниетпен  өмір  жолымызға  көз 
тастап  жүреміз.  Сен  кешегі  Кеңес  дәуірінде 
кеңес-партия 
органдарында 
қызмет 
еттің. 
Әңгімені  өзіңнің  ғылым  жолына  түсуіңнен 
бастасақ.  
-
 
 «Біз-таяуда ғана дүниеден озған зайыбым 
Сәуле екеуміз қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ 
ұлттық  университетін  бітірген  соң  қол  ұстасып, 
жолдамамен  өзіміздің  Кобда  ауданына  келдік. 
Мектепте  мұғалім  болып  істеп  жүргенімде  көп  уақыт  өтпей-ақ,  аудандық  оқу  бөлімінің 
аппаратына  қызметке  шақырылдым.  Одан  әрі  аудандық  кеңес  атқару  комитетінің 
ұйымдастыру-нұскау бөлімінің меңгерушісі, аудандық оқу бөлімінің басшылығында болдым. 
Бәрі  де  жақсы,  тәжірибе  жинақтадым.  Әрине,  мұның  бәріне,  ең  алдымен,  қуанған  -  жарым 
Сәуле. Бір күні шай дастарқанында ізетті қалпынан жаңылмай тұрып. 
-
 
«Береке, студент кезіңде-ақ ағайларымыз бен апайларымыз шығармашылық өрісіңнің 
кеңдігін  мойындап  еді.  Осылай  жүре  бересің  бе?  Сенің  орның  ғылымда  ғой.  Аудан 
ауқымында  қалып  коясың-ау!  Құлашыңды  кеңге  сермеп,  ғалымдық  жолына  түскенің  жөн 
болар,  —  деп  ой  тастады.  Сәуленің  кеңесі  келешегіме  түбегейлі  бетбұрыс  жасады.  1996 
жылы  ештеңеге  карамастан  отбасымызбен  облыс  орталығы  -  Ақтөбеге  қоныс  аудардық. 
Жаны жәннатта болғыр зайыбым ұстанымын еш өзгертпей, жаңа мекенге енді ғана орнықкан 
үйдің  тұрмыстық  тауқыметін,  балалардың  тәрбиесін  толығымен  мойнына  алды.  Соның 
нәтижесінде  екі  жыл  өткен  соң  «Батыс  Қазақстандағы  1916  жылғы  көтеріліс  тарихының 
мәселелері»  тақырыбымен  тарих  ғылымдарының  кандидаттығына  диссертация  корғадым. 
Сонда  Сәуле  Алматыға  әдейі  барып,  табысыма  балаша  қуанған  еді.  Шүкірлік  етерім,  казір 
Ақтөбенің  ғылыми  кеңістігінде  өзіндік  орным  бар,  он  екі  кітап  шығардым,  жүзден  астам 
ғылыми мақаланың авторымын. 
-
 
«Сөзден  сөз  туады»,  Ресей  Думасына  депутат  болып  сайланған  Алпысбай 
Калменовтің  өмірі,  қызметі  туралы  кітабыңның,  тұсаукесер  рәсіміне  қатыскан  оқырмандар 
топшылауларыңа,  орнықты  уәждеріңе  риза  болып  еді.  Кейін  осы  тақырыпқа  қайта 
оралғаныңды естідік. 
-  Алпысбай  Қалменовтің  тағдыры,  шынында,  көңіл  қоярлыктай.  Өзі  Темір  ауданында 
Бәшенкөл деген жерде туған,  1906 жылы Ресейдің  I Думасына депутат болып сайланыпты. 
Мұрағаттан біршама деректер жинақтап, алғашқы кітапты жарыққа шығардым. Ойда жүрген 
шаруа жүзеге асып, арқаны кеңге сала бастадым. 2006 жылы Сәуле екеуміз Алматыға сапар 
шектік.  Кеңсай  қорымында  маркұм  апа-жездесінің  бейітіне  тәу  етіп,  Құран  бағыштадық. 
Зиратты  аралап  жүргенімізде  алдымыздан  Алпысбай  атамыздың  немерелерінің  кабірі 
ұшырасты. Айналаға зеректікпен карайтын жарым: «Сен бұл кісі туралы біршама зерттедің, 
бірақ  кітабыңда  ұрпақтары  жайында  деректер  жоқ.  Сен  мына  құлыптастағы  деректерді 
жазып ал», -деді. Мен бұл тақырыпқа ораламын деп ойламап едім. Зайбыма қарадым, риясыз 
шын көңілімен айтып тұр. 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
188  
    
 
Ақтөбеге аман-сау оралдық. Көп ұзамай Ақтау қаласында тұратын белгілі ғалым, тарих 
ғылымдарының докторы, бұрынғы сенатор Өмірзақ Озғанбаев телефонмен қонырау шалып, 
менің «Дума депутаты Алпысбай Қалменов» деген кітабымды окығанын, өзінің  докторлық  
диссертациясына  Қазақстаннан  Ресей  Думасына  депутат  болған  Алаш  азаматтары  арқау 
болғанын  айтты.  Сонымен  бірге  бірлесе  қимылдап,  өзі  жинаған  ғылыми  мұрағаттық 
материалдарды  пайдалана  отырып,  кітапты  толықтырылған  нұсқасында  Алматыдағы 
«Нұрлы  әлем»  баспасынан  шығару  жөнінде  ұсыныс  жасады.  Сәтімен  қолға  алынған  шаруа 
толық жүзеге асты. Оқырман даңқты бабаның ұрпақтары жайлы тұшымды деректер алды. 
-  Әдетте  біз  әдебиетте,  ғылымда  өзіндік  қолтаңба  қалдырған  адамдар  туралы  сөз 
еткенде  олардың  ғұмырлық  қосақтарына  тоқталмай  кетпейміз.  «Ақынның  жары», 
«Ғалымның  жары»,  «Жазушының  жары»  деп  жатамыз.  Шығармашылық  адамның  жолы 
болуы  көбіне-көп  соларға  байланысты  екені  даусыз.  Сенің  әнгімеңнен  марқұм  Сәуленің 
ықпалы айрықша аңғарылып тұр. 
-  Дұрыс  айтасың,  мен  өмірлік  серігімді  таңдағанда  қателеспегеніме  көзімді  әбден 
жеткіздім.  Сәуле  тірлігінде  сезімтал,  қай  нәрсеге  де  мән  беріп  отыратын. 
Шығармашылығыма  байланысты  жайттарды  дәл  болжайтын.  Ғылым  жолындағы  адам 
тынымсыз болуға тиістігін айтып, мені үнемі қамшылап отырды. Бір мысал айтайын, Кеңес 
Одағының  Батыры  Ідіріс  Үргенішбаевтың  өмірбаяны,  ерлік  жолдары  өзге  Актөбелік 
батырларға қарағанда аз насихатталып, көбіне-көп өзі туған Шалкар ауданының ауқымынан 
шықпай  келді.  Ұлы  Жеңістің  60  жылдығы  қарсаңында  маған  осы  олқылықтың  орнын 
толтырып,  кітап  шығару  жүктелді.  Уақыт  тар,  зейнеткер  ағамыз  Байман  Байғұлов  екеуміз 
кітапқа қажет материалдарды жинау үшін Шалқар өңіріне баратын болдық. Сапарға шығар 
алдында Сәуле баламыз Айгүл Түркістан қаласынан әкелген ақ жібек орамалды беріп тұрып: 
«Жібек орамал қиналғанда жолыңды ашады, батыр атаның әйелі Жәмила жеңгеміздің басына 
тартарсың», - деді. Мен тарту етудің  ретін келтіре алмаспын деп, тастап кетпекші болдым. 
Зайыбым  қоярда-қоймай  дипломатыма  салып  жіберді.  Содан  Шалқардан  45  шақырым 
жердегі  Талдықұм  ауылына  келіп,  Жәмила  жеңгеміздің  үйіне  түстік.  Қасымызда  бірге 
жүрген  батырдың  немересі  Арман  бізді  таныстырып,  сапардың  мән-жайын  айтып  берді. 
Әңгіменің  бағытын  бажайлап,  нақты  сауалдар  қойғанымызбен  сұхбаттың  реті  келер  емес. 
Жеңгей болса, соғыста қаза болған отағасы мен жасы 60-қа толар-толмаста бақиға жөнелген 
баласы Аманкелдіні айтып, жылай берді. Арнайылап келген шаруамыз бітпей қалар түрі бар. 
Сол  кезде  «келінің  Сәуленің  сәлемдемесі»  деп,  орамалды  кейуананың  басына  тарттым. 
Сәлден  соң  жеңгеміз  өзіне-өзі  келіп,  Ідіріс  ағаның  өмір  жолы  туралы  кеңінен  әнгімеледі, 
маған ақ батасын берді. 
-
 
Өмір көшінің ерте ме, кеш пе тоқтайтыны анық. Кім-кім де соныңда ұлағатты ұрпақ 
қалғанын тілейді. Бұл ретте отбасың Аллаға шүкіршілік етеді деген ойдамыз. 
-
 
Сәуле  екеумізге  Тәңірім  бес  қыз  сыйлады.  Біз  оларды  «алтын  қазынамыз»  деп 
бағалап,  жоғары  білім  алуына,  қызметке  орналасып,  өрісін  кеңейтуіне  барынша  қамқорлык 
жасадық. Бәрі де еңбектен орнын тапты. 
Қыздарымыздың  жұрт  сүйсінердей  көркем,  есті  болып  өсуі  -  ең  алдымен,  анасы 
Сәуленің тәрбиесінен. Бұл үшін де аяулы жарымды сағынышпен еске аламын. Екі  дүниеде 
нұрың шалқысын, сен біздің жадымыздасың демекпін! 
- Әңгімеңізге рахмет! 
 
 
 
 
 
 

Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші 
  
189  
    
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет