Адам эмбриологиясының дамуының периодизациясы. Прогенез. Жыныс жасушаларының морфофункционалдық сипаттамасы


Нерв тінінің жасқа сай ерекшеліктері



бет28/73
Дата27.11.2023
өлшемі0,64 Mb.
#130199
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   73
Байланысты:
gista ekzamen shpora alf-1

Нерв тінінің жасқа сай ерекшеліктері: Нерв тінінің жасқа сай ерекшеліктері постнаталдық кезеңде нейроциттердің бөліну қабілетін жоғалтуына байланысты. Осының салдарынан уақыт өткен сайын нейроциттердің саны, соның ішінде әсіресе сезгіш нейроциттер азаяды, сонымен қоса нейроциттердің метаболикалық процестерінің деңгейі төмендейді. Мұның бәрі цитоплазмада липофусцин ("тозу пигменті") қосындысының жинақталуымен көрінеді. Все это выражается закономерным накоплением включений липофусцина ("пигмент изнашивания") в цитоплазме. Нерв жасушаларында регенерация процесін қарай отырып, нейроциттер организмнің жоғары маманданған жасушалары екенін айтуға болады, сондықтан олар митозға қабілеттілігін жойған. Нейроциттердегі нейрофизиологиялық регенерация (восполнение естественного износа ) «жасушаішілік регенерация» типі бойынша жүреді, яғни жасуша бөлінбейді, бірақ тозған оргоноидтар мен басқа да жасушаішілік құрылымдар үдемелі жаңарып отырады. Себебі нейроциттерде жасушаішілік құрылымдардың органикалық компоненттерін синтездейтін күшті синтездік аппарат орналасқан. . компоненттердің түйіршікті ЭПТ, Гольджи аппараты және митохондриялар жақсы дамыған.
43. Жүйке талшықтары. Жалпы морфо-функциональдық сипаттамасы. Жіктелуі. Миелинді және миелинсіз жүйке талшықтарының құрылысы. Жүйке талшықтарының дегенерациясы мен регенерациясы. Жүйкелік аяқтамалар. Жалпы морфо-функциональдық сипаттамасы. Сезімтал және қозғалтқыш жүйкелік аяқтамалар, олардың жіктелуі мен құрылысы. Синапс туралы түсінік. Нейрон аралық синапстар. Жіктелуі мен құрылысы. Синапстардағы қозуды өткізу механизмі.
Қабықтармен қапталған нерв жасушаларының тармақтары нерв талшықтары деп аталады. Құрылысы бойынша барлық нерв талшықтары екі топқа бөлінеді - миелиндi және миелинсiз.
Нерв талшығындағы нерв жасушасының тармағы бiлiктi цилиндр деп аталады.
Орталық нерв жүйесiнде нейрондардың тармақтарының қабықтарын олигодендроциттер, ал перифериялық нерв жүйесiнде – нейролеммоциттер түзедi.
Миелинсiз нерв талшықтары вегетативтi нерв жүйесінде кездеседі. Бұл талшықтар бiрнеше бiлiктi цилиндрлер мен нейролеммоциттерден түзiлген қабықтан тұрады. Білікті цилиндрдің айналасында олигодендроциттер тығыз орналасқан. Электрондық микроскоппен қарағанда талшықтың білікті цилиндрі Шванн жасушаларының цитоплазмасына батып тұрғаны көрінеді. Бұл кезде Шванн жасушаларының қабықтары иіліп, оны тығыздалып қоршайды және терең қатпарлар түзеді. Нейролеммоцит қабықтары екі мембрананы - мезаксонды түзеді. Қос мембрананың арасында білікті цилиндр асылып тұрғандай болып көрінеді.
Миелиндi нерв талшықтары орталық және перифериялық нерв жүйесінде кездеседi. Олар миелинсiз нерв талшықтарына қарағанда жуандау. Миелиндi талшықта бiр бiлiктi цилиндр, миелиндi қабат және нейролеммалар болады. Қалыптасқан нерв талшығында екi қабатты: iшкi – миелиндi қабат және сыртқы – нейролемманы ажыратады. Миелиндi қабатта липидтер көп, сондықтан осмий қышқылымен өңдеген кезде ол қоңыр – қара түске болады. Бұл қабатта жiңiшке ашық сызық – миелин кертпелерi кездеседi. Миелиндi қабық тұтас болмай, әр аралықтарда ұзындықтары бiркелкi емес сегменттер түзiп, үзік- үзік болып келедi. Бұл үзік жерлерде миелинді қабат болмайды және үзiлген жерiн Ранвье ұстаушысы деп атайды. Миелинизациялау процесі кезінде аксон нейролеммоциттердің бетіндегі науаға өтеді. Науаның шеттері қосылып, сол кезде нейролеммоциттердің плазмолеммаларында қатп
арлар – мезаксон пайда болады. Мезаксон созылып білікті цилиндрдің сыртын қаптап – тығыз миелинді қабат түзеді.
Нерв талшығының бiлiктi цилиндрi нейроплазмадан түзiлген. Ол сыртынан нерв өткiзушi аксолеммамен қапталған. Миелиндi талшықта импульс өткiзу жылдамдығы миелинсiз талшыққа қарағанда жылдам, себебi онда импульс Ранвье ұстаушысы бойымен секiру арқылы жылдам берiледi.

Сызбада екі түрлі талшықтың құрылысындағы айырмашылықтар көрсетілген



Миелинсіз нерв талшығы

Миелинді
нерв талшығы

Бірнеше білікті цилиндр талшықтың перифериясында орналасады.

Бір білікті цилиндр талшықтың
ортасында орналасады.

Білікті цилиндр – вегетативті нерв жүйесінің эфферентті нейрондарының аксоны.



Білікті цилиндр нейроциттің аксоны да дендриті де бола алады.



Олигодендроциттердің ядролары талшықтың ортасында орналасады.
.

Леммоциттердің ядролары талшықтың перифериясына қарай ығысқан.

Білікті цилиндрдің мезаксондары қысқа.

Мезаксон білікті цилиндрді бұрала бірнеше рет айналдырып миелинді қабат түзеді.



Na+өзегі білікті цилиндрдің ұзына бойы орналасады.

Na+-өзегі – тек Ранвье ұстаушысында орналасады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет