Нерв тінінің дамуы Нерв тiнi дорсальді эктодермадан – нерв пластинкасынан дамиды. (СУРЕТ) 18 күндік адам эмбрионының эктодермасы нерв пластинкасын қалыптастыра отырып, арқаның ортаңғы сызығы бойынша түрленеді және қалыңдайды. Нерв пластинкасының латеральді шеті көтеріліп нервті жастықты түзеді. Ал жастықтар арасында нервті науа қалыптасады. Нервті жастықтар жақындасып қосылады да нерв түтігі пайда болады. Нерв пластинкасының жасушаларының біраз бөлігі не эпидермалды эктодерманың құрамына, не нерв түтігінің құрамына кірмей, олардың арасында жасушалардың болбыр жиынтығы – нерв жотасы тәрізді орналасады. Бас бөлігінің жотасының жасушалары бас сүйегінің нервтерінің ядроларын қалыптастыруға қатысады, олардың екінші даму көзі нейралды плокадалар. Дене бөлігінде жотаның жасушалары екіге бөлінеді. Олардың біреуі эктодерма мен мезодерманың арасына таралып, тері пигментіне бастама береді. Басқасы сомит пен нерв түтгінің арасынан, сондаяқ мезенхима жасушаларының арасынан өтіп мезенхимадан түсіп қалады. Бұл жасушалардан арқалық ганглий мен автономды нерв жүйесінің ганглиі қалыптасады.
Нейральді плокада деп – ұрықтың басының бүйіріндегі эктодерманың қалыңдауын айтады. Бұл қалыңдықтан жасушалар көшеді және бас нервтерінің V, VII, IX, X жұптарының ганглилерін қалыптастырады.
Нерв жасушалары Нейрондар немесе нейроциттер нерв жүйесінің маманданған жасушалары. Олар сигналдың қабылдануына, өңделуіне және жеткізілуіне жауапты. Нейрондарды қызметтеріне және тармақтарының санына қарай жіктейді.
Қызметтерiне байланысты нейрондар жiктеледi: Афферентті (немесе сезiмтал, сенсорлы, рецепторлы) – импульсты қабылдайды;
Ассоциативтi (кiрiстiрмелi) – нейрондар арасындағы байланысты жүзеге асырады;
Эффекторлы (немесе эфференттi, қозғалтқыш) – импульсты жұмысшы мүшелердiң тiндерiне өткiзедi.
Нейроциттердiң көлемдерi әртүрлi. Мысалы мишық қыртысындағы түйiршiкті жасуша денесi 4 - 6 мкм, ал үлкен ми сыңарларының қыртысындағы үлкен пирамидалы жасушалар денесi (Бец жасушасы) 130 - 150 мкм. Нейрондар дене және тармақтардан тұрады. Бұл тармақтар – аксон (нейрит) және сандары әр түрлi, тарамдалған дендриттер болып жiктеледi.
Аксон арқылы жасушаның денесінен импульс беріледі. Онда митохондриялар, нейротубулдер және нейрофиламенттер, сондай – ақ тегіс эндоплазмалық тор бар. Дендриттер арқылы импульс жасуша денесіне беріледі. Дендриттердің құрамында хроматофильді субстанциясының кесегі, митохондриялар, көптеген микротүтіктер және нейрофиломенттер болады.
Тармақтардың санына қарай нейрондар жіктеледі:
Униполярлы – тек аксоны ғана болады;
Биполярлы – аксоны және бір дендритi болады;
Мультиполярлы – аксоны және көптеген дендриттерi болады.
Кейде биполярлы нейрондардың арасында – псевдоуниполярлы нейрон кездеседi. Псевдоуниполярлы нейронның денесiнен бiр ортақ өсiндi шығып, кейiннен аксон мен дендритке бөлiнедi. Олар арқалық ганглилерде, сезу мүшелерiнде кездеседi. Көбiнесе нейрондар мультиполярлы. Нейробластарда униполярлы нейрондар. Нейрондар денесi пирамида, ұршық, алмұрт, жұлдызша немесе домалақ тәрiздi болуы мүмкiн. Олардың құрамында барлық негiзгi органеллалар – Гольджи аппараты, ЭПТ, митохондриялар, лизосомалар болады.
Нейрон ядросы. Адамның нейрондарында көбінесе ортада орналасқан бір ядро болады, ал екі ядролы, әсіресе көп ядролы нейрондар өте сирек кездеседі.
Нейрон ядросының пішіні домалақ, онда бір, кейде 2 – 3 ірі ядрошықтар орналасады.
Нерв тiнін анилиндi бояумен бояған кезде, нейрондар цитоплазмасында базофильдi кішірек кесек немесе дән тәрiздi хроматофильді заттар (тигроидты зат) көрінеді. Бұл заттар нейрондардың перикариондары мен дендриттерiнде орналасқан. Кесек пен дәннің базофильдiлiгi, оның құрамында рибонуклеопротеидтердiң болуымен түсiндiрiледi. Хроматофильдi зат – бұл түйiршiктi эндоплазмалық тордың, бос рибосомалардың және полисомалардың жиынтықтары. Нейрондардағы хроматофильді заттардың мөлшерi жасушалардың функциялық белсендiлiгiнiң көрсеткiшi болып табылады. Бұл заттардың көп мөлшерде болуы нейрондардағы синтездік процесстердiң жоғарғы деңгейде екендiгiн көрсетедi.
Нейрондардың цитоплазмасында цитоскелет элементтерiнен - нейро- филоменттер мен нейротубулдер кездеседі.
Нейрофиломенттердiң будаларын күмiспен аптау кезiнде жiп тәрiздi нейрофибриллдер көрiнедi. Олар нейрон денесiнде тор түзiп және тармақтарында қатарласып орналасады. Нейротубулдер мен нейрофиломенттер тармақтардың өсуіне, жасушалардың пішіндерін сақтап қалуға және аксоплазматикалық тасымалдауға қатысады. Аксоплазматикалық тасымалдау дегеніміз – бұл заттардың денеден тармақтарға және тармақтардан нейрон денесіне ауысуы. Тасымалдауға кинезин және динеин белоктары қатысады. Заттардың жасушаның денесінен тармақтарға тасымалдануы - антероградты, ал заттың тармақтардан денеге тасымалдануы – ретроградты деп аталады.
Нейроциттер биологиялық активтi заттар – нейрогормондарды синтездеуге және секреттеуге қабiлеттi. Нейросекреторлы жасушаларға гипоталамустың нейросекреторлы ядроларының жасушалары мысал бола алады.
39. Жүректің бұлшық ет тіні (целомдік түрі). Гистогенезі. Түрлері: жүректің жиырылғыш және өткізгіш бұлшық еттері. Олардың құрылысы мен қызметі. Кардиомиоциттер: олардың жалпы және маманданған органеллалары, кардиомиоциттердің құрамындағы ендірме дискілердің морфо- функциональдық сипаттамасы, және қызметтік маңызы. Жүректің бұлшық ет тіндерінің қалпына келу мүмкіндіктері. Жүректің бұлшық ет тiнiвентральді мезодерманың вицеральді жапырақшасынан дамиды. Оның құрылымдық өлшем бiрлiгi - жүрек бұлшық ет жасушалары - кардиомиоциттер. Гистогенез барысында кардиомиоциттердiң 5 түрi пайда болады: жұмысшы (жиырылғыш), синусты, ауыспалы, өткiзушi, секреторлы.
Жиырылғыш кардиомиоциттер өзiнiң тiзбектерiн түзедi. Бұл тiзбектер қысқарып барлық жүрек бұлшық еттерiн жиырады.
Синусты кардиомиоциттер белгiлi бiр ырғақта жиырылу жағдайынан босаңсу жағдайына ауыстырады. Олар нерв талшықтарынан басқарушы сигналды қабылдайды. Синусты кардиомиоциттер басқарушы сигналды ауыспалы кардиомиоциттерге, ал олар өткiзушi кардиомиоциттерге өткiзедi.
Өткiзушi кардиомиоциттер жасушалар тізбектерін түзеді. Ол жұмысшы кардиомиоциттерге қарағанда әжептәуiр iрi, сондықтан оны препаратта ажырату жеңiл. Цитоплазмасында түгел органеллалар кездеседi және митохондриялары өте ұсақ.
Секреторлы кардиомиоциттер ерекше қызмет атқарады. Олар гормон - натрийуретикалық фактор түзедi. Бұл гормон несеп түзу процестері мен басқа да кейбір процестерге қатысады.
Жиырылғыш кардиомиоциттердің пішіні ұзыншақ. Олардың аяқ жақтары бір-бірімен қосылып, функциялы талшықтар құрайды. Жасушалардың бітіскен жерлерінде кірістірмелі дискілер түзіледі. Кардиомиоциттердің беті базальді мембранамен қапталған. Кардиомиоциттердің ядролары сопақша және жасушаның ортасында орналасақан. Миофибриллдердің құрылысы қаңқа бұлшық ет миосимпластарының миофибриллдеріне ұқсас болады.
Плазмолемма үстінен кардиомиоциттерге қарай Т – түтіктер бағытталған. Олардың мембраналары тегіс эндоплазмалық тор мембраналарымен байланысқан. Кардиомиоциттердің цитоплазмасында гликоген, липидтер және миоглобин қосындылары бар. Кардиомиоциттердің жиырылу механизмі миосимпластардікіндей.
Жүрек бұлшық еттерiнiң регенерациялық мүмкiндiгi. Ұзақ уақыт жұмыс iстегенде жиырылғыш кардиомиоциттер гипертрофияға ұшырайды. Жүрек бұлшық еттерiнде бағаналы жасушалар жоқ, сондықтан тiршiлiгiн жойған жасушалар қайтып қалпына келмейдi, тек дәнекер тінінің элементтерімен алмасады.
16. Имплантация, оның стадиялары. Адам имплантациясының ерекшелігі. Гаструляция. Ұрықтық гистогенез. Эмбрионалдық бастама жасушларының дифференцировкасының негізінде тіндердің пайда болуы Имплантация – ұрықтың жатыр қабырғасына енуі, ол 7-ші тәулікте жүреді. Имплантацияда екі стадияны ажыратады: адгезия (жабысу) және инвазия (ену). Бірінші стадияда трофобласт жатыр қабырғасына жабысып, митоз арқылы цитотрофобласт пен симпластотрофобласт қабаттарына түрленеді. Цитотрофобласт - жасушалық құрылымын сақтап қалатын және бластоцельді қорғайтын ішкі қабат, ал симпластотрофобласт - жасушалары плазмалем- маларынан айырылып, біріккен ортақ цитоплазмалық массасында ядролары кездейсоқ орналасқан сыртқы қабат. Екінші стадия кезінде симпластотрофобласт протеолитикалық ферменттерді өндіріп, жатырдың шырышты қабығын бұзады. Бұл кезде трофобласт бүрлері жатырға еніп, бір ізділікпен эпителиді, дәнекер тінін және қан тамырларының қабырғасын теседі, нәтижесінде имплантациялық шұңқыр пайда болады. Трофобласт алғашында аналық тіннің ыдыраған материалын пайдаланады (қоректенудің гистиотрофты түрі), кейіннен ол тікелей ана қанымен қоректенеді (қоректенудің гемотрофты тип). Ана қанынан ұрық қоректі заттарды ғана алып қоймай, тыныс алуға қажет оттегіні де алады. Осы кезде жатырдың шырышты қабығында гликогендерге бай децидуальді жасушалар түзіледі. Ұрық толығымен имплантациялық шұңқырға батқан соң, шұңқыр қан және аналық тіннің бұзылған өнімдерімен толтырылады. Имплантациялық кезең ұрықтық дамудың алғашқы қатерлі кезеңі болып табылады.