Адам эмбриологиясының дамуының периодизациясы. Прогенез. Жыныс жасушаларының морфофункционалдық сипаттамасы



бет24/73
Дата27.11.2023
өлшемі0,64 Mb.
#130199
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   73
Барьерлік қызмет - жасушаның ішкі ортасын сыртқы ортасынан бөлуді қамтамасыз етеді. Липидті биқабаттың гидрофобты бөлігі көптеген заттарды, әсіресе, полярлы зарядталмаған (мысалы, глюкоза, аминқышқылдар, сахароза, нуклеотидтерді) және зарядталған молекулаларды (иондарды) өзі арқылы өткізбейді. Плазмолемманның барьерлік қызметі арқасында жасуша ішіндегі суда еритін заттар сыртына ағып кетпейді. Алайда бірнеше себептерге байланысты, мұндай кедергі абсолютты болуы мүмкін емес. Біріншіден, жұмысын тиімді атқару үшін жасуша ферменттеріне рН және иондар концентрацясының оптимальді деңгейі қажет. Екіншіден, энергия көзі және жасуша компоненттері түзілуіне «шикізат» ретінде қажетті қоректік заттар (глюкоза аминқышқылдар, т.б.) жеткізіліп тұруы тиіс. Үшіншіден, жасуша метаболизмінің (зат алмасуының) пайдалы өнімдері және уытты қалдықтары шығарылуы қажет. Ақыр аяғында, нервтік және бұлшық ет белсенділігін қамтамасыз ететін иондардың трансмембраналық градиенті (айырымы) қалыптасуы тиіс. Бұл құбылыстардың барлығы да плазмалы және жасуша ішілік мембраналары арқылы түрлі заттардың тсымалдануын талап етеді. Сондықтан, эволюция кезінде мембраналарда барьерлік қасиетке қосымша әртүрлі арнайы тасымалдау жолдары қалыптасқан. Яғни, олар жартылай немесе талғамды өткізгіштік (бір заттарды өткізіп, басқаларын өткізбеу) қасиетіне ие.
Транспорттық қызмет. Плазмолемма транспорттық қызметін атқара отырып, бірнеше заттардың, мысалы судың, иондардың, кейбір төменгі молекулярлы қосындылардың енжар ауысуын қамтамасыз етеді. Биополимерлердің ірі молекулалары плазмолемма арқылы өтпейді. Бірқатар жағдайда макромолекулалар, тіпті олардың агрегаттары жасуша ішіне эндоцитоз нәтижесінде түседі.
Эндоцитоз. Макромолекулалардың тасымалдануы эндоцитоз (грек. endo - ішкі және cytos -жасуша) механизмі арқылы орындалады. Жасушадан тыс орналасқан материалдар плазмолемманың ойылған жерінде ұсталып, ішке қарай тартылады. Бұл ойықтың ішеттері эндоцитоздық көпіршік немесе биқабатты мембранамен қоршалған, шар тәрізді эндосомдар қалыптасқан соң қосылады. Кейіннен эндосоманың ішіндегілері жасуша ішілік өңделуге (процессингке) ұшырайды. Эндоцитозды фагоцитоз және пиноцитозға бөлуге болады.
Пиноцитоз (грек. pinein - ішу и cytos - жасуша) –жасушамен сұйықтықты және ерітілген заттарды (макромолекулярлы қосындыларды) жұту. Пиноцитоз лейкоциттерде, бауыр жасушалары - гепатоциттерде, су-тұз алмауға қатысатын бүйрек жасушаларында және т.б. өтеді. Пиноцитоз макропиноцитоз (эндосом диаметр 0.2-0.3 мкм) және микропиноцитоз (диаметрі- 70-100 нм) болып екіге бөлінеді.
Фагоцитоз (грек. phagein - жұту және cytos - жасуша) – жасушалар өсінділерімен ірі, қатты бөлшектерді қармап жұтып, цитоплазмасында фагоцитоздық вакуоль (фагосома) деп аталатын ірі мембраналық көбікшені қалыптастырады.
Экзоцитоз (грек. ехо – сыртқа және cytos - жасуша) - плазмолемма жасушалардан заттарды сыртқа
шығаруға қатысады. Мембраналы экзоцитоздық көпіршіктер плазмолеммамен бірігіп, оның бөлігіне айналып кетеді. Бұл кезде көпіршіктер ішіндегі заттар жасушадан тыс кеңістікке бөлінеді. Бұл заттардың тіршілігі әр түрлі: біреулері плазмолемманың бетіне жабысып, перифериялық белоктарға айналады (мысалы, антигендер); екіншілері жасушааралық заттардың компоненттеріне айналады (мысалы, коллоген); үшіншілері биологиялық активті заттар (гормондар, медиаторлар) ретінде басқа жасушаларға әсерін тигізеді.
Трансцитоз (лат. trans - өте шығу және грек. cytos - жасуша) процесі эндоцитоз және экзоцитоз сипаттарына бірдей тән. Мысалы, капиллярлардың қабырғасын іш жағынан қаптайтын жалпақ жасушалар – эндотелиоциттердің бір бетінде эндоцитоздық көпіршіктер қалыптасып, қарсы бетіне тасымалданғаннан кейін экзоцитоздық көпіршікке айналады.
Эндоцитоз және экзоцитоз процестері микротүтіктер мен жиырылғыш микрофиломенттердің қатысуымен жүреді. Көптеген жасушаларда плазмолеммалар құрылысы әртүрлі төмпешіктер құруы мүмкін. Бірқатар жасушаларда мұндай төмпешіктердің құрамында цитоплазманың арнайы компоненттері (микротүтіктер, фибриллдер) болады. Одан ширақшалар мен кірпікшелер және т.б. түзіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет