Адам эмбриологиясының дамуының периодизациясы. Прогенез. Жыныс жасушаларының морфофункционалдық сипаттамасы


Нейрондар мен олардың талшықтарының травмаға реакциясы



бет29/73
Дата27.11.2023
өлшемі0,64 Mb.
#130199
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   73
Нейрондар мен олардың талшықтарының травмаға реакциясы
Нерв талшығының кесілуі нейрон денесінде, нейрон денесі мен кесілген жердің арасында әр түрлі реакцияларды шақырады. Нейрон денесіндегі өзгеріс оның ісінуі, хроматофильді субстанцияның кесектерінің еруі және ядроның жасуша денесінің шетіне қарай ығысуымен айқындалады. Орталық кесіндіде дегенеративтік өзгеріс жарақаттың жанындағы миелинді қабық пен білікті цилиндрдің бұзылуымен шектеледі. Дистальді кесіндіде миелинді қабат пен білікті цилиндр фрагменттелінеді (фрагментируется) және ыдыраған өнімдер макрофагтармен жойылады.
Регенерация травманың орналасқан жеріне байланысты. Орталық және перифериялық нерв жүйелеріндегі тіршілігін жойған нейрондар қайтып қалпына келмейді. Әдетте орталық нерв жүйесінде нерв талшықтарының толық регенерациясы жүрмейді, бірақ перифериялық нерв жүйесі құрамындағы нерв талшықтарында регенерация жақсы жүреді. Бұл кезде талшықтың перифериялық кесіндісінің нейролеммоциттері алғашқы тәуліктің өзінде жылдам активтенеді. Нейролеммоциттердің цитоплазмасында қабаттасқан шар тәрізді құрылымдар түзіледі. Нейролеммоциттердің миелинді қабығы жойылып, 3-4 тәуліктің ішінде олардың көлемі айтарлықтай ұлғаяды. 2- аптаның соңында миелин мен білікті цилиндрдің бөлшектері жойылады.
Бас миы мен жұлынның зақымданған нерв талшықтары регенерацияланбайды десекте, орталық нерв жүйесінің аз жарақаттанған кезінде оның функциясы жартылай қалпына келуі мүмкін.
Нерв ұштары
Нерв ұштарының үш тобын ажыратады:

  1. Эффекторлы нерв ұштары, олар нерв импульсін жұмысшы мүшелердiң тiндерiне өткiзедi;

  2. Рецепторлы (сезімтал) нерв ұштары;

  3. Нейрон аралық синапстар, олар нейрондардың арасындағы байланыстарды жүзеге асырады.


Эффекторлы нерв ұштары
Эффекторлы нерв ұштары қозғалтқыш және секреторлық болып бөлінеді.
Қозғалтқыш нерв ұштары – бұл соматикалық немесе вегетативтi нерв жүйесiнiң аксондарының ұшты аппараты. Олардың қатысуымен нерв импульсі жұмысшы мүшелердiң тiндерiне өтедi. Қозғалтқыш нерв ұштары көлденең жолақты бұлшық еттерде нервтi - еттi ұштар деп аталады. Нервті- етті ұштар нерв талшығының білікті цилиндрінің тармақтарынан және етті талшықтың мамандаңған аймағынан тұрады. Миелинді нерв талшығы етті талшыққа жақындағанда миелинді қабығын жоғалтады және оған енеді. Бұл кезде дәнекер тінді элементтер етті талшықтың сыртқы қабығына ауысады. Аксонның терминалды тарамдары мен етті талшықтың плазмолеммалары синапстық саңылау арқылы бөлінген.
Мионевральді синапста нерв талшықтарының терминалды тарамдары көптеген митохондриялар мен ацетихолині бар пресинапстық көпіршіктердің болуымен сипатталады. Қозу кезінде ацетихолин пресинапстық мембрана арқылы синапстық саңылауға түсіп, оны қоздырады.
Моторлы нерв ұштарының постсинапстық мембранасының құрамында медиаторды бұзып, оның қызмет ету мерзімін шектейтін ацетилхолинэстераза ферменті болады.
Секреторлық нерв ұштарының құрылысы қарапайым. Онда құрамында ацетилхолині бар синапстық көпіршіктер орналасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет