Адам эмбриологиясының дамуының периодизациясы. Прогенез. Жыныс жасушаларының морфофункционалдық сипаттамасы


Адам ұрығы дамуының қатерлі кезеңдері



бет8/73
Дата27.11.2023
өлшемі0,64 Mb.
#130199
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   73
Адам ұрығы дамуының қатерлі кезеңдері. Әйгілі орыс эмбриологы П.Г.Светлов адамның эмбриондық дамуында үш қатерлі кезеңді көрсетеді: имплантация (ұрықтанудан кейін 6-7 тәулік), плацентация (жүктіліктің екінші аптасының соңы) және перинаталдық (ананың босануы, нәрестенің дүниеге келу уақыты) кезең. Ұрықтың сезімталдығы тіршілік ету жағдайларының өзгеруіне байланысты және организмдегі барлық мүшелер жүйесіндегі (қан айналу, тыныс алу, қоректену және т.б.) қайта құрылуларға сәйкес келеді. Имплантацияда ұрық жатыр қабырғасына еніп, шұңқыр пайда болады. Ол аналық тіннің бұзылған өнімдерімен толтырылады. Жүктіліктің алғашқы екі аптасында ұрық осы шұңқырдағы қоректік материалды (гистиотрофтық қоректену типін) пайдаланады. Плацентацияда ұрық пен ана арасында тығыз байланыс қалыптасады, ұрықтың қоректенуі, тыныс алуы анасының қаны арқылы (гематотрофтық қоректену типі) жүреді. Перинаталдық туылу кезеңінде нәресте анасының жатырынан сыртқы ортаға шығады, өздігінен тыныс алады, қоректенеді, зәр шығарады және т.б. автономдық тіршілік ету процестері басталады.
Жалпы қарастырғанда адам онтогенезінің бірнеше қатерлі кезеңдері атап кетуге болады: 1) жыныс жасушаларының дамуы - овогенез және сперматогенез; 2) ұрықтану; 3) (имплантация ұрықтанудан кейін 6-7 тәулік), 4) мүшелердің білік бастамаларының дамуы және плацентаның қалыптасуы (дамудың 3-8-ші аптасы); 5) бас миының қарқынды өсу стадиясы (15-20-шы апта); 6) организмнің негізгі функциялық жүйелерінің қалыптасуы және жыныстық аппараттың дифференциялануы (20-24-ші апта); 7) нәрестенің дүниеге келуі; 8) нәрестелік (1 жасқа дейін); 9) жыныстық жетілуі (11-16 жас).
Гистогенез және органогенез
Ұрықтық жапырақшалар мен мезенхиманың түрленуі 2-ші аптаның соңында, 3 - ші аптаның басында басталады. Жасушалардың бір бөлігі ұрықтың тіні мен мүшелерінің бастамасына, ал басқасы ұрықтан тыс мүшеге айналады. (1 сызба).
Тіндік және мүшелік бастамалардың пайда болуына әкелетін ұрықтық жапырақшалар мен мезенхиманың дифференциялануы бірдей болмайды. Тіндік бастаманың қалыптасуы детерминация мен коммиттациялану процестеріне негізделген.
Детерминация – жасушалар мен тіндердің дамуының генетикалық бағдарланған ? жолы. Оның негізіне аРНҚ мен белоктардың синтезінің ерекшелігін анықтайтын гендердің репрессиялық және депрессиялық тұрақты өзгерістері жатады. Детерминациялану эмбриогенезде бірден пайда болмайды.
Коммитациялану – жасушалардың даму жолдарының шектелуі. Ол бір ізділікпен орындалады: алдымен геномның үлкен алаңы, ал кейіннен неғұрлым жеке қасиеттері өзгереді.
2. Гистологиялық препараттардың түрлері. Гистологиялық препараттарды дайындау әдістерінің негізгі принциптері. Жарықтық және электрондық микроскопия. Гистологиялық препараттарға қойылатын талаптар. ТІРІ ЖАСУШАЛАР МЕН ТІНДЕРДІ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ Тірі жасушалар мен тіндерді зерттеу олардың тіршілік әрекеті, яғни бөліну процесі, бұзылуы, өсуі, жасушалардың түрленуі және өзара әрекеттесуі, олардың өмірлік циклінің ұзақтығы, реактивті өзгерістері жайлы неғұрлым толық ақпарат алуға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет