Рецепторлық қызметі химиялық және физикалық факторларды ерекше тануға қатысатын арнайы құрылымдардың плазмолеммада орналасуына байланысты. Рецепторлар жасушалардың бетінде орналасады. Гликопротеидтер мен мембрананың гликолипидтері рецепторларлық қызмет атқара алады. Биологиялық белсенді заттарға – гормондарға, медиаторларға, белгілі бір белоктарға арнайы рецепторлар бар.
Плазмолемманың адгезиялық қызметі Жасуша аралық байланыстар
Плазмолемма арнайы құрылым - жасушааралық байланыстар түзуге қатысады. Мұндай байланыстардың бірнеше түрлерін ажыратады. Қарапайым жасуша аралық байланыс – көрші жасушалардың плазмолеммаларының 15 – 20 нм қашықтықта жақындауы. Тығыз байланыс - екі плазмолемма қабаттары бір – біріне өте жақын орналасады. Олар химиялық құрамы әртүрлі ортаны (ішкі, сыртқы) бөліп, заттарды өткізбейтін барьер жасайды.
Байланыстың ерекше түрі десмосома, ол әсіресе эпителиде жиі кездеседі. Десмосома аймағында плазмолеммаға электронды тығыз заттың учаскесі жабысып тұрады.
Саңылаулы байланыс немесе нексус тіндердің барлық тобында кездеседі. Оның қызметі иондар мен ұсақ молекулаларды жасушадан жасушаға өткізу.
Синапс нерв тіндерінде болады. Олар арнайы аймақтарда екі нейрон арасында және нейрон мен кез - келген элементтер арасында кездеседі.
10.Жасушаның жасушалық циклі. Оның сатыларының сипаттамасы: митоздық цикл, өсуі мен түрленуі, белсенді қызметі, жасушаның қартаюы және өлуі. Митоздық цикл. Анықтама және биологиялық маңызы. Митоздық бөлінудің кезеңдері. (интерфаза мен митоз). Митоздық циклдің негізгі процестерінің сипаттамасы. Митоз. Биологиялық маңызы. Митоз сатылары. Әрбір сатыларында өтетін жасушаның құрылымдық құрамының өзгерісті. Клетка теориясының постулаттарының бірі клетка санының артуы, олардың көбеюі бастапқы клетканың бөлінуі арқылы жүзеге асуы. Әдетте клетка бөлінер алдында олардың хромосомалық аппаратының екі еселенуі, ДНҚ синтезі жүреді. Бұл ереже прокариоттық және эукариоттық клеткаларға да тән. Клетканың бір бөлінуден келесі бөлінуге дейін немесе бөлінуден өліміне дейінгі тіршілік ету уақытын клеткалық цикл деп атайды (cyclus cellularis).
Жоғары сатыдағы омыртқалылардың ересек организмінде әртүрлі тіндер мен мүшелердің клеткаларының бөлінуге қабілеттілігі бірдей емес. Бөлінуге қабілеттілігін жоғалтқан клеткалар популяциясы кездеседі. Бұл көбінесе дараланған, дифференциацияланған клеткалар (мысалы, қанның түйіршікті лейкоциттері). Организмде үнемі жаңарып тұратын әртүрлі эпителиалды, қан жасайтын тіндер бар. Осындай тіндерде клеткалардың бір бөлігі қызметін атқарып болған немесе тіршілігін жойған клеткалардың орнын үнемі ауыстырып отырады (мысалы, жабындық эпителидің базальды қабатының клеткалары, ішек крипталарының клеткалары, сүйек кемігінің қан жасайтын клеткалары). Кәдімгі жағдайда көбейе алмайтын клеткалар тіндер мен мүшелердің репаративті регенерациясы процестері кезінде бұл қасиеттеріне қайтадан ие болады. Клеткалық цикл сатыларына байланысты көбейетін клеткалардың ДНҚ саны да әртүрлі. Бұл соматикалық әрі жынысты клеткалардың көбеюінде байқалады.
Аталық және аналық жыныс клеткаларының хромосома жиынтығы гаплоидты болатыны белгілі, бұған сәйкес организмнің барлық басқа клеткаларына қарағанда ДНҚ мөлшері 2 есе аз. Осындай дара жиынтықты хромосомалары бар жыныс клеткаларын (сперматозоидтар мен ооциттер) гаплоидты деп атайды. Плоидтылықты n әрпімен белгілейді. Сонымен, 1 n бар клеткалар гаплоидты, 2 n - диплоидты, 3 n - триплоидты және т.б. аталады. Клеткаға сәйкес келетін ДНҚ мөлшері оның плоидтылығына (с) байланысты: 2 n санды хромосомды клетканың ДНҚ мөлшері 2 с. Ұрықтанған кезде 1 n хромосом жиынтықты екі клетка қосылады да диплоидты (2 n, 2 с) клетка-зигота пайда болады. Диплоидты зиготаның бөлінуі және диплоидты клеткалардың әрі қарай бөлінулерінен организм пайда болады.
Диплоидты клеткалардың клеткалық циклін қарастыру барысында олардың популяцияларында диплоидты (2 c), тетраплоидты (4 с) және ДНҚ белгілі мөлшері бар интерфазалық клеткалар кездеседі. Бұндай гетерогендік интерфазаның қатаң бір кезеңінде (periodus intermitoticus) ДНҚ екі еселенуімен анықталады, ал клетка нағыз бөлінуге осы процестен кейін кіріседі.
Барлық клеткалық цикл 4 уақыт бөлігінен тұрады: нағыз митоз (M), пресинтездік (G₁), синтездік (S) және постсинтездік (G₂) интерфаза кезеңдерінен. G₁ - кезеңде клеткалардың бір ядросына ДНҚ диплоидты (2 с) мөлшері келеді. G₁ кезеңнен кейін жас клеткаларда белоктардың және РНҚ жалпы мөлшері екі есе аз. G₁ кезеңде клеткалық белоктың жинақталуымен клеткалардың өсуі байқалады Бұл кезеңде клетканың ДНҚ синтезіне дайындығы басталады (S–кезең).
G₁ кезеңде белок немесе аРНҚ синтезінің бәсеңдеуі S-кезеңнің жүзеге асуын тоқтатады, себебі G₁-кезеңде ДНҚ құрушылардың (мысалы, фосфокиназ-нуклеотиді), РНҚ метаболизмінің ферменттерін және белокты түзетін ферменттердің синтезі жүреді. Бұл РНҚ мен ақуыздың синтезінің ұлғаюымен сәйкес келеді. Сол сияқты энергиялық алмасуға қатысатын ферменттердің белсенділігі тез артады.
Келесі S-кезеңде ДНҚ мөлшерінің екі еселенуі жүріп, оған сәйкес хромосом саны да екі еселенеді. S-кезеңдегі клеткалардағы ДНҚ мөлшері де әртүрлі болады – 2 ден 4 с дейін. Бұл клеткалардың ДНҚ синтезінің әртүрлі этаптарында зерттеуге алынуымен байланысты. S-кезең клеткалық циклде негізгі болып саналады. ДНҚ синтезі болмай клетка митоздық бөлінуге қатыспайды.
Тек бір жағдай мейозда жыныс клеткаларында пісіп-жетілудің екінші бөлінуінде екі бөліну арасында ДНҚ синтезі болмайды.
S-кезеңде РНҚ синтезінің деңгейі ДНҚ мөлшеріне сәйкес жоғарылайды.
Постсинтездік (G₂) фаза премитоздық деп те аталады. Соңғы терминнің келесі сатының өтуі үшін маңызы бар, ол – митоздық бөліну сатысы. Бұл фазада митоз үшін қажетті аРНҚ синтезі өтеді. Одан ерте клетканың бөлінуін анықтайтын рибосомалардың рРНҚ синтезделеді. Бұл уақытта синтезделетін ақуыздардың ішінде ерекше орын алатыны тубулиндер – митоздық жіпше ақуыздары.
G₂-кезеңінің аяғында немесе митозда митотикалық хромосомалардың конденсациялануына қарай РНҚ синтезі тез төмендеп, митоз кезінде толығымен тоқтайды. Митозда ақуыз синтезі 25 % дейін төмендеп келесі G₂-кезеңде өзінің жоғары деңгейіне көтеріледі.
Өсімдіктер мен жануарлардың өсіп келе жатқан тіндерінде циклден тыс қалатын клеткалар әрқашанда кездеседі. Бұл клеткаларды G₀-кезеңінің клеткалары деп атау қабылданған. Осы клеткалар тыныштықтағы, уақытша немесе көбеюге қабілетін жоғалтқан клеткалар болып келеді. Кейбір тіндерде осындай клеткалар өздерінің морфологиялық қасиеттерін өзгертпей ұзақ уақыт өмір сүре алады: камбиалды, бағаналы клеткаларға (мысалы, қан жасайтын тіндерде) айнала отырып кейде көбеюге де қабілеттілігін сақтайды. Көбеюге қабілеттілікті жоғалту көбінесе даралануға, дифференциациялануға әкеліп соғады. Мұндай клеткалар циклден шығады, бірақ кей жағдайларда циклге қайтадан кіре алады. Мысалы, бауырдың көптеген клеткалары G₀-кезеңінде болады; олар ДНҚ синтезіне қатыспайды, бөлінбейді. Ал эксперименталды жануарларда бауырдың бір бөлігін алып тастағанда көптеген клеткалар митозға дайындықты бастап, ДНҚ синтезіне кіріседі және митотикалық бөліне алады. Кейбір жағдайларда, мысалы тері эпидермисінде көбею циклінен шығып, дифференциацияланудан кейін клеткалар біраз уақыт қызметін атқарып, кейінірек өледі (жабынды эпителидің мүйізденген клеткалары).