Адам эмбриологиясының дамуының периодизациясы. Прогенез. Жыныс жасушаларының морфофункционалдық сипаттамасы


Жасушалар мен тіндерді тірідей зерттеу (in vivo)



бет9/73
Дата27.11.2023
өлшемі0,64 Mb.
#130199
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   73
Жасушалар мен тіндерді тірідей зерттеу (in vivo). Тірідей зерттеу әдістерінің бірі - тірі организмдегі құрылымдарды зерттеу болып табылады. Арнайы микроскоптар-иллюминатарлардың көмегімен микротамырларда қан айналу динамикасын көруге болады. Анестезиядан кейін жануарларда зерттеу объектісін (мысалы, ішектің шажырқайы) сыртқа шығарып микроскоппен қарайды, бұл кезде тіндерді ұдайы натрий хлоридтің изотондық ерітіндісімен ылғалдап отыру қажет. Мұндай зерттеулердің уақыт мөлшері шектеулі.
Тірі құрылымдарды жасушалар мен тіндердің өсінділерінде зерттеу (in vitro). Бұл ең көп тараған әдістердің бірі. Адам немесе жануардың организмінен алынған жасушаның, тіннің немесе мүшенің кішкентай үлгісін арнайы қор ортасы бар шыны ыдысқа салады. Әдетте суспензиялық және моноқабаттық өсінділерді ажыратады. Ортаның стерилизациясы, денеге сай температурасы қамтамасыз етіледі. Мұндай жағдайда жасушалар ұзақ мерзім тіршілік әрекеттерінің негізгі көрсеткіштерін - өсуге, көбеюге, түрленуге, қозғалуға қабілеттілігін сақтайды. Егер, ортаны жаңартып және тіршілікке қабілетті жасушаларды басқа ыдысқа салса, онда мұндай өсінділер көптеген күндер, айлар тіпті жылдап өмір сүре алады. Жасушалар мен тіндерді өсіру әдістерін өңдеуге А. А. Максимов, А. В. Румянцев, Н. Г. Хлопин, А. Д. Тимофеевский, Ф. М. Лазаренко үлкен үлестерін қосты.
Адам жасушалары мен тіндерінде тәжірибелік бақылауды жүргізу үшін, тіндер өсіндісі әдісінің маңызы зор. Биопсия немесе пункция кезінде адам организмінен алынған жасуша тіндер өсіндісінде тұқым қуалайтын ауруларды, жынысты анықтау және бірқатар токсинді заттардың әсерін айқындау үшін қолданылады.
Витальді және суправитальді бояу. Жасушалар мен тіндерді витальді (лат. vitalis - тірі ) бояу барысында бояғышты жануардың организміне енгізеді, ол белгілі бір жасушаларды, олардың органеллаларын немесе жасушааралық заттарды таңдап қана бойяды. Мысалы, ализарин сүйектің жаңа түзілген матриксін айқындайды.
Суправитальді бояу деп – организмнен бөліңген тірі жасушаларды бояуды айтады. Мұндай әдіспен қан ретикулоциттерін, митохондрияларды, лизосомаларды анықтайды.
2.Гистологиялық препараттардың түрлері. Гистологиялық препараттарды дайындау әдістерінің негізгі принциптері. Жарықтық және электрондық микроскопия. Гистологиялық препараттарға қойылатын талаптар
Мұнда зерттеудің негізгі объектісі фиксацияланған құрылымдардан дайындалған гистологиялық препараттар болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет