Адам эмбриологиясының дамуының периодизациясы. Прогенез. Жыныс жасушаларының морфофункционалдық сипаттамасы



бет11/73
Дата27.11.2023
өлшемі0,64 Mb.
#130199
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   73
Байланысты:
gista ekzamen shpora alf-1

Кесінділерді дайындау арнайы құралдар – микротомдар мен ультрамикротомдардың көмегімен орындалады.
Кесінділерді гистологиялық бояулармен бояу. Парафинді кесіндінің мөлдірлігі төмен болғандықтан, олар неғұрлым күрделі өңдеуді қажет етеді. Бояулардың көпшілігі судың немесе спирттің ерітіндісі, олар парафинді тінге нашар өтеді, сондықтан кесіндіні бояу алдында одан парафинді ксилолмен шығарып, орнын сумен толтыру керек. Осылайша алып тасталынған парфиннің орнын сумен толтыру үшін, концентрациясы кемейтін 100%, 90%, 80% , 70% , 60% спирттен өткізеді. Заттық шыны бетінде орналасқан кесінді кепкеннен соң, оны бояудың су ерітіндісіне белгілі бір уақытқа батырады. .
Кесінділерді гистологиялық бояулармен бояу жасушалар мен тіндердің әртүрлі микроқұрылымдарын анық көруге мүмкіндік береді және олардың контрастылығын арттырады. Ол үшін әртүрлі табиғи немесе жасанды бояулар қолданылады. Олар қышқылдық, негіздік және нейтральді болып үш топқа бөлінеді.
Мысал ретінде, көбінесе қолданыста болатын бояғыш азур ІІ - келтіруге болады, ол жасуша ядроларын күлгін түске және қышқылдық бояу эозин, жасуша цитоплазмасын қызғылт - сары түске бояйды. Қышқыл бояумен жақсы боялатын құрылымды оксифильді (грек. oxys немесе лат. acidus - қышқыл және гр. philia – сүйіспеншілік, жұғысу) немесе ацидофильді деп атайды. Мысалы, жүректің етті жасушалары мен етті талшықтарының цитоплазмалары және жасушааралық заттардың кейбір компоненттері оксифильді түске боялады. Негіздік бояулармен боялу қабілетін базофилия (лат. basis – негіз және гр. рhilia- сүйіспеншілік, жұғысу) деп атайды, ал олармен байланысып, көк немесе күлгін- көк түстерге боялатын жасуша құрылымдарымдары базофильді деп аталады. Қышқыл бояу мен негізгі бояуды бірдей қабылдайтын бояу нейтрофильді болып табылады. Мысалы, қанның нейтрофильді гранулоциттерінің цитоплазмасындағы қызғылт-күлгін ұсақ түйіршіктер.
Кейбір негіздік бояулар жасушаның ерекше химиялық қасиеттерге ие құрылымдарымен байланысқан жағдайда, өз реңін өзгертеді. Мұндай өзгеріс метахромазия (грек. meta – өзгерілу, chroma - бояу) деп аталады. Метахромазиялық боялатын құрылымдарға базофильді лейкоциттердің түйіршіктері, базофильді жасушалар, шеміршекті тіннің негізгі заты жатады.
Кейбір эндокриндік жасушаларды, нейрондарды күмістің тұздарымен импрегенациялайды (лат. impergnatio-сіңдіру). Мұндай жасушалар аргирофильді (гр. аrgyros – күміс, philos - жақсы көру) деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет