Адам эмбриологиясының дамуының периодизациясы. Прогенез. Жыныс жасушаларының морфофункционалдық сипаттамасы



бет14/73
Дата27.11.2023
өлшемі0,64 Mb.
#130199
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   73
Байланысты:
gista ekzamen shpora alf-1

Гиcтологияның дамуы. «Ғылымның дамуы әдістемелердің көмегімен жүзеге асатын жетістіктерге тәуелді». И. П. Павловтың бұл анықтамасы гистологияға да, цитологияға да және эмбриологияға да қатысты. Гистологияның пайда болып, оның осы уақытқа дейінгі дамуы техниканың, оптиканың және микроскопиялық әдістермен тығыз байланысты. Микроскопиялық зерттеулердегі жетістіктер жаңа фактілерді жинақтауға және теориялық қорытындылар жасауға мүмкіндік берді. Осыған байланысты тін туралы ілімнің және мүшелердің микроскопиялық құрылысының даму тарихын үш кезеңге бөлуге болады: 1-ші микроскопиялыққа дейінгі (ұзақтығы шамамен 2000 жыл), 2-ші микроскопиялық (шамамен 300 жыл), 3-ші электронды-микроскопиялық (шамамен 60 жыл).
Бірінші кезең (микроскопиялыққа дейінгі), уақыты бойынша ең ұзақ кезең (б.э.д. IV ғасырдан бастап XVII ғасырдың ортасына дейін), ол макроскопиялық техникаға негізделген гистологиялық ғылымның нағыз алғашқы даму тарихы болып табылады
XVII ғасырдың екінші жартысында алғашқы микроскопистер – физик Р. Гук, анатом М. Мальпиги, ботаник Н. Грю, оптик А. Левенгук және басқалар микроскоп көмегімен терінің, көк бауырдың, қанның, бұлшықеттердің, тұқым сұйықтығының және т.б. құрылысын сипаттады
XIX ғасырдың ортасында салыстырмалы гистология қарқынды дами бастады. Клетка теориясының негізінде әртүрлі мүшелер мен тіндердің құрамы, олардың гистогенезі зерттелінді, бұл сол кезде микроскопиялық анатомияның қалыптасуына және тіндердің классификациясын нақтылауға мүмкіндік берді (А. Келликер және т.б.). Бірақ XIX ғасырдың екінші жартысында ғылыми ойлардың дамуы үшін гистологиялық техниканың және микроскопиялық зерттеулердің әдістерінің әрі қарай жетілдірілуі қажет болды. Бұл кезеңде практикаға сулы және майлы иммерсиондық объективтер енгізілді, микротом жасалынды, жаңа фиксаторлар қолданылды (формалин, осмий қышқылы, хромды қышқыл). Тақталы комплексті сипаттаушы италиялық ғалым К. Гольджи қолданған күміс тұздарымен импрегнациялау әдісі аса жемісті болды. Осы әдіс және оның модификациялары жүйке жүйесі бойынша іргелі зерттеулер жүргізуге (Р. Кахаль) және нейрогистологияның негіздерін жасауға мүмкіндік берді. К. Гольджи және Р. Кахаль ғылымдағы жетістіктері үшін 1906 жылы Нобель сыйлықтарын алған. XIX ғасырдың соңында клетка органеллалары ашылды.
Қазіргі цитология, дәлірек клетка биологиясы, клеткалардың ырғалы әрекеттері (тәуліктік, маусымдық), клеткалардың көбеюінің арнайы тіндік реттелуі, дифференциациялануы, сыртқы ортаның факторларының әсерімен реактивті өзгерістері және т.б. мәселелерін қарастырады. Эксперименталды цитологиялық зерттеулердің нәтижелерінің медициналық практикада қолданысы бар (аурулардың цитодиагностикасы, цитоиммунологиялық сынамалар және т.б.).
Эмбриология төңірегінде ұрықтық дамуды жүзеге асырушылар, нейрогуморалдық реттелу және эмбриогенез үрдістеріне сыртқы орта факторларының әсері туралы түсініктерді дәлдеуге мүмкіндік беретін эксперименталды тәжірибелер орын тапқан. 30-40-шы жылдары эволюциялық эмбриология мәселелері академик А.Н. Северцов бастаған совет эмбриологтары тобымен табысты зерттелген. Қазіргі уақытта бұл бағытты әртүрлі зертханаларда эмбриологтар жетілдіруде.
Қазіргі гистологияның, цитологияның және эмбриологияның дамуының үшінші кезеңі жаңа әдістемелік деңгеймен, электронды микроскопты кең қолданумен, мұздату-жару әдістерін, электронды-микроскопиялық цитохимияны және басқа әдістерді қолданумен сипатталады.
Ғылыми-техникалық прогресс, зерттеу әдістерінің жетілдірілуі клетка құрылысының және клеткалық емес құрылымдардың макромолекулалық деңгейде қарап, дифференциация үрдістері, регенерация, тұқымқуалаушылық белгілерінің берілуі және т.б. туралы түсініктерді тереңдетуге мүмкіндік берді. Осыған байланысты цитология мен гистологияның ультрамикроскопиялық негіздері жасалынып молекулярлық биология мәселелері шешілуде.

31. Дәнекер тіндерінің жалпы морфо- функциональдық сипаттамасы мен жіктелуі. Дәнекер тіндерінің дамуы мен құрылысының жалпы принциптері. Борпылдақ талшықты дәнекер тінінің құрылысы, таралуы және жасушалары. Жасуша аралық заттына жалпы сипаттама және құрылысы.
Дәнекер тіндері мезенхимадан дамиды, ішкі орта тінінің гомеостазын сақтауға қатысады. Ол қан және лимфамен бірігіп ішкі орта тіндерін құрайды. Дәнекер тіндері жасушалардан және жасуша аралық заттардан тұрады, ал жасуша аралық зат талшықтар мен аморфты заттан түзілген.
Дәнекер тіндерінің қызметтері:

  1. Трофикалық – жасушалардың қоректенуін реттеу және олардың зат алмасу процесіне қатысуына байланысты.

  2. Қорғаныштық - тінді механикалық әсерлерден қорғайды, бөгде заттардың ішке енуіне (фагоцитоздық, гуморалдық иммунитет) тосқауыл болады.

  3. Тіректік немесе биомеханикалық – коллогенді және эластикалық талшықтар мен жасуша аралық затының физико - химиялық қасиетіне байланысты.

  4. Пластикалық – регенерация мен жарақаттың жазылуы процестеріне қатысуымен айқындалады.

  5. Морфогенетикалық – олар көп мүшелердің капсуласы мен стромасын, сіңірді, байламдарды, шеміршек пен сүйекті және т.б. түзеді.

Дәнекер тіндері
Негізгі дәнекер тіндері Қаңқа тіндері

Талшықты Арнайы қасиетті бар дәнекер Шеміршек Сүйек


тіндер
1) болбыр 1) май 1) гиалинді 1) пластинкалы
2) тығыз 2) шырышты 2) эластикалық 2) ретикулофиброзды
А) Қалыптасқан; 3) ретикулярлы 3) талшықты 3) тіс дентині мен цементі
Б) Қалыптаспаған; 4/ пигментті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет