Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші
197
ОТКРЫТЫЙ ДУШОЙ ЧЕЛОВЕК
Нурутдинова Айнур Жарылгасыновна
Старший преподаватель кафедры
теории государства и права
юридического факультета
АГУ им. К.Жубанова
С Беркином Жолмырзиновичем я была знакома с 2001 года, когда устроилась на
работу преподавателем кафедры «Теории государства и права». По работе мы часто
встречались и сразу же нашли общий язык. Не только я наверное, и многие мои коллеги
подтвердят, что Беркин Жолмырзинович был открытым душою человек. Меня не раз
поражал нескончаемый оптимизм этого мужчины, который всегда находился в прекрасном
расположении духа, после его бесед поднималось настроение, и уходила от него с легкой
душою и улыбкой.
Каждая встреча с Беркином Жолмырзиновичем проходила приятной беседой, с начала
он говорил о временах прошлого советского времени, о своём жизненном опыте, потом
шутил, а дальше мы говорили о работе. У него было свое простое, философское видение на
жизнь, меня этот факт всегда удивлял.
С живым любопытством оглядывая окружающих, приглядывался к своим коллегам,
студентам, пытаясь понять, что они собой представляют, чем заняты, каковы их интересы, и
сам же находился в центре внимания и никогда не был равнодушным к окружающим.
Возможно кто-то скажет, что Беркин Жолмырзинович был человеком непростым,
потому что он говорил прямо в лицо, даже начальству, принципиально и упорно доказывал
свою позицию и я считаю, что у таких людей нужно учиться этим качествам. У каждого
состоявшегося ученого должно быть свое субъективное мнение, своя точка зрения, что и
было у нашего Беркина Жолмырзиновича. Наоборот он был простым, добрым человеком,
который в любой момент может тебе оказать помощь. Можно было удивляться его
активности, он всегда участвовал во всех общественных мероприятиях университета и был
человеком активной гражданской позиции.
Беркин Жолмырзинович был хорошим руководителем, имел блестящие способности
организатора науки, учебного процесса в деле подготовки молодых кадров, он являлся
автором и вдохновителем многих идей, и оставил после себя большое наследие, которое до
сих пор является предметом изучения. И, по признанию его коллег и близких, всегда
оставался открытым, порядочным и бескомпромиссным человеком.
С трудом применяешь глагол «был», как будто я его только недавно видела, не зря
говорят, что светлый человек остается в сердцах. Я уверена, что Беркин Жолмырзинович
запомнился светлой памятью в сердцах коллег, студентов, соратников, близких и родных…
Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші
198
ТУҒАН ЕЛІ, ЖҰРТЫ ҰМЫТПАЙДЫ
Тұрлыбаев Бақыткерей
Байғанин аудандық
мәслихат хатшысы
Құрметті әлеумет!
Адамзат ғұмыры ұзақ, ал жеке адам өмірінің басы мен соңы бар. Пенде соңғы сағаттың
қай уақытта соғатынын білмейді. Ажал қай уақыттада – ерте ме, кеш пе әйтеуір өз дегенін
істейді. Бүгін қадірлі жерлесіміз Беркін ағамызды бақилыққа аттандырып, оның бауырлары
Сергей, Еркін ағаларымызға, отбасына, тума – туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл
айтамыз, жұбатамыз деген кімнің ойында болған? Әрине болған емес. Әйтсе де, жедел хабар
жеткен соң, туған жерден демеу болсын деп аудан басшысының ұйымдастыруымен ресми
делегация болып келіп тұрған жайымыз бар. Бұл қайғы тек қана осы отбасының ғана
қайғысы емес, хабарды естігендердің, Беркін ағаның қатарлары мен жолдастарының,
Құрманбековтер әулетін білетін барша жұртшылықтың қайғырып, жанына батқан бір қаза
болды.
Бүгін мына садақа, митингіге жиналған халық өте көп болды. Сөйлеген үлкендер,
Беркіннің замандастары, әріптестері оның азаматтың азаматшылығын, ғылыми жұмыстарын,
адамгершілік қасиеттерін, ұйымдастырушылық қабілеттерін толық айтып жатыр. Соған ой
жіберіп қарасақ Беркін ағамызды тек туып – өскен жері Байғанин ауданы жұртшылығы және
өз ортасы ғана біліп, қадірлейді емес, бүкіл облыс білетініне, қадірлейтініне көзіміз жетті.
Сондықтан ағамыздың есімі есте, жақсы жұмысы әрқайсымыздың жадымызда болатыны
сөзсіз. Себебі, қысқа да мазмұнды өмірінде артында мол ғылыми мұра қалдырған, өз білімін
басқаларға үйреткен, шәкірт тәрбиелеген, үлкенге ілтипатты іні болған, кішіге жақсы аға
болған, өзін елге танытқан, оны ел таныған абыройлы абзал азамат еш уақытта ұмтылмайды.
Сергей аға, Еркін аға, балалары қайғыңызға ортақтасып, көңіл айтамыз, қайырлы
болсын. Беріп жатырған садақа қабыл болсын. Беркінді туған елі, жұрты ешуақытта да
ұмытпайды.
Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші
199
ҚИМАС ІНІМ БЕРКІН ТУРАЛЫ ҮЗІК ОЙ...
Ашықбаев Қалдығұл
«Құрмет белгісі» орденінің,
«ҚР білім беру ісінің үздігі»
белгісінің иегері.
Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылы
Мен, сонау 1960 жылдадың басында Байғанин ауданы, Қарауылкелді ауылындағы
Комсомолдың 30 жылдығы атындағы орта мектебінде қатар оқып бітірген, Қазақстан
Республикасына белгілі мәдениет қайраткері, Ақтөбе облысына танымал азамат, қадірлі
жолдасымыз Құрманбеков Еркіннің кішкентай бауыры бар екендігін білетінмін, кейін
жоғарғы оқу орындарында оқу және жұмыс жағдайларымен ұзақ уақыт кездеспедік.
Кейін Еркімен кездесіп, кішкентай бауыры (інісі) Беркіннің жоғары білімді аяқтап Қобда
ауданында қызмет жасап жатқанынын естіп білгенмін.
Сол Беркін ініммен Кеңес Одағы тарап, егемендігіміді алғаннан кейін 1990
жылдардың басында Қобда аудандық білім бөлімінің меңгерушісі кезінде облыстық
білім бақармасында ұшырастық. Әрине, ол бағы кішкентай Беркін емес, мектеп
ұжымдарында, аудандық партия комитетінде басшылық қызметтерде жасап ысылған,
кемеліне келген азамат екендігін байқатты. Жалпы үлкенді аға деп сыйлайтын, кішіге
ілтипатты, ұстамды, мәдениетті болатын. Ол уақытта қоғамның экономикасына
байланысты оқушылардың білім сапасын артыру мен кадрды көбетуде мектептердегі
жөндеу жұмыстарында мұғалімдердің еңбекақысын уақытында беруде коммуналдық
жеңілдіктермен қамтуда қиындықтарға кездестік.
Облыстық білім басқармасының мәжілістерінде Беркін үнемі батыл және ұтымды
ұсыныстар айтып, өзінің білімділігін білдіріп отыратын.
Ол саяси сауатты еді. Президентіміздің алғашқы екі рет сайлануы кезінде бір
қатар аудандық білім бөлімінің меңгерушілері мен ауданның сайлау комиссиясының
төрағасы міндетін жауапкершілікпен атқардық. Кездескен сайын Беркін аға сайлауға
әзірліктерін қалай-қалай өтеді деп ойлайсың деп сұрайтын. Әрине, ол кезде елдің
әлеуметтік хал-ахуалы төмендеуі халықтың жаңа қоғамнын болашағына деген сенім
бекімеген кездер ғой, сұраққа жауап беруге қиналатынбыз.
Беркін көпшілік кез келген ортамен тіл табысып, әңгімелесіп, ой өрбітіп өзіне
көптің көңілін аудара білетін. Бір жылы жаз кезінде облыстық білім беру басқармасы
аудандарды аралап, көшпелі мәжілісі өткізуді жоспарлаған болатын. Жоспар бойынша
барлық аудандардың білім бөлімінің меңгерушілері Қарабұтақ, Ырғыз, Шалқар
аудандарында болып, мекемелерін аралап, жұмыстарымен танысып, ой пікірімізді ортаға
салдық. Сол кезде мен Беркіннің үнемі ойланып ізденіс үстінде жүретінің байқадым. Ол
ұзақ жолда кездескен табиғатқа зер сала қарап, тарихи оқиғаларға толы Ырғыз ауданының
көрнекті жерлерінде сұрау салып, қойын кітапшасына деректер жазып алып жүретінін
көріп, оның келешек ғылыми жұмыстармен шұғылдану ой бар-ау түйдім.
Үмітім алдамапты. Мен 1996 жылдың шілде айынан бастап басқа жұмысқа ауысып
кеттім. Кейін көп ұзамай Беркіннің Құдайберген Жұбанов атындағы Мемлекеттік
Университетке оқытушы болып ауысқанын естідім. Баспа беттерінен оның жазған
еңбектерін оқып, қатты қуандым.
Сан ғасырлар бойы шындығы бұрмаланып келген қазақ тарихын жаңалап жазуға
белгілі ғалымдарымызбен бірге Беркін інім де өз үлесін қосқан. Әттең сұм ажал ең
болмаса Пайғамбар жасына да жеткізбей, қимас Беркін інімді аяулы жарымен бірге
өмірден алып кетті. Тағдырға шара жоқ Беркінжанның – Ғибратты үлгі, өнегесі,
адамгершілік қасиеттері балаларына дарыған.
Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші
200
ОТЫРҒАН ЖЕРІ ДУМАН БОЛАТЫН
Отарбаев Бердіғали
Есітуді коррекциялаудың Алматы орталығының
Ақтөбе бөлімшесінің меңгерушісі.
Отоларинголог. Жоғарғы категориялы дәрігер.
Кеше ғана ойнап күліп бір жүрген досыңның жоқтығын мойындап, ол туралы өткен
шақта сөз сөйлеу қиын екен. Алдамшы көңіл сенбейді, кез- келген уақытта, кез – келген
жерде кездесетін сияқты болып тұрады. Бәлкім, бұл қимастықтың белгісіме ,әлде досыңа
деген сағыныш па? Бірақ, ой елегіне салсаң, өмірге шындықпен қарасаң - бұл тек алдамшы
сезім. Шындыққа бет бұрсаң – жүрегің сыздап, көңілің куйзеліп кетеді. ДОС- ол сенің
туғаның емес, ол – сенің бауырың емес, бірақ солармен қатар тұрғандай, тіпті кейде олардан
да жақын. Беркін Қобда өңіріне келіп қызмет істеді.
Бірде, ол марқұм Сәулені ауруханаға алып келді ( мен ол кезде хирург болып жұмыс
істейтінмін ) Сәуленің аяғы сынып гипс салғанбыз. Неге екені белгісіз, сол алғашқы кездесу
үлкен достықтың шымылдығы болды. Бәлкім, Беркіннің ақжарқын жүзіме, адамды уйіріп
алатын сөзіме, жарына деген қамқорлығыма, әйтеуір, маған мықты әсер етіп, кейін дос
болып кеттік. Ештеңені сараптап жатпайтын, бар – жоқ деп қиналмайтын, уақытпен
санаспайтын, лауазым- мансапқа қарамайтын, адал мөлдір жастық шақ! Бірнеше отбасы
бір жанұядай өмір сүрдік. Балаларымыз дүниеге қатар келді, бірге балабақшаға барды,
мектепте де бірге оқыды. Беркін мен Сәуленің ең үлкен қасиеті – болашақ балада деп
түсінгені. Ана болу, әке болу үлкен бақыт деп санады. Жалғыз баладан айырылып қалғанда,
неліктен бір баламен шектелдім деген күйініш өзегімді өртейді. Әрине, әр баланың орны
басқа. Алтын асықтай қыздары өздерінің жалғасы ғана емес, халықтың қадірлі азаматтары.
Беркіннің, Сәуленің анаға деген махабаты–жеке әңгіме. Бәкеңнің отырған жері ойын-думан
болатын. Досымыз Озаттың жолдасы Сәниямен кездескен сайын әзілдесіп, ананы – мынаны
айтып, әдемі қалжыңдасып отыратын. Сәнияда бір қабақ шытпай, Беркіннің қалжыңына
қалжыңмен жауап қайтарып, бәрімізді күлдіріп отыратын. Менің жолдасымның есімі де
Сәуле. Марқұм Сәулемен екеуін жерлес десе де болады. Менің жолдасым Солтүстік
Қазақстанның Петропавловск қаласында дүниеге келген. Екеуі бір рудан. Сәулені апа,
Беркінді жезде деді. Міне менің апам қандай деп – мақтан етті. Бірде біз соғымға шақырдық.
Сәкеңнің ауырып жүрген кезі еді. Мен сол үйге барамын. Достармен кездесіп, демалып
қайтамын деп болмай келген екен. Дастарханның соңына дейін отырып, ойнап - күліп, өзінің
қиналып отырғанын білдірмеді. Сол жолы Беркін менің жолдасыма өзінің кітабын сыйлады.
Онда мынадай сөздер жазған екен Бердештің Сәулесіне, Сәуленің Беркінінен. Ол кезде
ойын деп түсініп, күлдік те қойдық. Ол сөздің астарын енді түсінгендейміз. Өзін Сәулеменен
тұтас бір тұлға ретінде санаған екен ғой.
Өмірде ең қадірліңді жоғалтқанда өмірдің еш мәні болмай қалады екен. Құлап жатып -
тұруға, жылап тұрып - күлуге, түңіліп тұрып - үміттенуге жеңіліп жатып - күресуге тура
келеді. Ол саған қалған аманат. Ол сол адамның алдындағы парызың. Ал Бәкең... Бәкең...
Бәрінде жеткіздім, сенімдімін, сенемін ұрпағыма дегендей. Аруым, Сыңарым, Аққуым
жалғыз болмасын, жанында болайын деген тәрізді. Казіргі заманның аңызына айналған
қайран ДОСЫМ, сен әрқашанда бізбен біргесің.
Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші
201
АРДАҚТЫ АТА АТЫН ТӘУЕЛСІЗ ҰРПАҒЫНА ЖЕТКІЗДІ
Ерғалиев Есенғали Ғылымшаұлы
Кинофикация мекемесінің ардагері,
ҚР-ның оқу-білім ісінің үздігі, зейнеткер.
Біз бір ұрпақ осы кезге дейін, яғни тәуелсіздік алғанға дейін, өзіміздің ата-
бабамыз, тегіміз туралы айта алмай келген ұрпақпыз, іштен тынған ұрпақпыз. Қазақ
тарихы да сондай ақтандақтары бар тарих болды. Айтылмағаны бар еді. Тәуелсіздікке
тәубә дейік. Тарих беттері ақтандарынан арылып келеді. Тарихшы-ғалымдар зерттеп,
іздену арқасында халыққа атақты, ардақты ұлдарын қайта таныстырып, жоғалғанды
жаңғыртып жатыр, сондай тарихшы-ғалымдардың бірі, ініміз Беркін Жолмырзаұлы
Құрманбеков. Ол қазақ халқының мұң-мұқтажын, мүддесін қорғаған, білімді, алдыңғы
қатардағы көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар, Ресей мемлекеті Думасының депутаты
болған он екі қазақтың үшеуі жайлы мазмұнды, құнды кітаптар жазды. Оның Алпысбай
Қалменов, Бақытжан Қаратаев, Ахмет Бірімжановтар туралы деректі, ғылыми, іздену
негізінде жазылған кітаптары оқырмандар тарапынан оң баға алған еңбектер. Бұл
саланы зерттеу, жазу бұрын өте мардымсыз болған. Беркін ініміз Ресей Думасының қазақ
депутаттары туралы алғашқылардың бірі болып кітап жазған, қалам тартқан ғалым. Ал
Ақтөбе облысында жалғыз Беркін Жолмырзаұлының бұл жұмыстары өнегелі іс жалғасын
табатын зерттеу бағыты деп санаймын.
14-қаңтар 2013 жылы С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында
белгілі өлкетанушы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент марқұм Беркін
Құрманбековтың ғылыми еңбектері бойынша «Өлке тарихының өзекті мәселелері» атты
ғылыми тәжірибелік конференция өтті.
Шара аясында қазақтың тұңғыш заңгері Ресей мемлекеттік думасының депутаты
болған Бақытжан Қаратаев туралы, «Қайраткер Қаратаев» атты кітаптың тұсаукесері болды.
Кітап авторлары: тарих ғылымдарының докторы, академик Өмірзақ Озғанбай және тарихшы
ғалым Беркін Құрманбеков. Осы жиынға он шақты атаның ұрпақтары Қаратаев Фердауси,
Бақытжанов Шамил, Бақытжанов Бауыржан, Аманкелді Шынаров т.б. жиналды. Менде
қатысып сөз сөйледім.
Конференция өте жақсы өтті. Зал толған тыңдаушылар болды, әсіресе жастар көп
болды. Белгілі қоғам қайраткері, ғалым, Ақтаудан келген Өмірзақ Озғанбай өз сөзінде
өмірден озғанына жыл да толмаған өлкетанушы, ғалым тарихшы Беркін Құрманбековтың
ғылыми мұрасына үлкен мән беріп, Бақытжан Қаратаев жайлы кітапты да Беркін
Құрманбеков екеуі бірігіп жазғандығын айтты. Бұл конференцияда халқымыздың біртуар
қайраткер ұлдарының бірі Бақытжан Қаратаевтың өмірі мен қызметі сараланды, бірнеше
ғылым докторлары, кандидаттары жақсы баяндамалар жасады. Ө.Озғанбай, Б.Қаратаев XX
ғасырдың басындағы Ресей патшалығы үстемдігі кезінде қазақ халқының күйін күйттеп,
жоғын жоқтаушы азаматтардың алдыңғы легінде болды деді. Б.Қаратаевтың өмірі мен
қызметін кітап авторлары жылдармен сатылап тарауларға хан ұрпағы, білім жолында, қазақ
халқының адвокаты, Дума депутаты, заңгер тарихшы, Б.Қаратаев ұрпақтары ел есінде деп
бөліп жазған екен.
Бұл әдіс оқушыларға кітап құнын, Б.Қаратаевтың еңбегін түсінуге өте жақсы табылған
тәсіл деп ойлаймын. Б.Қаратаевтың саяси ұстанымын, халқын ойлаған мақсатын қазіргі
жастар біле білмейді, мүмкін тегін білер, Ақтөбедегі көшенің аты бойынша есіне түсер, бірақ
еңбегін біле бермейді.Осы олқылықты толықтыруда «Қайраткер Қаратаев» кітабы ерекше
құндылықта болатыны сөзсіз ал бізге, ұрпақтарына бұл еңбек аса маңызды, алтындай
қымбат, ғұмыр бойы ұрпақтан ұрпаққа сақтайтын құндылық. Себебі, Б.Қаратаев туралы бұл
шығарма оның өмірі мен қызметінен толық мәлімет беретін бірінші жалғыз көлемді деректі
ғылыми шығарма болып табылады. Ғалымдар Өмірзақ Озғанбаев пен Беркін Құрманбеков
Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші
202
үлкен іс жасады. Оған біз Әбілқайыр хан ұрпақтары тікелей Б.Қаратаев ұрпақтары өте риза
болып алғыс айтамыз.
Б.Қаратаевтың кеңес үкіметі тұсындағы қызметін де авторлар мұқият қарастырып
кітапта тың деректер ұсынған екен.
Конференцияда Б.Қаратаевтың өнегелі өмірін әсіресе, жас ұрпақ тәрбиесі керегіне
жарату жайлы басым айтылды. Атамыздың еңбегін тек ауызша насихаттап емес, оның
Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі экспозициясында қойылған кітаптарын, өзі
тұтынған заттарын, фотоларды пайдалану арқылы нақты айтуға болатыны белгілі. Ол кездегі
оқыған аз ғана қазақтардың тек мамандығымен ғана шектеліп қоймай, халқын білімге,
өнерге, өркениетке жетуіне үндеп, қызмет еткені белгілі. Б.Қаратаевта қазақ өркениеті үшін
тек саясат, заң қызметі саласымен шектелмеген. Ел ішіндегі өнерпаз әнші, күйшілердің
өнерін қолдап отырған. Мысалы, батыс ән дәстүрі мектебінің негізін салушы, ғаламат
талантты әнші Қаратөбелік Мұхит Мералыұлы Б.Қаратаевтың бауыры Бақытжан атада
Қаратөбелік қой. Мен де Ерғалиев Есенғали Ғылымшаұлы Қаратөбелік төрелерге жатамын.
Қаратөбе ауданы өңірінде төрелер екі ауыл болып, Кеңес үкіметі орнағанға дейін мекендепті.
Бір ауыл Қоскөл ауылы ізіндегі Бақтыкерей сұлтан басқарған елде, екіншісі-бұрыңғы
Саралжын бойындағы Ақбақай ауылындағы Қаратай сұлтан әулеті.
Кеңес үкіметі құрылған кезде төрелер хан тұқымы деп қудалауға түскен. Сонан олар
ыдырап Алматы, Ақтөбе, Орынбор облыстары жағына кетіп бас сауғалаған. Негізі,
Қаратөбелік төрелердің түп тамыры Нұралы ханның балалары Есім хан, Қаратай сұлтаннан
тарайды. Менің атам Ерғали Бақтыкерей сұлтанның баласы, ал әкем Ғылымша немересі, мен
Есенғали шөбересі боламын. Біздің арғы тегіміз Әбілқайыр ханнан тараған ұрпақтар
Қазақстанның батыс өңірінде баршылық. Өзімнің бүкіл саналы қызметтік өмірім Ақтөбеде
болды. Ақтөбенің кино саласында бастық болып он жыл, Ақтөбе мәдени-ағарту
училищесінде, Ақтөбе гуманитарлық колледжінде үш жыл оқытушылық жұмыс істеп,
Ақтөбенің байырғы тұрғыны болдым.
Өмірзақ Озғанбай мен Беркін Құрманбеков сияқты патриоттар жазған «Қайраткер
Қаратаев» атты кітап, алаш ардақтысын қадірлеудің тәуелсіздік әкелген бір серпілісі болды,
халқымыздың ардақтысының атын санамызда қайта жаңғыртты. Тарих теңізінің толқыны
ақиқат маржанын тереңнен таңдап шығарып, ғалымдар еңбегі нәтижесінде егемен ел болған
ұрпағына жеткізілді. Тәуба дейік.
Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші
203
ЕЛІ, ЖҰРТЫ ҚАДІРЛЕЙДІ ЕКЕН
Гумаров Едіге
Зейнеткер, агроном
Атырау
Құрметті жиналған қауым! Сергей мен Еркін, туыстары, Беркіннің отбасы бүгінгі
күні үлкен қайғыға ұшырап отыр. Өте қиын жағдай. Бұл жағдай, қайғы адам баласының
емес, Алла тағаланың осы кісіге нәсіп еткен, маңдайына тағдыр етіп жазған ісінің бірі
деп есептейміз. Сондықтан бұл жағдайға көмектесу адам баласының қолынан келмейді,
біз артында қалған отбасына, тума-туысқандарына қайырлы қаза болсын деуден басқа
еш шара жасай алмаймыз, арты жақсы болсын деп тілек айтамыз. Мен Атырау
облысынан келіп отырмын. Еркіннің туған бажасымын. Біз бір үйдің үш қызын алған
үш бажамыз. Мен сол бажалардың үлкенімен, атым Едіге. Зояның үлкен апасы Қалима
екеуміз Атырауда тұрамыз. Мынау Жолдасқали деген Еркіннің екінші үлкен бажасы.
Зояның екінші апасы Шолпанның зайыбы-бұл екеуі Атырау облысының Индер
ауданының орталығында тұрады. Біз осы үшеуміз Беркіннің қайтыс болуына
байланысты Атыраудан келіп, көңіл айтайық, жақсы ниет тілегімізді білдірейік,
садақасына қатысып, топырақ салайық деп келдік.
Не айтамыз, бұл ажал дейтіннің өзі айтып келмейді, жасқа да кәріге де осы күні
әртүрлі жағдайда келіп жатыр. Осы отырғандарымыздың басымыздың аманы болмас,
бәріміздің де бір жақынымыз, туысымыз, үлкеніміз, кішіміз о дүниелік болып кетіп
жатады, бұл табиғаттың берген несібі. Оған амал жоқ. Адам өмірі мәңгілік емес.
Сондықтан, ажал келіп қалған екен, оған шыдайсың, басқа түскесін баспақшы деген,
басқа түскесін көтересің. Беркіннің ағайын-тумаларына мықты болыңдар дейміз. Бұл
жағдайдың қиындығы сол ініміз жас, міне ең қиын жері осы. Өзінің қарыштаған кезінде
еліне, семьясының алдында, туған-туысының алдында ерен еңбек етіп, өзінің терең
білімімен, үлкен саналылығымен, өнегелі кішіпейілділігімен басқаға үлгі көрсетіп келе
жатқан адамның қазасы-міне қиын жері осы. Бұл жанұясына түсіп жатқан зор орны
толмас ауыртпалық. Біз осы қайғыны, ауыртпалықты бөлісейік, жеңілдетейік деп келдік.
Сіздермен кездесіп отырмыз. Беркінмен қоштасуға келген адам өте көп, мінекей үлкен
ғимаратқа сыймай жатыр. Осындайда жақын туыстың, қимас дос-жарандардың, сыйлас
замандастардың, құрметтес әріптестердің көп болғаны жақсы ғой. Беркінді білетіндер,
қадірлейтін ақтөбеліктер, қобдалықтар, байғаниндіктер, қызылжарлықтар көп екенін көріп
отырмыз. Сіздердің сөздеріңізден, тілектеріңізден Беркіннің ғалымдық жұмысы,
адамгершілік қасиеттері, жақсылық істері туралы көп нәрсе білдік, сыйлы, құрметті,
болашағы мол азамат еді деген пікірлеріңізді естідік. Рахмет, "жақсы сөз, жарым ырыс"-
деген оң тілектеріңізге ризамыз, айтқандарыңыз қабыл болсын.
Біз бірге жұмыстас болмасақта, бөтен облыстан болсақта, Беркінмен жақсы
таныспыз. Ақтөбеге келіп-кетіп жүргенде үйінде қонақ болып, құрметін көріп
араласқанбыз.
Тал бесіктен, жер бесіккен дейінгі адам өмірі қас-қағым сәттей өте шығады ғой.
Қимас ініміз Беркіннің жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын, отбасы аман,
бақытты болсын, келген көпшілік сіздерге мықты денсаулық тілеймін.
Достарыңызбен бөлісу: |